Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Лизинг беруші лизинг шартымен сатушыдан меншігіне са­тып алған және лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг пайдаланушыға уакытша иелік етуіне және пайдалануы үшін кәсшкерлік мақсаттар үшін ақыга беруге міндеттенеді. Лизинг шарты төмендегідей елеулі талаптарды қамтуы тиіс: шарт нысанасы; болатын сатушы мен лизинг нысанасын кімнің таңдағаны көрсетіліп, лизинг нысанасына сатушысының атауы, лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің талаптары мен мepзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен мерзімділігі; лизинг нысанының құны; шарттың қолданылу мepзімі; шартпен көзделсе, лизинг нысанасының лизинг алушыға меншігіне ауысу талаптары; лизингтің сипатталуы. Осы талаптар жоқ болғанда лизинг шарты жасалмаған болып есептеледі. Тараптардың келісімімен лизинг шартына басқа талаптар да қосылуы мүмкін. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалуы тиіс, ал жазбаша түрдің сақталмауы лизинг шартының жарамсыз болуына әкеліп соғады.

Қазақстан Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамырдағы №597 қаулысымен, Жылжымалы мүліктің қаржылық лизингі шартын мем­лекеттік тipкey ережелері бектлген. Осы ережелерге сәйкес нысанасы міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жататын мүлік болып табылатын лизинг шартын мемлекеттік тipкeyді орган лизинг нысанасы мемлекетікк тіркеуден өтетін орыны бойын­ша осы мүлікті мемлекетікк тіркеуің жузеге асыруға уәкілетті органдар жүзеге асырады, ал нысанасы міндетті турде мемлекеттік тіркелуге жататын мүлік болып табылатын лизинг шартымен мемлекеттік кәсіпорындар «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тipкey қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары» лизинг алушының аумактық салық органында салық есебіне қойылатын жері бойынша жүзеге асырады. Қазақстанның тұрақты мекемесі жоқ резиденті емес, Республика аумақтарында филиал немесе өкілдік лизинг алушы болып табылса, лизинг шартын мемлекеттік тipкey ли­зинг берушінің аумақтық салық органында салық есебіне қойылатын жері бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстанда банктер лизингімен белсенді шұғылданады [17, 9б]. Мәселен Үкіметтің 2003 жылғы 9 қыркүйекгегі № 914 «2003 жылға арналган республикалық бюджетте кеөделген «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындарға арналған жабдықтарды лизингілеу» 802 бюджеттік бағдарламасы бойынша несие алу үшін заем алушылардың банктерін анықтау туралы» қаулысына «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамы-заем алушы банкке айналды.

Бұл ретге банктердің лизинг операциялары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанда лизинг қатынастарыи дамыту басымдылықтарын анықтайтын Жарлықтарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәселен, 2003 жылы 16 мамырдағы №1095 «Каспий теңізінің қазақстандык секторын игеру бойынша мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықта Қазақстанның даму қарқынын инвестицияларға деген қажеттілктің, қаржыландырудың сол немесе өзге кездерін жоғары бағалаудың, оның ішінде отандық капиталды тартудың мүмкіндігін айқындайтындығы, ұлттық еңбек және қаржы кездерінің қатысуының, шетелдік технологияларды сатып алу мен лизингілеудің маңызы зор екендігі белгіленді.

Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1019 қаулысымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін инновациялар мен кәсәпкерлікті қолдау қоры құрылады, оның басым міндеттepi жаңа технологиялардың саласында кәсіпкерлік-жобаларды қолдау, жабдықтарды пайдалы талаптармен лизингке беру, сонымен қатар венчурлық операцияларды жүзеге асыру болып табылады. Лизинг операциялары арқылы банк меншік иесіне немесе инновациялық кәсіпорынның бipгe иемденушісіне айнала немесе лизингке бepілуі мүмкін жаңа өндірісті құра алады.

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы азық-түліктері Мемлекеттік бағдарламасында 2002 жылы
5-маусымда бекітілген. № 889 Жарлығымен негізгі құралдарды жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндіушілерге лизингке кейіннен тапсыру үшін отанда және шетеде жасалған техника мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға несие беру қажеттілігі айтылады. Қазақстан Үкіметінң 2003 жылғы 18 наурыздағы №259 қаулысымен екінші деңгейдегі банктерді ауылшаруашылығы жабдықтарын лизингілеу кезінде бюджеттік қаражат есебінен марапаттаудың ставкасын субсидиялау көзделген.

2001 жылғы 4 желтоқсандағы №735 «2030 жылға дейінгі Қазақстанньың стратегиялык дамуын іске асыру бойынша бұдан былайғы ic-шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес қаржылық лизингке басым мән беріледі Ұйымдардың лизинг қоры қаражатын бөлу конкурс pәсімдepi арқылы мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылады. Лизинг қорына сатып алулар отандық өндірушшердің сату бағаларын бақылау ic-шараларымен нығайтылады. Аграрлық секторға және онымен өзара байланысқан тағам секторы сегменттеріне (шағын кәсткерлікті) мемлекеттік ұзақ мерзімдік несие беру қатарына банктер жататын мамандандырылған қаржы институттарында шоғырланады. Лизинг қызметі банк құрылымдарының құрамында төмендегіше жүзе­ге асырылады: тікелей банк немесе белгіл бip мамандандыры-луымен банк құрылымдары сияқты еншілес лизинг компаниялары арқылы. Бұл ретте кейбір туындыгерлер салық заңнамасының лизинг алушыдан меншік иeci ретінде ақы төлеуді талап ететін ережелері лизингтің дамуын шектеуді жалғастыруда деп атап көрсетеді.

 

 

2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын құқықтық реттеу

 

Лизинг операциясы жоғарыда атап кеткеніміздей банк операцияларының бір түрі. Алайда аталмыш банк операциясын банктерден басқа ұйымдарда жүзеге асыра алуы әбден мүмкін. Мұндай ұйымдарға банк операцияларының жекелеген түрлерін ғана жүзеге асыратын  ұйымдарды атап көрсетуімізге болады. Мұндай ұйымдарға келесілерді жатқыза аламыз: несие серіктестіктері, микрокредиттік ұйымдар және тағы басқалар.

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдар-жүзеге асыратын банк болып табылмайтын заңды тұлға, ол уәкілетті органның лицензиясы негізінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады немесе Қазақстан Ұлттық Банкі жекелеген бенк немесе банктер туралы заңнамада көзделген лизинг және өзге де операцияларды жүргізуге құқылы.

Егер Қазақстан Республикасы заңнама актілерімен және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен лизинг операйияларын немесе жекелеген банк операцияларын жекелеген ұйымдадың қызметін құрудың, лицензиялаудың, реттеу мен тоқтатудың тәртібін реттейтін болса, онда аталған нормативтік құқықтық актілердің тиісті нормалары қолданылады.

Банк емес ұйымның лицензиясы банктер туралы Заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияларға беріледі, олар Қазақстан Республикасы заңнама актілеріне сәйкес тек екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырыла алады.

Бұл орайда төменде келтерілген банктік операциялар төмендегідей тәртіпте біріктіріледі:

1.      аударым операцияларын жүргізетін кассалық операциялар;

2.      ипотекалық заемдар бойынша талаптарды басқару құқығының бөлігінде сенімгерлік операциялары мен заемдық операциялар.

Аталған операцияларды басқа банк операцияларымен біріктіркге жол берілмейді.

Айрықша жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Ұлттық Банкінің шешімі болғанда ғана уәкілетті орган төмендегі келтірілгендер құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) болып табылатын жекелеген банк операцияларының түрлерін жүргізуге лицензияны бере алады:

1.      Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан;

2.      Ұлттық Банк;

3.      жалғыз құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) мемлекет Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан не Ұлттық Банк болып табылатын заңды тұлға.

Банктік емес ұйым өзінің қызметін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда, өндірістік кооперативтен басқа, құрады және жүзеге асыра алады.

Банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылтай құжаттары негізінде құрылады және әрекет етеді.

Құралтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізген жағдайда, банктік емес ұйым бұл туралы уәкілетті органда енгізілген өзгерістердің тіркелгендігі туралы әділет органының белгісі қойылған құрылтай құжаттарын беру арқылы хабардар етеді.

Бірде-бір заңды тұлға уәкілетті органның лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы емес. Құрылтай құжаттарында банктік және өзге де операцияарды жүргізу көзделген заңды тұлға уәкілетті органға мемлекеттік тіркеуден кейін бір жыл ішінде лицензия беру туралы өтінішпен шығады.

Банктік емес ұйымның лицензиясы операцияларды тек теңгемен жүзеге асыруға, уәкілетті орган рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, беріледі.

Банктік немесе өзге де операцияларды жүргізуге банктік емес ұйымның лицензиясы шектеусіз мерзімге беріледі және ол үшінші тұлғаға беруге жатпайды.

Лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

1.      нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін белгіленген үлгідегі өтініш;

2.      лицензияттың Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңында белгіленген талаптарына сәйкес келетіндігін растайтын құжат;

3.      жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға құқық үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат.

Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралыкуәліктің көшірмесі табыс етілуі қажет.

4.      ұйымдық-техникалық шараларды орындауды, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банкің нормативтік құқықтық актілернің талаптарына сәйкес ғимараттар мен қондырғыларды дайындауды, тиісті біліктілік мамандарын жұмысқа алуды, жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар.

Бұл орайда банктік емес ұйымның жарғылық капиталын төлеуді бастапқы төлем құжаттарымен (төлем қағаздары, кіріс кассалық ордері) расталады;

5.      әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен Жарғы мен құрылтай шартының нотариалды куәландырылған көшірмелері;

6.      лицензияны алудың қажеттілігі мен мақсатын сипаттайтын жоспарланған барлық банктік және өзге де операциялар бойынша экономикалық негіздеу;

7.      банк заңнамасына сәйкес банктік емес ұйымның операцияларын жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже.

Банктік емес ұйымның әр түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін уәкілетті орган белгілійді эәне осы сома шегінде тек қана ақшалай төлеуі тиіс (Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жалғыз құрылтайшысы мемлекет болып табылатын банктік емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен тәртібі қаралуы мүмкін жағдайларды қоспағанда).

Банктік емес ұйымның басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жатады.

Лицензия беру туралы өтінішті уәкілітті орган барлық қажетті құжаттарымен берілген күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.

Жұмыс істейтін банктік емес ұйымның қосымша банктік емес операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін төмендегідей талаптарды орындауы қажет:

банктік емес ұйым уәкілетті орган белгілеген жағдайда, нормалар мен лимиттерді алу үшін бұрынғы өтініш берілгеннен кейінгі алты ай ішінде пруденциялдық нормативтік және өзге міндеттемелерді орындау;

лицензияны алу үшін бұрынғы өтініш берілгеннен кейінгі үш ай ішінде ықпал етудің қабылданған шектеулі шараларының болмауы.

Банктік емес ұйымға лизингтен басқа қосымша операциялар түрін беру кезінде оған банктік емес ұйымға рұқсат етілген барлық операциялар тізімі енгізіледі. Қосымша операциялар түріне лицензия беру туралы өтініш барлық қажетті құжаттар берілген күннен бастап бір ай ішінде қаралуы тиіс.

Банктік емес ұйымға лизинг немесе өзге де банк операцияларын жүргізуге лицензия беруден бас тарту уәкілетті органның немесе Қазақстан Ұлттық Банкінің белгіленген нормативтік құқықтық акілерінің талаптарына ұсынылған құжаттардың сәйкес келмеуі жағдайында жүргізіледі.

Лицензицны беруден бас тартылған кезде өтініш берушіге лицензия беруге белгіленген мерзімде және жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган берілген, қайта рәсімделген, тоқтатылған және кері қайтарып алынған лицензиялардың тізбесін жасайды.

Жүргізудің жалпы шарттары туралы Ережеде банктік емес ұйымдар жүзеге асыратын банктік не өзге операциялар бойынша мәліметтер мен рәсімдер болуы тиіс.

Банктік емес ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған кезде уәкілетті орган оған ықпал ету мақсатында шектеулі шаралар мен тсанкциялар қолданады:

1.      Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен белгіленген негіздерде айыппұл салу және оны өндіріп алу;

2.      банктік операцияларды жүргізуге лицензияны тоқтату не кері қайтарып алу.

3.      басшы қызметкерлерді қызметтік міндетін атқарудан аталған басшы қызметкердің әрекеті қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкессіздігін тану үшін жеткілікті негіздер арқылы тиісті орган бұл мәселені қарағанға дейін шеттету.

Банктік емес ұйымның лицензиясын кері қайтарып алғанда уәкілетті орган бір ай ішінде қабылданған шешім туралы әділет органын (тіркеуші органды) хабардар етеді.

Банктік емес ұйымды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкесжүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3–тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

 

 

3.1 Қазақстандағы лизин гтің даму кезеңдері

 

1989 жылы СССР-да коммерциялық банктер, оның алдында болған маманды банктерден жарты жыл бұрын лизингтік операцияларды енгізе бастады және олардың лизингтік бизнестегі қатысы белсенді сипатта болды. 1990 жылдың 1 қаңтарында лизинг операцияларына Промстройбанк, ал 2-ші жарты жылдықта «Агропромбанк» және «Жилсоцбанк» кірді.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы