Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 09:28, дипломная работа

Описание

Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде негізінен айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.

Работа состоит из  1 файл

диплом.doc

— 902.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстаның кәсіпкерліктің дамуына Ұлттық банкі бекітетін қайта каржыландыру ставкасының деңгейі, инфляция деңгейі, салықтар саны міндетгі алым дар, төлемдер және салық ставкаларының мөлшері, шаруашылық серіктестіктер дің компаниялардың, фирмалардың өтімділік деңгейі, ресурстардың белгілі бір түрлеріне, эсіресе табиғи монополиялардың өнімдеріне қызметеріне бағалар (тарифтер) деңгейі, монопльды жоғары немесе монопольды төмен бағаларды орнатуды болдырмау, тауарлы нарықтарда бәсекені шектейтін, шаруашылық субъектілердің келісімдері сияқты экономикалық құралдар оң немесе теріс әсерін тигізеді. ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығы, оның сатып алушылық деңгейінің артуы және басқа да экономикалық факторлар мен жағдайлар маңызға ие болады,

Елдегі кәсіпкерліктің дамуы үшін маңызы зор әрекет қабілеттілігі бар дұрыс азаматтарға кәсіпкерлік немесе баска да экономикалық қызметпен айналысуға міндеттемелер мен кепілдемелерді, құықтарды мәлімдеумен шектел мей, нақты көрсететін, дамыған кәсіпкерлерді заңға қарама-қайшы мемлекеттік немесе басқа да тұлғалардың қызметінен қорғайтын, елдің болашақта дамуына адекватты құқыктық орта құру кәсіпкерлік дамуға міндетті шарты болып табылады. Шаруашылық кәсіпкерлік қызметті реттейтін, заңнамалық жэне нормативтік актілерді бұзғаны үшін кәсіпкерлер жауапкершілігін нақты бекіту керек. Сыртқы кәсіпкерлік ортаның басқа қосалқы жүйелерін қарастырмай-ақ, институционалды-ұйымдастырушылық орташа қысқаша сипаттама берейік. Оның дамуы кәсіпкерліктің қалыптасуына маңызды шарты болып табылады. Өйткені көптеген институттар (ұйымдар) кәсіпкерліктің белгілі бір түрімен айналысушы болып табылады және өз қызметінін мамандануын ескере отырып, қандай да бір қызмет түрлерін тұтынушыға көрсетеді.  Сонымен қатар басқа да кәсіпкерлік ұйымдарға сәйкес қызмет түрлерін көрсетеді. Мұндай институ-тарға төмендегі көрсетілгендер жатады; коммерциялық банктер мен басқа да несие-қаржылық ұйымдар; сақтандыру ұйымдары; жарнама компаниялары; аудит, консалтинг, кәсіпкерлер мүдделерін қорғау және т.б. кәсіби қызметтерді ұсыну бойынша мамандандырылған ұйымдар; кәсіпкерлік ұйымдар үшін кадрларды дайыңдау бойынша оқу мекемелері; компаниялар , ұйымдар шикзат,    материалдар, энергия, отын жэне баска да қызметтердің жабдықтаушылары, көтерме және бөлшек саудагерлер және т.б Өндірістік кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы үшін табиғи ресурстардың болуы, оларды өндіру мен өңдеу, әсіресе шығындардың құрамында үлкен үлес салмақты кұрайтын қуат көзін өндіруді арзандатудың маңызы зор. Кәсіпорындарды құруға деген шығындар төмен болатын аймақтарда кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы жағдайлар қалыптасу анық.

Кәсіпкерліктің дамуына елдегі, оньң аймақтарындағы демографиялық жағдайдына тигізетін әсері де мол.  Бірақ, Қазақстанда қолайсыз демографиялық ахуал қалыптасуда: қайтыс болғандар саны өмірге келушілер санынан артуда, еңбекке қабілетті тұрғындар саны азаюда, зейнеткерлер саны артуда. Кәсіпкер табыс көптеген факторларға байланысты, олардың ішінде маңыздысы ретінде кәсіпкерлік ұйым қызмет етуінің ішкі жағдайларының белгілі бір жиын -тығы ретінде сипатталатын ішкі кәсіпкерлік ортаны атауға болады. Көбінесе ішкі кәсіпкерлік орта субъективті сипатқа ие болады: ол тікелей кәсіпкердің өзіне, оның құзыреттілігіне, күшіне, мақсаттылығына, деңгейіне, бизнесті жүргізуіне және деген қабілетіне байланысты.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі заңмен тыйым  салынбаған, серіктестік көздерінен алғышартын құрлтайшылардың  қатысушылардың табыстарынан алынған салымдары есебінен калыптасады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктін жарғылық капиталы құрылтайшылардың қатысушылар -дың салымдарын біріктіру жолымен құрылады және 100 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, заттар, мүліктік кұқықтар, соның ішінде жерді иелену құқығы және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мүлікке деген құқықтар болуы мүмкін. Жеке мүліктік құқық және басқа да материалдық емес игіліктер түрінде салымдар салуға жол берілмейді.

Жарғылық капиталдың көбеюі келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

Серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, оның ішінде  резервтік капитал есебінен жарғылық капиталдың көбеюі; нақты құны баланстық құнынан асатын серіктестіктің таза активтерін меншікті капиталды қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен жүргізілуі мүмкін; қалған қатысушылар келісім біргей жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылармен қосымша салымдарды енгізу; серіктестіктің барлық қатысушыларымен жасалатын қосымша прогоро --ционалдысалымдар; серіктестік кұрамына жаңа қатысушыларды қабылдау. 

Қатысушылардың жауапксршілігінін шекті мөлшері серіктестік жарғыда көрсетіледі. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олар –дың салымдарына сәйксс бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының    Заңында қолданылады.

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік  қызметі үшін мүшелік негізде  олардың өз еңбегімен қатысуына  және мүшелерінің мүліктік жарналарын пайдаларды біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы керек. Кооператив мүшелері заңнамалык актілермен тыйым салынбаған  кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналысуға құқылы.

 

 

2 «Прогресс-СМ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпкерлік- шаруашылық қызметін талдау

 

 

2.1 «Прогресс-СМ» ЖШС өндірістік- ұйымдастырушылық  қызметін  талдау

 

 

 1997 жылы «РМЗ» ААҚ – ы сегменттелді, басқаша айтқанда ЖШС-жеке бөлініп шықты. Ол профиль  жасаумен, стандартты емес құрылғылар  дайындау -мен, профиль жасаумен, оттегі жіберумен айналысты.

2008жылы ақпанда қайта  тіркеу жүргізілді. 1997 жылмен салыстырғанда  құрылтайшылар құрамы өзгерді,  саны өсті, қызмет түрлері кеңейді. Олар арнайы профиль дайындай бастады, жеке тапсырыстар бойынша қызмет атқара  бастады. Кәсіпорынның оттегі станциясы бар, зауытты жалға алады.

Кәсіпорын жарғысы заңды  тұлға жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанында  құрылған.

Серіктестік құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркеу өтеді.

Серіктестіктің фирмалық атауы: «Прогресс – СМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

«Прогресс – СМ»ЖШС шағын  кәсіпкерлік субъектісі болып табылады, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы Заңына сәйкес және басқа да заң актілеріне, сонымен қатар жарғы негізінде  жүргізеді. Серіктестіктің активтері 1 жыл ішінде 60000 еселенген көрсеткіштен аспауы керек, серіктестіктің жұмысшыларының саны, оның ішінде уақытша мерзіммен, келісімшартпен, қосымша істеуші 50 адамнан аспауы керек. 

Серіктестіктің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Комарова көшесі, 1.Серіктестіктің қызметі шексіз. Меншік түрі–жеке меншік.

Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес серіктестік заңды тұлға болып табылады, серіктестік шаруашылық есеп принциптнрімен жұмыс істеп, өзін-өзі қаржыландыруда қолданады, оның дербес мүлкі, дербес балансы, банкілік есеп шоты, өзінің дөңгелек мөрі, эмблемасы, фирмалық бланкісі, басқа реквизиттері бар. Өз атынан келісім шартты жасайды, алуға құқықты және оған өзінің жеке құқығы мен міндеттері де болалады.

Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады.

Қатысушылар серіктестіктің міндеттері бойынша жауап бермейді, ол серік тестік қатысушылардың өз борыштары бойынша жауап бермейді.

«Прогресс–СМ»ЖШС–ң қызметінің мақсаты мыналар:

  • жарғылық қызметке сай заңды тұлғалардың және тұрғындардың сұрауларын қанағаттандыру арқылы пайда  табу;
  • серіктестіктің жұмысшыларының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін және жаңа жұмыс орнын құру үшін.

Мақсатына жету үшін төмендегі негізгі қызметтеріді орындайды:

- құрылыс және технологиялық жұмыстарды жасау;

- темірден халық тұтынатын тауарларды және бұйымдарды өндіру;

- көтерме және бөлшек сауда;

- делдалдық  сауда қызметі;

- сыртқы  экономикалық  қызмет

Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған қызметінің барлық түрімен шұғылдануға, оның азаматтық құқы бар және оның қызметіне байланысты міндеттерге жауап береді.

Серіктестік құқылы:

- заңды және жеке тұлғалармен республиканың ішінде жеке одан тыс келісім шарт жасауға;

- құрылыс салуға, сатып алуға, жалға беруге, ғимараттарды, жабдықтарды, көлік, басқа да қозғалатын жеке қозғалмайтын мүлікті сатуға;

  • қаржылық – шаруашылық қызметін өз бетімен жоспарлауға;
  • сенім хат беруге;

- республиканың  заңдарында  анықталғандай  несие  алуға,  облигация  шығаруға  құқықты;

- басқа шаруашылық серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың құрылтайшысы бола алады;

Қазақстан Республика аумағында, шет елде  еншілес серіктестіктер,  фирмалар, өкілдіктер құруға. Жарғылық капитал мөлшері–82300 тенге. Мемлекеттік тіркеу кезеңінде жарғылық  капиталтолығымен құрылған болатын.

Құрылтайшылар үлестері келесідей бөлінген:

1) Егай А.Д. – 20%

2) Байтаев Б.И. – 15%

3) Новмкова А.В. – 15%

4) Решетников А.В. – 10%

5) Лучкин А.П. – 10%

6) Казанкапов  А.Н. -10%

7) Бейсембаев  К. – 10%

8) Батраченко Н.А. -10 %

Мұндай бөлу құрылтайшылар  шартында көрсетілген.

Жарғылық капитал серіктестіктің пайдаланылған таза табысынан немесе табысқа қатысқан қаржының есебінен өзгеруі мүмкін.Серіктестіктердің органдары болып табылады:

  1. Серіктестіктің жоғары органы – қатысушылардың жалпы жиналысы.
  2. Атқарушы органы–директор
  3. Бақылаушы органы– ревизор.

Серіктестіктің таза пайдасы серіктестіктің осы жылғы қызметінің нәтижесін бекітетін жалпы жиналыстың шешіміне сай бөлінеді.

Әрбір қатысушылар бөлінетін  пайдадан өз үлесін алуға құқылы.

Төлемді шешім қабылданғаннан кейін 1 ай ішінде ақшалай төлеуге міндетті.

Шығындар резервтік капиталдан жабылады.

Резервтік капитал жарғылық қордың 25% құрғанша жыл сайын таза пайданың 5% кем емес мөлшерінде аударылады. Жетпеген жағдайында шығын дар басқа фондтармен жабылады.

Өндірілетін өнім тізімі:

- арнайы профиль, остнастка , стандартты емес құрылғы, металлопрокат

- швеллер, құлыптар ,профлист , ролликтер , қызметтер.

Негізгі қызмет–арнайы профиль шығару. Остнастка профиль бойынша тек  қажет болған жағдайда ғана дайындалады. Стандартты емес құрылғылар тапсырыс бойынша, басқалары да тапсырыспен шығарылады. Құлыптар профильге, профильдің қорабына орнатылып, ал ролликтер – жеке дайындау мен шығарылады. Мысалы,  тапсырыспен металдан жасалған шкаф шығарылуы мүмкін.

Арнайы профиль ассортиментіне келсек, ол  тек размерлер бойынша  бөлінеді. Ол технологиялық процесстер құжаттарында және прайс–листерде көрсетілген.

Профиль: - ПЖ – 28,5 х 17,5, ПЖ–40 х19 х 7,5 ,ПЖ–16-ПЖ 33 х 20  ПЖ 26 х 24 х 22 х 13 ,ПЖ – 35 х 30 х 19,  ПЖ – 30 х 21,5 х 9, ПЖ – 32,5 х 20 х 16, ПЖ – 15,5 х 34,5, ПЖ – 35 х 30 х 20 х 10,  ПЖ – 35,3 х 30 х 38,5, ПЖ – 24,5 х 34,5,  ПЖ – 25 х 35,  ПЖ – 35 х 32, ПЖ – 19 х 59,  ПЖ – 33 х 45, ПЖ – 17 х 63, ПЖ  – 35 х 62,5, ПЖ –  50 х 50, ПЖ – 56 х 56.  Профиль ассортименті тапсырыс  берушілердің қолдауына байланысты болуы мүмкін.

Профиль парақтарының размерлері бір, ұзындықтары әр түрлі. Көрсетілетін қызметтер, яғни тапсырыс берушінің материалдарынан профиль дайындау.

Енді кәсіпорынның өнім өндіру туралы есеп беруіне сүйене отырып, талдау жасайық.

2012 жылы арнайы профильдің көтерме бағадағы көлемі (мың тг.) есепті жылғы қолданыстағы бағаме 13458,4 құрады, бұл көрсеткіш 2008 жылы–5682, 2010 жылы–75471 болды. Барлық қызмет  түрлерін  қоса  алғанда,  барлығы– 2005 жылы – 13539, 2010 жылы–28192, 2012 жылы–92997 мың теңге құрған. Мұнда 2010 жылы өткен жылғымен салыстырғанда көтерме бағадағы өнім көлемі (акциздер мен ҚҚС – сыз) өскен. 2011 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 64805 мың тг-ге көбейген.  Бұл  көрсеткіштің өсу себебі – кәсіпорын өніміне сұраныстың артуы, кәсіпорынға келіп түскен тапсырыстар  санының артуы.  Кәсіпорын өніміні сапасы, яғни техникалық жағдай бойынша анықталады.  Мұнда техникалық талаптар, мысалы, профиль дердің  размерлерінің шекті ауытқулары  номеналды размерлерінен  ұзындығы  бойынша плюс 40 мм-ден  аспау керек. Сонымен бірге онда қауіпсіздік талап тары, қабылдау талаптары көрсетілген.

2004 жылдан бастап «Прогресс  - СМ» ЖШС «КҚС» ЖШС – мен келісім шартқа отырды («Қазақстандық сертификация  орталығы»). Келісімшарттың пәні – «Тапсырыс беруші», мұнда – «Прогресс - СМ» ЖШС, ал «Орындаушы» «КЦС» өзіне аралық, сертификациялық тексерулер жүргізуді артады.

Кәсіпорынның өнім өндіру  нарығындағы рөліне, алатын  орнына тоқталсақ. Кәсіпорын өнімі сұранысты қанағаттандыруға қабілетті және өткізу нарықтары тек Үштөбе, Талдықорған қаласын қамти қоймай, Алматы, Павло -дар, Қарағанды, Теміртау және Өзбекстан, яғни сыртқы нарықты да қамтиды.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру