Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:36, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Работа состоит из  1 файл

жумыс.doc

— 563.00 Кб (Скачать документ)

          Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімімен «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бірінші және үшінші бағыттарының жүзеге асырылуы бойынша жергілікті деңгейдегі Үйлестірушісі – «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ болып анықталды.

     Облысымыздағы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Олардың бірі «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы.

     Аталмыш Бағдарлама шеңберінде 2010-2011 жылдары  біздің аймаққа 2,0 млрд. теңгеден астам  қаражат бөлінді.

     Бағдарламаны  жүзеге асыру барысында бүгінгі күні барлығы 115 жоба мемлекеттік қолдауларға ие болды. Оның ішінде:

  • Банктің несие пайызын субсидиялау бойынша 70 жоба;
  • Банк несиесіне кепілдік беру бойынша 12 жоба;
  • Инфрақұрылымдық қолдау, яғни автожол салу, электр және телефон сымдарын тарту, су және газ құбырларын салу және т.б. көмектер бойынша -  33 жоба.

     Бағдарлама  шеңберінде түскен жобаларды салаларға  бөлсек, ең көп бөлігі агроөнеркәсіп  кешеніне (28%), денсаулық сақтау саласына (19%), жеңіл өнеркәсіпке (16%),  көлік және жинақтау саласына (15%) келеді.

     Нәтижесінде 5,6 мың жұмыс орны сақталып, 3,6 мың  жұмыс орны жаңадан ашылды, салықтық түсімдер 1,3 млрд.теңгені құрады.

     Біздің  облыс республика аймақтарының ішінде Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша  алдыңғы қатарда.

          ҚР Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы әзірленген болатын.

     Бағдарламаның мақсаты-  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

     Міндеттері:

     1.      Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту;

     2.     Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

     3.     Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру. 

     Бағдарламаны  іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша  өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 

     Бағдарламаны  іске асыру мынадай үш бағытта  жүзеге асырылатын болады: 

     1.     Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 

     2.     Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 

     3.     Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

     Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.

     Бағдарламаға  қатысудың басым мүмкіндіктері  ауыл жастарына беріледі.

     Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік  қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

     - тегін кәсіптік даярлау, қайта  даярлау және біліктілігін арттыру  курстарына жолдау;

     - оқу және тұру орнына дейін  жолақысын төлеуге субсидия беру;                            

     - лайықты бос жұмыс орындарын  іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;

     - психологиялық бейімдеу.  

     Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады. 

     Жеке  ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріледі. 

     Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың  мынадай түрлері көрсетілетін болады: 

     - консультациялық қызмет көрсету;

     - кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

     - Шағын несие беру; 

     - жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымдарды дамыту және  жайластыру.

     Шағын несие беру– ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі механизмі болады.

     Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

     Шағын несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі, бұл ретте, ол тұтынушылық мақсаттарға, басқа  кредиттерді өтеуге және  жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді.

     Соңғы қарыз алушыға кредит бойынша  пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

     Микроқаржы  ұйымдарын  іріктеуді конкурстық негізде нақты жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

     Соңғы қарыз алушы үшін Шағын несие  бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым  белгілейді.

     Үшінші бағыт  Бағдарламағақатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.

     Екінші  бағытына кеңірек тоқталатын болсақ,  «кәсіпкерліктің дамуын қолдау» бағыты шеңберінде ауылдық жерлерде өз ісін ашуға ауыл тұрғындары шағын несие алатын болады. Осы мақсатта облысымызға республикалық бюджеттен 120,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

     Осыған  қоса, аталған бағыт шеңберінде кәсіпкерлік  негізіне оқытылатын болады. Ағымдағы жылы осы мақсатта 352 адамды кәсіпкерлік  негізіне оқыту жоспарланып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 14,3 млн.тг. бөлінді.  Қазіргі таңда 120 адам оқу курстарынан өтіп тиісті сертификаттарға ие болды.

     Ақтөбе  облысы Қазақстанның индустриалды дамыған  аймақтарының бірі бола отырып, ел экономикасына  елеулі үлесін қосуда.

     Облыс табиғаттың аса бай қорларына, тиімді географиялық жағдайға, дамыған көліктік және коммуникациялық жүйелеріне ие бола отырып, Қазақстанның инвестициялық тартымды аймағына айналды. Бұған қабылданған индустриалды даму Бағдарламалары едәуір ықпал етуде.

     Өздеріңіз білетіндей 2010 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын.

     Бұл бағдарламамен үдемелі индустриаландыру бойынша Қазақстанның алдағы уақытта  даму серпілісін қамтамасыз ететін үлкен  міндеттер қойылды.

     2015 жылға дейінгі кезеңде үдемелі  индустриаландыру саясатының негізгі  бағыты қазақстандық үлесті дамыту  арқылы шағын және орта бизнес үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін тудыра отырып экономиканың экспортқа бағытталған салаларындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады.  

     Бағдарламаны  жүзеге асыруда алға қойылған мақсаттарға  жету үшін 2015 жылға:

     1) Жалпы ішкі өнімді 50 пайызға өсіріп, 23 трлн.теңгеге жеткізу (156 млрд.АҚШ долл.);

     2) Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін  кем дегенде 1,5 есеге арттыру;

     3) Жалпы ішкі өнім құрылымында  өңдеу өнеркәсібінің үлесін  12,5 пайызға жеткізу;

     4) Жалпы экспорт көлеміне шикізаттық емес экспорт үлесін кем дегенде 40 пайызға жеткізу;   

     5) Жалпы кәсіпорындар санында инновациялық  белсенді кәсіпорындардың үлесін  10 пайызға жеткізу;

     6) Жалпы ішкі өнім энерго үнемділігін  10 пайызға төмендету көзделген.

     Өздеріңізге белгілі Ақтөбе облысы Үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды  екінші жыл қатарынан республиканың аймақтары арасында көшбасшы болып келеді.  

     Бағдарламаның жемісті жүзеге асырылуының басты  себебі Қазақстанның индустриаландыру картасы болып табылады. Картаға республикалық және өңірлік маңыздағы жобалар енді.

     Ағымдағы  жылы нақтылау қорытындысы бойынша  Ақтөбе облысынан Қазақстанның индустриаландыру картасына облыстың 9,3 мың тұрақты жұмыс орнын ашатын жалпы сомасы 521,4 млрд.теңгенің 63 жобасы енгізілді.

     Соның ішінде 2010 жылы сомасы 109,8 млрд.теңгенің 24 жобасы іске қосылды.

     2011 жылы 2,2 мың жұмыс орыны ашылатын жалпы сомасы 74,2 млрд.теңгенің 27 жобасын іске қосу жоспарлануда.

     Солардың  ішіндегі ең ірілері:

     - «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС қуаттылығы жылына 420,0 млн.текше метр газды пайдалануға жарату кешенінің құрылысы. Құны – 42,0 млрд.теңге;

     - «КазКуппер» ЖШС құны – 5,0 млр.теңгені  құрайтын, жылына 7,0 мың тонна катод  мысын шығаратын және рудаларды  өңдейтін кешенінің құрылысы 

     және тағы басқалары.

     Ағымдағы  жылдың 17 қарашасына сомасы 20,1 млрд.теңгенің 14 объектісі іске қосылды, мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Қалған 13 объектінің жыл аяғына дейінгі іске қосылу кестесі бекітіліп, облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында тұр.

     2015 жылға дейінгі кезеңде Индустриаландыру картасы аясында аймақтың экономикасын әртараптандыруға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда, солардың ішінде:

     -  «Казхром» ТҰК» АҚ-ның ферроқорытпа  зауытында 4-нші балқыту цехы;

     - «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының толық кешені;

     - «Сhilisai Chemicals» ЖШС фосфор рудасынан  күрделі минералды тыңайтқыштар  шығаратын химиялық комбинат;

     - «Юбилейное» кен орнында алтын  құрамдас руданы өңдеу бойынша  байыту фабрикасы

     және  тағы басқаларын жүзеге асыру қарастырылған.

     Бағдарламаның бірінші 5 жылында сомасы 1,0 трлн.теңге болатын 80-нен астам объекті іске қосылады. Соның нәтижесінде өнім өндіру металлургия саласында 3 есеге, химия саласында 2 есеге, соғын сәйкес металлургия және химия өнімдерінің экспорты да ұлғаяды.

     Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының  негізгі көрсеткіштерінің бірі –  өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі осы жылдың 10 айына саладағы бір жұмысшыға 24,9 мың АҚШ долларын құрады.

        Өзге бейметалл минералды өнімнің өндірісі саласында еңбек өнімділігі өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 66,3%-ға өсіп, 16,3 мың АҚШ долларын, ал агроөнеркәсіп кешенінде бірінші жартыжылдықта 1,6 есеге артып,  4,4 мың АҚШ долларын құрады. [34]

      Экономиканың  басымды секторларын қолдау үшін кешенді қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда, бұлар: «Өнімділік-2020», «Инвестор-2020», «Экспортер-2020», «Бизнестің жол картасы-2020».

      Еңбек өнімділігін көтеруге және инвестицияны ынталандыруға бағытталған «Өнімділік-2020» бағдарламасын жүзеге асыру ағымдағы жылы бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.

      Бағдарламаны  жүзеге асыруда келесі мақсаттарға  жету көзделген:

  • жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді құру;
  • еңбек өнімділігін арттыру және өндірістік тізбекті арттырып, нарықты кеңейту мақсатында жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарды жаңаландыру немесе техникалық қайта жарақтандыру;
  • өндірістік процестерді оңтайландыруды қамтамасыз ететін басқару технологияларын енгізу.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы