Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

ХХ ғасырдың басындағы  капиталистік елдер экономикасының шапшаң  өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.

Й. Шумпетер кәсіпкерлер  деп әр түрлі комбинацияларда  экономикалық жаңашылдықпен айналысатын  адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты.

А.Смит шағын кәсіпкерлік  пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде,  қоғамға көбірек пайда алып келеді.».

Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік – бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті  жандандыру процесі экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардыңжоқтығымен; нормативті -құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық – коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдық тапшылығымен; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өту

 Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері 1990 жылдардан құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар  қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық  актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы,  акционерлік қоғам; тұлғалық кәсіпкерлік; лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т.б.

Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең  жоғары тиіммен қолданады.

А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама көтеруші адам деп санайды.

Тәуекел жағдайында жұмыс істей отырып, ол туындаған сәтсіздікке толық жауапкершілік алады. Р. Хизрич (1985 ж.) кәсіпкерлік – құны бар жаңа бірденені жасау процесі, ал кәсіпкер – өзіне қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекел алып, қажетті уақыты мен күшін жұмсап, ақысына ақша алады және жетістігіне қанағаттанады.

Сонымен, кәсіпкерлік – пайда  алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілері жеке тұлғалар немесе әріптестердін бірігуі болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар және жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы мүмкін.

Кәсіпкерлік субъектілері ретінде  әріптестерді біріктіру әртүрлі  шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы  ұжымдар, ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады.

Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік  ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі  шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік  еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік  ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды. 1861 жылғы реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.

Кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

  • дербестік және тәуелсіздік;
  • экономикалық ынталылық;
  • шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;
  • жаңашылдық.

Экономиканың негізін екі фундаментальды ақиқат құрайды. Олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды. Кәсіпкерлік үнемі жаңалықтармен байланысты. Экономикалық қызметтің бұл жағына И. Шумпетер және А. Маршал назар аударды. Егер И. Шумпетер кәсіпкерлік пен жаңашылдыќтын теңдігін көрсетті, ал А. Маршал қоғамдағы кәсіпкердің нақты рөлі, олар өздерінің жаңалықтарымен тек жаңа тәртіп құрып қана қоймайды. Қоғамдағы конструкциялық жетілген процестерді жылдамдатуын да, - деді.

Кәсіпкер – өндірістін және қоғамнын өмірін ұйымдастырудын бұрынғы нысандарын табанды түрде бұзады. Экономикадағы революционер әлеуметтік және саяси революцияның бастаушысы. Кәсіпкер қоғамның экономикалық дамуындағы басты тұлға бола отырып, үнемі «бүлінгенді қалпына келтіруді» жүзеге асырады. Қоғамда кәсіпкерлік пен жаңашылдық өзара бір тұтасты құрайды деп қорытынды жасауға болады.

Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі  жағадайлар қажет:

-Экономикалық;

-Құқықтық;

-Әлеуметтік және басқа.

Экономикалық жағдай ең алдымен  тұтынушылар сатып ала алатын тауар түрлері, тауарды ұсыну және оларға сұраным, ақша қаржыларының көлемі, жұмыс орындарының көп болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы күші, қызметкерлердің еңбек ақы деңгейі

Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігі шексіз немесе тойымсыз.

Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.

Экономикалық ресурстар дегеніміз–тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрика, зауыт және ауылшаруашылық құрылыстары; әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолданылатын машиналар; әртүрлі транспорт, байланыс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар. Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:

1)Материалдық ресурстар – жер оның табиғи байлығы және капитал;

2)Адамдар ресурсы – еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілік.

Жер–деген түсінікке барлық табиғи ресурстар жатады, өндірісте қолданылатын барлық «табиғаттың әншейін байлығы». Оған мынандай ресурстар кіреді: жыртылған жер, жайылыстар, ормандар, минералдар мен мұнайдың кен байлықтары, су ресурстары т.б

Капитал немесе «инвестициялық ресурстар»-барлық өндірілген өндіріс құралдары, яғни инструменттер, машиналар, жабдықтар, фабрика–зауыттар, қойма, тарнспорт, құралдарының барлық түрлері және тауар өткізу торабы. Құрал жабдықтарды өндіру және қорландыру процесін инвестициялау дейді.

