Туристік кәсіпорындардың біздің мемлекеттегі орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:46, доклад

Описание

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

туризм.docx

— 20.90 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы – Еліміздегі туристік кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету жолдары Орындаған: Туризм мамандығы 204-топ студенті  Тулеугалиева А.К. Жетекшісі: Асанова Т.А.

    Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады. Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.                                   Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Сондықтан да туристік индустрияны дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлі туристік менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің сыртқы және ішкі нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу үшін барлық алғышарттар бар. Бұл әзірлену үстіндегі өңірлік шебер-жоспарлар шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары.                                         

     Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет етеді.Бәсекеге қабілетті туристік ел болу мақсатына жету үшін мына мәселелерді шешу қажет:   

 - туризм жайлы жалпы түсінік беру;                                                                             - туризмға әсерін тигізетін факторларды анықтау;                                                - Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері;                                                       - Елдегі туризмның даму динамикасы; 

   Қазақстандағы туризмді дамытудың негізгі мақсаты – заманауи тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру. Мұның базасында экономиканың секторы ретінде осы саланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай тудырып, әлемдік туризм жүйесіне біртіндеп кірігу және туризм саласында халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту көзделген.Халықаралық ауқымдағы мұндай жиынның өтуі елдің туристік имиджін қалыптастырып және нығайтуға, елімізде туризмнің тұрақты дамуының саяси, стратегиялық және тиімді механизмін қалыптастыруда озық тәжірибелерді қолдануға игі әсерін тигізеді.                                                                                    

Қазіргі таңда әлемдік туристік нарықта Азияға саяхат жасауға деген жоғары қызығушылық үрдісі пайда болған. Бүгінгі күндегі туризм – бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғары  сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Бұл жағдайды ескере отырып, республикада ең алдымен Қазақстанда қажетке жаратылған туристік өнім түрлері – танымдық, белсенді, шытырман және экологиялық туризм дамитын болады. Халықаралық сарапшылар атап өткендей, кейінгі жылдары Қазақстандағы туристік саланың дамуы үдемелі, жедел және тұрақты деп сипатталады. Жақын жылдардың өзінде біздің еліміздің саяхат және туристік экономикасы ірі державалар деңгейіне көтерілуі мүмкін. Шетелдер Қазақстанды туристік ғажап мүмкіндіктері бар, тұрақтылығы сенімге сызат түсірмейтін ел ретінде қарастыра бастады.Бұдан бөлек, шетелдік сарапшылар қазақстандықтардың қонақжайлығы мен қайырымдылығына, табиғатының әралуандығына, тарихы, мәдени және этникалық алуан түрлілігі сынды бірегей ерекшеліктеріне ерекше назар аударып отыр.

Бұл сала экономикамыздың  әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына  айналып келедi. Дегенмен, сыртқы елдерге  шығатын туристер саны елiмiздiң iшiндегi демалушылардан басым түсiп отыр. Мұның себебiн олар бiздiң елдегi қонақ үй, туристiк қызмет бағасы шетелдегi туристiк қызмет бағасынан  артық болмаса, кем еместiгiмен  түсiндiредi. Сондай-ақ отандық туристiк  қызмет қөрсету түрi де европалық  стандарттан төмен дегендi естуге болады. 2004 жылдан берi бұл кемшiлiктi жоятын бiрнеше мемлекеттiк жобалар  жұмысқа кiрiсуде. Қазақстандық туризмнiң  қазiргi жағдайы мен оның дамуына  кедергi келтiрiп отырған факторларды  атап өтсек :                                                                           

  1.Қазақстанның дүниежүзiлiк туризм ассоциациясының негiзiнде жарнамалау және елiмiздiң имиджiн қалыптастыру  үшiн жобалар жасау қолға алынбаған; 2.Туризм саласында еңбек ететiндердiң еңбекақысын көтеру; 3.Қазақстан елшiлiктерiнен туристiк визаларға рұхсат алудың қиындықтары; 4.Тур жасайтын орындарға тасымалдайтын көлiк пен жолдардың дамымауы; 5. 3-4 жұлдызды арзан қонақ үйлер мен мотельдердiң жоқтығы;

«Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау» бөлімінде әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуметін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасы жасалған. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған.

 Елдің оң туристік имиджін жылжыту жөніндегі іс-шаралар жүйесіз сипатта, туризм жөніндегі көрмелерге қатысу мемлекеттің жарнамалық қызметінің тиімділігін толық өлшемде қамтамасыз етпейді. Осы уақытқа дейін туристерді тартуда Қазақстан үшін бірінші басымдықты нарықтар болып табылатын елдер – Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Кореяда туристік өкілдіктер  ашу және олардың қызметін қамтамасыз ету мәселесі шешілмей отыр. Сонымен қатар, жыл сайын орасан көп туристерді қабылдайтын, туризм саласында дамыған елдердің (Франция, Испания, Германия) тәжірибесі аталған мәселені шешу қажеттігін куәландырады.                                                                        

      Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сонымен қатар санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, сапа түрлері және туристер үшін ұсынылатын  жерлер халықаралық талаптарға сай емес. Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымының жағдайымен тікелей байланысты болғандықтан, әуе және темір жол тасымалы географиясының шектеулілігі, ішкі және сыртқы туристердің топтық сапарлары үшін көліктің барлық түріне жол жүру билеттеріне жеңілдіктер жүйесінің болмауы маңызды проблемаға айналып отыр.         

 Туризмді дамытуға кедергі жасайтын негізгі проблемалардың бірі қызмет көрсететін салада мамандандырылған туристік кадрлардың болмауы болып табылады.Бұл туризм индустриясы объектілерінде білікті мамандардың болмауы проблемасына ғана емес, сонымен қатар туристік сала үшін кадрлар даярлау сапасына да қатысты.Туристік индустрияда ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы. Бұл Қазақстанда туристік визаларды ресімдеу, шетелдік туристерді тіркеу процедураларына, кедендік және паспорттық бақылау мерзімдеріне қатысты.

    Қорыта айтқанда,Қазақстанда туризмнің тұрақты дамуына қажетті ғаламат мүмкіндіктер мен табиғи ресурстар жеткілікті. Біздің еліміз отандық туристік индустрияның қалыптасу процесін қарқынды жүргізуге батыл кірісті. Кейінгі он шақты жылдың ішінде туризм индустриясы еңсесін тіктеп, стандарттар мен сапаны ұдайы көтеруде және инновация мен бәсекеге қабілеттілік бағытында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Әлемдік стандарттар мен талаптардың бәріне жауап беретін дамыған туристік кешеннің жылдам пайда болуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасау керек.

 

 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
  2. «Егемен Қазақстан» 26 қыркүйек. 2006ж.
  3. Ердәулетов С.Р. «Туристік Қазақстан»  -Алматы «Қайнар», 1989ж.

 

 


Информация о работе Туристік кәсіпорындардың біздің мемлекеттегі орны