Қосылған құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Описание

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

4) темiр  жол немесе әуе көлiгiнде тасымалдаушының  салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн  көрсете отырып берiлетiн жол  жүру билетiнде жеке жолмен  бөлiнген салық сомасы;  
5) есеп айырысулары банктер арқылы жүргiзiлетiн, коммуналдық қызметтер көрсетушi қолданатын құжаттарда көрсетiлген салық сомасы;  
6) Салық Кодекстiң 208-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, - осы баптың тиiстi тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тiзiмдемеде көрсетiлген салық сомасы;  
7) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегiнде көрсетiлген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.  
3. Халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлардың экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртiбi қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушiлерге төленуге тиiс қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен есепке жатқызылады.  
4. Қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңiнде есепке жатқызылады. 

     Қосылған  құн салығы Салық Кодекстiң 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған салық кезеңiнде есепке жатқызылады. 

4-1. Егер шот-фактураның жазбасы Салық Кодекстiң 242-бабының 4-тармағында көрсетiлген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзу бойынша айналым жасау күнiнен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнiнiң сол салық кезеңiнде есепке жатқызылады.   
5. Қосылған құн салығын төлеушiде салық салынатын және салық салынбайтын, оның iшiнде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы Салық Кодекстiң 239-бабында көзделген тәртiппен есепке жатқызылады. 
Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы

1) қосылған  құн салығын төлеушiнiң кәсiпкерлiк  қызметiне жатпайтын шаралар өткiзумен  байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi);  
2) қонақүй ретiнде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды (ғимараттың бiр бөлiгiн); 

3) негiзгi құралдар ретiнде сатып алынған жеңiл автомобильдердi;  
4) жалдау шартына сәйкес жөндеу шығыстарын жалға берушi өтеген және жөндеудi жүзеге асырған жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы жалға алынған ғимараттарды жөндеуге пайдаланылған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетудi);  
5) өтеусiз алынған мүлiктi (тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi), осындай мүлiк Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелiнген және осы мүлiктi алушы импорт кезiнде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиiс болса, есепке жатқызылмайды.

     Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету

1. Бұрын  есепке жатқызылған қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:  
1) салық салынатын айналым мақсаттарында пайдаланылмаған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша;  
2) негiзгi құралдарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жоғалған жағдайда (төтенше жағдайлар салдарынан туындаған реттердi қоспағанда), олар бойынша;

     Негiзгi құралдар бүлiнген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негiзгi құралдардың  теңгерiм құнына жататын құн бөлiгiнiң  есебiнен алып тасталады;  
3) табиғи монополиялар субъектiсi нормативтен тыс шеккен шығыстар бойынша;  
4) Салық Кодекстiң 242-бабында белгiленген ережелер сақталмаған жағдайда есептен шығарылып тасталуға тиiс.  
2. Осы баптың мақсаттары үшiн тауардың (мүлiктiң) барлық немесе жекелеген сапасының (өзiндiк қасиеттерiнiң) нашарлауы, соның салдарынан осы тауардың (мүлiктiң) салық салынатын айналым мақсатында пайдалануға келмей қалуы тауардың (мүлiктiң) бүлiнуiн бiлдiредi.

     Салдары тауардың (мүлiктiң) жойылуына және (немесе) ысырап болуына әкеп соққан оқиға  тауардың (мүлiктiң) жоғалуы деп ұғынылады. Салық төлеушi табиғи залалдың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар шегiнде шеккен тауар (мүлiк) ысырабы жоғалту болып табылмайды.  
3. Салық Кодекстiң 218-бабының 2-тармағында аталған жағдайларда алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген кезде, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы тиiсiнше түзетiледi.  
4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасын түзету осы баптың 1 және 3-тармақтарында аталған жағдайлар туындаған нақ сол салық кезеңiнде жүргiзiледi. 
Күмәндi мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын

1. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша  күмәндi мiндеттеме сомасын табысқа  енгiзген кезде осындай тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша  бұрын есепке жатқызылған қосылған  құн салығының сомасы, ол есепке жатқызылған кезден бастап үш жыл өткен соң есептен шығарып тасталуға тиiс. 

     Егер  қосылған құн салығы шығарып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша салық сомасы сол ақы төленген салық кезеңiндегi есепте қалпына келтiрiлуге тиiс. 

2. Қосылған  құн салығын өнiм берушi-төлеушi банкрот деп танылған жағдайда, бұрын есепке жатқызылған қосылған  құн салығы сомаларын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын өнiм берушi-төлеушiнi заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен алып тастау туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi. 

3. Күмәндi мiндеттемелер ұғымы Салық Кодекстiң 84-бабына сәйкес анықталады. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша айналымдар болған кезде қосылған құн салығын есепке жатқызу тәртiбi

 1. Салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.  
2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен анықталған қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызылады. 

     Есепке  жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған  әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.  
3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде Салық Кодексте белгiленген тәртiппен шегерiмге жатқызылады. 

Барабарлық  әдiсi

1. Есепке  жатқызылған қосылған құн салығының  сомасы барабарлық әдiс бойынша  салық салынатын айналымның жалпы  айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады.  
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асыру кезiнде бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған өсiм өткiзу бойынша айналымға қосылады. 

Бөлек есептеу әдiсi

1. Бөлек  есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi алған, салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомалары бойынша бөлек есеп жүргiзедi.  
2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.

3. Қаржы  лизингiне мүлiктi берген кезде  есепке жатқызудың барабарлық  әдiсiн пайдаланатын лизинг берушiнiң  қаржы лизингiне мүлiктi беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар. 

     2.2  Шот-фактура 

1. Шот-фактура  осы баптың 8-тармағында көзделген  жағдайларды қоспағанда, барлық  қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат болып табылады.  
2. Қосылған құн салығы салынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзудi жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушi аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы тұлғаға, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы көрсетiлген шот-фактураны беруге мiндеттi.  
3 Салық Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:  
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi мен толтырылған күнi;  
2) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты не толық атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi, сондай-ақ өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;  
3) өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) атауы;  
4) салық салынатын айналымның мөлшерi;  
5) қосылған құн салығының ставкасы;  
6) қосылған құн салығының сомасы;  
7) қосылған құн салығы ескерiлген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетiлуге тиiс.  
4. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады және берушiнiң басшысы мен бас бухгалтерiнiң, не осыған уәкiлеттi өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады.  

     Қосылған  құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр  жол тасымалдарын, көлiк-экспедиторлық  қызмет көрсетудi, банк операцияларын  жүзеге асыратын салық төлеушiлер  салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы.   
5. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық салынатын айналымның мөлшерi шот-фактурада тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) әрбiр атауы бойынша бөлек көрсетiледi.

     Егер  мұндай шот-фактураға өткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесi көрсетiлген құжат қоса тiркелген болса, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi. 

     Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне, сондай-ақ оның атауына сiлтеме болуға тиiс. 
5-1. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы ескерiле отырып көрсетiледi.   
5-2. Жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшерi тасымалдаушылар және басқа да жеткiзушiлер көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескерiле отырып көрсетiледi.  

     Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың  жазбасы уәкiлеттi мемлекеттiк орган  белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.    
6. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен және нысан бойынша шот-фактуралар жазады. 

     Осы тармақта көрсетiлген қосылған құн  салығын төлеушiлер Салық Кодекстiң 388-бабының 2-тармағына сәйкес табыс бойынша есептелген салық сомасынан аспайтын жалпы сомаға қосылған құн салығын қоса отырып шот-фактуралар жазады. 

7. Сыртқы  сауда келiсiм-шарттары бойынша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.  
8. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:  
1) бухгалтерлiк есеп жүргiзуде негiздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетiлген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерi үшiн есеп айырысуды жүзеге асырғанда; 
2) жолаушыларды тасымалдау жол билеттерiмен ресiмдегенде;  
3) қолма-қол есеп айырысу арқылы халыққа тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегiн берген кезде; 
4) қосылған құн салығынан босатылатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) табыс еткен кезде талап етiлмейді.

     Салық салынатын айналым түзетiлген кезде шот-фактуралар жасау

1.Салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура

жасалады, онда:

1) қосымша  шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi; 
2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмiрi мен жасалған күнi; 
3) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi мен алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi; 
4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi; 
5) қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi.  
2. Қосымша шот-фактураны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi жасайды және аталған тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы растайды.     

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қосылған құн салығы