Тауарлар екіге бөлінеді: 1)Инвестициялық тауарлар, олар тұтыну тауарларын өндіруді қамтамасыз етеді; 2)Тұтыну тауарлары қоғамның қажетін тікелей қанағаттандырады. Инвестициялық тауарға ақша капиталы кірмейді. Ақша ештеңе өндірмейді, яғни экономикалық ресурсқа жатпайды. Ақша–бұл финанс капиталы, яғни нақты капитал емес, жалған капитал.

Еңбек–бұл кең мағыналы термин. Экономистер оны адамдардың тауар өндіру және қызмет көрсетудегі күш ақыл-ой қабілеттіліін бейнелейді.

Кәсіпкерлік қабілеттілік – адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің төрт функциясын түсіну керек.

1) Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

2) Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс бағытын айқындайды.

3) Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай жұмыс істейтін кісі.

4) Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.

Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші – мол пайда табу. Өндіріс  факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай  табыс ретінде беріледі.

1) Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.

2) Жер, су бергеніне рента алады.

3) Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбек ақы алады.

4) Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.

Экономикалық ғылым  сирек ресурстарды тиімді пайдалану  жөніндегі ғылым екенін кәсіпкер жеке түсінуі керек. Экономикалық тиімділік  – бұл «шығын-өнім» мәселесін қамтиды. Экономикалық тиімділіктің критериясы әрбір өнім бірлігіне шаққанда неғұрлым аз шығын жұмсау. Қорытып айтқанда қоғам барлық ресурстарды тиімді пайдаланып неғұрлым көп өнім өндіруге талаптанады. Ол үшін ресурстарды толық іске қосып толық қамтуға және өндіріс көлемін толық қамтамасыз ету қажет. «Толық қамтылу» деген пайдалануға жарамды барлық ресурстарды іске қосу, жұмысшылар жұмыссыз қалмауы керек; егіске жарамды жерлер, күрделі жабдықтар бос тұрмауы, яғни барлық жарамды ресурстарды іске қосу керек. Ресурстардың барлығы жұмыс істесе шығын көбейеді: жұмысшылар еңбек ақы алады, инвестициялық тауарлар сатылады т.б. яғни ел байиды, нарық тауарға толады, адамдардың әлеуметтік тұрмысы жақсарады. Қазақтың мақалы бар «шығын болмай, тығын болмайды» деген. Қоғамның өмір сүру негізін материалдық өндіріс, яғни адамдарға қажет байлықты өндіру құрайды.

Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі  төртінші фактор болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге кәсіпкерлік пайда.

Жаңа қоғамның негізін  тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер  табын даярлау керек. Кәсіпкерлік  қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек

Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасында кәсіпкерлік көптеген түрде дамуда. Қызметтің туындауына қарай-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, меншік Кәсіпкерлік алуан түрлі Ке келген бизнес қандай да бір дәрежеде ұдайы өндірістік иклдің негізгі фазаларымен - өнімдер мен қызметтерді өндірумен, тауарларды айырбастау және болумен, оларды тұтынумен байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызмеітің келесідей түрлерін бөлуг көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық және қаржылық кәсіпкерлік. Сонымен қатар, соңғы онжылдықт әлемнің барлық экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде кәсіпкерліктің өз бетінше қалыптасқан түрі пайда болды, ол кеңес беруші консалтинг кәсіпкерлік. Жоғарыда аталған кәсіпксрлік түрлерінің әрқайсысы өз кезегінде басқа түрлерге бөлінеді. Кәсіпкерліктің түрлерін келесі сызба түрінде сипаттауға болады.

Кәсіпкерлікті қалыптастырудын әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Әлеуметтік-мәдени ортаға тәуелді адамгершілік және діни нормалар біршама рөл атқарады. Әлеуметтік жағдайлар жеке тұлғанын жұмысқа қатынасына әсер етеді. Ол өз кезегінде онын бизнестін ұсынған еңбек ақы шамасына, еңбек жағдайларына қатынасына әсер етді. Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан қажетті жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардын болуы:

- Кәсіпорынды ашу және тіркеудін қарпайымдылығы мен жылдамдығы;

- Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;

- Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру; т.б.

Сипатына қарай–жеке меншік, біріккен; ұйымдастыру нысаны бойынша тұлғалық, ұжымдық (серіктестік, АҚ); шаруашылық субъектілері бойынша ірі, орта және шағын болып бөлінеді.


 



 

      


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Кәсіпкерліктің түрлері [31]

 

Кәсіпкерлік бірнеше  түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: Өндірістік ,коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне бойынша  жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы  бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер–адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті сенімге негізделген серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн–көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация–экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру