Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:42, курсовая работа

Описание

Салықтың экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
I.Тарау. САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ......................................... 4
1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................4
1.2. Салық жүйесі.....................................................................................
1.3 Салық алуды ұйымдастыру
II.Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
2.1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
2.2. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері_____________ 41-43
2.3. Салық салудағы өзгерістер_____________________________________ 43-46
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Салық және салық жүйесі.doc

— 217.50 Кб (Скачать документ)

                                           Жоспар:

    Кіріспе.......................................................................................................3 

    I.Тарау.  САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ......................................... 4 

    1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні................4 

    1.2. Салық  жүйесі..................................................................................... 

    1.3  Салық алуды ұйымдастыру 

    II.Тарау.  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 

    2.1. Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері 

    2.2. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері_____________ 41-43 

    2.3. Салық салудағы өзгерістер_____________________________________ 43-46 

    Қорытынды 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

    Салық - кез келген өркениетті мемлекеттің негізгі табыс көзі.

    Салық жүйесі – мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы күрделі,өзара байланысты әлеуметтік – экономикалық қатынастардың жиынтығы.

    Осы қарым-қатынастар неғұрлым үйлесімді  болса, соғұрлым салық жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатына ықпалды болады. Салық жүйесі экономикалық саясаттың құралы ретінде кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға, елдің тұрмыс-жағдайын жақсартуға, елде болып жатқан экономикалық процестерге белсене қатысуы тиіс.

    Ұйымдық – құқықтық жағынан салықтар  - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

    Салықтардың экономикалық мәні оолардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлеект жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

      Салықтар қаржының бастапқы категориясы  болып табылады,олар мемлеектпен  бірге пайда болды және мемлекеттің   өмір сүріп, дамуының негізі  болып саналады.

    Салықтар  барлық елдерде, олардың қоғамдық –экономикалық  құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің  басты қаржылық құралы, мемлекеттің  кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып  табылады.

    Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруда заңды және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді.

    Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу –әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.ҚР-сы Конститутциясының 35-ші бабында:заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,- деп жазылған.

    Салықтың  экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін  алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

    Салықтың  мәні мемлекет өз пайдасына жалпы  ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы  жарна ретінде алып қалады.

    Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып  саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды. 
 
 

    I.Тарау.  САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ  ЖҮЙЕСІ

1.1. Салық ұғымы және оның әлеуметтік - экономикалық мәні 

    Салықтар  – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінумен  және мемлекеттің пайда блуымен, оған әсер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

    Салықтың  экономикалық мәні-шаруашылық субъектілерінен, азаматтардың ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.

    Салықтың  мәні мемлекет өз пайдасына жалпы  ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы  жарна ретінде алып қалады.

    Салықтар  мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады.Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.

    Салық дегеніміз-белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

    Қорыта  айтқанда, барлық анықтамалар бір  негізді құраушы  жүйе екендігін  байқауға болады.

    Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік,мұра)төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі –бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы)  алынады.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетке салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын  құрайды.

      Салық материалдық тұрғыдан алғанда,  бұл белгілі бір уақытта, белгіленген  тәртіппен белгілі мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін ақшалай сомасы, ал экономикалық мағынада – белгілі уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнының мемлекет пен төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланыстарын ақша қатынастары, заңдық не құқықтық мағынада – бұл тұлғаның мемлекетке белгілі бір мөлшердегі ақшалай беретін міндеттемені тудыратын мемлекеттік қарар.

    Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің  өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бөлігі болып табылатындығында және мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

    Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

    Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар –  мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.

    Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:

    - Салық – мемлекетке тиесілі  қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

    - Салық – ақшалай нысанда төленеді;

    - Салық – қайтарылмайтын төлем  болып табылады;

    - Салық – баламасыз сипатта болады;

    - Салық – салықты төлеген кезде  меншік нысандары айқындалады;

    - Салық – тұрақты экономикалық  қатынас туғызады;

    Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек  қарастырайық.

    1.Салық  – мемлекетке  тиесілі қоғамдық  жиынтық өнімді  бөледі.

    Мемлекеттік апппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын  өндірмейді. Сондықтан мемлекет заңды  және жеке тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы  мемлекет салықты белгілеу және өндіріп  алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.

    2. Салық – ақшалай  нысанда төленеді.

    Натуралдық  нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді.

    Салық кодексінде салық ақшалай нысанда  төленуі тиіс деп атап көрсетілген.

    3. Салық – қайтарылмайтын  төлем болып табылады.

    Салықты төлеген кезде ақша тек бір  бағытта ғана қозғалады, яғни салық  төлеушіден мемлекетке бағытталады.

    Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік  қарыз) айырмашылығы:

    - Біріншіден, ақша салық төлеушілерден  мемлекетке қарай қозғалады;

    - Екіншіден, кері қайтады, яғни  мемлекеттен салық төлеушілерге  бағытталады.

    Ал, қайтарымсыздық дегеніміз – ақшаны мерзімсіз алудыбілдіреді, яғни ол соманы қашан қайтатыны белгісіз.

    4. Салық – баламасыз  сипатта болады.

    Салық  құнның ақшалай нысанда бірбағытта қозғалысын айқындайды, төлеген салыққа  қарсы тауар түрінде болса  да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді.

    Сондықтан салық – баламасыз төлем болып  табылады.

    5. Салықты төлеген  кезде меншік нысандары  айқындалады.

    Салықты төлеген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді. Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады, ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.

    6.Салық  – тұрақты экономикалық  қатынас тудырады.

    Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары  пайда болады. тұрақтылықты мынадан  байқауға болады, яғни салық жеке түрде  емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.

    Салық қатыастарының тұрақтылығы салық  төлеу арқылы жүйелі төлемдерге бармауы  тиіс. Кейбір салықтарда салық төлеушілер үшін салық төлеу жеке төлемдік сипатта болады (мысалы, мүлік салығын жеке азаматтар жылына бір рет төлейді) немесе кейде кенеттен салық төлеу сипаты пайда болады (мәселен, ойламаған жерден жасаған жұмысына жалақы алады).

    Азаматтардың  мүлік салығын төлеген кезде, оның салық қатынастары қысқартылмайды, қайта салық төлеушілердің ағымдағы кезеңдегі төлеген салықтарымен қоса, келесі салық кезеңдерінде де салық төлеуге міндетті болады. бұл процесс салық төлеушілердің меншік иесі ретінде құқынан айрылғанға дейін жалғасын таба береді.

    Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше  белгілері бар, атап айтқанда:

  1. салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейлі;
  2. салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
  3. салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
  4. салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
  5. салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
  6. салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады;
 

    Салықты реттеудің тетіктері:

  1. Салық түрлері;
  2. Салық ставкалары;
  3. Салық жеңілдіктері;
  4. Салық салу әдістері;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер