Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2013 в 23:17, дипломная работа

Описание

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – туристік кәсіпорын қызметін ұйымдастыру жолдарын талдай отырып, саланың экономикалық тиімділігін ашып көрсету және болашақта дамытудың жолдары мен мүмкіндіктеріне баға беру.
Жоғарыдағы мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерге қол жеткізу қажет. Олардың ішінде ерекше мыналарды бөліп қарастыруға болады:
туризм түсінігінің мәні мен қалыптасуы және даму тарихы;
туристік индустрияның салаларын талдау;
туристік кәсіпорын қызметін ұйымдасытру;
саланың қазіргі даму көрсеткіштері;
Қазақстан аймақтары бойынша қаржылық –экономикалық талдау;
туризмді мемлекеттік реттеу жүйесін қарастыру ;
белгілі бір аймақ бойынша туризмді дамытуға ұсыныстар енгізу және тағы басқалар.

Работа состоит из  1 файл

туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру.doc

— 731.00 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда  қарастырылған кестеде көрсетілген мәліметті қорыта келгенде, туризм біздің аймақта жеткілікті деңгейде дамымаған, себебі көпшілігінің саяхатқа шығуына мүмкіндігі жоқ. Қарағанды қаласында туризм нарығында маманданған ұйымдарда жастар сегментіне белгілі бір жеңілдіктер жасайтын турлар қаралмаған. Турмекемелердің бәсекеқабілеттігі төмен.

Келесі  бөлімде Қарағанды қаласында  орналасқан, сауалнама барысында  турмекеме қызметіне жүгінген  студенттердің басым бөлігі атаған, туризм нарығында маманданған турфирмалар туралы маркетинг кешені бойынша мәлімет жиналып, қарастырылады.

 

    1.  Қарағанды қаласында орналасқан турфирмалар қызметін    маркетинг тұрғысынан қарастыру

 

Туризм нарығына туристік қызметті ұсынушылар, яғни турмекемелер мен тұтынушылар тобы қатысады. Сондықтан, туристік қызметті сатып алушылар туралы сөз болған жерде оны сатушыларды атамай өту мүмкін емес. Туризм нарығында тепе-теңдікті қалыптастыру мақсатында екі тарапқа да маркетингтік зерттеу жүргізген жөн.

Алдынғы бөлімде Қарағанды облысында  дәріс алып жүрген жастар арасында біріншіреттік мәлімет (сауалнама  түрінде) жиналған болатын. Осы аймақтағы  туризм нарығын толық зерттеу  мақсатымен бұл бөлімде Қарағанды қаласында маманданған, сауалнамаға қатысқан студенттедің көбі атаған турмекемелерге телефон шалу арқылы алынған екіншіретті мәліметтер маркетинг кешені тұрғысынан қарастырылады.

Ең  алдымен, туристік ұйым ұғымына тоқталған  жөн. Туристік ұйымдар – қызметтің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар. Олар туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және өзге де қызмет түрімен айналысады.

Туроператорлық  қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар заңды тұлғаның өздерінің  турөнімдерін қалыптастыру, ұсыну және турагенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызмет.

Турагенттік қызмет – қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалардың  туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі қызмет.

Экскурсиялық  қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегі туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды./1,1-бап/

Отралық Қазақстанда орналасқан турфирмалар жоғарыда аталған қызмет түрімен айналысады.

Қарағанды облысы бойынша қызмет көрсететін турфирмалар  және ондағы қызметкерлер саны туралы 2007 жылғы статистикалық мәліметті  төмендегі келтірілген кестеден көруге болады (Кесте 2.3).

 

Кесте 2.3 Туристік фирмалар және ондағы жұмыскерлер саны

 

 

Кәсіпорын саны, бірлік

Есепті  кезеңде орта есеппен алғанда  қызметкерлердің орташа тізімдік саны

барлығы

Оның  ішінде келесі турқызмет бойынша

Бары

ғы

Оның  ішінде

туроператорлық

турагенттік

Экскурсиялық

өзге  де туристік қызмет

әйел

дер

Еркек

тер

Қарағанды облысы

53

3

47

1

2

139

105

34

Қарағанды

43

3

40

-

-

122

89

33

Балқаш

1

-

1

-

-

3

3

-

Жезқазған

4

-

3

-

1

7

7

-

Теміртау 

5

-

3

1

1

7

6

1


 

Сонымен жоғарыда келтірілген кестеден көріп отырғандай, Қарағанды қаласында 43 турмекемелер қызмет атқарады. Оның ішінде 3-еуі ғана туроператорлық, ал қалған 40-ы турагенттік мақсатта маманданған./17/

Турмекемелер тұтынушылардың сұранысын  неғұрлым толық қанағаттандыру және өз бәсекелестерімен салыстырғанда  тиімді тәсілдермен қызмет көрсету үшін Джером Маккартни ұсынған маркетинг кешеніне кіретін «4р» элементтерін тиімді үйлестіру қажет.

Турфирманың маркетингтік стратегиясы  бизнестің жалпы стратегиясын құрып  алғаннан кейін анықталады. Маркетингтік бағдарлама 1-2 жылға арналған тактикалық жоспар арқылы жүзеге асады. Көптеген турфирмалардың мақсаты табысты және ұзақмерзімді бизнес құру. «4р» кешенінің құрамына негізгі мынадай элементтер енеді: Product (тауар, қызмет), Place (орналастыру), Promotion (өткізуді ынталандандыру), Price (баға)./18,225 бет/

Енді Қарағанды қаласында орналасқан, студенттердің басым бөлігі атаған «Қарлығаш» турфирмасы және оған бәсеке болып табылатын «Жанар-Трэвл» мен «Гульнар-Тур» ұйымдарын маркетинг кешені тұрғысында мәлімет жинау арқылы белгілі бір шешімге келуге болады.

«Қарлығаш» турфирмасы қаланың  бизнес орталығы Бұқар-Жырау даңғылы  бойында орналасқан. Қызметін ұсынатын турмекемелердің орналысқан жері де нарықты жаулап алуға үлкен әсер етеді. «Жанар-Трэвл» - Н. Әбдіров көшесінде және «Гульнар-Тур» - Ленин атындағы кинотеатрдың қасында орналасқандықтан көпшіліктің көзіне бірден түседі.

Аталған мекемелер турқызметті  тұтынушыларға жылжытумен айналысады. Олардың қызметі, көбіне шығу туризміне бағытталған, дегенмен «Гульнар-Турдан» басқасы ішкі туризммен айналысады.

Сауалнамаға жауап берген студенттердің  атаған мемлекеттеріне жолдама бағасын  келесі кестеден көруге болады (Кесте 2.4).

 

Кесте 2.4 Аумақтар бойынша турмекемелерде сатылатын жолдамалар құны

 

Турфирмалар атауы

Жолдамалардың құны, 10 күнде доллар

Тайланд

Франция

Египет 

Турция 

Қарлығаш

1400

2000

1200-1700

990

Гульнар-Тур

800

1700

1200

1000-1200

Жанар-Трэвл

1500

2000

1200-1300

1000

Глория-Тур

1600

2500

900

2000


 

Жоғарыда келтірілген кесте  мәліметін толықтыра келсек, турпакет құрамына қонақүйлерге орналастыру, көлікпен тасымалдау, үш мезгіл тамақтану (қонқүйде немесе мейрамханаларда) және турдың өзі кіреді. Ал барған еліндегі тұтынған қосымша қызметтерді турист өзі өтейді. Қонақүйдің жұлдызына байланысты жолдаманың құны да әртүрлі болып келеді. Кестеде келтірілген бағалар 3-4 жұлдызды қонақүйлерге арналған.

ТМД елдеріне «Қарлығаш» және «Жанар-Трэвл» турфирмалары тұтынушылардың тапсырысы бойынша турлар ұйымдастырады, «Гульнар-Тур» шетелге шығуды ғана жүзеге асырады. «Қарлығаш» турфирмасы Болгарияға емдік және демалу мақсатында жолдама ұсынады, бұл үшін топ жинау қажет емес.

Келесі кестеде Қазақстан аумағында  туристік аймақтар, демалыс үйлері, санаторилер мен курорттарда күніне демалу құны көрсетілген (Кесте 2.5).

 

Кесте 2.5 Қазақстан аумағы бойынша жолдамалар құны

 

Турфирмалар атауы

Жолдамалар құны, күніне мың тг.

Алматы

Астана

Бурабай

Қарқаралы

Баянауыл

Қарлығаш

3500

4000

3900

3000

3300

Жанар-Трэвл

4000 ж/е жоғары

4000 ж/е жоғары

4700

3500

3500

Глория-Тур

6500

4000

5500

3500

2200


 

Жоғарыда келтірілген кестені толықтыра келе мынадай қорытындыға келуге болады: Астанаға экскурсияны санамағанда, қарағандылық әр турфирманың ұсынатын қызметінің құны әртүрлі. Олардың бағасы демалыс үйлер мен санаторилердің түріне байланысты болып келеді. Мәселен, «Глория-Тур» авиатурфирмасы Алматыға жолдама күніне 5500 тг-ге және екі орынды номер 17000 тг-ге ұсынады. Сонымен қатар, Алакөлге – 2500 тг және Ыстықкөлге күніне 20-35 долларға жолдама сатып алуға болады. Турфирмалар, мысалы Көкшетауға жолдама ұсыну арқылы әртүрлі демалыс зоналарын таңдауды тұтынушылардың еркіне береді. Олар: Зелёный Бор, Оқжетпес, Бурабайдың өз басы, Лесная Сказка, Шортанды және т.б. демалыс зоналары осығансәйкес бағалары да әртүрлі. Қазақстан бойынша емдік және демалу мақсатында  жолдама сатып алуға мүмкіндіктер бар болғанымен, Қарағанды қаласында санаулы ғана. Қарағанды қаласының қызықтырарлық тарихына қарамастан, жергілікті турмекемелерде қаланы шолу бойынша экскурсия ұйымдастырылмағаны қатал шындық. Барлығы бір ауыздан туристерді қызықтыратын туристік объектілер мен жерлердің жоқтығы туралы айтады.

Турқызметті өткізуді жарнама арқылы ынталандыруға болады. Жарнама арқылы турмекеме және оның көрсететін қызметі  жайлы қоғамды ақпараттандыру қажет. Қазіргі кезде студенттрдің атаған турмекемелері телеарналар мен радиоларда, газеттер мен буклет түрінде жарнамаланып жатады. Сондықтан, көпшілігі осы турұйымдардың көмегіне жүгінген, яғни олар тұтынушы көңіліне сенім ұялатады. Ғылыми Техниканың дамыған заманында интернет арқылы қай турфирма туралы болса да ақпаратты тез арада алуға болады.

Қарағанды облысы бойынша турфирмалар  жастар немесе зейнеткерлерге белгілі-бір  жеңілдіктерді қарастырмаған. Тек  орналастыратын жеріне байланысты балаларға  жеңілдіктер бар. Мысалы, «Қарлығаш» турфирмасы Бурабай мен Оқжетпеске келесідей жеңілдіктер ұсынады:

  • 1 мен 7 жас аралығындағы балаларға толық жолдама құнының 50%;
  • 7 мен 12 жас аралығындаағы балалар үшін толық жолдамадан 35% жеңілдік.

Ал «Глория-Тур» авиатурфирмасы Астанаға экскурсияны балаларға 3500 тг-ге ұсынады.

Қарағанды қаласында «Жосалы» санаториінің филиалы емдік және демалу мақсатында қызмет атқарады. Бірақ ол жасы келген қарт адамдар үшін қолайсыз, себебі емдік базасы қаланың өз басында орналасқанымен, жататын жері қала сыртында бірнеше шақырым қашықтықта салынған. Әрине бұл ластанған қала ауасынан тазалау, шусыз жерде орналасуы дұрыс болғанымен, жолдама алған тұтынушылар ем қабылдау мақсатында  күнде көлікпен қалаға келіп отыруы керек. Бұған үлкен адамдардың денсаулығы мүмкіндік бермейді.

Келесі тарауда алдыңғы бөлімде зерттелген мәселелерді қатар қоя отырып, шешу жолдары мен бірқатар шараларын қарастырамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ОТАНДЫҚ ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН БОЛАШАҒЫ

 

3.1 Туризм саласын реттеудегі - мемлекеттік саясат

 

«Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық сауда жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөніннен тиімді салалардың бірі болып табылатындығы жөнінде айтылған.

Төмендегі кестеде еліміздің туризмді мелекеттік реттеу сызбасы көрсетілген:

 

Сурет 3.1 ҚР туризмді мемлекеттік реттеудің сызбасы


Кезеңдер

Экономикалық даму

Нормативті- құқықтық актілер

Әлеуметтік- саяси даму

1991-1994 ж.ж

Жекшелендірілу мен  туризм саласында  қайта жаңғырудың басталуы. Кіру  және шығу туризмі көрсеткіштерінің өсуі және жаңа туристік фирмалардың ашылуы, сала рентабельділігінің  жоғарылауы.

ҚР «Туризм туралы» заңы,  «Туризм және спорт саласын лицензиялау жне сертификациялау».

Кіру және шығуға шекараның  ашылыуы, визалық жағдайдың жеңілдетілуі, шет ел инвесторларының келуі, Қазақстанның Бүкіләлемдік Туристік Ұйымға кіруі.

1995- 1996 ж.ж

Ішкі туризм  көрсеткіштерінің төмендеуі,  шоп туризге маманданған  фирмалар санының өсуі, инфрақұрылымның қалыптасуы.

«ҚР туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы», туристік қызметті лицензиялау жүйесінің қайта қарастырылуы.

Шет ел азаматтарының  іскерлік бесенділігінің   төмендеуі, туризм саласы бойынша  халықаралық  келісімдерге отыру.

2000-2002 ж.ж

Туризм түрлері  құрылымының  өзгеруі, кіру туризмі көрсеткіштерінің төмендеуі, шығу туризмінің жаппай өсуі, бәсекенің жоғарылауы, маркетинг  және жарнама құралдарын пайдалану.

ҚР туристік қызметті лицензиялаудың ережелері, ҚР Үкіметінің 29 желтоқсан  2000 жылғы № 1947 «Туристік саланы дамытудың алғашқы тәсілдері», ҚР «Туристік қызмет туралы заңы» ( 2001 ж 13 маусым)

Визалық жағдайдың әріқарай жеңілдетілуі, туристік қызметегі интеграциялық  жүйелер.

2003- 2005 ж.ж 

Кәсіби-іскерлік  байланыс нәтижесінен кіру туризмінің дамуы, туризм инфрақұрылымының жақсаруы, бәсекенің күшейуі.

«ҚР туризм концепсиясын дамыту» ( ҚР Үкіметі, 20003 ж 24 ақпан), «Туроператорлар мен турагенттердің азаматтық- құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру»

Туристік қызметегі  интеграциялық жүйелер, туризм саласы бойынша  халықаралық келісімдерге отыру.

2006 ж бастап қазіргі күнге  дейін

Туристік саланың кластерлік дамуы, туристік фирмалар санының өсуі, мемлекеттік қаржыландырудың  дамуы, барлық бағыттарда туристер  ағынының өсуі.

Қазақстан Республикасында  туризмді дамытудың

2007-2011 жылдарға  арналған Мемлекеттік бағдарламасының  қабылдануы.

 

Туризм саласына инвестиция тартуға ыңғайлы жағдайлардың орнатылуы, 2011 жылы алматы қаласында қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындалу.

Информация о работе Туристік кәсіпорын қызметтін ұйымдастыру