Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция

Описание

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко

Работа состоит из  1 файл

Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc

— 2.59 Мб (Скачать документ)

Структурная схема модели Солоу

 

      1. Схема сызуда Рисования панелі саймандарын пайдаланыңыз.
      2. Графиктік объектілерге формулаларды Надпись   батырмасының немесе объектінің контекстік мәзіріндегі Добавить текст командасының көмегімен қоюға болады.

 

4-жаттығу. Төменде көрсетілгендей кесте жасап есептеулер жүргізіңіз:

 

Апта  күндері

Шығындар

Азық-түлік

Транспорт

Қыдыру

Басқа

Барлығы:

тамақ

уақ-түйек

Жұмыс күні

100

30

60

50

30

 

Демалыс

250

100

120

500

200

 

Бәрі:

           

  1. Жоғарыда аталған тәсілдердің бірін пайдаланып кесте құрыңыз;
  2. Белгіленген ұяшықтарды біріктіру үшін Кесте -> Объединить ячейки командасын пайдаланасыз;
  3. Ұяшықты бөлу үшін  Кесте->Разбить ячейки   командасын пайдаланасыз;
  4. Кестені көркемдеу Формат ->Границы и Заливка арқылы жасалады;

5.  Бәрі жолында қосындыны есептеу формуласын жазыңыз: курсорды Тамак бағанына қойыңыз да ,  Кесте->Формула  командасын орындаңыз;

6.  Терезеде пайда болған формула: =SUM(ABOVE),  формула орналасқан ұяшықтың жоғарысындағы ұяшықтардағы сандардың қосындысын табады;

7.   Қалған бағандарда солай есептеледі;

8.   Барлығы бағанына формуланы өзіңіз жазыңыз.

Өздік жұмыс  тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті  мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

5-кестедан алынады)

      

1.  Редактор  формул  формулалар редакторын пайдаланып … өрнектерді жазыңыз /1-тапсырма/.

      2.  ... тақырыбындағы кесте құрып, кестеге мәліметтер енгізіңіз және формулаларды қолданып есептеулер жүргізіңіз /2-тапсырма/:

5-кесте

Нұсқа №

1-тапсырма

2-тапсырма

1

у=

«Студенттер үлгірімінің ведомосі»

2

«Студенттер қатысымының

ведомосі»

3

«Товарды есепке алу»

4

«Төлемақы»

5

«Түскі ас есебі»


 

Бақылау сұрақтары:

  1. Текстке формула қалай қойылады?
  2. Кесте құру тәсілдерін атаңыз?
  3. Кестеларда есептеулер қалай жүргізіледі?
  4. Кесте ұяшықтары қалай біріктіріледі?
  5. Кестедағы сызықтар мен бояулар қалай жасалады?

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС  №6

Тақырыбы:      «Word текстік процессоры. Макростар құру»

 

Мақсаты: Текстік құжаттарға макростар қоюды үйрету.

Негізгі түсініктер:

Макрос (немесе макропрограмма) – қолданушының тізбектей  орындайтын бірнеше командалар жиынтығын біріктіріп белгілі бір пернелер комбинациясына немесе белгілі бір батырмаға меншіктейтін программа.  Бұл әрекетті орындау үшін Word текстік процессорында қолданушының әрбір орындаған командасын немесе әрекетін программа түрінде тіркеп отыратын арнаулы макротранслятор болады. Макростарды, көбінесе бірсарынды әрекеттерді қайталап отырмас үшін қолданады. Макросты пайдалану қолайлы болу үшін оны орындауды саймандар панелінде орналасатын бір батырмаға немесе пернелер комбинациясына меншіктеп қояды, яғни ол батырмаға шерткенде немесе пернелер комбинациясын басқан кезде сіздің құрған макросыңызға сәйкес командалар тізбегі автоматты түрде бірден бір команда сияқты орындалады. Макросты жазу  үшін Сервис->Макрос->Начать запись командасы орындалады немесе қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіледі.

Жаттығу жұмыстары.

1- жаттығу. Word программасында қарапайым макрос құру.  

1. Удалить_До_Конца_Строки деп аталатын  макросты құру.

1.1.Жаңа құжат құрыңыз. Құжатта келесі 1234567890 сандарын теріңіз де курсорды жолдың басына апарыңыз.

1.2. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады..

1.3. Осы терезедегі  Имя макроса тұсына : Удалить_До_Конца_Строки деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступен тұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз.  Описание тұсына макрос туралы текст, мысалы: Удаляет текст до конца строки деп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін  ОК батырмасына шертіледі. Мұның нәтижесі программа терезесінде Остановка записи панелінің пайда болуымен аяқталады. Бұл панель енді макросты жазу басталғанын білдіреді, яғни сіздің орындаған әрбір командаңыз құрып жатырған макросыңызға тіркеліп жазылып жатады.

1.4. Әрі қарай <Shift>+<End> пернелер комбинациясы басылады. Сол кезде курсор тұрған орыннан бастап жолдың соңына дейінгі текст  белгіленеді.  <Del> пернесі басылады да белгіленген текст жойылады.

1.5. Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл бірінші макросты құрудың  аяқталғанын білдіреді.

Ескерту: Макростарға ат беруде «бос орын» белгісі қолданылмайды.

 

2-жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын орындап көру. 2.1. Өзіңіз құрған құжатта кез-келген бір жолдан тұратын текст жазыңыз..

2.2. Курсорды жолдың басына апарыңыз да Сервис->Макрос->Макросы командасын орындаңыз.

2.3. Пайда болған диалогтық терезеден Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып Выполнить батырмасына шертіңіз. Текст жойылады. Мұны бірнеше рет қайталап жасап көріңіз.

 

3- жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын саймандар панеліне батырма түрінде орналастыру.

3.1. Экранға макростың батырмасын орналастыратын панелді, мысалы Visual Basic ( Вид->Панели инструментов-> Visual Basic командасы арқылы) панелін шығарып аласыз.

3.2. Сервис->Настройка командасы орындалады. Пайда болған терезеден Команды жапсырмасын таңдайсыз. Категории тізімінен Макросы категориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрған Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп алып тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып оны жаңағы Visual Basic панеліне апарасыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады.

3.3. Әрі қарай Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Основной стиль түрін таңдасаңыз батырма стандарт түрге келеді.

3.4. Макрос батырмасының түрін өзгерту үшін Изменить выделенный объект батырмасына шертіп, тізімнен Выбрать значок для кнопки таңдалынады. Пайда болған тізімнен өзіңізге ұнаған , мысалы телефон түріндегі немесе т. б. белгіні таңдап, сол белгіге шертесіз. Диалогтық терезені жабасыз , панельде телефон белгісі түріндегі макростың батырмасы пайда болады.

3.5. Макрос батырмасын тексеру үшін, өз құжатыңызда текст жазып курсорды жолдың басына апарыңыз да макрос батырмасына шертіңіз жол жойылады.

 

4- жаттығу. Құрылған Удалить_До_Конца_Строки макросын пернелер комбинациясына бекіту.

4.1. Сервис->Настройка командасы орындалады. Пайда болған терезеден Клавиатура батырмасына шертіңіз. Категории тізімінен Макросы категориясын таңдайсыз. Пайда болған макростар тізімінен өзіңіз құрған Удалить_До_Конца_Строки макросын белгілеп аласыз. Панельде жаңа батырма, яғни Удалить_До_Конца_Строки макросының батырмасы пайда болады. Новое сочетание клавиш тұсына көшіп, <Ctrl>+<Shift>+<E> пернелерін басыңыз да Назначить батырмасына шертіңіз. Диалогтық терезені жабыңыз.

4.2. Әрі қарай алдыңғы жаттығудағы сияқты, жолды өшіруді <Ctrl>+<Shift>+<E>  пернелер комбинацисы көмегімен орындап көріңіз .

5- жаттығу. Жаңадан Темно_Красный_Цвет деп аталатын макрос құру.

Жаңа макросты құру үшін келесі командалар орындалуы тиіс:

  • Формат->Шрифт командасы орындалады;
  • Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады;
  • ОК батырмасы шертіледі.

5.1. Қалып-күй қатарындағы ЗАП индикаторына екі рет шертіңіз, сонда Запись макроса деп аталатын диалогтық терезе пайда болады.

5.2. Осы терезедегі  Имя макроса тұсына : Темно_Красный_Цвет деп жазыңыз. Терезедегі Макрос доступен тұсына өз құжатыңыздың атын көрсетіңіз.  Описание тұсына макрос туралы текст : Окрашивает текст в темно-красный цвет деп жазуға болады. Барлығы орындалғаннан кейін ОК батырмасына шертіледі.

5.3. Әрі қарай Формат->Шрифт командасы орындалады да Цвет тізімінен қызыл қоңыр (темно-красный) түс таңдалынады, ОК батырмасы шертіледі.

Остановка записи панеліндегі Остановить запись батырмасына шертіңіз. Бұл екінші макросты құрудың  аяқталғанын білдіреді.

5.4. Құрылған макросты саймандар панеліне батырма түріде орналастырыңыз.

 

Өздік жұмыс  тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті  мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

6-кестедан алынады)

 

1. Жол түрінде берілген тексті курсор тұрған жерден бастап жолдың  басына дейін өшіріп тастайтын макрос құрыңыз (Мұнда 1-жаттығудағы сияқты орындалады, өшіру үшін <Shift>+<Home> пернелері қолданылады).

А) Құрған макросыңызды Удаление_До_Начала_Строки деп атаңыз.

Б) Құрылған макросқа қоңырау (Колокольчика) түріндегі батырма тағайындаңыз.

