Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 18:22, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін сақтамағаны үшін кінәлі басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазьмды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3
1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ.............................4
1.1 Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама..................................................4
1.1 Әскери қызметшiлердiң мәртебесi..............................................................5
2. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН
ҚҰҚЫҚТАРЫ.................................................................................................7
2.1 Әскери қызметшілердің қызмет уақыты және демалысы. .......................9
2.2 Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету...............................11
2.3 Меншік құқығы..................................................................................................13
2.4 Медициналық қамтамасыз ету.........................................................................15
2.5 Әскери қызметшілерге қаза тапқанда және жарақат алған жағдайда берілетін жеңілдіктер................................................................................................17
Білім құқығы........................................................................................................19
Көлікте жүру.......................................................................................................20
Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру .................................................................................................21
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН
ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ...............................................................................................23
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................33

Работа состоит из  1 файл

дайын °скери ·ызмет мерей.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

 2.8 Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру

Әскери қызметшiлер "Жалпыға  бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әскери қызметтен босатылуға құқылы. 20 және одан да көп жыл қызмет атқарған әскери қызметшiлердi олардың өздерi мен отбасы мүшелерiне заңдарда белгiленген нормалар бойынша тұрғын жай бермейiнше, әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына, штат қысқартылуына байланысты босатуға болмайды.

Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер  мен әскери (арнаулы) оқу орындарының  курсанттарынан басқа) әскери қызметтен  заңсыз босатқан ретте осыған байланысты келтiрiлген зиян Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың есебiнен толық көлемiнде өтелуге тиiс. Негiзсiз босатылған әскери қызметшiлер бұрынғы лауазымымен (ал оның келiсiмi бойынша оған тең немесе төмен) әскери қызметке орналастырылады және заңсыз босатылғаннан кейiн алмаған қаражаттың барлық түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Бұл кезең қызмет еткен жылына және кезектi әскери атақ беру үшiн қызмет еткен мерзiмiне қосылады. Аталған реттерде әскери қызметшiлердi қайтадан әскери қызметке алу және оларға келтiрiлген зиянды өтеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшiлерге әскери қызметтен босатылған кезде мынадай бiр жолғы жәрдемақы төленедi: жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуiне немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, әскери қызметшi әйелдерге, шарт бойынша қызметтен өтушi әскери қызметшiлерге;

әскери қызметте 10 жылдан 15 күнтiзбелiк жылға дейiн қызмет еткендерге - ақшалай қаражатының  төрт айлықақысы;

15 жылдан 20 жылға дейiн - ақшалай қаражатының бес айлықақысы;

20 жылдан 25 жылға дейiн  - ақшалай қаражатының алты айлықақысы;

25 жылдан 30 жылға дейiн  - ақшалай қаражатының жетi айлықақысы;

30 жылдан көп - ақшалай  қаражатының сегiз айлықақысы;

мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге - айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар қатарындағы аталған адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде төленедi. Әскери қызметтен өту кезеңiнде мемлекеттiк орденмен (ордендермен) наградталған әскери қызметшiлерге берiлетiн бiр жолғы жәрдемақының мөлшерi ақшалай қаражаттың екi айлықақысына көбейтiледi. Мерзiмдi әскери қызметтi өткерген адамдардың өздерi шақырылған нақ сол кәсiпорынға жұмысқа қабылдану кезiнде басым құқығы болады. Әскери қызметтен босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, олардың мамандық алуы, зейнетақы алу құқығынсыз әскери қызметтен босатылған адамдарды жұмыспен қамту Қазақстан

Әскери қызметшiлердiң  әскери тәртiптi бұзғаны және құқық  бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылығы

Әскери қызметшiлер  әскери тәртiптi бұзғаны үшiн әскери жарғыларда белгiленген тәртiппен жауапты  болады.  Әскери қызметшi әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жасаған  қылмысы мен өзге де құқық бұзушылықтары  үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкiмшiлiк немесе материалдық жауаптылықта болады. 

 

 

 

3. Әскери қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандырудың ерекшеліктері

 Еңбек сiңiрген жылдары  үшiн зейнетақы төлемдерiн алу  құқығы 

1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілердің, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң:

1) арнайы атақтар беріліп,  Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, қызметте тұрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектi жасына жеткен;

2) арнайы атақтар беріліп,  Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын  әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызметте кемiнде 25 еңбек сiңiрген жылы бар, штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша босатылған;

3) арнайы атақтар беріліп,  Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын  ішкі істер органдарының, Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігі  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының офицерлері, прапорщиктері (мичмандары), орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдары, сондай-ақ арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын, келісім-шарт бойынша әскери қызметтен өтіп жүрген, әскери қызметте және ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекті жасына жетуі бойынша, штатты қысқарту немесе денсаулық жағдайы бойынша қызметтен босатылған, жиырма бес жыл және одан да көп жалпы еңбек стажы бар, оның кемінде он екі жыл алты айында үздіксіз әскери қызмет және ішкі істер органдарында қызмет атқарған адамдардың еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.

Қызметтен босатылған және 1998 жылғы 1 қаңтарда он жыл және одан да көп жыл еңбек сіңірген, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне, осы баптьщ 1-тармағына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыға құқығы болмаған жағдайда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері осы Заңға сәйкес, жалпы негіздерде тағайындалады.

3. Әскери қызметшілер,  ішкі істер органдарының, Әділет  министрлігінің қылмыстық-атқару  жүйесі органдарының, бұрынғы Мемлекеттік  тергеу комитетінің, прокуратураның, қаржы (салық) полициясы органдарының, кеден органдарының, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерді әскери (арнайы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттік қызметке алғанда зейнетақы төлеу қызметке тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.

 

 Еңбек сіңірген  жылдары үшін Орталықтан төленетін  зейнетақы төлемдерінің мөлшері: 

1. Орталықтан төленетін  зейнетақы төлемдері: 

1) Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жыл және одан да көп болған жағдайда толық көлемінде;

2) Заңның 60-бабының 1-тармағында аталған негіздер бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы бар, арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын адамдарға, әскери қызмет стажы, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы қызмет стажы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылға жетпейтін жағдайда толық емес көлемде тағайындалады.

2. Орталықтан толық  көлемінде төленетін зейнетақы  төлемдері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың елу проценті есебінен белгіленеді.

3. Орталықтан толық  емес көлемде төленетін зейнетақы төлемдері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдарының және еңбек стажының өр жылға шаққанда осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі проценті есебінен белгіленеді.

4. Арнайы атақтар беріліп,  Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметте, ішкі істер органдарындағы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегі, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарындағы адамдарға қызметте жиырма бес жылдан астам еңбек сіңірген жылдарының әр жылы үшін  Заңның 60-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың екі процентіне, еңбек стажының әр жылы үшін бір процентіне көбейтіледі. Жиырма бес жыддан астам жалпы еңбек стажының әр жылы үшін осы Заңның 60-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшері Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың бір процентіне көбейтіледі.

5. Осы баптың 1-4-тармақтарына  сәйкес есептеп шығарылған зейнетақы  төлемдерінің жалпы мөлшерін  осы Заңның 63-бабына сәйкес белгіленетін ақшалай қаражаттың алпыс бес процентінен асыруға болмайды. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңцарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын өскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне айлық зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес еселенген мөлшерінен асыруға болмайды.

 Еңбек сiңiрген жылдарды  есептеу 

Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң еңбек сiңiрген жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен есептеп шығарылады.

Бұл ретте зейнетақы  төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдары, Қазақстан Республикасының  заңдарымен белгіленген жағдайларды  қоспағанда, күнтізбемен есепетеледі.

Зейнетақымен қамсыздандыру  үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражатының мөлшерi

1. Арнайы атақтар беріліп,  Қазақстан Республикасының заңдарымен  ішкі істер органдарының қызметкерлері  үшін белгіленген тәртіп қолданылатын  әскери қызметшілерді, ішкі істер  органдарының, Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi қызметтен босаған (адам құрамының тiзiмiнен шығарылған) күнге белгiленедi.

2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражат мөлшерiне лауазымдық айлықақысы, әскери (арнаулы) атағы бойынша айлықақысы (қосымша ақы) кiредi.

3. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерді, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшiн ескерiлетiн ақшалай қаражаты мөлшерi соңғы қызмет еткен жерi бойынша тиiстi қаржы органының белгiленген үлгiдегi анықтамасымен расталады.

 Зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оны жүзеге асыру мерзiмдерi

1. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне тағайындалған зейнетақы төлемдерін бюджет қаражаты есебінен төлеу қызметтен босаған (жеке құрам тізімінен шығарылған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қаражат төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

2. Арнайы атақтар беріліп, Қазақстан Республикасының заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерiне тиiстi қызметтердi ұстауға көзделген қаражат есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру алушылардың еңбекақысы немесе басқа да табысы болуына қарамастан толық жүргiзiледi.

Информация о работе Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама