Қосылған құн салығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 21:15, курсовая работа

Описание

Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өндiру және олардың айналысы процесiнде қосылған, оларды өткiзу бойынша салық салынатын айналым құнының бiр бөлiгiн бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезiндегi аударымды бiлдiредi. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиiстi қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн төленуге тиiстi қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Содержание

Кіріспе 4
1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою 6
1.1 Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт 9
1.2 Салық салынатын айналым мен салық салынатын
импорт мөлшерін анықтау 14
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар 16
2 Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар және импорт 19
2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу 26
2.2 Шот-фактура 30
3 Салықты есептеу және төлеу тәртібі 32
3.1 Қосылған құн салығы бойынша өзара қатынас 35
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курсовая.doc

— 364.00 Кб (Скачать документ)

4)төлем карточкаларымен, чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жасалатын операциялар; 
5) зейнетақы активтерiн, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының активтерiн инвестициялық басқару бойынша қызмет көрсету;

6) ипотекалық  тұрғын үй заемдары бойынша  талап ету құқықтарын басқару жөнiнде қызмет көрсету; 
7) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту бойынша зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табысты бөлу мен есептеу жөнiнде көрсететiн қызметтерi;

8) кәсiпорынның жарғылық капиталына қатысу үлесiн өткiзу; 
9) микрокредиттер беру жөнiндегi операциялар; 
10) ломбардтардың жылжымалы мүлiктi кепiлге алу арқылы қысқа мерзiмдi қарыздар беруi;

11) кредиттiк  серiктестiктер өз қатысушылары  үшiн жүзеге асыратын мынадай  операциялар: 
аударым операциялары: төлемдер және ақша аударымы бойынша тапсырмаларды орындау; 
қарыз беру операциялары: төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысанда кредиттер беру; 
кассалық операциялар; 
кредиттiк серiктестiкке қатысушылардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу; 
кредиттiк серiктестiкке қатысушылар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн кепiлдiктер, кепiлдемелер және өзге мiндеттемелер беру. 
Қаржы лизингiне берiлген мүлiк

Егер  осы бапта өзгеше көзделмесе, мынадай  талаптар сақталған жағдайда:

1) мұндай  беру Салық Кодекстiң 74-бабында белгiленген талаптарға сай келсе; 
2) лизинг алушы мүлiктi негiзгi құрал ретiнде алса, мүлiктi қаржы лизингiне беру лизинг берушi алуға тиiс сыйақы сомасы бөлiгiнде қосылған құн салығынан босатылады. 
2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде тiзiп көрсетiлген шарттардың бiрi сақталған кезде: 
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Koдекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;

2) егер  берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң  225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.  

     Коммерциялық  емес ұйымдар көрсететiн қызметтер

     Салық Кодекстiң 120-бабының 1-тармағында аталған коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын қызметтердi көрсету бойынша айналымдар, егер олар: 
1) балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлерi мен мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiнде қызмет көрсетумен; 
2) дiни ұйымдардың әдет-ғұрыптар мен рәсiмдердi жүзеге асыруына және дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.

     Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары 

     Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын iске асыру бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

     Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары  деп көмiрсутектi және минералдық шикiзат  кен орындарын (кендерiн) iздестiрудi, барлауды, бағалау мен игеруге  дайындауды қамтамасыз ететiн, өзара  байланысты, белгiлi бiр кезекпен қолданылатын жұмыстардың жиынтығы ұғынылады.

Мыналарға: 
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған: 
      жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) барлау жөнiнде жұмыстарды жүргiзуге; 
      барлау жүргiзу кезеңiнде жер қойнауы учаскелерiнде (геологиялық бөлiп берiлген жерде) бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған келiсiм-шарттың 
2) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеудi жүзеге асыру жөнiнде жұмыстарға мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың аясында салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) жүзеге асыратын геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарына қатысты босату қолданылады. 
      Геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстары нақты түрлерiнiң, сондай-ақ геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарының құрамдас бөлiгi болып табылатын арнайы жұмыстардың жекелеген түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi және құны геологиялық объектiнi зерттеу мақсаты мен оның ерекшелiктерiн, ғылыми-техникалық мүмкiндiктердi, геологиялық барлау және геологиялық-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге қойылатын геологиялық-әдiстемелiк талаптарды, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды ескере отырып, әрбiр геологиялық (ғылыми-геологиялық) объектiге арналған жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиiс.

     Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер

     Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

     Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтерге  жаңа объектiлердi салу кезiндегi жобалау, жобалау-құрылыс, құрылыс-монтаждау  жұмыстары жатады.

     Салықтан  босату салық төлеушi (мердiгер, қосалқы мердiгер) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасасқан концессиялық шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсететiн қызметтерге қатысты қолданылады.

     Инфрақұрылымдық жобалар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiледi. Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға байланысты жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң нақты түрлерiнiң тiзбесi, олардың көлемi мен құны әрбiр жоба бойынша жаңа объектiнi зерттеу, жобалау, салу мақсатын негiзге ала отырып және осы инфрақұрылымдық жобаны iске асыру үшiн қойылатын ғылыми-техникалық, экономикалық және экологиялық талаптардың ерекшелiктерiн ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттамада айқындалуға тиiс.

Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы қызмет көрсетулер, жұмыстар    

     Мәдениет, ғылым және бiлiм беру саласындағы  қызмет көрсетулер, жұмыстар, егер олар мынадай: 
1) шоу-бизнес саласындағы қызметтердi қоспағанда, театр-концерт қызметiн жүзеге асыру жөнiндегi; 
2) мектепке дейiнгi тәрбиелеу мен оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру салаларында қызметтiң осы түрлерiн жүргiзуге құқық беретiн тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бiлiм беру;  
3) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына; 

4) кiтапхана  қызметiн көрсету жөнiндегi;  
5) тарихи және мәдени мұраны, мұрағаттық құндылықтарды сақтау жөнiндегi қызмет көрсетулерге, жұмыстарға жататын болса, қосылған құн салығынан босатылады.

     Медициналық және мал дәрiгерлiк қызмет саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулер

1. Медициналық  және мал дәрiгерлiк қызмет  көрсетумен байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзу бойынша  айналымдар: 

1) кез  келген нысандағы дәрi-дәрмектiк заттарды, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;  
2) медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдарды, оның iшiнде протездiк-ортопедиялық бұйымдар мен медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндiру үшiн қажет материалдар мен жинақтаушы заттарды өткiзген;  
3) косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық (мал дәрiгерлiк) қызмет көрсетiлген жағдайларда қосылған құн салығынан босатылады.  
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.

     Кәсiпорынды  сату

1. Қосылған құн салығын төлеушiнiң бiреуi екiншi бiр қосылған құн салығын

төлеушiге кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстеп тұрған бөлiгiн өткiзуi: 

1) берiлетiн  активтерiн, оларды қалыптастыру  көздерiн және (немесе) олар бойынша  мiндеттемелердi көрсете отырып, кәсiпорынның  тарату балансы және (немесе) бөлу  мен беру балансы негiзiнде;  
2) осы тармақта көзделген, айналым жасалғаннан кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi салық органдарына ұсынылған қосылған құн салығынан босатуды қолдану жөнiндегi операцияға қатысушылардың екеуi де қол қойған өтiнiш негiзiнде қосылған құн салығынан босатылады.  
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт беретiн құқықтарды қайтадан басқа бiреуге берген жағдайда да қолданылады.

     Қосылған  құн салығынан босатылатын импорт

1. Қосылған  құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады:  
1) ұлттық валюта, шетел валютасы (нумизматикалық мақсатта пайдаланатыннан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар импорты;  
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты;  
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнген тауарлар импорты;  
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнген тауарлар импорты, оның iшiнде техникалық жәрдем көрсету; <*> 
5) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ солармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнген және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылған тауарлар импорты;  
6) салық төлеуден босатуды белгiлейтiн кеден режимдерiнде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиiстi тауарлар импорты;  
7) дәрi-дәрмектiк заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрiгерлiк) техниканы қоса алғанда, дәрi-дәрмек және диабет заттарын өндiруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрiгерлiк) мақсаттағы бұйымдар импорты.

     Осы тармақшада аталған тауарлардың  тiзбесiн Қазақстан Республикасының  Үкiметi бекiтедi; 
8) пошта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа) импорты; 
9) қағаз ақша белгiлерi өндiрiсi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикiзат импорты;  
9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;  
10) мемлекеттердiң, мемлекеттер үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты; 
11) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.

     Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi; 
12) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаны iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға, олардың мердiгерлерi немесе қосалқы мердiгерлерi әкелген тауарлар импорты.

     Қазақстан Республикасының Үкiметiмен инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға жасалған концессиялық шарт шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, олардың мердiгерлерi мен қосалқы мердiгерлерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ аталған тiзбеге өзгерiстi концессионер уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiседi және кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi әрбiр инфрақұрылымдық  жобаға осы тармақшада аталған тауарлардың жеке тiзбесiн бекiтедi. 
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
 

     2.1  Қосылған құн салығы бойынша есепке жатқызу

      

     Есепке  жатқызылатын қосылған құн салығы

1. Егер  осы тарауда өзгеше көзделмесе, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиiс салық сомасын анықтау кезiнде, негiзгi құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:  
1) тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) алушы осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылса;  
2) шот-фактура жазылған күнге қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа құжат "ҚҚС жоқ" белгiсiмен жазылады;  
3) тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса;  
4) Салық Кодекстiң 221-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалса, олар үшiн төленуге тиiс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.  
1-1. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшiн шеккен шығыстар ретiнде қарастырылады.  
2. Мыналар:  
1) қосылған құн салығы бөлiп көрсетiлген шот-фактуралар бойынша өнiм берушi төлеуге тиiс салық сомасы;  
1-1) оларда қосылған құн салығымен бөлiп көрсетiле отырып ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бiрақ Салық Кодекстiң 245-бабының 1-тармағында белгiленген ставкадан аспайтын салық сомасы;  
1-2 Салық Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес қаржы лизингi шарты бойынша (қайтарымды лизинг шартын қоспағанда) 
жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бiрақ осы Кодекстiң 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушiнiң айналым жасау күнiне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшерiне келетiн салық сомасынан аспауға тиiс салық сомасы;  
1-3) қайтарымды лизинг шарттары бойынша Салық Кодекстiң 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төленуге тиiс салық сомасы;  
2) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделiп, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бюджетiне төленген және кеден режимiнiң шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;  
3) Салық Кодекстiң 221-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенiн растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетiлген салық сомасы; 

Информация о работе Қосылған құн салығы