2. « ... »  деп аталатын макрос құрыңыз /2-тапсырма/.

3. Құрған макросыңызды саймандар панеліне батырма түрінде орналастырыңыз (Белгінің түрін өзіңіз таңдаңыз).

4.Құрған макросыңызды ... пернелер комбинациясына /4-тапсырма/.

6-кесте

№ вар.

2- тапсырма

4-тапсырма

1

Кесте_сызу ( өлшемі 4х5)

<Ctrl>+<Shift>+<A> 

2

Сурет_салу (жыл мезгілі)

<Ctrl>+<Shift>+<B> 

3

Кесте_сызу  (өлшемі 8х2)

<Ctrl>+<Shift>+<C> 

4

Сурет_салу  (ғылым)

<Ctrl>+<Shift>+<D> 

5

Кесте_сызу (өлшемі 6х4)

<Ctrl>+<Shift>+<E> 

6

Сурет_салу  (құрылыс)

<Ctrl>+<Shift>+<F> 

7

Кесте_сызу (өлшемі 5х5)

<Ctrl>+<Shift>+<G> 

8

Сурет_салу (өсімдік)

<Ctrl>+<Shift>+<K> 


5. Жасаған жұмысыңызды оқытушыға көрсетіп болғаннан кейін өзіңіз құрған макростарды жойыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Макрос деген не?
  2. Макросты не үшін қолданады?
  3. Макрос атауында қандай белгіні қолданбайды?
  4. Макросты жазу қалай жүргізіледі?
  5. Макросты программа деп қарастыруға болады ма?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №7

Тақырыбы: «Кестелік процессор MS Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»

 

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының негізгі элементтерімен жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі түсініктер:

Мәліметтерді компьютерде кестелар түрінде ұйымдастыруға және  өңдеуге  арналған программалар немесе қосымшалар кестелық процессорлар немесе электрондық кестелар деп аталады. Бұл электрондық кестелердің артықшылығы- мәліметтерді өңдеуді, сұрыптауды, есептеуді автоматты түрде жүзеге асыра алады, әртүрлі ұяшықтарда орналасқан мәліметтерді түрліше формулалар көмегімен байланыстыра алады және т. б.

Ехсеl программасында құжат болып .хls кеңеймесі бар файл есептеледі. Бұл файлды Ехсеl-де жұмыс кітабы деп атайды. Жұмыс кітабы жұмыстық беттерден (лист1 немесе Sheet 1) тұрады. Бір құжат көлеміндегі беттер саны -255 болуы мүмкін. Жұмытық беттің 4 түрі кездеседі:

  1. Жұмыстық бет. Онда кәдімгі кестелар болады.
  2. Модульдің беті VBA программалау тіліндегі программа тексті жазылады (VBA-Visual Basic for Application).
  3. Диалогтық терезенің беті. Мұнда диалогтық терезелер құрылады. (ОК, Отмена батырмалары бар терезе)
  4. Диаграммалар тұрғызылатын бет.

Әрбір жұмыстық бет жеке электрондық кесте түрінде қарастырылады да , онда 65536 жол (rows) и 256 баған(columns) болады. Әрбір жол 1 ден бастап 65536  дейінгі бүтін сандармен , ал бағандар латын алфавитінің A, B, …, Z, AA, AB, …IV әріптерімен белгіленеді. Жолдар мен бағандардың қилысуынан кестенің негізгі құрылымдық элементі ұяшық (cell) пайда болады. Кестедағы әрбір ұяшықтың адресі болады және ол ұяшық орналасқан баған мен жолдың атауларының бірігуінен тұрады (мысалы, А5, ВВ45 , т.б.).

Ұяшықтарға жазылатын  мәліметтер текст, тұрақтылар, формулалар түрінде болады. Бір ұяшыққа  32767 символға дейін енгізуге болады.

Әдетте (по умолчанию) ұяшықтағы  сандық мәліметтер оңға қарай, ал тексттік мәліметтер солға қарай тураланады. Енгізілген мәлімет ені бойынша  ұшыққа сыймаған кезде оң жақтағы  бос емес ұяшық, алдыңғысын жауып  тастайды. Кестедағы қатар орналасқан бірнеше ұяшықтың бірігуінен пайда болатын тіктөртбұрышты обылысты диапазон деп атау келісілген. Диапазонның адресі тіктөртбұрышты облыстың сол жақ жоғарғы жағында орналасқан шеткі ұяшық пен оң жақ төменіндегі шеткі ұяшықтың адрестері арқылы анықталады, ұяшықтар адрестерінің арасына қос нүкте белгісі қойылады (мысалы, А1: С6). MS Excel программасында ұяшықтарға мәліметтерді теру арқылы немесе бірнеше әдістерді пайдаланып, автоматты түрде жазуға болады. Оның екі түрлі әдісі бар:

Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы