Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция

Описание

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко

Работа состоит из  1 файл

Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc

— 2.59 Мб (Скачать документ)

Бірінші әдіс:

  1. Қатар орналасқан екі ұяшыққа прогрессияның алғашқы екі мүшесі жазылады;
  2. мәлімет жазылған диапазон немесе екі ұяшық белгіленеді;
  3. Тышқан көрсеткішін белгіленген диапазон облыстың оң жақ теменгі бұрышына апарсаңыз көрсеткіш қара түсті « қосу белгісіне» (+) өзгереді, бұл белгіні толтыру маркері деп атайды. Әрі қарай толтыру маркерін тышқанның батырмасын басып отырып қажет ұяшыққа дейін соза бересіз.

Екінші әдіс:

  1. Бір ұяшыққа прогрессияның бастапқы бірінші  мүшесі жазылады;
  2. Мәлімет жазылған ұяшық белгіленеді;
  3. Правка →Заполнить→  Прогрессия Командасы орындалады;
  4. Пайда болған терезеден тип расположение бөлімінен по столбцу белгіленеді, шаг тұсына прогрессияның қадамы жазылады, предельное значение тұсына прогрессияның соңғы мүшесінің мәні жазылады.

Жұмыстық беттермен жасалатын әрекеттер:

  1. Жұмыстық беттің атын өзгерту: жұмыстық бетке сәйкес ярлыктың атына екі рет шертіледі немесе сол ярлыктың контекстік мәзіріндегі Переименовать командасы орындалады да жаңа ат жазылады; жұмыстық бетті жою: Правка→Удалить лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Удалить командалары арқылы жүзеге асырылады;
  2. Беттің орынын ауыстыру немесе көшіру: Правка→  Переместить/Скопировать лист немесе бетке сәйкес ярлык контекстік мәзіріндегі Переместить/Скопировать лист командаларының бірі  арқылы жүзеге асырылады; көшіруді орындау үшін  Переместить / скопировать лист терезесіндегі Создавать копию бөлімі іске қосулы болу керек;
  3. Бет қосу: алдына жаңадан қосылатын бет орналасатын, жұмыстық бет ярлыгына шертілгенде шығатын  контекстік мәзірден Добавить командасы орындалады да, пайда болған Вставка диалогтық терезесінен Лист белгісі таңдалынып, ОК басылады.

Ұяшықтардың адрестері. Excel программасында ұяшықтардың үш түрлі адрестері пайдаланылады: абсолюттік, салыстырмалы және аралас адрестер.  Егер түрлі операцияларды орындау барысында операцияға қатысатын ұяшықтардың адрестері сәйкесінше автоматты түрде өзгеріп отыратын болса мұндай ұяшықтар салыстырмалы адресті болып есептелінеді. Әдетте (по умолчанию) Excel программасы іске қосылған кезде ұяшықтардың адрестері салыстырмалы адрестер болып тұрады. Ұяшықтармен жасалатын операциялар барысында ұяшықтың адресі тәуелсіз, өзермейтін болса мұндай ұяшықтарды  абсолют адресті деп атайды. Ұяшықтың абсолют адресін көрсету үшін сәйкесінше жол және баған аттарының алдына доллар ($) белгісін қойып жазады (мысалы, $A$2).  Мұны бірден жазу үшін  ұяшықты белгілеп , <F4> пернесін басу тәсілі де қолданылады.

Аралас адресті деп  ұяшықтың адресін көрсетуде салыстырмалы  және абсолют адрестердің қатар қолданылған жағдайын айтады (мысалы, $A1, B$2). Ұяшықтардағы формулаларды көшіруде абсолют адрестер өзгермейді, салыстырмалы адрестер өзгереді.

Ұяшыққа формула жазу. Excel программасында ұяшыққа формула енгізу міндетті түрде  «тең болады» (“=”) белгісінен басталады, ал енгізуді аяқтау Enter пернесін басумен бітеді.

Формулалар жазудың мысалдары:  = 2*5^ 3+4   немесе =A1+Cos(5,282)

Ұзақ  формулаларды жазуда программа терезесіндегі формулалар жолы деп аталатын жол ұяшықпен салыстырғанда қолайлырақ болады.

Формулаларды редакциялау. Ұяшықтағы формуланы редакциялау үшін әуелі ұяшық белгіленіп алынады да екі рет шертіледі немесе F2 пернесі басылады немесе формулалар жолындағы “=” белгісіне сырт еткізіледі. Редакциялау режимінде ұяшықтағы формула формулалар жолында  толығымен көрініп тұрады, курсорды қалаған жеріңізге қойып өзгертулер нгізе беруге болады.

Ұяшықтағы мәліметтердің  форматтарын тағайындау. Ол үшін қажет ұяшықты белгілеп алып сол ұяшықтың контекстік мәзірінен  Формат ячеек немесе Формат→ Формат Ячейки командаларының бірі орындалады. Нәтижесінде Формат ячеек деп аталатын диалогтық терезе шығады, осы терезедегі жапсырмаларды пайдалана отырып әртүрлі сандық форматтарды, ұяшықтағы текстерді туралауды, ұяшықтың түрі мен шекара сызықтарын, қорғанысын және т.б. параметрлерін тағайындауға болады.

Жаттығу жұмыстары.

1 -жаттығу. Салық түрлерін , премияны және т. б. ескере отырып айлық жалақыны есептеу.

MS EXCEL программасын іске  қосыңыз. Жаңа құжат немесе жұмыс кітабын  ашыңыз,  құжатыңызды Лабораторные работы.xls деген атпен өз бумаңызға сақтаңыз.

  1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) на Тапсырма1 деп өзгертіңіз.
  2. Төменде берілген /1-сурет/ мәліметтерді кестеге енгізіңіз.
  3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз.
  4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, батырмасы шертіледі немесе Формат ->Ячейки командасы қолданылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Ұяшықтағы текст бағдарын өзгерту үшін :
    • Ұяшықты белгілейді, контекстік мәзірдегі Формат ячеек командасы орындалғаннан кейін шығатын диалогтық терезедегі Выравнивание жапсырмасының Ориентация бөліміне көшесіз;
    • Қызыл түсті ромбикке ( ) шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ромбикті 90о   –қа апарасыз.
  2. Кестедағы (1-сурет) «Проф.взносы 5%» бағанындағы тұрақты окладтың    5 % есептеу үшін :
    • D5 ұяшығы белгіленеді де , оған =С5*5% жазылады;
    • Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.
  1. Н5 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.
  1. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:
  • H5:H12 диапазоны белгіленеді ;
  • Стандартная саймандар панелінен Автосумма             батырмасы шертіледі.

 

2 - жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы теңгемен  және доллармен есептеңіз.

 



 

      1. Өз құжатыңыздағы келесі бетті ( Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;
  • Кестені мәліметтермен толтырыңыз /2-сурет/;
  • Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз.
  1. Е6 ұяшыққа келесі =С6*D6 формуланы енгізіңіз;
  1. F6 ұяшыққа келесі =Е6*В3 формуланы енгізіңіз . В3 ұяшығының адресін абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз , сонда адрес $В$3 болып өзгереді.

 

  3 - жаттығу:    Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеңіз.                           

  1. Құжатыңыздағы үшінші бетті (Лист3) Тапсырма3 деп өзгертіңіз.
  2. 3-суреттегідей арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін және алғашқы n мүшесінің қосындысын есептейтін кесте құрыңыз. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы:   an=a1+d(n-l) және арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы : Sn=(a1+an)*n/2,   мұндағы a1 – прогрессияның бастапқы мүшесі, aл d — арифметикалық прогрессияның айырмасы.
  3. Қажет болған жағдайда ұяшықтардың абсолют адрестерін қолданасыз.
  4. a1  = -2, d= 0,725 деп алып есептеңіз.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті  мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

 7-кестедан алынады)

7-кесте

Т А П С Ы Р  М А Л А Р

                            Нұсқа 1

Қаладағы сүт өнімдері заводы сүт, айран және қаймақ шығарады. Сүттің, айранның және қаймақтың әрбір тоннасы үшін сәйкесінше 1010, 1020 және  9450 кг сүт қажет болады.

Сүт өнімдерінің (сүт, айран , қаймақ) әрбір тоннасынан түсетін кіріс  пайда  сәйкесінше 30000, 22000 және  136000 тенгені құрайды.  Завод тәулігіне  барлығы  123 тонна сүт,  342 тонна  айран, 256 тонна қаймақ дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып, әрбір  өнім түрінен түскен  тәуліктік  кіріс пайданы, жалпы кіріс пайданы, әрбір өнім түрінен түскен кіріс  пайданың  жалпы кіріс пайдаға  шаққандағы үлесін (процентпен) және сүттің жалпы шығынын есептеңіз.

 

                         Нұсқа 2

Кітап қоймасына  3 түрлі кітап түсті: сөздіктер, кулинарлық кітаптар және тоқыма өнері туралы кітаптар. Олар қаладағы үш кітап дүкеніне бөлінді: «Астана кітап», «Экономикс» и «Глобус». «Астана кітап» дүкеніне сөздіктер – 10400 экземпляр, кулинарлық кітаптар – 23650 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар  – 1500 экземпляр;  «Экономикс» дүкеніне  - 10300 сөздіктер, 22950 кулинарлық кітаптар және  1990 тоқыма өнері туралы кітаптар; ал «Глобусқа» сәйкесінше  9100, 23320 және  2500 экземпляр жөнелтілді.

Бірінші дүкенде сатылған сөздіктер  – 8945 экземплярды, кулинарлық кітаптар  – 19865 экземплярды, тоқыма өнері туралы кітаптар– 873 экземплярды құрады; екінші дүкенде сатылған  сөздіктер– 9300 экземпляр, кулинарлық кітаптар - 21900 экземпляр, тоқыма өнері туралы кітаптар– 1020 экземпляр болды; ал үшінші дүкен сәйкесінше  8530, 18100 және  2010 экземпляр кітап сатты.

Электрондық кестені пайдаланып, кітап  қоймасына түскен әрбір кітап  түрінің жалпы санын, әрбір дүкендегі сатылған әрбір кітап түрінің үлесін , сатылмай  қалған кітаптар санын есептеңіз. 

                     Нұсқа 3

Мекеме қызметкерлерінің оклады келеі  түрде анықталған: бөлім бастығы – 100000 теңге., инженер 1 кат. – 86000 теңге., инженер – 68700 теңге., техник – 31500 теңге., лаборант – 22400 тенге. Мекеменің екі филиалы бар: оңтүстікте және климаты қатаң солтүстікте . Барлық қызметкерлер жалақысына жұмыс зияндылығына байланысты  окладтың 10% құрайтын үстеме, окладтың 25% көлемінде  айлық премия үстеме қосылады. Әрбір қызметкерден 20% міндетті салық (подоходный налог), 3% кәсіподақ жарнасы (профсоюзный взнос) және 1% зейнетақы қорына ( пенсионный фонд) ұсталады. Оңтүстікте орналасқан филиал қызметкерлеріне 15% , солтүстіктегілер үшін 70% жергілікті коэффициент қосылады.

Әрбір филиал қызметкерлерінің жалақысын  есептеуді екі кесте түрінде  бөлек жасаңыз.

 

                         Нұсқа 4

Цехта үш түрлі өнім шығарылады: П1, П2 және П3. Әрбір П1, П2 және П3 өнім бірлігіне кететін шығын сәйкесінше 70, 150 және 100 теңгені құрайды.

Бір ғана өнім бірлігінен түсетін  кіріс, өнім түрлеріне сәйкес 200, 160 және 250 теңге болды. Жоспар бойынша ай сайын , П1 өнім – 200482 дана., П2 – 43292 дана , П3 – 1463012 дана шығарылуы қажет. Қаңтар айында П1 – 135672 дана, П2 – 60712 дана, П3 – 1456732 дана өнім шығарылды.

    Электрондық кестені  пайдаланып (теңгемен және доллармен  ),  өнім өндіруге кететін жоспарлы  шығынды, әрбір өнім түрінен  түсетін кірісті, мекменің қаңтар  айындағы кірісін , әрбір өнім түріне сәйке жоспардың орындалу үлесін есептеңіз.

                           Нұсқа 5

Кондитерлік фабриканың шығаратын өнімдері А, В, С карамельдері және оларды жасауға кететін шикізаттар (1 тоннасына) келесі кестеда берілген:   

 

Шикізат түрлері (тоннамен)

Карамель

А

В

С

Қант 

0,6

0,5

0,6

Патока

0,2

0,4

0,3

Жеміс пюресі

0,2

0,1

0,1


Фабрикадағы  шикізат түрлерінің қоры, сәйкесінше  1500, 900 және 300 тонна. Осы айда фабрика А – 820, В – 900, С – 400 (тонна) карамель дайындады.

Электрондық кестені пайдаланып , шикізаттың әрбір түрінен жұмсалған шығынды, қалған шикізат мөлшерін, қалған қант мөлшеріне сәйкес жасалатын А карамелінің мөлшерін есептеңіз.


 

Бақылау сұрақтары:

 

      1. Кестелық процессорлардың негізгі қызметі қандай?
      2. Ұяшықтарға мәліметтер жазудың әдістерін түсіндіріңіз?
      3. MS Excel программасындағы құжат қалай аталады?
      4. Ұяшық адрестерінің түрлері қандай?
      5. Ұяшықтарды қалай біріктіреді?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №8

Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.

                         Графиктер мен диаграммалар тұрғызу»

 

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін графиктер мен диаграммалар тұрғызуда пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Microsoft Excel программасының функциясы ретінде белгілі бір алгоритм бойынша немесе формулалар бойынша жүргізілетін  есептеу операциялары қарастырылады. Әрбір функцияның өзіне тән аты болады. Excel программасында функциялардың аттары пернелік тақтадан теріліп жазылады  немесе Функция шебері (Вставка-> Функций) деп аталатын команда немесе саймандар панеліндегі fx батырмасы көмегімен енгізіледі. Функция шебері функцияларға сәйкес формулалардың дайын шаблондарын береді, қолданушы бар болғаны функцияның аргументтерін ғана жазады. 

Excel программасында, күрделі және қарапайым есептеулерге арналған 200 ден аса функцияларды қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, бұл қосымшада қолданушының Excel-дің програмалау мүмкіндіктерін (VBA) пайдаланып өзіне қажет функцияларды да құрып алуына жағдай жасалған.

 

Функция шеберін пайдаланып функцияларды іздеуді жылдамдату мақсатында оларды келесі: 10 недавно использовавшихся, Полный алфавитный перечень, Финансовые, Дата и время, Математические, Статистические, Ссылки и массивы, Работа с базой данных, Текстовые, Логические и Проверка свойств категориялары бойынша топтастырған.

Функциялардың аргументтері ретінде сандар, сан мәнді өрнектер немесе сәйкесінше сандар мен сан мәнді өрнектер жазылған ұяшықтар адрестері, диапазон адрестері  пайдаланылады. Мысалы:

=СУММ(А5:А9) – мұндағы СУММ функциясы, А5, А6, А7, А8, А9 ұяшықтардағы сандар қосындысын есептейді;

=СРЗНАЧ(G4:G6) – мұндағы СРЗНАЧ функциясы G4, G5, G6 ұяшықтардағы сандардың орташа мәнін табады.

Күрделі функцияларды жазу әдеттегідей бірінің ішіне бірі жай жақшалар арқылы жазылады , мысалы: =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(H4:H8);2).

Функцияның  аргументтерін Функция шеберін  пайдаланып енгізу. Функцияны Функция шеберін пайдаланып жазғанда,  егер оның аргументі бар болса, онда келесі 4-суреттегідей  терезе пайда болады. Бұл терезе функция аргументтерін енгізуге арналған.  Мұндағы,


                                               

                                           1 – функцияның аты;

2  - аргументтерді енгізу жолақтары;

3 – терезені кішірейту  батырмасы ,

бұл батырмаға қайта  шерту терезені

бұрынғы  қалпына келтіреді;   

                       

 

4 - аргументтің мәндері ;   5 – функцияның сипаттамасы; 6 – анықтаманы шақыру.

Функция аргументтерін енгізуде келесі тәсілдер қолданылады:

а) қажет адрестерді (ұяшықтың немесе диапазонның) пернелік тақтадан теруге болады;

б) қажет ұяшықтар мен диапазондарды жұмыстық беттегі кестедан белгілеу арқылы жазуға болады.

 

Функциялардың негізгі категориялары.

 

«Математические»  категориясы функцияларының сипаттамасы: 

 

ABS (сан) – санның модулі;

COS(сан) – косинусты табу;

EXP(сан) – ех  функциясының мәнін есептеу;

LN(сан) – логарифмді есептеу;

SIN (сан) – синусты есептеу;

TAN (сан) – тангенсті есептеу;

КОРЕНЬ (сан) – квадрат түбір табу (оң мәнін);

ПИ () – p санының 15 цифрға дейінгі дәлдікпен алынған мәнін береді;

СТЕПЕНЬ (негіз сан; дәреже көрсеткіші) – дәрежелеу амалын береді;

СУММ (сан1; сан2; ...) – аргумент тізіміне кіретін барлық сандардың қосындысын есептейді;

 

«Статистические»  категориясы функцияларының сипаттамасы:  

 

МАКС(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің үлкенін анықтайды;

МИН(аргумент1; аргумент2;…) - аргументтердің кішісін анықтайды;

СРЗНАЧ(аргумент1; аргумент2;…) – аргументтердің орташа мәнін табады;

СЧЕТЕСЛИ(диапазон; шарт) – диапазондағы берілген шартты қанағаттандыратын аргументтер санын анықтайды .

 

Арифметикалық амалдар (операциялар):

 

Қосу 

+

Азайту

-

Көбейту

*

Бөлу

/

Дәрежелеу

^


 

Диаграммалар (Графиктер) – бұл Excel кестесіндағы сандық мәліметтерді талдау, салыстыру қолайлы болу үшін, олардың көрнекі графикалық түрде берілуі болып табылады. Диаграмма шебері (Мастер диаграмм ) көмегімен 14 стандарт типтегі және 24 стандарт емес типтегі диаграммалар тұрғызуға болады.

Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы