Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция

Описание

Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко

Работа состоит из  1 файл

Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы .doc

— 2.59 Мб (Скачать документ)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай логикалық функцияларды білесіз?
  2. Если функциясы қалай жазылады және орындалады ?
  3. И функциясы қалай жазылады және орындалады ?
  4. ИЛИ функциясы қалай жазылады және орындалады?
  5. Логикалық өрнектер қандай мәндер қабылдай алады?

 

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №10

Тақырыбы: «Беттер (поверхность)  тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»

 

Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel  программасында  кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу  формуласы арқылы орындалады.

Сондай-ақ, Excel программасында  Сервис->Подбор параметра командасын пайдаланып теңдеулерді жуықтап шешу мүмкіндігі де қарастырылған. Жоғары математика курсынан белгілі теңдеудің түбірін жуықтап шешу әдісін қолданғанда әуелі түбір жатқан аралық анықталады. Мұндай аралықтар үшін олардың шеткі нүктелеріндегі функция мәндерінің таңбалары әртүрлі болуы шарт. Аралық анықталғаннан кейін сол аралықтағы түбірдің мәнін , Сервис->Подбор параметра командасын қолдана отырып белгілі бір дәлдікке дейін  жуықтап табуға болады.

 

  1. жаттығу.   Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:


 

 

  1. Өз бумаңызда  Лаб_Ex_10 деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.
  2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;
  3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;
  4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан  кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

  1. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;
  2. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;
  3. Ол үшін В2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.

 

9-сурет

  1. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;
  2. Диаграмма шеберін ( Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;
  3. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;
  4. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.
  5. жаттығу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0  теңдеуді шешіңіз.

 

Теңдеуді шешу үшін  түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан  у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.

  1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;
  2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;
  3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;
  4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады; 
  5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;
  6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;
  7. D2 ұяшығы белгіленеді; .
  8. Сервис->Подбор параметра командасын орындаңыз;
  9. Пайда болған Подбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.
  10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді ;
  11. Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-сурет

  1. ОК басылады;
  2. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;
  3. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.

 

Өздік жұмыс  тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті  мәліметтер  нұсқалар бойынша төменде берілген

10-кестедан алынады)

 

  1. х, у Î[-1;1] деп алып, Z= … бетті тұрғызыңыз /10-кесте, 1-тапсырма/.
  2. ... теңдеуініңбарлық түбірлерін табыңыз /10-кесте, 2-тапсырма /.

10-кесте

Нұсқа

1- тапсырма

2-тапсырма

1

Z=5x2cos2(y) –2y2ey

x3-2.56x2-1.3251x+4.395006=0

2

Z=2x2cos2(x) –2y2

x3+2.84x2-5.6064x-14.766336=0

3

Z=2e0.2xx2 –2y4

x3+0.85x2-0.4317x+0.043911=0

4

Z=x2 –2e0.2yy2

x3-0.12x2-1.4775x+0.191906=0

5

Z=3x2sin2(x) –5e2yy

x3+0.77x2-0.2513x+0.016995=0


Бақылау сұрақтары:

  1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?
  2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel  программасының  командасы қалай аталады?
  3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?
  4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?
  5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №11

Тақырыбы:    «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және  фильтрациялау»

 

Мақсаты: MS Excel кестесін мәліметтер қоры ретінде пайдалану әдістерін үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программасындағы электрондық кестелерді кейбір жағдайларда қарапайым мәліметтер қоры ретінде де қолдануға болады, бұл жағдайларда электрондық кестенің жолы ішінара мәліметтер қорындағы жазба (запись) қызметін, ал бағандары мәліметтер қорындағы өрістің (поле) қызметін атқарады.

Электрондық кестеде жазылған мәліметтерді сұрыптау бағандар бойынша (өрістер ),  Данные->Сортировка командасы немесе саймандар панеліндегі   батырмасы арқылы жүргізіледі. Сұрыптаудың реті, шарттары және т.б. параметрлері Сортировка командасы орындалғанда пайда болатын Сортировка диапазона диалогтық терезесінде беріледі. Мәліметтерді сұрыптаудағы негізгі мақсат- бұл кесте жолдарындағы мәліметтерді (жазбаларды) белгілі бір ретпен орналастыру болып табылады.

Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялау - бұл сол кестеден,  берілген шарттарды қанағаттандыратын жолдарды, немесе жазбаларды тауып алу . Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялағаннан кейін кестеде тек шартты қанағаттандыратын жолдар көрініп тұрады, ал қалған жолдар көрінбей тұрады. Электрондық кестедегі мәліметтерді фильтрациялау үшін Данные->Фильтр командасы қолданылады.

Автофильтрация

Excel программасында кестенің бағанын немесе бірнеше бағандарын белгілеп алып программа терезесінің жоғарғы мәзірінен Данные->Фильтр->Автофильтр командасын орындағанда әрбір бағанда кішкентай үшбұрыш түріндегі ( ) белгі шығады, бұл белгіге шерткенде пайда болатын тізімді фильтрациялау шарттары ретінде қолданады.

Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).

Данные->Фильтр->Расширенный фильтр командасы кестедегі мәліметтердің арасынан  бірнеше шарттарды қанағаттандыра алатындай мәліметтерді анықтап бере алады. Кеңейтілген фильтрді қолданғанда шарттардың немесе фильтрациялау критерийлерінің екі түрі қарастырылған:

1) Салыстыру критерийлері (Критерий сравнения);

2) Есептелетін критерий (Вычисляемый критерий).

Кеңейтілген фильтрді қолдану екі кезеңді қамтиды:

1-Кезең – фильтрациялау критерийлерін құру;

2-Кезең –кесте жолдарын немесе жазбаларды фильтрациялау.

 

Жаттығу жұмыстары:

1-жаттығу. Мәліметтерді сұрыптау.

  1. Өз бумаңызда Лаб_11_Ex жұмыс кітабын құрыңыз;

Жұмыс кітабының бірінші  бетін (Лист1) Список деп өзгертіңіз, 11.1- кестедегі  мәліметтерді енгізіңіз: Бағандардың атын өзгертіңіз, жолдардағы мәліметтерді енгізуде Данные ->Форма командасын пайдаланыңыз.

11.1- кесте

 

Топтың

номері

Сын. кітап. номері

Пәннің коды

Оқытуш. Таб. №

Сабақ түрі

Күні

Баға

133

11

П1

А1

Л.

12.12.04

4

133

12

П2

А2

Пр.

25.12.04

4

133

13

П1

А3

Л.

12.12.04

5

133

14

П2

А1

Пр.

20.12.04

2

133

15

П1

А2

Л.

12.12.04

3

133

16

П2

А1

Л.

25.12.04

4

133

17

П1

А2

Пр.

12.12.04

5

133

18

П1

А3

Пр.

25.12.04

5

134

19

П1

А3

Л.

7.12.04

4

134

20

П2

А1

Пр.

25.12.04

5

134

21

П1

А3

Л.

7.12.04

5

134

22

П2

А2

Пр.

25.12.04

2

134

23

П1

А2

Л.

12.12.04

4

134

24

П1

А1

Л.

25.12.04

5

134

25

П2

А3

Л.

7.12.04

3

             



 

  1. Кестедегі мәліметтерді Пәннің коды бағаны бойынша өсу ретімен сұрыптаңыз, ол үшін :
  • Курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады;
  • Пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі тізімдерден Пәннің коды бағаны көрсетіліп, по возрастанию категориясы таңдалынады.
  1. Өсу реті бойынша сұрыптауды, кестенің үш бағаны бойынша жасаңыз: Топтың номері, Пәннің коды, Оқытуш. Таб. № , ол үшін курсорды кестенің сұрыпталатын облысына апарып, Данные→ Сортировка командасы орындалады,  пайда болған Сортировка диапазона диалогтық терезесіндегі:
  • Сортировать по бөлімінде –  Топтың номері бағаны, по возрастанию категориясы;
  • Затем по бөлімінде – –  Пәннің коды бағаны, по возрастанию категориясы;
  • Последнюю очередь бөлімінде –  Оқытуш.Таб.№ бағаны, по возрастанию категориясы таңдалынады да, орындауға жіберіледі.

 

2-жаттығу. Мәліметтерді фильтрациялау.

  1. Жұмыс кітабының екінші бетін (Лист2) Автофильтр деп өзгертіңіз. Список деп аталатын беттегі мәліметтерді (11.1- кесте) Автофильтр бетіне көшіріңіз.
  2. Осы берілген кестеден: “А1” оқытушыға, “Л” түрдегі сабақты “4”, “5” бағаларының біріне тапсырғандар жөнінде мәлімет алу керек, ол үшін:
  • Автофильтрация қолданылады, курсорды кестенің фильтрацияланатын облысына апарып, Данные->Фильтр->Автофильтр командасы орындалады.
  • Оқытуш.Таб.№ бағанындағы   белгісіне шертіледі, пайда болған тізімнен А1 таңдалынады;
  • Сабақ түрі бағанындағы тізімнен Л. таңдалынады да, соңынан Баға бағанындағы тізімнен Условие… таңдалынып, шыққан терезеде, келесі шарт:  >3  жазылады, яғни  Больше таңдалынады, сол жағына 3 жазылады.
  • Нәтижені қараңыз.
  1. Кестедегі мәліметтерді бастапқы қалпына келтіру үшін автофильтрацияны алып тастаңыз, ол үшін әрбір бағандағы фильтрация белгісіне    шертіп,пайда болған тізімнен Все таңдалынады.
  1. Кестеден : “ 133” топтағы “ П1” пәнінен емтиханды “3”, “4” тапсырғандар туралы мәліметтер алыңыз.
  2. Автофильтрацияны алып тастаңыз.

 

3-жаттығу. Кеңейтілген фильтр.

Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы