Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание

Ауыл шаруашылығында сүтті, сүтті-етті және етті ірі қарамал шаруашылығының маңызы орасан зор. Ірі қара малынан алынатын өнімнің түрі көп: сүт, ет және тері өнімдері жатады. Отанымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қара мал шаруашылығының пайдасының өте зор болу себебі, сүт өнімі оның 99 %-ын, ал ірі қара етті 40-45 %-ға дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.

Содержание

Кіріспе …................................................................................................................3
І. Әдебиетке шолу .................................................................................................5
1.2. Сауын сиырларын азықтандыру ерекшеліктері және сауын сиырдың
энергия мен қоректік заттарға мұқтаждығы .....................................................14
1.3. Сауым маусымының әр кезеңінде, сауын сиырларын азықтандыру үшін
қажетті азықтарға қысқаша сипаттама .............................................................25 1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар..................................................................................................................30
1.5. Жазғы сауым мезгілі кезінде сауын сиырларын азықтандыру
барысында, кейбір қоректі және биологиялық белсенді заттардың организмге әсер етуі............................................................................................32
ІІ. Есептеу бөлімі
2.1. Сауын сиырларына тәуліктік рацион жасау, және осы рациондарды талдау. Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандырудағы жылдық азық мөлшерімен қоректік заттардың есебі ......................................................................................................................36
Қорытынды ..........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер .................

Работа состоит из  1 файл

Мал азығы Курстық жұмыс.doc

— 443.50 Кб (Скачать документ)

балаусасы да мол болады. Беденің бұл қасиеті малды өрісте азықтандыру үшін өте маңызды.

   Қызылбас беде  астық тұқымдас шөптермен және  бұршақ тұқымдастардың басқа  түрлерімен жер-жерде аралас егіліп, мол өнім беріп жүр. Мұндай  аралас шөп егісі шикі протеиннің  мөлшері жағынан таза өзі егілген  беденің протеинімен бірдей дерлік, кемдігі болар-болмас қана. Аралас егісте белок пен крахмалдың өзара қатынасы өте жақсы үйлесіп, кальций мен фосфордың қатынасы ғана кереғарлау болады. Мұндайда құрғақ зат мөлшері артып, азот көп жиналады да топырақ құнарлылығын арттыратын тамыр қалдығы молырақ қалады. Мұндай аралас шөптер өте жарамды мал азығы, соның ішінде сауын сиырының азықтық рационы үшін өте құнарлы болып табылады.

    Пішен – күйіс малын, қойды және жылқыны қыс айларында азықтандыратын негізігі азықтардың бірі. Жоғары сапалы пішен протеинге, минералды элементтерге, каротинге, Д, Е, К және В тобындағы витаминдерге бай келеді. 1 кг құнарлы пішенде 0,42-0,52 азық өлшемі, 
                                                            26

52-72 г қорытылатын протеин, 50 г-ға дейін қант, Д витамині және 40-50 мг каротин болады.

    Пішен күйіс  малының рационында 20-25 %, бірақ сиырдың  тірілей массасының әрбір 100 кг-на  шаққанда кем дегенде 1 кг мөлшерінде  енгізілгенде ғана ас қорыту  процесі қалыпты өтеді. Ірі  қара пішеннің органикалық заттарын 60-65 %-ке қорытады. Пішеннің қоректілігі, жұғымдылығы ботаникалық құрамына, өсіп-өну жағдайына, қандай өсу фазасында орылғанына, дайындау және сақтау технологиясы мен сапасына тығыз байланысты. Ботаникалық құрамына қарай және өсу жағдайына қарай пішен мынадай түрлерге бөлінеді: бұршақты, астық, бұршақты-астық, сондай-ақ табиғи шабындық пішені.

   Пішеннің азықтық  жұғымдылығы оның ботаникалық  құрамына да байланысты. Мысалы, бұршақ тұқымдас пішендердің  құрамы астық тұқымдастарға қарағанда протеин мен кальцийге, ал астық тұқымдастар қантқа бай келеді. Құрамында нормадан тыс жұғымсыз және улы шөптер бар, сонымен қатар шіри бастаған, (көгерген, борсыған) пішендер классыз пішендер қатарына жатады.

    Сабан мен  топан ірі азық қорын толықтыра түсудің қайнар көзі болып табылады. Сабан қуаты мол азық саналады, бірақ өңделмеген сабанда шикі клечатка өте көп (33-45 %) болатындықтан және тез сіңірілмейтін көмірсулар мол кездесетіндіктен оның қоректік құндылығы онша емес. Дегенмен, ірі азықта көп кездесетін клечатка күйіс малы қарнының ас қорыту процесін қалпында ұстайтын компоненттердің бірінен саналады. Сабан құрғақ затының қорытылуы төмен (40-50 %). Әр түрлі дақылдар сабанының 1 кг-ндағы қоректік зат 0,18 азық өлшемімен 0,4 азық өлшемі аралығында ауытқып отырады. 1 кг сабанда 12-20 г ғана қорытылатын 
протеин кездеседі. Сол сияқты сабанда кальций, фосфор мен натрий да                                                              тапшы келеді. Ал топан (мекен) сабанға қарағанда, қоректік заттарға бай және жақсырақ қорытылады.

   Сауын сиырлар  сабанды өте аз, тәулігіне 4 кг-нан  ғана жейді. Сиыр сабанды жақсы  жеп, ондағы азықтық қуатты  пайдалануы үшін оны өңдеудің  түрлі жолы бар. Бірақ соның  қай-қайсысында да сабан, ең  алдымен туралып, майдаланады. Майдаланған сабанды малға бергенде оның шығыны азаяды, бірақ қоректілігі артпайды. Сабан турамасын мал жақсы жеуі үшін оны 1-1,5 % -ті ыстық ас тұзы ертіндісіне  (1 ц сабанға 80-100 л ерітінді есебімен) шылап алған жөн.

   Пішендеме – ылғалдылығы 50-55 % құрғатылып, ашық ауада консервіленген шөптен дайындалады. Пішендеме массасы құрғақ ортада консервіленеді де мұндай ылғал мөлшерінде бактериялардың көп жетілмей қалады. Ал пішендеме ылғалдылығы неғұрлым жоғары 60-70 % болғанда сүт қышқылы бактериялы белсенді түрде өсіп-өніп, өсімдіктегі қант түгел дерлік ашытқыға айналады да, азықты сүрлем деңгейіне жеткізеді. Пішендеме сүрлеммен салыстырғанда, құрғақ зат көбірек, қанттылығы 5 %  
                                                         27

 сақталады.

   Пішендеменің  қоректік құндылығы, сүрлемге  қарағанда  1,5-2 есе жоғары. Мәселен, 1 кг пішендемеде 35 г-нан 60 г-ға  дейін протеині бар 0,35-0,42 азық  өлшемі болады. Мал шаруашылығында пішендеме қолданудың мұнан басқа да артықшылығы жоқ емес. Мал рационында пішендеменің құрғақ заты еебінен сүрлем мен пішенді алмастыра алатыны белгілі жайт. Пішендеменмен азықтандырған сауын сиырының сүттілігі азайып көрген емес. Мысалы, тірілей салмағы 500кг, тәулігіне 15-17 кг сүт шығатын сиыр 
рационына 4-5 кг пішен мен 18-20 кг жүгері сүрлемі орнына 20-23 кг пішендеме салғанда сиыр сүттілігі кеміген жоқ. 

 Тамыржемістілер мен  түйнекжемістілер. Мұның екеуі де әрі нәрлі, әрі жұғымды азықтар қатарына жатады. Бұл топқа түрлі сортты қызылшалар, тарна, шалқан, картоптың азықтық сорттары, азықтық асқабақ, кәді кіреді. Мұндай азықты мал жақсы жейді. Тамыржемістілер мен түйнекжемістілермал қарнында астық қорытылуын жақсартып, азықтағы қоректік заттар мөлшерін арттыра түседі.

    Тамыр-түйнкежемістілердің  ылғалдылығы 70-90 % мол болады. Мәселен, азықтық қызылша мен сәбіздің қатты заты 12-13 %, картопта 23% , асқабақта 10 % қана. Бұл азықтардың органикалық заттары негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан (қант пен крахмалдардан) тұрады. Бұларда клечаткалар мен протеин аз келеді. Протеин құрамында тең жартысына дейін дерлік күйіс малы жақсы пайдаланатын амин қышқылдары, органикалық негізіг заттар, аммоний қосылыстары бар. Бұл топтағы азықтарда суға ерігіш витаминдер көп болады да, каротин тек қызыл сәбіз бен сары асқабақта ғана кездеседі.

    Сауын сиырды  тамыржемістілермен және түйнекжемістілермен  (картоппен) азықтандыру нормасы  рациондағы сүрлем мен ірі  азықтың мөлшеріне, сондай-ақ  сиырдың сүттілігіне қарай әр  түрлі болып келеді. Дегенмен, орта  есеппен айтсақ, әр сиырды тәулігіне  15-20 кг-ға дейін картоппен азықтандыруға болады. Топырақ жабысқан тамыр-жемістілерді малға берер алдында жуып алған жөн. Сол сияқы малға өніп кеткен картопты байқап беру керек. Өйткені картоптың өніктері мен түйнегінде улы зат – соланин жинақталады.

   Шырынды азықтар. Ірі қара, әсіресе сауын сиырлары рациондарында олардың сүтін көтөретін тамыр-түйнек жемістілер (қант және қызылша, сәбіз, картоп) және бақша дақылдары (асқабақ, қарбыз, қауын) кеңінен қолданылады. Олар өте жеңіл қорытылып, малды қантпен, ал сәбіз, асқабақ А витаминінің алғашқы түрі каротинмен қамтамасыз етеді. Оларды сиыр сүйсініп жейді. Құрамындағы қант сиыр рационындағы қант-протеин ара қатынасын жақсартып, қоректік заттардың қорытылуын жоғарылатады.

    Сауын сиырларға қызылшаны тәулігіне 30 кг, ал картопты 15 килограмға дейін беруге болады. Яғни, олардың жылдық қоры сиыр басына — қызылшаныкі 10—15 ц, ал картоптікі 5—10 ц. Тек қант қызылшасын 
                                                           28

қолданғанда ескеретін  жайт — оның тәуліктік мөлшерін сиырдың сүттілігіне орай бірнеше рет бөліп беру керек. Өйткені сиыр организмінде лактаза ферменті азығынан қанттың көптеген мөлшері ыдырап үлгермей, ашьш, көптеген іш газы пайда болады.

   Қызылшаны арнаулы қорада (температурасы — 1-2°С) немесе әдөйі қазылған орда сақтайды. Тамыр-түйнек жемістілер құрамында су көп болғандықтан (70—90%) олар жоғары температурада нашар сақталып, ал —2-3°С суықта үсікке шалдығады. Әсіресе ұрылып-соғылған, қабығы түскен тамыр-түйнек жемістілер тез бұзыла бастайды. Сондықтан сақтауға тек дұрыс қазылып алынған, қабығы бүтін, жаншылмаған тамыр-түйнектілерді құмнан, батпақтан тазартып, сыртын кептіріп барып салады.Малға берер алдында оларды тазартьш, турап, ал жас малға ыстың суға, буға бөрттіріп береді.

    Дәнді азық. Қоректілік қуаттылығы мен құнарлылығы ең жоғары болып келетін құнды мал азығы. 1 кг дәнді азыөтың (жемнің) жалпы қоректілігі сұлы дәнінің өнімдік қоректілігі 1,00 а.ө. теңестірілгендіктен сол шамалас болады. Мал азығына жұмсалатын дәндер көмірсулық. Яғни энергетикалық қоректілігі басым астық тұқымдастар дәнімен протеиндік қоректілігі басым бұршақ тұқымдастар дәніне бөлінеді.

   Мал азығына  жұмсалатын арпа, жүгері, бидай, сұлы, қара бидай, тары, сорго, т.б.  астық тұқымдастар дәнінң құрамында,  орташалап алғанда 9-13 % протеин, 1,5-2 % май (сұлы дәнінде – 5 %, жүгері дәнінде – 6-8 %), 2-3% жасұнық, (сұлы дәнінде – 9 %),  65 % крахмал, 2-3 % күл болады. Крахмал түріндегі көмірсулары олардың энергетикалық қуаттылығын қамтамасыз етеді.

   Арпа дәні. Арпа дәнінің протеиннің суда және тұз ерітіндісінде еритін бөлігі 45-50  % құрайтындықтан, ол жақсы қорытылып, сіңіріледі және құрамы ауыспайтын амин қышқылдарына бай келеді. Дәннің  1 кг-да 5,5 г  лизин, 1,7 г триптофан, 2 г метионин, 1,9 г цистин болады. Оармен қоса арпа дәнінде Е мен В витаминдері көп жиналады. Мал жеңіл қорытатын диеталық азық ретінде арпа дәнімен малға жегізілетін жемнің 30-40 % беруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
 
                                                          29 
1.4. Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар.

    Сауын сиырларын  қыс мезгілінде, қорада бағып  ұстау кезеңінде азықтандыру  әлі күнге дейін «қолдан азықтандыру»  түрінде жалғасын табуда, ал жазғы  жайылым кезеңі өзіндік азықтанудың  негізгі көзі болып табылады. Десекте, малды қыс мезгілінде жаз кезіндегі «қолдан азықтандыру» үлгісінде азықтандырғандай, қыстада сиырларды байлаусыз ұстап азықтандыру жағдайлары жиі кездеседі. Қысқы сауым мезгілінде азықтандыру жазғыға қарағанда әлде қайда құрғақ әрі жұпыны болып келеді. Жаз мезгіліндегідей шырынды азықтармен қамтамасыз ететін қоспалар болғанменен, осы күнге дейінгі жүргізілген тәжірибелер, қыс мезгіліне арналған мал азықтандыру рационында шырынды азықтардың құнарллылығы жоғары деңгейде кездеспейтіндігін айғақтайды.

    «Қыстың қамын  жаз ойла» -демекші, қысқы азық  қорын жаз мезгілінің шуақты  күндерінде алдын-ала даярлайды.  Малды қолда ұстау кезеңі басталмас  бұрнын, қордағы қысқы азықтарды және олардың жағдайымен сақталу шарттарын тексеріп алған жөн.

    Азықтардың рациональды түрде қолданылуы үшін, малды қорада ұстау кезеңіне арнап, әр айдағы азықтың шығын жоспарын есептеп отырған дұрыс. Сауын сиырларын қыс мезгілігнде азықтандыру барысында негізгі шаралардың бірі ретінде, сиырларды сүтейту мен жас малдарды азықтандыру, және сауу кезеңіне орай рационды баланстау мен азықтарды ажыратуды ұйымдастыру болып табылады. Барлық табындарға сәйкесінше күн тәртібі орнатылады, және де ол әдетте жайылым кезеңінен өзіндік айырмашылықтарымен ерешеленеді. Күн тәртібіне сауын сиырларын күнделікті, тұрақты бір уақытта жүйелі азықтандыру мен өз кезеңінде сауу жатқызылады. Қыс айларында малға азықты белгілі бір тіртіп бойынша беріп, оларды физиологиялық тәжірибелер нәтижесінде, механикаландырып және автоматтандырып, мал қораларда ыңғайлы жұмыс жасау ұйымдастырылады. Көріп тұрғаныңыздай, дара азықтандыруға арналған  азықтарды оттықтарға (науаға) тарту үшін мына ереже әлдеқайда ыңғайлырақ болуы ықтимал. Бірінші, құнарлы азықтар (концентраты) қоспасы, одан соң шырынды азықтар және соңғыда ірі азықтарды таратқан жөн. Сондай-ақ аталмыш азықтарды араластырып беруге де болады.

   Көптеген шаруашылықтарда  сауын сиырларын топтастырып  азықтандыру қолданылады. Табындағы сиырлады ең алдымен, сүттілгіне қарап, одан кейін жасына, сосын салмағы мен күйлілігіне қарап әр түрлі топтарға ажыратады. әр топқа өзіндік ерекшелігі бар рацион құрылады. Топтар өзара бірікпейді, әрбір сауыншы әйелге әр топтағы сиырлар тиесілі болады. Табынды түгел дерлік бірдей азықтармен азықтандырғаннан гөрі, сауын сиырларын топтастырып азықтандыру ең озық әрі жетілген үлгі болып табылады. Алайда, топтық азықтандыру барысында, жекелеген жануардың индивидуальды өнімдік сапасы анықталмайды. Өнеркәсіпті 
                                                            30

шаруашылықтарда бұл тапсырмалар орындалмайды, ал асыл тұқымды шаруашылықтарда кейде мән беріліп шемін тауып жатса, кей кездер индивидуальды азықтандыру үлгісі қажетсіз болып табылады.    

   Нормаланған азықтандыру барысында азықты сәйкес рациондарда айқындалған мөлшері немесе салмағы арқылы беру шарт. Азық таратудың бұл түрі үлкен еңбек шығынына талап еткенменен, зоотехниялық мақсаттардың орындалуы үшін қажетті әрі экономикалық тиімді жақтары да жоқ емес. Сауын сиырларына азықтандыру кезінде, сүрлем мен тамыржемістілердің өзіне тән иісі, пішен мен өзге де азықтарды тарату кезіндегі шаң-тозаң сүттің сапасына әсер етпеуі үшін, жануарларға азықты сауым мезгілінен кейін ғана үлестіреді. Қыс кезінде кейбір азықтар (тамыржемістілер, сүрлем, техникалық қалдықтар) мал қораларына қатып қалған күйінде жеткізіледі. Ондай азықтармен ерімеген күйінде азықтандыруға мүлде болмайды. Бұл жағдай малдың ауыруына, месқарын азық қорытуы тежелуге, сондай-ақ буаз сиырлардың түсік тастауына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сауын сиырларын ауыз суымен уақытылы қамтамасыз етіп отыру керек. Су беруді шектеген жағдайда, сиырлардың асқа тәбеті болмай, тіпті сүттілігінің төмендеуіне дейін жетеді. Ал, керісінше автоматтандырылған суаттардан суарса, сүттілік деңгейі жоғарылайды.

   Сауын сиырлардың  негізгі рационы қыста пішен, пішендеме, сүрлемнен және құрама жемнен тұрады. Жетіспейтін элементтердің орнын толтыру және рационның биологиялық құндылығын көтеру үшін минералдық үстеме, витамнді-минералды заттар қосады.

   Қысқы рационның  құрамында пішендеме, сүрлем энергетикалық қоректлігінің кем дегенде 60-70 %-ін құрауы керек. Қысқы рационды каротинмен теңестіру үшін пішеннің бір бөлігінің орныныа малды 1-2 кг түйіршіктелген шөп немесе пішен ұнымен азықтандырады.

   Көлемді азықтар  сауын сиырлардың әр 100 кг тірілей салмағына байланысты беріледі: сүрлем 2-8 кг, пішен – 1-1,5 кг, пішендеме – 2-4 кг, сабанды басына 3-4 кг көлемінде тек 12 кг-ға дейін сүт беретін сиырларға берген жөн. Қант қызылшасын сауылған 1 кг сүтке – 0,6-0,8 кг, тәулік норма 15-18 кг аспауы тиіс және бір үлестіргенде 5 кг-нан артық берілмейді.

   Жемді сүт беру мөлшеріне, сондай-ақ негізгі рацион құрамындағы азықтардың сапасына байланысты қосады (7-кесте, қосымшада). Жеммен азықтандыру сүттілікке ғана емес, сауын маусымна байланысты екенін ұмытпау керек. Сүтті сиырларға сауын маусымына байланысты әр килограмм сүтіне берілетін жем мөлшері дайындалады (8-кесте, қосымшада). Қысқы рационды мүмкіндігінше әр түрлі азықтың көлемі және ондағы құрғақ заттардың мөлшері малдың ас қорытатын органдарына сиятын және оны сіңіру, қоректік заттарды бойына тарату ерекшелігіне сәйкес келетін болу керек. Және сүттің және одан жасалатын тағамдардың сапасына ықпалын тигізетін азықтарды беру мөлшерінің шегін білген жөн. 
                                                         31

Информация о работе Сауым маусымының әр кезеңіндегі сауын сиырларын азықтандыру