Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция

Описание

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко

Работа состоит из  1 файл

Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc

— 2.59 Мб (Скачать документ)

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС  № 1

Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер.  Сілтеуіш (Проводник) программасы »

 

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.

Негізгі ұғымдар:

Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.

Windows – IBM PC  платформалы компьютерлерге арналған алғашқы графикалық операциялық жүйелердің бірі. Мұндағы ең қарапайым және негізгі басқару құрылғылары болып тышқан және пернелік тақта есептеледі. Windows жүйесінің көмегімен компьютерді басқара отырып, шағын локальдық желінің қызметін ұйымдастыруға болады және мұнда Интернет желісімен кіріктірілу мүмкіндігі де қарастырылған.

Файл деп логикалық байланысқа ие сыртқы жадының мәліметтер немесе программалар жиынтығы орналасқан , өз алдына дербес аты бар атаулы бөлігін айтады. Құрылған файлға ат беріледі және ол файлдық жүйеге тіркеледі. Файлдың аты екі бөліктен тұрады: файлдың атауы және файлдың кеңеймесі (типі), олар бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады.

Бума (папка, каталог) – бір дискіде орналасқан, белгілі бір қажеттілік бойынша бір топқа біріктірілген файлдар жиынтығын атау үшін қолданылатын Windows жүйесінің негізгі объектілерінің бірі. Мұндай қызмет атқаратын объектіні MS DOS жүйесінде каталог деп атаса, қазіргі Windows жүйесінде бума деп атайды. Бумада тағы да басқа бумалар , файлдар орналасуы мүмкін. Бумалардың қызметі- есте сақтау құрылғыларында   сақталатын өте көп файлдардың арасынан қажет файлды тез іздеп тауып алу үшін, оларды белгілі бір ретпен бағынышты немесе сатылы иерархиялық құрылымда орналастыру.

Жарлық (Ярлык)- нақты бір объектіге апаратын жол (маршрут, путь) сақталатын,  бір килобайт көлеміндегі шағын файл. Жарлықтар да қажет объектілерді жылдам тауып алу үшін қолданылады.

Windows операциялық жүйесі графикалық жүйе болғандықтан мұнда негізгі объектілерді, яғни бума мен файлды белгілеу үшін арнаулы белгі- таңбалар (значки) қолданылады. Файлдардың әрбір типіне сәйкес белгілері болады, сондай-ақ жарлықтардың да өзіне тән бағыттауышы (стрелкасы) бар белгісі болады.

Windows операциялық жүйесіндегі  графикалық интерфейстің негізі – бұл жақсы ойлап табылған және өте тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін терезелер жүйесі. Терезені операциялық жүйедегі жұмысты басқару элементі деп те , объектілердің жұмыс аумағы деп те қарастыруға болады. Windows операциялық жүйесінде терезенің: қосымша терезесі, құжат терезесі, сұхбат терезесі, белгі (значок) -терезе және т. б. түрлері кездеседі.

Жұмыс үстелі (Рабочий стол) – Windows операциялық жүйесінің бумалары мен файлдары, жарлықтары   және тағы да басқа жүйені басқару элементтері орналасатын жоғары деңгейдегі объектісі (немесе бума).  Windows операциялық жүйесі іске қосылғанда бірден жұмыс үстелінің терезесі ашылады.

Тапсырмалар панелі (Панель задач) – жұмыс үстелінде орналасқан және қолданушының жасап жатырған тапсырмаларын уақытша қоя тұруына арналған Windows операциялық жүйесінің негізгі басқару элементтерінің бірі.

Файлдық жүйе – дискідегі файлдардың орналасуына және олармен жұмыс жасауды басқаруға жауап беретін операциялық жүйенің құрамды бір бөлігі.

Файлдық жүйеде жасалатын әрекеттер:

  • файлдық жүйе бойынша іздеу
  • қосымшаларды іске қосу және құжаттарды ашу
  • бумалар құру
  • бумалар мен файлдарды көшіру
  • бумалар мен файлдардың орынын ауыстыру
  • бумалар мен файлдарды өшіру
  • бумалар мен файлдардың атын өзгерту
  • жарлықтар құру

 

Сілтеуіш (Проводник)- файлдық жүйеден кез-келген объектіні іздеуге және олармен басқа да әрекеттерді орындауға арналған операциялық жүйенің қызметші программасы .

Алмасу буфері (Clipboard) - операциялық жүйе жұмысы кезінде қосымшалар мен құжаттар арасындағы мәлімет алмастыруды қамтамасыз етуге арналған жедел  жадының арнаулы бөлігі.

Стандарт қосымшаларға Windows операциялық жүйесінің құрамындағы,   қолданушыға ең қажет, қарапайым қызмет түрлерін (қарапайым мәтіндік құжат даярлау, суреттер салу, сақтау, баспаға шығару, математикалық қарапайым есептеулер жүргізу және т.б.) көрсететін келесі қосымшалар немесе программалар жатады:

  1. Мәтіндік редактор WordPad 
  2. Блокнот   
  3. Графиктік редактор Paint
  4. Калькулятор 

Тышқан құрылғысымен жасалатын әрекеттер:

  • шерту
  • екі рет шерту
  • оң жақ батырмасына шерту
  • жылжыту немесе  тасымалдау   (перетаскивание)
  • созу немесе ұзарту (протягивание)

 

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Жұмыс үстелін баптау.

1.   Жұмыс үстелінің параметрлерін өзгертіңіз. (фон, заставка, безендіру).

2. Пуск -> Программы -> Стандартные әрекеттерін пайдаланып кез-келген екі стандарт қосымшаны іске қосыңыз. Екі қосымшаның да терезесін экранның көлеміндей қылып  ұлғайтып көріңіз, бастапқы қалпына келтіріңіз, каскад түрінде, солға, оңға, жоғары, төмен орналастырыңыз.

3. Бір терезені жабыңыз, ал екінші терезенің өлшемдерін тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

4. Қосымша терезесін жабыңыз.

5. Дискіде орналасқан қосымшалардың бірін іске қосыңыз. Осы қосымша үшін жарлық құрыңыз және оны жұмыс үстеліне орналастырыңыз. Құрған жарлығыңызды пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.

6.Қосымшаны немесе программаны Программы мәзіріне (менюіне) орналастырыңыз. Осы мәзірді пайдаланып қосымшаны іске қосыңыз.Қосымшаны жабыңыз.

7 Windows-дың анықтамалық жүйесінен мына үш терминді: мультимедиа, настройка Главного меню, ярлык тауып алыңыз да, олардың анықтамаларын ретімен Блокнот стандарт қосымшасын пайдалана отырып Справка.txt файлына көшіріңіз.

2 – жаттығу. Сілтеуіш программасымен жұмыс жасау.

1. Сілтеуіш қосымшасын немесе программасын  іске қосыңыз.

2. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі мәзірдің командаларымен танысыңыз.

3. Сілтеуіш қосымшасының терезесіндегі панельдердің көмегімен дискілердің мазмұнын қараңыз, қасиеттерімен танысыңыз .

4. Ағымдағы жұмысшы дискінің түпкі каталогында бума құрыңыз, оған ат ретінде өз фамилияңызды беріңіз.

5. Құрған бумаңыздың көшірмесін Жұмыс үстеліне бірнеше тәсілді пайдаланып орналастырып көріңіз.

6. Справка.txt құжатыңызды түпкі каталогтағы өз бумаңызға көшіріңіз.

7. Жұмыс үстеліндегі бумаңыздың атын өзгертіңіз.

8. Жұмыс үстеліндегі аты өзгертілген буманы диск түпкі каталогына апарып орналастырыңыз.

9. Справка.txt құжатты аты өзгерген бумаға көшіріңіз.

10. Аты өзгерген буманы жойыңыз.

11. Дискі түпкі каталогындағы doc. (*.doc) кеңеймелі файлдарды іздеңіз.

Өздік жұмыс  тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті  мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

1-кестедан алынады)

 

    1. С дискісінде өз нұсқаңызға сәйкес файлдық құрылым жасаңыз /Кестедегі 1- тапсырма/.
    2. Справка.txt файлын кестедегі өз нұсқаңыздағы құрылымға сәйкес орналастырыңыз /2-тапсырма/.
    3. Справка.txt  файлын сәйкес бумаға көшіріңіз және атын өзгертіңіз /3-тапсырма/.
    4. Зертханалық жұмыс тақырыбын,  бумалармен, файлдармен жасалған жұмыстардың алгоритмін, жиі қолданылатын амалдарға сәйкес Windows жүйесіндегі жедел пернелер  комбинацияларын дәптерге жазыңыз .

 

1-кесте

Нұсқа    №

  1- тапсырма

2- тапсырма

3- тапсырма

1

 

 

 

 

 

 

 

С:\Работа_2\Р2\Справка.txt

 Р1 бумасына

 

аты Термины.txt

2

 

 

 

 

 

С:\Работа_1\Р2\Справка.txt

 Р21 бумасына

 

 аты Сведения.txt

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

С:\Работа_2\Р21\Справка.txt

 Р1 бумасына

 

 аты

 

 Понятия.txt

 

 

 

4

 

 

 

 

 

 

 

 

С:\Работа_1\

Справка.txt

 

 

 

 

 Р2  бумасына

 

 аты

 Сводка.txt

 

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С:\Работа_1\Р2\Справка.txt

Работа2 

бумасына

 

 аты

 

 Список.txt

 




Бақылау сұрақтары:

1) ДЭЕМ үшін операциялық жүйенің қандай қызмет атқарады?

2) Windows операциялық жүйесіндегі негізгі объектілер қалай аталады?

3) Объектілермен жұмыс  істеудің негізгі ережелерін  көрсетіңіз.

3) Терезелердің түрлерін  атаңыз. Тереземен жұмыс істеу  ережелері қандай?

4) Сілтеуіш (Проводник) қосымшасы не үшін қолданылады?

5) Қолданбалы стандарт  қосымшаларды (программаларды) атаңыз.  

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ  ЖҰМЫС № 2

Тақырыбы: «Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар.»

 

Мақсаты: Дискілермен жұмыс жасай білуге үйрету, дискіні форматтау, диск бетіндегі физикалық ақауларды тексеру, дискіні, бумалар мен файлдарды вирусқа тексеру, архивтеу программаларын пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру .

Негізгі ұғымдар:

Дискіні форматтау – операциялық жүйе және оның қосымшалары дискіге мәліметтер мен программаларды жазатындай, оқитындай  және т.б. әрекеттерді орындайтындай жағдайға келтіру үшін оның бетін саны шектеулі секторларға , жолдарға бөлу, яғни дискінің бетін жұмысқа даярлау.

Дискіні тексеру стандарт  қызметші программа (Проверка диска) көмегімен дискінің файлдық жүйесіндегі қателерді, секторлардағы ақауларды табуды және оларды жөндеуді білдіреді.

Дискіні дефрагментациялау стандарт  қызметші программа (Дефрагментация диска) арқылы, компьютер жұмысының өнімділігін арттыру үшін, бір дискі көлемінде шашырай орналасқан файлдың  бөліктерін  бір-біріне жақын облыстарға жылжытып, дискідегі үзік-үзік орналасқан бос облыстарды жоюды қамтиды. 

Архивтеу программалары – көлемі үлкен файлдарды сығып, көлемін кішірейтіп архивке орналастыруды білдіреді.  Бұл тәсілдің файлдарды  сақтаушы құрылғыларға көшіруде, желі арқылы тасымалдауда өте маңызды практикалық мәні бар. Файлдарды архивтеу үшін және архивтелген файлды қайтадан қалпына келтіру үшін арнайы архивтеу программалары қолданылады.  Кең тараған архивтеу программаларына WINZIP, ARJ,  WINRAR және т.б. программалары жатады. Файлды архивтеуде қандай программа қолданылса, оны қалпына келтіруде де тап сол программа қолданылуы қажет.

Компьютерлік вирустар – бұл дискідегі мәліметтердің бұзылуына, соның нәтижесінде компьютер жұмысында түрлі ақаулардың болуына себебін тигізетін, шағын көлемдегі файл түрінде болатын, арнайы жазылған компьютерлік программалар. Қазіргі ақпараттық технологиялар индустриясында вирустық программалардан қорғану маңызды мәселелердің бірі. Компьютерді вирустық программалардан қорғау үшін арнайы антивирустық программалар деп аталатын програмалар қолданылады. Олардың қызметі- компьютерлік вирустарды ұстап алу, іздеп тауып алу, жою, т.б. және олардың қызметі үнемі жетілдіріліп отырады. Кең тараған антивирустық программаларға Doctor Web, AVP, Norton Antivirus жатады. 

 

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу.  Дискетаны форматтау.

  1. Дискетаны салыңыз, әрі қарай
  • Проводник программасын немесе Мой компьютер бумасын пайдаланып Диск 3,5 (А:) белгісін тауып, белгілеп алыңыз.
  • Жоғарғы мәзірдегі Файл -> Форматировать командасын немесе контекстік мәзірдегі (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шақырылатын мәзір) Форматировать командасын орындаңыз.
  • Пайда болған терезеде өзіңізге қажет шарттарды (мысалы, форматтаудың түрі Полное немесе Быстрое) қабылдаңыз да, орындауға жіберіңіз.

Ескерту!!! Форматтау сол дискідегі барлық мәліметтерді жояды.

    1. Дискіге бірнеше объектілерді (бумалар, файлдар) көшіріңіз.
    2. Дискідегі бос орынды қараңыз, ол үшін
  • Тышқанның көрсеткішін Диск 3,5 (А:) белгісіне апарыңыз, сол кезде экранда дискінің көлемі және ондағы бос орынның көлемі туралы мәлімет шығады немесе
  • Диск 3,5 (А:) дискісінің контекстік мәзіріндегі Свойства командасын орындау керек.

2-жаттығу. WinZip архивтеу прораммасын пайдалану

1. Өз бумаңызда Архив1 деп аталатын бума құрыңыз.

2. Құрылған Архив1 бумасына архивтеуге қажет файлдарыңызды,  бумаларыңызды орналастырыңыз. Архив1 бумасының көлемін тексеріңіз, жазып алыңыз.

3. Құрылған Архив1 бумасының белгісінде тышқанның оң жақ батырмасына шертіңіз және пайда болған контекстік мәзірден Добавить в архив командасын орындаңыз.

4. Архивтеу параметрлерін көрсетіңіз (архивтің аты Doc.zip)

5. Архивтелген буманың көлемін жазып алған  бастапқы бума көлеміменсалыстырыңыз.

6. Өз бумаңызда Архив2 деп аталатын жаңа бума құрыңыз.

7. Doc.zip архивінен *.doc кеңеймелі файлдарды алып Архив2 бумасына орналастырыңыз, ол үшін 

  • Архивтелген бума белгісіне екі рет шертіңіз де, пайда болған  терезедегі  (архиватор терезесі) саймандар панелінен Найти командасын орындаңыз.
  • Искать командасының терезесіне ізделінді файлдың аты немесе шаблоны (кеңеймесімен қоса) жазылады да орындауға жіберіледі.
  • Результаты поиска терезесіндегі шыққан файлдардың бәрін белгілеңіз және Извлечь в командасын орындаңыз.
  • Пайда болған терезеде қалпына келтірілген файлдар барып орналасатын Архив2 бумасының маршруты көрсетіледі және ОК орындалады.

Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы