Автомобиль жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 17:41, курсовая работа

Описание

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен і

Содержание

Кіріспе
I. Табиғи климаттық жағдайы ......................................................................... 3
II. Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудің
теориялық негіздері .......................................................................................... 5
III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу .................................... 10
3.1 Жер салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі ................ 10
3.2 Алынатын жер экспликациясы.................................................................. 11
3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау ............................... 11
3.4 Жердің құнарлығын анықтау .................................................................... 11
3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының
көлемін анықтау ................................................................................................ 12
3.6 Ауыл шауашылық жерлерді ауыл шаруашылығына
жатпайтын қажеттіліктерге бергендегі аулшарашылық өндірістің шығыны .............................................................................................................. 13

Қорытынды........................................................................................................ 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 16

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)

Шаруашылық жерін орналастыру (ШЖО) тек ауылшаруашылық көсіпорындарының, серіктестіктердің, кооперативтердің және ШФҚ-ның шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі масаты жерді өңдеудің жаңа технологияеын енгізуге, топырақты әр түрлі техногендік және табиғи теріс ықпалдардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау.

Шаруашылық жерін орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы орындалады.

 

Автомобиль жолының жобасы - автомобиль жолының жердегі орналасуын, жоспар элементтерінің параметрлерін, жер төсемінің көлденең және бойлық бейіндерін, жол төсемінің конструкциясын, су өткізетін және өзге де инженерлік құрылыстарды, жолдардың қиылысуы мен түйісуін көрсете отырып, сондай-ақ жолды абаттандыру, жол қозғалысын ұйымдастыру және қауіпсіздігі, құрылысын ұйымдастыру, жол сервисі құрылыстарын және жұмыс көлемі мен құнын анықтау арқылы басқа да инженерлік құрылыстарды орналастыру мәселелерін шеше отырып автомобиль жолын жобалаудың нәтижесі ұсынылған белгіленген мазмұндағы және құрамдағы есептік және жобалық техника-экономикалық құжаттардың жиынтығы.

Автомобиль жолдарын жобалау кезінде:

    1. жолдың конструктивтік элементтерінің бірінің немесе олардың үйлесімдерінің қолайсыз әсері нәтижесінде жол қозғалысының субъектілері мен қоршаған орта үшін қауіп төну тәуекелін жоюға немесе төмендетуге;

2.   автомобиль жолдарын пайдалану кезінде климаттық, төтенше және басқа да факторлар мен оқиғаларға байланысты болдырмау мүмкін емес тәуекелдерден сақтауға;

3. қабылданған қауіпсіздік шараларының жеткіліксіз немесе төтенше жағдайлардың туындауы салдарынан автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде мүмкін болатын қалдық тәуекелдер туралы ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған шарттар ескерілуі тиіс.

    Жобалау кезінде мынадай тәуекелдермен сипатталатын негізгі қауіпсіздік талаптары назарға алынуы тиіс:

жоспардың, автомобиль жолының көлденең және бойлық бейінінің геометриялық элементтері, сондай-ақ олардың қолайсыз үйлесімі;

жол құрылыстары (жер төсемі, жол төсемі, көпірлер, құбырлар, жолөткелдер, мал өтетін өткелдер, эстакадалар және тағы басқалар);

автомобиль жолының бөлінген жолағы шегінде немесе оған тікелей жақын жерде орналасқан автомобиль жолы мен автокөліктерге қызмет көрсететін құрылыстар (автожанармай құю станциялары, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету ұйымдары, жолаушылар мен жүргізушілерге қызмет көрсететін жол бойындағы пункттер және тағы басқалар);

жолдың жағдайы, электр беру және байланыс желілерінің тіректері, автомобиль жолының жер төсемі жиегіне жақын орналасқан өзге де заттар мен құрылыстар.

6. Автомобиль жолдарының кеңістікте орналасуы, оның геометриялық элементтерінің параметрлері және олардың арақатынастары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

аралас учаскелердегі қозғалыс жылдамдығының жолдың әдеттегі жер бедері жағдайында орналасқан кезінде кемінде 0,8 және жер бедерінің қиын учаскелерінде 0,6 қатынасымен автомобиль жолының ұзындығы бойынша көлік құралы қозғалыс жылдамдығының біртіндеп өзгеруін;

жоспардағы жолдың қисық сызықты учаскелері бойынша қозғалған кезде көлденең үдеулердің біртіндеп өсуін;

көлік құралының бойлық бейініндегі қисық бойынша қозғалысы кезінде туындайтын тік жүктемелердің олардың рұқсат етілетін мәндері шегінде жеңілдетілуін;

жолда көлік құралдарының жүргізушілеріне олардың жүріп өту жағдайлары туралы жалған ұғым қалыптастыратын және жүргізушілерді алдыңғы учаскеде қалыптасқан қозғалыс тәртібін күрт өзгертуге мәжбүрлейтін учаскелердің болмауын;

автомобиль жолының бүкіл ұзындығында түзу сызықты және қисық сызықты учаскелер ұзақтығының заңды және біртіндеп өзгеруін;

автомобиль жолының жер төсемін қардың немесе құмның, олардың мүмкін болатын көшуі кезеңінде басып қалу тәуекелін, басым желдердің қайталану жиілігі мен жылдамдығын ескере отырып төмендетуді.

7. Автомобиль жолының жобасында өздерінің габариттік өлшемдері, салмақтық және өзге де параметрлері бойынша техникалық регламенттер мен жобалауға арналған тапсырмалар талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары мен жүктерінің қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз ететін инженерлік шешімдер болуы тиіс.

8. Автомобиль жолдарының жобаларында қабылданған техникалық шешімдер осы Техникалық регламенттің негізгі қауіпсіздік талаптарына қайшы келмеуі тиіс.

9. Автомобиль жолдарын жобалау нормаларының осы Техникалық регламентке сәйкестігі онымен үйлесімделген мемлекеттік стандарттар мен құжаттардың нормаларымен қамтамасыз етілуі тиіс.

10. Осы Техникалық регламенттің талаптарын бұза отырып орындалған автомобиль жолдарының жобалары бекітілуге жатпайды және автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган салу мен қайта жаңғыртуға жол бермеуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  Алматы – Қордай автомобиль жолына (18-24 км)жер бөлу жобасының түсініктемесі.  

3.1   Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі

Жол салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу соның ішіндегі тұрақты жер пайдалануға жер бөлу. Автомобильге бөлінетін жердің ауданына жер бөлгенде ол жердің экономикалық, әлеуметтік факторларға көңіл бөлу керек. Тұрақты жер пайдалануға бөлінетін жер ауданының планын, профилін, көлденең профилін пайдалана отырып, соның негізінде құжаттар бойынша әр пикетте, нүктелер анықталып жер бөліп  беру жобасына түсіріледі. Жер бөлу жобасы бойынша әр жер пайдаланушы бойынша, ауыл шаруашылық ауданы, яғни егістік, жайылым, шабындық алқаптар түрі бойынша, топырақтар түрлері жеке – жеке анықталды. Автомобиль  жолына бөлінетін жолдың ауданын бірнеше тәсілмен анықтауға болады.

Олар: 1) әр категориялар бойынша нормативті; 2) есептік – конструктивтік тәсіл қолданылады

Бұл кестеде әр жер пайдаланушылардың  Таушық, Агрофирма,  Ардагер – Броилер     меншігіндегі  жер учаскелердің, ауыл  шаруашылық алқаптардың алып  жатқан  ені мен ұзындығын көбейтіп масштабқа салу арқылы бөліп берілетін жолдың ауданы анықталды. 

3.2 Алынатын жер экспликациясы

Автомобильге жер бөлгенде экспликация құрылды. Эксплкация бойынша жалпы бөлінетін жер ауданы анықталды.

«Таушық» жер пайдаланусышы бойынша: егістік  7,509 га, шабындық 10,675га, жайылым 6,42га  = 24.605 га  барлығы

« Агрофирма »  жер пайдаланушы бойынша: 10,26 га егістік, 5,275 га жайылым = 15,535 га барлығы

«Ардагер - Броилер» жер пайдаланушы бойынша: 5,52 га егістік,  16,39 га  жайылым = 21,91 га барлығы.

3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскілердің ауданын анықтау.

Жол салу үшін  топырақ  құнарлығы, топырақ тығыздығы, көлемі, химиялық, фи зикалық    қасиеттері өте маңызды рол  атқарады.  Жалпы жол салғанда  ол жерді алдымен қопсытып, қисық  жерлерін түзулеу, жаю жұмыстары атқарылады, ол  үшін  техника көмегі  қажет. Топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскілерді  алдымен топырақ  контурыны  ол топырақ түсіне байланысты, яғни  жол салу үшін бөлініп беретін жердің алқап түрі бойынша  топырақтың құнарлы қабаты, топырақтың банитет баллы және қопсыту коэффиценті анықталады.

3.4 Жердің құнарлығын анықтау.

Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады. Бонитеттеу барысында анықталған, белгілі жаратылыс нышандарымен сан жүзінде сипатталатын топырақ топтары кейін экономикалық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Топырақтарды бонитеттеу мәліметтерінің жерді, оның жаратылыс сипаттамаларын ескере отыра, тиімді пайдалану мәселелерін шешуде көп маңызы бар.

Жердің құндылығын анықтағанда  Б орт = ( Б×Р)  ̸  ∑ Р формуласы арқылы

Орташа салмақтық балл бонитетін анықтадық. Жалпы бұл жерде 

Б - топырақ   банитет

Р - топырақтың  контур ауданы

Сонымен, Таушық жер пайдаланушысы орташа салмақтық балл банитеті ∑ 8, 36

Агрофирма  жер пайдаланушысы   ∑11,4 болса, ал Адагер - Бройлер  ∑ 9,8. тең болды.

 

 

 

 

 

3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының көлемі

Жер әр түрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылған жер — адамның өндірістік іс-әрекеті салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су және жел эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140 бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.

Рекультивация — бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік-техникалық, мелиоративтік, агротехникалық шаралардың кешені. Рекультивация объектілеріне: карьерлер, олардың үйінділері және т.б. жерлер жатады. Жерді қалпына келтіру жөніндегі жобада келесідей мәселелер қарастырылады: топырақтың құнарлы қабаты, алынатын учаскенің ауданы есептеліп, біріншісінің қалыңдығы сыдырып алынатын құнарлы қабаттың көлемі анықталады, уақытша үйінділерді қоятын орын алынған ТҚҚ пайдалану бағыттары белгіленеді.

 

Жалпы жерді қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар екі кезеңде жүргізіледі: 1) техникалық, 2) биологиялық. Біріншісінің мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезең жерді тегістеуді, керекті жағдайда химиялық мелиорацияны жүргізуді жол, гидротехникалық және басқа инфроқұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Ал екіншісі міндетті жердің құнарлығын және өзгерген жер учаскелерін қалпына келтіру, ол үшін эр түрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар қолданылды. Бұл іс- әрекеттердің мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, жалпы шаруашылық құндылығын қалпына келтіру. Қалпына келтірілген жерлерді қолданудың негізгі бағыттары:

- ауыл шаруашылығында, егер қайта қалпына келтірілген жерлер ауыл шаруашылық алаптары болса;

- орман шаруашылығы, егер орман екпелері болса;

- балық шаруашылығы, егер балық өсіру су айналым құрылысы болса;

- су шаруашылығы, әр түрлі мақсаттағы төменгі рельефте су қоймалары құрылысы;

- рекреациялық, егер бұзылған жерлерде демалыс зоналарының құрылысы;

- санитарлық-гигиеналық, егер қоршаған ортаға зиян келтірілген, халық шаруашылығына қолдануға тиімсіз бұзылған жердің биологиялық және техникалық консервациясы қарастырылса;

- құрылыстық, егер бұзылған жерлерді өндірістік және азаматтық құрылыстар салуға ыңғайландыру.

 

ТҚҚ алынатын  учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалындығы, оны пайдалану жолдары, уақьпша 1 үйінділердің орналасуы, жақсартылуға жататын алаптардың аудандары, онда төселетін ТҚҚ қалындығы және бұл жерлерді пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді.

 

3.6 Ауылшаруашылық жерлерді ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктеріне бергендегі ауылшаруашылық өндірістің  шығыны

Ауыл шаруашылық өндірісі шығының құны  ПП = Р×С×К  анықталады .

Жер сапасының айырмашылығы әртүрлі сапалы жерлерге келетін бірдей шығындардың  орнын толтырумен, тиімділігімен себептелінеді. Бұл жағдай бойынша, бірдей шығында қай жерде өнім көбірек алынса, сол жердің сапасы жоғары деп есептеледі. Алынған өнімдердің айырым саны түрінде жерлер сапасаның айырмашылығын көрсетеді. 

  Уақытша жол құрылысын салу уақытына бөлінетін жерлер:

1. Уақытша жолға арналған жер тұрақты пайдалануға  берілетін жердің сол жағынан беріледі. Себебі трассаның оң жақ бөлігі бос болып табылады. Уақытша жолға 2 бағытта 2 көлік сиятындай     ендігі 6 м жол беріледі. Ал ұзындығы 6 км, яғни 6000 м болып саналады.

S = 6 м * 6000 м = 36000 м ² = 3,6 м га

2. Топырақтың құнарлы қабатын үюге:

Топырақтың құнарлы қабатын үюге үлкен бос кеңістік болмаған соң, валик әдімен тұрақты жолдың  шетіне үйіледі.  Топырақтың құнарлы қабаты   жерге бөлініп, яғни шаруа қожалықтарының өзін тиесілі жерлерге үйіледі.

1) Таушық жер пайдаланушысында:    

V= 706, 02 м³

V= S*h

S= V/ h= 706, 02 /1,5= 470,68 м²
S= а*b = 470,68 м²
а (ұзындығы)= 470,68/1=470,68 м

Бірінші үйіндінің ұзындығы 470,68 м – ге тең.
Ауданы: 470,68 м²

2) Агрофирма

V=  447,93 м³

V= S*h

S= V/ h= 447,93/1,5= 298,62 м²
S= а*b = 298,62 м²
а (ұзындығы)= 298,62 м²/1=298,62 м
Ауданы: 289,62 м²

 

3) Ардагер – Броилер

V=  430,05 м³

V= S*h

S= V/ h= 430,05/1= 430,05 м²

S= а*b = 430,05 м²
а (ұзындығы)= 430,05 м²/0,7=614,4

Ауданы: 614,4 м²

Жалпы топырақтың құнарлы қабатын үюге: S+ ++= 470,68+289,62+: 614,4= 1374,7м²

 

 

 

 

 

Информация о работе Автомобиль жолы