Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 07:36, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері мен қызметтерін саралау;
Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
«Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;
Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Работа состоит из  1 файл

жумыс.doc

— 563.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ 

     Кәсіпкерлік нарықты тауарлармен және мен  қызметтермен толтыруға, бәскелестікті  кеңейтуге, салалық және аумақтық монополияны  жеңуге көмектеседі.

     Кәсіпкерліктің  дамуы экономиканың құрылымдық қайта  құрылуын белсендендіреді, нарықтық таңдауға кең еркіндік береді және қосымша жұмыс орындарын ашады, шығынның жылдам өтелуін қамтамасыз етеді, тұтынушылық сұраныстың өзгерісіне жедел икемделеді.

     Сонымен қатар, Елбасының «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» атты Қазақстан Халқына Жолдауында «Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты» деп атап көрсетті. Осыдан кәсіпкерлік саласының еліміз үшін эконмиканың негізгі қозғаушы күші екендігін білеміз.

     Қазіргі экономикалық даму теорияларында кәсіпкерлік  қызмет соңғы орында емес, себебі шағын  және орта кәсіпорындар экономикалық ахуалды жасқартуға зор әлеуетке ие. Осыған сәйкес бұл теориямен мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың оңтайлы және тиімді әдістерін табуы тиіс. Қазақстан мысалында экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономикалық дамудың маңызды факторына айналуда.

     Курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерліктің жағдайын сипаттау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындаған мәселелерге ғылыми талдама жасап, оларды шешу жолдарын қарастыру.

     Осы мақсатқа жетуге келесідей міндеттер орындалуы тиіс:

  • шағын және орта кәсіпкерліктің мәнін ашу, даму тарихына талдау жасау, түрлері  мен қызметтерін саралау;
  • Қазақстан облыстарындағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің даму талдамасын жасау;
  • «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» Үкіметтік бағдарламаларын талдау;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінде туындайтын мәселелерге мониторинг жүргізу;
  • Аймақтағы кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттігін көтеру жолдарын ұсыну;

     Жұмыс кіріспеден, 6 бөлімшеден тұратын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Кіріспеде тақырыптың таңдалуы, оның өзектілігі, мақсаты мен жұмыстың негізгі міндеттеріне негіздеме жасалынған.

     Бірінші тарауда – «Кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері» кәсіпкерліктің даму тарихы, мазмұны, негізгі кезеңдері, түрлері мен қызметтері, кәсіпкерлік психологиясы, нарықтық экономикадағы орны, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибелері туралы баяндалған.

     Екінші  тарауда – «Қазақстандағы кәсіпкерліктің мәселелері және бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары» Қазақстандағы, оның ішінде Ақтөбе облысындағы шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына талдама, кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағыттары, кәсіпкерлікті дамытуының өзекті мәселелері, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Бизнестің жол картасы 2020» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламалары, шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары туралы баяндалған.

     Қорытынды бөлімінде елдегі, облыстағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму мүмкіндіктері бойынша теориялық тұжырым және тәжірибелік ұсыныс енгізілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I тарау. Кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері

    1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы және даму тарихы
 

     Кәсіпкерлік теориясының негізін қалаушы XVIII ғасырда ең алғаш рет кәсіпкерді өзі шешім қабылдайтын және қиын жағдайларда өзінің қажеттілігін қанағаттандыра білетін тұлға ретінде қарастырған Ричард Кантильон (1680-1734) болып табылады. Бұл ғалым кәсіпкердің табысы – бұл тәуекелдің жемісі, өйткені болашақтағы пайдасы белгісіз бола тұрып, жалдаған жұмысшыларының жалақысын төлейді, белгілі бір бағамен тауарлар мен шикізаттарды сатып алады деп есептеді.

       Катильон теориясына сәйкес, кәсіпкерлік – болашақты ойлап, іс-әрекеті қалыптасатын, табыс табуға деген үміті мен шығынға ұшырау қаупін ескере отырып, тәуекелге баратын тұлға. Осылайша, кәсіпкер тұрақсыз табыс таба отырып, өзінің қорқынышы мен теуекеліне жұмыс жасайды. Р.Катильон тұрақты табысқа ие мемлекеттік қызметшіден кәсіпкердің айырмашылығын айқындайды. Кәсіпкердің ең басты ерекшелігі – тәуекелге ұмтылуы және осы үшін табыс табуы. Осыдан кәсіпкерлік табыстың болашақ қиын жағдайлардан туатын тәуекел үшін төлем екендігін аңғарамыз.

     Экономикалық ғылымның негізін қалаушылардың бірі Адам Смит (1723-1790) «Халық байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегінде (1776) кәсіпкерді «тәуекелдік коммерциялық ойдың жүзеге асырушысы» ретінде сипаттаған. А.Смит кәсіпкер маңызды әлеуметтік қызметті – жинау қызметін атқарады деп есептеген. Кәсіпкер өзі қаражат салады, жоспарлайды, өндірісті ұйымдастырады және өз еңбегінің жемісін жейді.

     А.Смит кәсіпкерлердің жеке мүддесі қоғамдық мүддемен ешқашан сәйкес келмейтіндігін айтқан, себебі өндіріс пен ұлттық байлықтың деңгейі неғұрлым жоғары болса табыс соғұрлым аз болады. Табыс деңгейі қоғамдық жағдайға кері әсерін тигізсе, онда кәсіпкерлер ортасы қоғамды жаңылдыруға ұмтылады. А.Смит кәсіпкерлікті ұйымдастыру кезіндегі тауар-бағалық саясатты құруда кең қолданылатын құн теориясын жасады. Оның концепциясы бойынша құннің екі мәні бар: кейде белгілі бір заттың пайдалы екендігін білдірсе, кейде сол заттың қасиеттеріне ие басқа да заттарды алу мүмкіндігі. Бірінші тұтынушылық құнды, екінші айырбас құнды білдіреді.

     Атақты фрунцуз экономисі Жан-Батист Сэй (1767-1832), саяси экономика бойынша бірнеше жұмыстардың авторы, кәсіпкердің өнімді ойлап табуда белсенді ролін көрсетті. Басты назарды ол кәсіпкерлік қызмет негізінде өндірісті ұйымдастыру негізінде өндірісті ұйымдастыру және өнімді өткізу мүмкіндігі жатыр деп есептей отырып, өндірістік салаға бөлді. Ж.Б.Сэй үшін кәсіпкер – өндірістік бірлік шеңберінде адамдарды ұйымдастыратын адам. Ғалым кәсіпкерді өндіріс мен бөлу үдерісінің ортасына қойды. Кәсіпкердің табысы – оның мүмкіндігіне, талантына, өндірісті басқару мен ұйымдастыру бойынша еңбегіне деген сыйлық. Кәсіпкер тұлғаның ақылдылық, орындылық, тәртіпке деген махаббат, шыншылдық, адамдарды тану, қоршаған ортаны түсіну, қанағаттандыратын өнімнің маңыздылығы мен қажеттілігін бағалау қабілеттерін алға тартады. Сонымен қатар, кәсіпкер «өзінің есептерін дұрыс шығаруы және өндіріс шығындарын өнім сатылымда калай болатындығының құнымен салыстыра отырып санауы тиіс». [17, 50 б]

     Неміс ғалымы, экономист және философ Макс Вебер (1864-1920) кәсіпкерлік қызметте ұтымдылықты көрді. Ол ұтымдылықты қызметтік тиімділік, жұмсалған қаражат пен күштерден ең жоғары пайда алу деп түсінді.

     Кәсіпкерлік теориясына маңызды үлес қосқан Йоган  Тюнен (1783-1850) және Г.Мангольд (1824-1868) –  бұлар да неміс экономика мектебінен. Й.Тюнен ең алғаш рет тәуекелдің біржақты еместігіне назар ауадарды. Ол кәсіпкерлік табыстан инвестицияланған капиталға, басқару шығынына және сақтандыру сыйлығына пайыз төлеуді алып тастады. Ғалым кәсіпкерлік қызметтің уәжі кәсіпкердің ұту ықтималдығы шығынынан жоғары болады деп есептеді. Г.Мангольд тәуекелді уақыт факторына байланыстырады: тауарларды өндіру мен оларды жүзеге асыру мерзімі неғұрлым ұзақ болса, мүмкін болатын шығындардың тәуекелі соғұрлым жоғары.

     Кәсіпкерлік ұғымына жаңа көзқарас негізін австриялық экономист және әлеуметтанушы Йозеф Шумпетер (1883-19850) қалады. «Экономикалық даму теориясы» (1912) кітабында ол кәсіпкерліктің негізгі мәні өндіріс факторларының жаңа үйлесімін табу және қолдану, яғни жаңалықтарды жүзеге асыру деп санады.

     Британ  экономисі, Нобель сыйлығының иегері Фридман  Хайек (1899-1991) тек бәсеке ғана кәсіпкерге жаңа өнім алуда, шикізаттың жаңа нарығында инновациямен айналысуға итермелейтіндігіне алғаш рет назар аударды.

     Ал, Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болса кәсіпкерді сақтық, есептілік, жақсылыққа ұмтылуы, тәуелсіз, ұқыптылық тән шаруашылықтың жаңа әлеуметтік-психологиялық түрі ретінде сипаттады.

     Г.Л.Багиев пен А.Н.Асаул кәсіпкерлікті жан-жақты  қарап, келесідей анықтамалар берді:

     - кәсіпкерлік – жаңашылық, төрешілдікке қарсы, арқашан басымдылыққа ие, инновацияға икемделген шаруашылық басқару стилі;

     - кәсіпкерлік – нарықтық қатынастарды дамыту және қалыптастыру шартындағы қызметті жүзеге асыру және ұйымдастыру үдерісі;

     - кәсіпкерлік – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттілігін қанаңаттандыру және пайда табу мақсантыда үздіксіз, әрдайым жаңаланып тұратын тауарлар мен қызметтер өндірісін жүзеге асыру, ұйымдастыру және жоспарлау үдерісі.

     Осылайша, табысты кәсіпкерлік қызметтің негізі тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

     А. Шулустың пікірінше шағын  кәсіпорындар келесідей экономикалық  қызметтерді атқарады:

   1. жұмыс беруші;

   2. ғылыми техникалық прогресс католизаторы;

   3. салық төлеуші;

   4. нарықтық қатынастар.

   Халықаралық еңбек бюросының қызметтері Ф. Нек  шағын кәсіпорындардың дамуының оң факторлары мен мәселелерін, қиындықтарын көрсетті:

  1. Қазіргі және болашақтағы даму ірі және шағын өмір сүруге қабілетті;
  2. Ірі кәсіпорында өз өндірістерінің табысты қызмет етуін қамтамасыз ету үшін шағын кәсіпорындарға мұқтаж;
  3. Шағын және орта кәсіпорындардың мамандануы олардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді;
  4. Шағын және орта кәсіпорындар инновациямен жаңашылдықтың маңызды көзі бола алады;
  5. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары техниканы, жұмыс күшін жоғары интенсивтілікпен үйлесімділікте пайдаланады және ірі кәсіпорындармен салыстырғанда аз капиталдылықты пайдаланып жұмыс бастылықты құрады;
  6. Шағын және орта кәсіпорындар әлеуметтік даму сұрақтарында әсіресе салалық аудандарда тұрақтылық пен өміршеңдікті қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады;
  7. Көптеген аудандар мен елдерде шағын және орта кәсіпорындар құруға және оларды басқаруға қабілеттілікті аудандар бар.

   С.З. Жизнин және В.И. Крупнов шағын бизнестің  тәжірибелік артықшылықтары мен кемшіліктерін атап көрсетеді. Тәжірибелік артықшылықтары:

  1. әрекеттерінің тәуелсіздігі;
  2. неғұрлым икемді және оперативті шешім қабылдау мүмкіндігі;
  3. жергілікті жағдайдың ерекшеліктеріне бейімделу;
  4. шағын бизнесті күшті ұнату;
  5. неғұрлым төмен операциялық шығындар;
  6. материалдық табысқа жету мүмкіндігі;
  7. ұзақ мерзімді пайда;
  8. бірнеше мамандықтарда біріктіру;
  9. ерекше немесе дербес рыноктағы артықшылық;
  10. кәсіпкерлік рух сақтау.

   Тәжірибелік кемшіліктері:

  1. қызметкерлердің тартылу қиындығы;
  2. менеджерлердің мамандануының төмен деңгейі;
  3. жеке тұлғалық мәселелері;
  4. қаржылық қиындықтар;
  5. экономикалық өзгеістерге жоғары сезімталдылығы;
  6. міндеттемелердің орындалуын тұрақты бақылау қажеттілігі;
  7. эксперттік потенциалдың жеткіліксіздігі;
  8. ірі фирмалармен салыстырғанда оперативтік жетіспеушілік.
 

     Кәсіпкерліктің  мақсаты тауарлар мен қызметтер нарығына өндіріс пен жеткізу  арқылы табыс алу. Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

  • өзінің жеке пайдасы үшін тәуекелге бару,
  • басымдылық, дербестілік;
  • жаңашылдық.

      Кәсіпкерлік осы уақытқа дейін қалыптасқан батыстық дәстүр тұрғысынан алғанда ол пайда табуға бағытталған қандай да бір қызметтің белгілі бір түрін ресурстарды тиімді пайдалана отырып, ақыл-ой зерделік меншікті және меншіктің басқа да нышандарымен ұштастырып, іскерлікті жүзеге асыру болып табылады. Ал кәсіпкерлік қызмет бұл меншік қатынасының әр түрлі нышандарының экономикалық жүйедегі белгілі бір әрекеті.

      Кәсіпкерліктің  қызметін дамыту түптеп келгенде тұрғындардың табыстарын, өмір   сүру деңгейлерін  көтеруге және әртүрлі әлеуметтік-рухани мәселелерді шешуге де өз  оң  ықпалын  тигізеді.

      Қазақстан  Республикасындағы кәсіпкерлік  қызметтің  дамуын осы уақытқа  дейін төрт кезеңге бөліп көсретілген. Бірінші кезең-алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылғңа дейінгі аралық , бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.

Информация о работе Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы