Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)


64

 

 

Мазмұны:

 

 

КІРІСПЕ                                                                                                                        3

 

Негізгі бөлім                                                                                                                 5

 

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ

               ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1           Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы                           5

1.2           Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты                                                   8

1.3           Лизингтің түрлері                                                                                             14

1.4           Банк және банк операциялары                                                                        19

 

 

2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ

              ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ

               ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

 

2.1           Лизинг шартының субъектілері мен объектілері                                          24

2.2           Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері                                                               27

2.3           Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары                                     34

2.4           Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын                             40

         құқықтық реттеу

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ

               ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

3.1          Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері                                                       44

3.2          Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру                                                                               47

3.3          Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар        55

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                           59

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ                                                  61

 

 

ҚОСЫМШАЛАР                                                                                                       64

 

 

 

Кіріспе

 

1999 жылы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі азаматтық–құқықтық міндеттемелердің көптеген дәстүрлі түрлерімен қатар, бұрын Қазақстан заңдарына белгісіз болған бірқатар жаңа шарттарды қарастырды. Солардың бірі–лизинг шарты. Бірақ–лизингтік құрылым өзінің практикада қалыптасуы мен дамуының ұзаққа созылған кезеңі, лизинг шарты ҚР азаматтық заңдарында көрініс таппастан көп бұрын өткерді. Қазақстанның азаматтық құқықғына сәйкес 1999 жылға дейін лизинг операциялары «заңдарда көзделмесе де, оларға қайшы келмейтін» мәмілелер ретінде (ҚазССР АК–ның 4–бабы, ҚР АК–нің 7–бабы) жургізіле алды. Республикамызда нормативтік базаның болмағандығына қарамастан, кәсіпкерлік қызмет субъектілері лизингті практикада қолдана берді. Лизингте сатып алу–сату шарты мен мүлікті жалдау шартының элементтерінің болуы бұл шарттарды реттейтін нормаларды аналогия бойынша қолдануға мүмкіндік берді (ҚазССР АК–ның 3–бабы, ҚР АК–нің 5–бабы).

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.

Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

ТМД экономикалық кеңістігінде лизинг әлі де алғашқы қадамдарын жасауда. Қазақстан Республикасында лизингті дамытудың өзектілігі ең алдымен өндіріс құрал–жабдықтарының жағымсыз жағдайымен байланысты. Қазақстан Республикасы, халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта ұйымдастыруда инвестицияларға мұхтаж болып отыр. Кәсіпорындардағы
құрал–жабдықтардың елеулі физикалық тозуы мен моральдық ескіруі, негізгі капиталды жаңарту үшін жеткілікті қаржы ресурстарының болмауы Қазақстанды лизинг бизнесін дамытуда келешегі бар аймақ етеді.

Лизинг операцияларының көптеген елдерде кеңінен қолданылуы ең алдымен оның экономикалық, сондай–ақ құқықтық сипаттағы артықшылықтармен байланысты. Оның үстіне, АҚШ–та, Ұлыбританияда және басқа елдерде лизинг операцияларының қатысушылары елеулі салықтық жеңілдіктерді пайдаланады. «Лизинг қызметінің қарқынды түрде өсуіне себептердің бірі–шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын, кәсіпкерлерді қаржыландырудың альтернативті формасын іздестіруге мәжбүр ететін капитал рыногындағы қаржының жетіспеушілігі»,-деп Е.Нургалиева лизингтің Қазақстандағы дамуына тән белгісін дәл көрсетеді [20].

Кәсіпкерліктің лизингтік нысанының пайдалы екендігінің даусыздығына қарамастан, қызметтің бұл түрі еліміздің халық шаруашылығындағы әлі де баяу таралуда. Лизинг қызметін көрсетуде әлемдік практикада үлкен тәжірибе жинағына қарамастан, бұған себеп біздің көптеген кәсіпкерлеріміздің лизинг мәмілелерінің қаржылық механизмі және артықшылықтары жөнінде жеткілікті білімдерінің болмауында болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

 

1.1. Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы

 

Лизинг американдықтардың XX ғасырдың 50–жылдары ойлап тапқан жаңалығы, он жылдан кейін оны американдық кәсіпкерлер Еуропаға, кейіннен Жапонияға әкелінген деп санау қабылданған. Дегенмен ол бұлай емес. Көптеген мамандар лизинг тарихына қатысты мұндай көзқараспен келіспейді [1, 10б.]. Құжаттар аренданың (лизингтің) адамзатқа бағзы замандардан белгілі болғандығын растайды.

Шындығында, лизинг термині болмағанымен де, лизинг идеясы жаңалық емес. Лизинг мәмілесінің мәні Аристотель(б.э.д. 384/383–322) өмір сүрген дәуірде-ақ ашылған. «Риторикадағы» трактаттарыңның бірінде Аристотель: «Байлық–мүлікті меншік құқығына негізделген иеленуду емес, керісінше оны пайдалануда»,-дейді.

Экономикалық қатынастар тарихшыларының пікірлері бойынша аренда (лизинг) мәмілелері б.з.д. IV ғасырға, яғни Аристотель өмір сүрген жыл-дарға дейін көп бұрын белгілі болған. П. Болтус пен Б. Майджер «Школа Европейского бизнеса» деген кітабында, мұндай мәмілелер Ежелгі Шумер мемлекетінде жуықтап алғанда б.з.д. 2000–жылдары  жасалған  деп  жазады.

Гректерді, римдіктерді, египеттіктерді қоса алғанда, басқа ежелгі цивилизациялар аренданы тартымды, бәрі қолдана алатын, тіпті кей жағдайда құрал–жабдықты, жерді және үй жануарларын алудың бірден–бір мүмкін болатын тәсілі деп санаған.

Жақсы теңізшілерімен және саудагерлерімен аты шыққан ежелгі финикиялықтар экономикалық–құқықтық мәні қазіргі заманғы құрал- жабдықтар лизингінің классикалық нысанымен өте ұқсас кемелердің арендасын қолданған. Көптеген қысқа мерзімді аренда шарттары кемемен бірге экипажын қоса алуды қамтамасыз еткен [1, 11б.]. Бұл мәмілелер төменде кеңірек айтылатын қазіргі кездегі «толық» лизинг деп аталатын операцияларға сәйкес келеді.

Лизингтің бастауын Рим империясынан іздеу керек деген де пікірлер бар. Рим құқығының кодификациясын жүргізген Юстиниан (483–565) лизинг қатынастарын өзінің белгілі Институцияларында көрсеткен.

Англияда орта ғасырларда–ақ қазіргі заманғы лизингке ұқсас операциялар жүргізілген. Лизинг туралы алғашқы заңдардың бірі ретінде  1284 жылғы Уэлс заңын (Statute of Wales) атауға болады. Лизинг операцияларының ол заманғы объектісі негізінен фермерлік құрал–жабдықтар мен жылқылар болды. «Сол заманда–ақ лизинг адамгершілікке жатпайтын мақсаттар үшін аз қолданылмаған (мұндай жайтпен бүгінгі күні де ұшырасуға болады, бұл қырынан алғанда елеулі өзгеріс бола қойған жоқ)» [2, 13, 14б.].

Дегенмен көптеген мамандар мен ғалымдар қазіргі түсінімдегі лизингтің отанын АҚШ деп санауға бейім. Бұл пікір де негізсіз емес. АҚШ–та да Англиядағы тәрізді, лизинг темір жол траспорты саласында дами бастады: «Бұл орайда даму жағдайы өте ұқсас болғанын айта кету керек  Теміржол компаниялары вагондарды меншікке емес, пайдалануға алу мүмкіндіктерін іздестіре бастайды, немесе жеке жүк жөнелтушілерге өздерінің вагон әкелуі туралы шарт қоя бастайды. Нәтижесінде инвесторлар локомотивтер мен теміржол вагондарын алуды қаржыландыруды қолға ала бастайды» [1, 14б.].

Австриялық бизнесмен–зерттеуші В.Хойер «Как делать бизнес в Европе» деген кітабында: «Лизинг ұғымы тарихта алғаш рет Bell(Белл) телефон компаниясы  өзі жасайтын телефон аппараттарын сатпай, керісінше арендаға беру туралы шешім қабылдаған 1877 жала қолданған»–дейді [3, 110б.]. Алайда аренда қатынастарындағы нағыз революция  XX ғасырдың 50–жылдарының басында болды. Өндіріс құрал–жабдықтары жаппай арендаға беріле бастады.

Американдық лизингтің «атасы» 1952 жылы нақты бір мәмле үшін компания ұйымдастырған Генри Шонфельд болып саналады. В.Хойердің айтуынша: «Лизинг операциялары–қызметінің негізгі түрі болған алғашқы акционерлік қоғам 1952 жылы Сан–Францискода құрылған белгілі Американдық компания «United States Leasing Corporation»(Юнайтад Стейтс Лизинг Корпорейшен) болып табылады» [3, 111б.].

Францияда алғашқы лизинг компаниясы «Banque de L*Indochine» банкінің бастамасымен 1957 жылы құрылды, ол SEPAFITEC (Societe d*Etude et de Participation Financiere et Tecnique) деп аталады. Ол өнеркәсіп құрал–жабдықтары лизингімен айналысады. 1962 жылы SEPAFITEC аты
«LocoFrance» деп өзгертілді. 1965жылға қарай Францияда 28 лизинг компаниялары жұмыс істей бастады, «олардың жасасқсн шарттары 60 млн. долларды құрады» [4, 71б.].

Кейбір зерттеушілер Батыс Европа мен АҚШ–та лизингтің тез дамуын, салықтық, амортизациялық, кредиттік жеңілдіктер беру арқылы лизинг бизнесінің дамуына қолайлы жағдай туғызатын мемлекеттің рольімен байланыстырады [2, 7-12б.]. Кейбірлері: «Лизинг қызметінің қарқанды өсуінің бір себебішағын және орта бизнестің дамуына кедергі жасайтын және кәсіпкерлерді қаржыландырудың альтернативті жолын іздестіруге мәжбүр ететін капитал рыногындағы қаржының жетіспеушілігі болып табылады»,-дейді [20, № 3 (270)].

Жекелеген елдерде пайда болған лизинг халықаралық деңгейге тез көтерілді. Осыған байланысты осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты құқықтық реттеу мәселелері өткір қойыла бастады.

Жеке құқықты унификациялау жөніндегі халықаралық иститут жанынан 1974 жылы халықаралық лизинг туралы унификацияланған нормаларды жасау жөніндегі топ құрылды. Біріңғай нормаларды жасау жөнінде жұмыс 10 жылдан астам уақытқа созылып, 1988 жылы 28 мамырда Оттава қаласында (Канада) «Халықаралық қаржы лизингі туралы» Конвенцияны («Convention on international Financional Leating») қабылдаумен аяқталды.

Преамбулада Конвенцияның мақсаты көрсетіледі: халықаралық қаржы лизингі жолындағы құқықтық кедергілерді жою, дәстүрлі аренда шартын реттейтін нормаларды дербес үш жақты қатынастарға бейімдеу, ең бастысы біріңғай нормаларды белгілеу.

Конвенцияның күші тек құрал–жабдықтар лизингіне таралатынын және жылжымайтын мүлікке қатысты қолданылмайтынын айта кету маңызды.

Лизинг қатынастарының Қазақстандағы қысқаша тарихы: ТМД экономикалық кеңістігінде лизинг 1990 жылдардан бастап алғашқы қадамдарын жасауда. Сол 90 жылы лизинг туралы алғаш айтылған құжат «Прокат және лизинг-1995» дамыту бағдарламасы болды. Бағдарламаның мәні 1995 жылға дейін техникалық құралдар прокатының көлемін 24 млн. сомнан 50млн. сомға дейін, лизинг мәмлелерінің көлемін 5млн. сомнан 55млн. сомға дейін өсіру болды.1992 жылы 120 коммерциялық банк және «Крамдс–лизинг», «Алма–ата техлизинг», «Казтехлизинг» біріккен кәсіпорны сияқты 20 лизинг фирмасы жұмыс істейді. 1994–1998 жылдар аралығында мемлекеттік лизинг компанияларын, Лизинг қоры мен Лизинг департаментін құру, лизинг негізіне де өнім тапсыруды ұйымдастыру туралы Үкімет қаулылары қабылданды.

Лизинг мәміле ретінде Қазақстан заңдарында алғаш рет 1995 жылы
24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңында айтылады. Аталған Заңның 43–бабына сәйкес егер жалға беруші амортизациялауға жататын негізгі құрал–жабдықтарды лизинг (қаржылық аренда) бойынша жалға берсе, онда операция салық салу мақсатында мүлікті жалға алушының сатып алуы ретінде қаралуға тиіс.

Лизинг операциялары туралы айтылатын келесі нормативтік акт 1995жылғы 31–тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің Заң күші бар жарлығы болды. Жарлықтың 30–бабының 3–тармағында банктер ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы болған жағдайда жүзеге асыра алатын операциялар тізімі бекітілген. Бұл бапта лизингті шарттың бар қолдану мерзімінде арендаға берілетін мүлікке жалға берушінің меншік құқығын сақтай отырып, мүлікті арендаға беру деп түсіндіреді. Бұл, әрине, дәл ұғым емес. «Лизинг–мүлік уақытша иеленуге және пайдалануға берілетін мерзімнің ұзақтығы жөнініен мүліктің пайдалануы жіне оның құнының барлық немесе елеулі бөлігінің амортизациясын мерзімімен шамалас келетіндігімен түсіндіріледі» [5, 14б.].

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы