Автомобиль жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 17:41, курсовая работа

Описание

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен і

Содержание

Кіріспе
I. Табиғи климаттық жағдайы ......................................................................... 3
II. Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудің
теориялық негіздері .......................................................................................... 5
III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу .................................... 10
3.1 Жер салу үшін бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі ................ 10
3.2 Алынатын жер экспликациясы.................................................................. 11
3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау ............................... 11
3.4 Жердің құнарлығын анықтау .................................................................... 11
3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының
көлемін анықтау ................................................................................................ 12
3.6 Ауыл шауашылық жерлерді ауыл шаруашылығына
жатпайтын қажеттіліктерге бергендегі аулшарашылық өндірістің шығыны .............................................................................................................. 13

Қорытынды........................................................................................................ 15
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................... 16

Работа состоит из  1 файл

Кіріспе.doc

— 139.50 Кб (Скачать документ)


 

 

                                                Мазмұны

 

 

 

 

 

Кіріспе

I. Табиғи климаттық жағдайы .........................................................................    3

II. Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерге жер бөлудің

теориялық негіздері ..........................................................................................    5

III. Алматы – Қордай автомобиль жолына жер бөлу ....................................    10

3.1 Жер салу үшін  бөлінетін жердің ауданын есептеу ведомосі ................    10

3.2 Алынатын жер экспликациясы..................................................................     11

3.3 Тұрақты пайдалануға берілетін және топырақтың  құнарлы қабаты сыдырылып алынатын учаскелердің ауданын анықтау ...............................     11

3.4 Жердің құнарлығын анықтау ....................................................................     11

3.5 Сыдырылып алынатын топырақтың құнарлы қабатының

көлемін анықтау ................................................................................................     12

3.6 Ауыл шауашылық жерлерді ауыл шаруашылығына

жатпайтын қажеттіліктерге   бергендегі аулшарашылық өндірістің шығыны ..............................................................................................................     13

 

Қорытынды........................................................................................................       15

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................................       16

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Кіріспе

 

           Автомобиль жолы - автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол.

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақыны мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. Табиғи климаттық жағдайы

    

    Жамбыл облысы климатының ерекше сипаты айтарлықтай құрғақшылық мен континенттілік болып табылады. Бұл облыс аумағының Еуроазиаттық материк ішінде орналасуымен, мұхиттан қашық орналасуымен, ашық немесе алабұлтты ауа-райын тудыруға әсер ететін атмосфералық айналымның ерекшелігімен, сонымен қатар күн жылуының басымдығын қатмасасыз ететін оның оңтүстік беткейде орналасуымен түсіндіріледі. Бұған қоса, облыс аумағының көп бөлігін шөлдала алып жатыр (Бетпақ-Дала және Мойынқұм) және тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеттерінде таулар түзілген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле). Жер құрылысының мұндай айырмашылығы облыс климатының әркелкі болуына әсер етеді. Климаттың континенттілігі күн мен түндегі, қыс пен жаздағы, қыстан жазға тез ауысудағы температураның күрт өзгеруінен көрінеді. Облыстың оңтүстіктегі таулы бөлігінде континенттілік сипаты басыңқылау: мұнда қыс жылы және жауын-шашын мөлшері жеткілікті түседі. Облыстың солтүстік және орталық аудандардағы шөлді жазықтар ерекше құрғақ. Мұнда жаз өте ыстық, орташа шілдедегі температура 21 ден 25° С ке дейін ауытқып отырады, кейбір күндері ауа температурасы 45-48° С-ге дейін жетеді (абсолюттік максимум). Оның есесіне қыс географиялық ендігіне сәйкес емес. Ең суық ай – қаңтар, оның орташа температурасы солтүстігінде -8, -12° С, ал оңтүстігінде -4, -7° С. Қыста суық арктикалық ауа облыстың оңтүстігіне ене отырып, суықтығы -45-50°С (абсолюттік минимум) болатын күшті аяз тудырады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°С-ден жоғары кезең ұзақ сақталады. Облыстың солтүстігінде 240-250 күнді құраса, орталық аудандарда 260—270 күнге жетеді. Тұтастай алғанда облыста жауын-шашын аз түседі, әсіресе жазық бөлігінде (жылына140-220 мм). Жауын-шашынның болмашы мөлшері (жылына 135 мм) облыстың солтүстік-шығысында балқаш өзенінің жағалауында байқалады. Тау бөктеріндегі аудандардағы жауын-шашын мөлшері 210-330 мм-ге дейін көбейеді. Қырғыз Алатау тауларында 400-500 мм жауын-шашын түседі. Жыл мезгілдері бойынша жауыншашын әркелкі түседі – оның басым бөлігі қысқы-көктемгі кезеңге тән. Облыстың барлық аумақтарында шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғады, және тек шеткі оңтүстікте оңтүстік және оңтүстік-шығыстан жел соғатыны байқалады. Оның орташа жылдамдығы 2,5—3,5 м/с. Таулы аудандарда жергілікте ерекшеліктерге байланысты туындайтын да желдер бар (фендер, таулы-алқапты және басқалар).

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.

Бұл алқапта ауадан түсетін ылғал мөлшері өте аз. Ылғалдану коэффициенті 0,1-0,05-ке шейін кемиді. Жылына түсетін ылғалдың мөлшері 80-150 мм-дей. Үсіксіз уақыттың ұзақтығы 170-220 күнге жетеді. Күні бұлтсыз, ыстық, 100-тан жоғары болатын күндердің температура қосындысы Түркістан маңында 4700 градусқа жетеді. Бұл аймақ нағыз шөлдің өзі. Жерге тек ерте көктем мен күздің соңғы айларында ылғал түседі. Сондықтан өсімдік тіршілігіне екі биологиялық тыныштық кезең өтеді, оның біріншісі қыстың суық, екіншісі жаздың құрғақ кезінде болады. Өсімдіктер мен табиғаттың осындай қысымшылығына бейімделген. Онда өсетіндер: сирек шығатын бұташалар, жусан және кейбір сортаңданған, сорланған топырақтарға бейімделген шөптер. Өсімдік сирек шығатындықтан, олардың топырақта қалдыратын қалдықтары да мардымсыз. Сондықтан топырақта қарашірік аз, оның мөлшері топырақтың беткі қабатында не бары 1-1,5%. Осының салдарынан топырақ түсі бозғылт тартып, өзін түзген тау жынысына ұқсайды. Бұл зона екі зонаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар, терістік шөл; б) жусанды сор шөптер өсетін сұр құба топырақтар, орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланғар жерлер көптеп кездеседі.

      Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы. Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Ауыл шарушылығына жатпайтын қажеттіліктерге  жер бөлудің  теориялық негіздері. 

Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды.

Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.

 

Жерге орналастырудың, пәнінің мақсаты, міндеті.

Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі.

Жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қаупсіздік және жерді ұтымды пайдалануына бағытталған іс – шаралар көрсетілген. Бұл бағытта жер заңдарында,  жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған іс – шара жүйесі ретінде сипатталады.  

 

Жерге орналастырудың негізгі міндетіне:

-  Республика заңдарының негізінде  жер қатынастарын реттеу;

-жерде шаруашылық жүгізудің формаларына тең даму жағдайларын жасау;      - жердің ұтымды пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;

- топырақтың құнарлығын ұдайы өндіру, табғи ортаны сақтау,  тұрақты  агроланшафттарды жасау; 

-жылжымайтын мүлік ретінде жердің рыногын қалыптастыру және дамыту; 

        Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсаты – міндеттеріне қарай оның мазмұны    қалыптасып   отырады. Қазіргі кезде ол мынадай  іс – қимылдарын қамтиды:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       1) республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастырудың схемасын (жобаларын), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламалар әзірлеу; 

2) жаңа жер пайдаланушыларды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық  жерге орналастыру жобаларын жасау;

3) елді мекендердің шекараларын белгілеу жер бетіне көрсету, олардың жер шаруашылықтарын   реттестіру жөніндегі жобаларын жасау;

4) әкімшілік – территориялық құрылымдардың, айырықша қордағы табиғи территориялардың және басқада ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетіне көрсету;

5) топографиялық – геодезиялық, картографиялық, топырақ, геоботаникалық және басқа зерттеу  - іздестіру жұмыстарын жүргізу;

6) жер кадастыры мен мониторингін жүргізу;

7) жер күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау;

8) жерді бағалау жұмыстарын жүргізу;                      

 

Жерге орналастыруды жобалау

Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің негізі болып табылады. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың предметі болады.

Қазіргі жерге ораластыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы- таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.

Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, содан кейін шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін ораластыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.

 

Жерге орналастырудағы жоба түрлері:

1) Салааралық жерге орналастыру;

2) Шарашылық аралық жерге орналастыру;

3) Учаскелік жерге орналастыру;

 

Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түрге бөлінеді:

 

1) ауылшаруашылық кәсіпорындардың  жер иеленушіліктерін құру;

2) ауылшаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануды құру;

 

Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі - әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, транспорт, байланыс, ғылым, мәдениет және т.с.с.) жер бөліп беруге байланысты. Демек ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын      Шаруашылық аралық жерге орналастыру (ШАЖО) бір топ шаруашылықтың, ал кейбір кезде бүтін аудандардың территориясында жүргізіледі, бірақта тек жеке саланың (өнеркәсіп ауыл шарауашылығы және т.с.с.) шеңберінде. Нақтылы түрде ШАЖО әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес заң түлғалары мен жеке тұлғалардың мүдделерін, олардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтарын құру немесе қайта құру арқылы қанағаттандырып отырады. Оның түр тармақтары ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес жерлерде жүргізілуіне қарай ажыратылады.

Информация о работе Автомобиль жолы