Қосылған құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Описание

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

     Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының  дұрыстығын растау үшiн қосылған құн  салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру  тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк  орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар: 
1) қарсы тексерулер:

     бұл салық төлеушiнiң қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш беру сәтiнiң алдындағы он екi ай кезең iшiнде аталған салық төлеушiге айына кемiнде бiр рет тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзудi жүзеге асырған берушiлерге; 
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге; 
қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi; 
2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны; 
3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторингтелуiне тиiс болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлiгiнiң негiзiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкiн екендiгi ескерiле отырып қабылданады. 
5. көзделген қосылған құн салығы:  
1) шағын бизнес субъектiлерi;

2) шаруа (фермер) қожалықтары; 
3) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн белгiленген арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiлерге қайтарылмайды.

Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару

  1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет

көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн  салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса: 

1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын  грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлсе; 

2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант  мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса; 

3) тауарларды  өткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтер  көрсету грант алушымен не  грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi iшiнде қайтарады. 

2. грант  алушыларға қосылған құн салығын  қайтару Салық Кодекстiң 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. 

Қосылған  құн салығының грант қаражаттары  есебiнен төленгенiн растайтын  құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттiк  орган белгiлейдi. 

     Қосылған  құн салығын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару                     

1. Салық Кодекстiң 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.  
2. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленген фактiсiн растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердiң және т.б.) көшiрмелерi негiзiнде жүзеге асырылады. 

     Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңiлдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн сақтау жөнiндегi Ноталармен алмасуды растау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне табыс етедi. Расталғаннан кейiн жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттiк орган қайтару жүргiзудi белгiлейтiн салық органына тапсырылуға тиiс. 

     Егер  жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелетiн құжаттарда қосылған құн салығының сомалары жеке жолмен бөлiнiп көрсетiлмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерден олардың қосылған құн салығын шот-фактураға енгiзуi туралы растауы алынған кезде ғана мүмкiн болады.  
3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.

     Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және осы өкiлдiктердiң  дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң  тиiстi шотына аударылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды 
 

   Қазақстан Республикасының салық кодексінің 205-бабы бойынша қосылған құн салығының  негізгі ережелері бекітілген. Қосылған құн салығы жанама салықтың бір түріболып табылады. Қосылған құн салығы деп-елдегі тауарларды сату,өткізу және қызмет көрсетулерді жүргізу барысында олардың алғашқы құнына қосылған құнның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке төленуін айтады.

     Қосылған  құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың  айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Салық салу объектiлерi

  • салық салынатын айналым
  • салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады.

Төлеушiлер

  • Салық Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар: 
    жеке кәсiпкерлер; 
    мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар; 
    қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
  • заңды тұлғаның Салық Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.  
  • Тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын төлеушiлер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Павлодар қаласында орналасқан  «Самал» азық-түлік дүкенінің мысалы бойынша тәжірибе жұмысы

     «Самал» дүкені 2006 жылы Павлодар қаласында  ашылды. Дүкенде 7 адам жұмыс істейді. Дүкен айында 401297,5 мың теңге, ал жылына 4815570 мың теңге тауар айналымын  жасайды.

     «Самал» дүкені тауар айналымын өткізуден  басқа бюджетке қоршаған ортаны ластағаны  үшін төлемақы,әлеуметтік салық,жер  салығы және мүлік салығын төлейді.

     «Самал» дүкенінің жұмыскерлерінің бір  айлық еңбек ақысы қоры 401297,5 теңгені  құрайды. Еңбекақы бойынша 38927,3 мың теңге ЖТС және 40130 мың теңге ЖЗҚ-на аударым жасайды.

«Самал» азық-түлік дүкенінің сатылған тауарына қосылған құн салығы есебін тексер

Тауардың аты өлшем бірлігі Сатылған көлемі бағасы барлығы Бюджетке төленген салық
1 2 3 4 5 6
1 қант Тонна 15,0 90теңге 950000 133000
2 ұн Тонна 30,0 36теңге 980000 137200
3 сары май Тонна 5,3 450теңге 1985000 277900
4 сүт Литр 9,5 60теңге 570000 79800
  барлығы   59,8 636 4485000 627900
 

Шығару  жолы

  1. Барлық төленген сомасын табамыз

15000*90=1350000

30000*36=1080000

5300*450=2385000

9,5*60=570

  1. Қосылған құн салығын есептейміз

1350000*13%=175500

1080000*13%=140400

2385000*13%=310050

570*13%=761

Тауардың аты Сатылған көлемі бағасы барлығы Бюджетке төленген салық
1 2 3 4 5
1 Қант 15000 90теңге 1350000 175500
2 Ұн  30000 36теңге 1080000 140400
3 Сары май 5300 450теңге 2385000 310050
4 сүт 9,5 60теңге 570 74,1
  барлығы 50309,5 636 4815570 626024,1

Информация о работе Қосылған құн салығы