Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы
Лекция, 04 Ноября 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко
Работа состоит из 1 файл
Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc
— 2.59 Мб (Скачать документ)Диаграммаларды редакциялау диаграмма облысының контекстік мәзіріндегі немесе диаграмма обылысын белгілегенде ғана программа терезесінің жоғарғы мәзірәнде пайда болатын Диаграмма опциясының командалары арқылы жүргізіледі. Диаграммаларды редакциялауға:
- Диаграмма типі мен форматын өзгерту;
- Бастапқы берілген мәліметерді өзгерту, яғни:
- Диаграмма тұрғызу үшін пайдаланылған ұяшықтар диапазонын өзгерту;
- қатарлардың (ряды) бағыты мен атын өзгерту;
- Х осі үшін (для подписей оси Х) қолданылған мәліметтерді өзгерту;
- Диаграмма параметрлерін (заголовки, оси, линии сетки, легенду, подписи данных) өзгерту;
- Диаграмманың жұмыстық беттегі орналасуын және т. б. өзгерту жатады.
- жаттығу: y=cos2(2x)sin(x)+e-x│x│ функциясының графигін, х аралығында 0,1 қадаммен тұрғызу.
- Жұмыстық бетте (Лист1) 5-суреттегідей кесте құрыңыз;
- В3 ұяшыққа =cos(2*A3)^2*sin(A3)+exp(-3)*
ABS(A3), формуласын енгізіп , бұл формуланы қалған ұяшықтарға Толтыру маркерін пайдаланып көшіріңіз; - Функция мәндерін (У-тің мәндері) белгілеп алып Диаграмма шеберін іске қосыңыз;
- Диаграмма типін – График таңдаңыз;
- Ряд жапсырмасындағы, Подписи оси Х жолағына курсорды орналастырып алып жұмыстық беттегі кестедан Х- тің мәндері орналасқан диапазонды белгілеңіз;
- Диаграмма параметрлерін өз қалауыңызша өзгертіңіз;
- Диаграмманы өзіңіз жұмыс жасап отырған бетке ( в данном листе) орналастырыңыз және беттің атын График функции деп өзгертіңіз.
2-жаттығу. Диаграмма тұрғызу.
- Жұмыстық бетте (Лист2) 6-суреттегідей кесте құрыңыз;
- Кестедағы Итого бағанында СУММ функциясын пайдаланып , оның аргументінде ұяшықтар диапазонын көрсетіп, формуланы қалған ұшықтарға көшіру арқылы қажет мәліметтерді толтырып алыңыз;
- Осы кесте үшін екі диаграмма құрыңыз:
- Ивановтың ай сайынғы алған премияларын көрсететін дөңгелек диаграмма (Круговая диаграмма), ол үшін:
- Қажет мәліметтер тұрған диапазонды белгілеп алыңыз;
- Саймандар панеліндегі Диаграммы батырмасына шертіп , пайда болған терезеден Круговая типін таңдаңыз;
- Диаграмма параметрлерін өзгертіңіз де сол бетке орналастырыңыз.
- Баған түріндегі диаграмманы (гистограмма) өзіңіз қалаған мәліметтер үшін өз бетіңізше орындап көріңіз .
- Беттің (Лист2) атын Диаграммы деп өзгертіңіз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
8-кестедан алынады)
- Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,1 қадаммен тұрғызыңыз /8-кесте, 1-тапсырма/.
- Төмендегі қосымша кестеда /8.1 -кесте/ берілген өндіріс көрсеткіштерін пайдаланып диаграмма құрыңыз. Диаграммада ... көрсету керек болғандықтан, соған сәйкес /8-кесте, 2- тапсырма/ типті таңдаңыз.
8.1-кесте
Шикізат өндіретін өндіріс салаларының жылдық көрсеткіштері | |||
Шикізат түрі |
2001ж. |
2002 ж. |
2003 ж. |
Электр энергиясы, млрд. кВт/сағ. |
167 |
173 |
177 |
Мұнай, млн.тонна |
516 |
399 |
307 |
Табиғи газ, млрд. м3 |
641 |
640 |
595 |
Көмір, млн. тонна |
395 |
337 |
262 |
Темір рудсыа, млн. тонна |
107 |
82 |
78 |
Ағаш, млн. м3 |
242 |
183 |
93 |
Балық және т.б. теңіз өнімдері , млн. тонна |
8 |
6 |
4 |
Кестеге шикізат өндірудің орташа көрсеткішін және ең жоғарғы,
ең төменгі көрсеткіштерді анықтайтын бағандар қосыңыз.
8-кесте
Нұсқа № |
1 - тапсырма |
2- тапсырма |
1 |
x ; |
Уақыт бойынша өзгерісті және шикізат түрлері бойынша көрсеткіштер арасындағы қатынасты |
2 |
y= |
Шикізаттың әрбір түрі жалпы
өнімнің қанша бөлігін |
3 |
y= |
Әрбір жылғы мұнай өндіру көрсеткішін |
4 |
y= |
Әрбір жылғы көмір өндіру көрсеткішін |
Бақылау сұрақтары:
- Excel кестелық процессорында функцияларды қандай тәсілдермен енгізуге болады?
- Функциялардың қандай категорияларын білесіз?
- Статистикалық функциялардың қызметі қандай?
- Диаграмманы қалай тұрғызуға болады ?
- Диаграмманы редакциялауға не жатады?
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 9
Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
Мақсаты: Бірнеше шартқа тәуелді функцияның графигін тұрғызуға үйрету.
Негізгі түсініктер:
Логикалық функциялар қандай да болмасын бір шартқа тәуелді есептеулер жүргізуде қолданылады. Шарттарды көрсету үшін Excel программасында салыстыру амалдарының “ =”, “>”, “<”, “<>” (тең емес), “>=” (үлкен немесе тең), “<= “ (кіші немесе тең) белгілері пайдаланылады.
ЕСЛИ(лог_выражение; значение_если_истина; значение_если_ложь) функциясы, функция аргументіндегі логикалық өрнек (лог_выражение) ақиқат мәнге ие болғанда, аргументтегі бірінші мәнді (значение_если_истина) , ал қарсы жағдайда екінші мәнді (значение_если_ложь) береді. Мұндағы,
лог_выражение – бұл нәтижесі, екінің бірі, яғни не АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН болатын логикалық өрнек.
значение_если_истина – бұл лог_выражение АҚИҚАТ болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_истина) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де АҚИҚАТ болады .
значение_если_ложь – бұл лог_выражение ЖАЛҒАН болғандағы мән, егер осы жағдайда функцияның жазылуында бұл аргумент (значение_если_ложь) түсіп қалған болса , онда функцияның мәні де ЖАЛҒАН болады .
Мысалы: B1 ұяшыққа =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы жазылған. Егер A1 ұяшығына 30000 саны енгізілетін болса, онда нәтижесінде B1 ұяшықта 15 саны шығады, себебі 30000<20000 шарт ЖАЛҒАН болып тұр.
И, ИЛИ функциялары күрделі шарттарды жазу үшін қолданылады:
И(логическое_выражение1; логическое_выражение2;....) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер барлық аргументтер сәйкесінше АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
ИЛИ(логическое_выражение1; логическое_выражение2;...) - АҚИҚАТ мән қабылдайды егер ең болмағанда бір аргумент АҚИҚАТ болса, ал қалған жағдайлардың бәрінде ЖАЛҒАН болады.
Мысалы: Егер A1 ұяшығына [1, 4] аралықтағы сандардың бірін жазғанда В1 ұяшығындағы =ЕСЛИ (И(A1>=1;A1=<4);15;18) - өрнегінің мәні 15-ке тең болады, ал қалған жағдайда 18 болады.
ЕСЛИ немесе т. б. функцияларды аргумент ретінде қайталап қолдану арқылы күрделі шарттар жасалады. Мысалы:
=ЕСЛИ (A1<20000; 12; ЕСЛИ (A1<40000; 15; 18)) формуласы бойынша, егер A1< 20000 болса, онда нәтиже 12 тең, қарсы жағдайда келесі тұрған A1<40000 шарты тексеріледі, бұл шарт ақиқат болған жағдайда формула нәтижесі 15, ал жалған болғанда формула нәтижесі 18 болады.
1-жаттығу. Электрондық кестеда студенттердің пән бойынша үлгірімі процентпен берілген. Үлгірім 45% кем болса студент аттестациядан өтпеген болып есептеледі. Студенттің аттестациядан өтке-өтпегенін формула көмегімен анықтаңыз.
- Excel программасында Работа3 деген атпен жаңа құжат құрыңыз .
- Құжаттың бірінші жұмыстық бетін (Лист1) Задание 1 деп өзгертіңіз.
- Кестені 7- суреттегідей толтырыңыз.
7-сурет
- Студенттің аттестациядан өткен- өтпегенін тексеру үшін:
- С3 ұяшығы белгіленеді. Вставка→Функция командасы орындалады. Пайда болған терезеден Логические категориясындағы, ЕСЛИ функциясын таңдайсыз.
- Әрі қарай ЕСЛИ функциясының терезесіндегі Логическое выражение тұсына В3 ұяшықтағы мәнді , 45% салыстыратын шартты: В3>=45%
түрінде жазамыз. Шартқа сәйкес: - Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
- Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
- ОК басылады;
7. Осы формула қалған ұяшықтарға көшіріледі.
2 -жаттығу. Аттестация 3 пән бойынша өтті. Студенттің барлық 3 пән бойынша аттестациялық үлгірімін текскру қажет .
- Құжатыңыздағы келесі жұмыстық бетті (Лист2) Задание2 деп өзгертіңіз;
- Кестені 8- суреттегідей толтырыңыз;
8- сурет
- Сан мәндерін процентпен жазыңыз, ол үшін :
- В3:D7 диапазон белгіленеді, диапазонның контекстік мәзірінен Формат ячеек командасы орындалады. Пайда болған терезенің Числа тізімінен Процентный форматы таңдалынады, Число десятичных знаков тұсына 0 жазылады;
- Е3 ұяшығында ЕСЛИ функциясы шақырылады;
- Формулалар жолының сол жағындағы
белгісіне шертіледі;
- Пайда болған тізімнен Другие функции таңддалынып, Логические категориясындаығы И функциясы белгіленеді;
- И функциясының терезесіндегі Логическое_значение1: B3>=45%, Логическое_значение2: C3>=45%, Логическое_значение3: D3>=45% түрінде толтырылады;
- формулалар жолындағы ЕСЛИ шертіледі ;
- Значение если_истина тұсына: «аттестован» жазылады;
- Значение если_ложь тұсына : «не аттестован» жазылады;
- ОК басылады;
- Формула қалған ұяшықтарға жазылады.
3-жаттығу. Екі шартқа тәуелді функцияның графигін берілген аралықта 0,2 қадаммен салыңыз.
- Үшінші жұмыстық бетті (Лист3) Задание 3 деп өзгертіңіз;
- А бағанға екінші жолдан бастап (А2 ұяшықтан бастап ) х- тің [-1; 1] аралығындағы мәндерін 0,2 қадаммен орналастырыңыз;
- В2 ұяшыққа келесі,
=Если(А2<=0; (1+2*A2^2-sin(A2)^2)^(1/2); (2+A2)/(2+EXP(-0.1*A2))^(1/3)) формуланы Мастер функции көмегімен жазыңыз;
- Қалған ұяшықтарға формуланы автоматты түрде көшіріңіз;
- Функция графигін тұрғызыңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
9-кестедан алынады)
- Келесі функция ... графигін, берілген аралықта 0,2 қадаммен тұрғызыңыз /9-кесте, 1-тапсырма/.
- Берілген сөз есепті ... Excel программасының логикалық функцияларын пайдаланып шығарыңыз /9-кесте , 2-тапсырма/.
9-кесте
№ вар |
х жатқан аралық |
1 -тапсырма |
2 - тапсырма | |
1 |
|
|
ax2+bx+c=0 түріндегі квадрат теңдеудің дискриминантын D= b2-4ac … тауып және ЕСЛИ функциясын қолдана отырып теңдеудің нақты түбірлерінің санын табыңыз. (Егер D>0, екі түбір бар) | |
2 |
|
|
Фермадағы жасы 6 айдан 8 айға дейінгі қояндар салмағы 7 кг- нан аспауы керек, егер асып кетсе қояндарға берілетін витаминнің тәуліктік концентрация мөлшері 125 г. азайтылады. Қояндардың саны , жасы және салмағы белгілі деп есептеп осы айдағы концентрация мөлшерінің қаншаға азайтылатынын есептеңіз. | |
3 |
|
|
Фирмадағы 5 қызметкердің әрқайсысы фирма орындап жатырған екі проектінің біреуіне ғана қатыса алады. Бірінші проект бойынша жалақыға 0,25% үстеме, ал екінші проект бойынша жалақыға 0,50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде ЕСЛИ функциясын қолданыңыз. | |
4 |
|
|
Фирмадағы 5 қызметкердің еңбек стаждарын әртүрлі деп алып, олардың жалақыларын есептеңіз. Жалақыға қызметкердің еңбек стажына қарай: 1-4 жылға 15% үстеме, 5-10 жылға 30 % үстеме, 10 жылдан асқандарға 50% үстеме қосылады. Қызметкерлер жалақысын есептеуде логикалық функцияларды қолданыңыз | |
5 |
|
|
Дүкен заттары жеңілдетілген бағамен сатылып жатыр: саудасы 50 000 теңгеден асқан алушыға 5% , 1000 000 асса - 10 %, 2000 000 асса- 20% жеңілдік жасалады. Сатып алушының нақты төлейтін ақшасын логикалық функцияларды қолданып есептеңіз. | |