Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Лизингтің дамуын ынталандыру бойынша шараларды ендірудің әлеуметтік артықшылығы жаңа жұмыс орындарын құруға және өндірістік кешенді дамыту, отандық нарықты бәсекеге қабілетті қазақстан тауарларымен толтыру сияқты мәселелердің шешілуіне әсер етеді.

Қазақстандағы лизингтік компаниялар әрекетінің жүргізілген анализі шетел инвестицияларын тарту сияқты ұлттық міндеттерге жауап беретін жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне көрсетеді. Жүргізілген анализде ерекше орынды лизингті ынталандыру әдістері алады. Түрлі жеңілдіктердің қолданылуы тұрақты құқықтық кепілдермен қатар басымды инвестициялық жобалардың ынталануына бағытталуы керек. Лизингтік операцияларды жүргізу кезінде инвестициялық қаржыларды тарту бойынша мемлекеттік шаралардың үш негізгі тобын бөлуге болады:

      қаржылық (жәрдем беру, займдар, жылдамдатылған амортизация);

      фискалды (салықтарды, баждарды, тарифтерді төмендету немесе күшін жою);

      әкімшілік (банктерді лизингтік әрекеттің лицензиялауынан босату, квота белгілеу, жалпы инвестициялық әрекет).

Күрделі салымды мемлекеттік реттеу шараларының кешені экономиканың барлық салаларының материалды-техникалық базаларын жаңарту арқылы инвестициялық әрекеттің қазіргі және жоғары нәтижелі механизмін құру реформасының ақырғы мақсатына жетуді көздейді.

Барлық елдерде салықтық, кеден және амортизациялық жеңілдіктердің енгізілуі лизингтік бизнестің қатты дамуына себеп болды. Әрине, ұсынылған салықтық жеңілдіктердің қысқартылуы лизингтік операциялардың көлемінің азаюына ұшыратты. Лизингтің мәні мынада: лизинг берушіні лизинг шартын жүзеге асырудан түскен табысқа салынған салық  және лизингтік қызметтердің орындау кезіндегі қосымша құнға салық  төлеуден босату. Ал бұл лизинг алушыға лизингтік төлемдердің жалпы мөлшерінің азаюына ықпал етуі тиіс, ал бұл Қазақстан нарығында лизингтің дамуына әсер етеді.

ТМД елдері сипатталатын нарықтық процесстің жағдайларында лизингтік іс-әрекетте экономикалық ынтымақтастықты бүкіл әлемге тереңдеуіне ТМД елдері арқылы әсер ету мақсатта, сондай-ақ 1988 жылғы 28 мамырдағы халықаралық қаржылық лизинг туралы ЮНИДРУА Конвенциясының ережелеріне, жалпыға танылған халықаралық нормаларға және тараптардың ұлттық заңнамасының негіздеріне сүйене отырып, Мәскеу қаласында 1998 жылы 25 қарашада мемлекетаралық лизинг туралы Конвенция қабылданған. Конвенция мемлекеттер арасында мемлекетаралық лизингтің жағымды жағдайларын және жан жақты дамуын қамтамасыз ету үшін қабылданған.

1998 жылғы 31 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында 1999-2000 жж. шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасы туралы» №4189 Жарлықта Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық қаржылық лизинг туралы УНИДРУА Конвенциясына тездетіп қосылу ұсынған болатын (Оттава 28 мамыр 1988 ж.).

Перспективада Қазақстанның Оттава Конвенциясының қатысуы халықаралық нарыққа лизингтің схемасы бойынша жабдықтар жеткізуші-жас отандық лизингтік компаниялар мен кәсіпорындардың шығуын жеңілдетуге ықпал етеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының осы Конвенцияға қосылу мүдделері мынада: осындай құжат ішкі лизингтік заңнаманың әзірлеушілері үшін бағыт болып табылады, өйткені халықаралық шарттарға қосылуы ұлттық заңнаманы осы шарттың ережелеріне сәйкесуін болжамдайды және отандық лизингтік бизнестің дамуына ықпал етеді.

Сонымен, қазіргі экономикалық жағдайда лизингті пайдалану кезінде инвестициялық процесстің қаржыландырылуы қаржылық ресурстарды пайдалануында белгілі бір икемділік береді. Мемлекеттік лизингтік қаржыландырудың жеке бизнеспен өзара қатынасы үшін конкурстық жүйе қолданылуы тиіс. Бұл қаржылық ресурстарды лизингтік бизнестің перспективті салаларына бағыттауға мүмкіндік береді, сондай-ақ коммерциялық сектордың қаржылық ресурстарын өндірісті жаңарту үшін өсуіне ықпал етеді.

 

 

3.3 Лизингтік компаниялардың құрылымын  жетілдіру бойынша ұсыныстар

 

Экономиканың ұйымдастырушылық құрылымның жаңа нысандарының құрылуы, лизингтік компаниялардың қызметтері үшін келесідей бағыттардың дамуын анықтады:

      қаржылық ресурстарды инновациялық қызметтерді жетілдіру үшін шоғырландырған банктің қол астындағы лизингтік компаниялардың құрылуы;

      аумақтық типі бойынша оған тән нақты бір клиенттер үшін қызметтер жиынымен жеке лизингтік компаниялар құру;

      ғылыми зерттеулер мен қызметкерлердің жоғары мамандылығы мәнді орын алатын жаңа салада шағын лизингтік компаниялардың пайда болуы.

Лизингтік компаниялардың қызмет етуінің ішкі шаруашылық механизмін құру кезінде келесідей мәселелерді шешу қажет:

▫              лизингтік компаниялардың инвестиционды стратегиясын дайындау;

▫              қызметтің тақырыптық бағыттарын анықтау және инвестициялық жобалардың қалыптасуына әрекеттесу;

▫              ұйымдық құрылымды және инвестицияларды басқару құрылымын құрумен анықталу;

▫              инвестициялық қызметті және инвестицияларды іске асыруды жоспарлау;

▫              кадрларды таңдау, оқыту және орналастыру, кәсіпорынның потенциалын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

▫              шығармашылық атмосфераны және интелектуалды еңбектің жоғары мотивациясын жасау;

Белсенді инвестициялық-инновациялық қызмет жүргізетін лизингтік компания кәсіпорындық типтегі компания болу керек. Бұл ауысу әрбір бөлімшенің оның қарамағындағы мәселелерді өзі шешетін  дербес буын болуын, ал әрбір қызметкер кәсіпкерлік іске бірлесіп қатысуға бағытталуын қажет етеді. Мұндай бағыт келесіні талап етеді:

      лизингтік компания үшін нарықтық бағыттағы ұйымдық құрылым құру;

      компания мен бөлімшенің кәсіпкерлік табыстағы үлесіне байланысты лизингтік компанияның әрбір қызметкердің еңбектік мотивациясын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету;

      барлық бөлімшелердің лизингтік қызмет көрсету сферасындағы инновациялылыққа бағытталуын ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету;

      әрбір бөлімшеде жоғары рентабельді өндірісті ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес лизингтік компаниялардың әртүрлі ұйымдық-құрылымдық формалары бар.

Қазақстандық заңда, ресейдікіне қарағанда, лизингтік компанияның құрылу және жұмыс істеу үшін қатаң түрде орнатылған форма жоқ. Сондықтан лизингтік компанияның ұйымдық құрылымын құру тәжірибесі мына лизингтік компания құрудың құрылымды  ұсынады (Қосымшы Б).

Жоғарыда көрсетілгендей, лизингтік компанияның құрылымы аналитикалық қызметтің көп санын, күшті маркетингілік және заңдық қамсыздандыруды қарастыру керек. Банктік ұйымдармен, сақтандыру компанияларымен және әкімшілік мемлекеттік құрылымдармен үнемі әрекеттесу өте  маңызды.

Лизингтік компанияның ұйымдық құрылымы міндетті түрде басқарудың үш бөліммен: коммерциялық, қаржылық-құқықтық, жалпы көрсетілуі тиіс. Қазақстандық лизингтік компаниялардың тәжірибесіне сүйене отырып лизингтік келісімшарт бөлімін қаржылық-құқықтық қызметтен алып тастап, комерциялық блокқа жатқызу керек деп айтуға болады, себебі атқаратын қызметіне қарағанда ол эксперттік қызметке жақын.

Лизингтік компанияның құрылымында бас директордан басқа қаржылық, коммерциялық директорлар және жалпы сұрақтар бойынша директор қызметі қарастырылады. Коммерциялық директордың міндетіне лизингтік нарықты маркетингілік зерттеу, коммерциялық-делдалдық операциялар, техникалық құралдардың лизингіне келісімшарттар жасау, шетел лизингтік компаниялардың тәжірибесін зарттеу сұрақтары кіру керек. Коммерциялық қызмет құрамында инвестициялық жобаларды талдауды жүргізе алатын және тұтынушылық және конъюнктуралық мүмкіндіктердің техникалық деңгейі туралы қорытынды дайындай алатын эксперттер аппараты болу керек. Қаржылық директор қызметіне лизингтік операцияларды қаржылық қамсыздандырумен, қарыз құралдар нарығын зерттеумен, келісім шарттардың қаржылық экспертизасымен байланысты сұрақтар, сонымен қатар, лизингтік компанияның қызметінің экономикалық көрсеткіштерін анықтау және тұтынушыларды зерттеу кіреді.

Лизингтік компаниялардың барлығы дерлік өзінің қызметін жұмысшылардың терең біліміне сүйенген өңделген маркетингілік стратегиямен бастау керек.

Басында, лизингтік нарықты коммерциялық меңгеруді ұйымдастыру кезеңінде маркетингілік зерттеулер көлемі бәсекелес инновациялық жобалар үшін қажетті лизингтік мүлікті іздеу және таңдаумен және көмек көрсетумен байланысты эксперттік бөлімге бағытталуы керек. Бірақ, коммерциялық меңгерудің соңғы кезеңінде және даму фазасында көрсетілетін лизингтік қызметтер көлемі өскен сайын және лизингтік қызмет нарығында өзінің нишасын толтырған сайын лизингтік компаниялар бәсекеге қабілетті бола бастайды және осы уақытта конкуренция облысында тиімді маркетинг қамтамасыз ету мәселесі  пайда болады.

Жарнама бөлімінің міндетіне көрмелер мен презентация ұйымдастыру, жарнамалық буклет жасау, қызыққан тұлғалардың барлығын жарнамалық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, лизингтік компанияның басқарушылардың лизинг алушылармен семинарлар және тематикалық кездесулер ұйымдастыру кіреді.

Лизингтік келісімшарт бөлімі лизингтік жобалар бойынша мәлімет базасын құру және қолдауды, нақты инвестициялар нарығының мониторингін, лизингтік нарықтың жағдайлық талдау бойынша тематикалық қадағалау дайындауды іске асырады.

Жалпы, лизингтік компаниялардың ұйымдық құрылымы қойылған мақсаттарға жету үшін адам ресурстарын пайдалану қажет екенін түсінуге негізделуі керек.

Сөйтіп, қазақстандық лизингтік компанияларды ұйымдастыруда келесі тенденциялар мен бағыттарды белгілеуге болады:

      басқарудың әкімшілік деңгейін қысқарту және басқару диапазонын кеңейту;

      басқарудың көбейтілген құрылымшаларын құру;

      басқарудың әртүрлі буындары арасында қызметтердің анық шектелуі;

      құрылым қызметкерлерінің барлығының жеке және ұжымдық жауапкершілігін арттыру;

      аймақтық және салалық сипат бойынша лизингтік компанияларды ассоциацияға біріктіруді ұйымдастыру;

      лизингтік компаниялардың ерекше жүйесін орнату және лизингтік компанияның инновациялық мәдениетін құру.

Жалпы, лизингтік қызметтің Қазақстанда дамуы инвестициялық белсенділікті арттыратын, елдің экономикасына қосымша инвестицияларды, соның ішінде шетелдік инвестицияларды тартатын жетекші бағыттардың бірі болу керек. Былай қарағанда, лизингтік қатынастардың Қазақстан экономикасында дамуы үшін барлық қажетті алғышарттар бар. Қазіргі кезде, лизингтің дамуына әрекеттесетін факторлардың арасында инфляцияның, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 1996 жылы-59%-дан 9%-ға дейін 2001 жылдан бастап, мемлекеттік бағалы кағаздар табыстылығының төмендеуін бөліп қарастыруға  болады, ал бұл банктердің бағалы қағаздар нарығынан өндіріске инвестициялауға қайта бейімделуін, шетел қаржылық кұрылымдардың арзанырақ несиелерін тартуын білдіреді. Лизингтік серіктестіктің ТМД экономикалық кеңістік шектеуінде мүмкіндіктері позитивті түрде бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Шарттық қатынастардың барлық қатысушыларына бірдей пайда әкелмейтін болса, бірде–бір қызмет түрі кең қолдау таппайды.Қандай артықшылықтар мәміленің барлық қатысушылары үшін лизингті тартымды етеді:

1.  Ақшалай нестеге қарағанда мүлік нысанында инвестициялау, лизинг берушінің уақытша пайдалануға берілетін мүлікке меншік құқығы сақталып қалатындықтан, мүліктің қайтарылмай қалу қаупін азайтады. Оның үстіне лизинг алушыбанкрот болған жағдайда лизинг заты конкурстық массаға енгізілмейді:

2.  Лизинг 100 пайыздық несиелеуді білдіреді және төлемдердің бірден аударыла бастауын талап етпейді. Ал лизинг алушы әдеттегі несиелеуді пайдаланатын болса, сатып алынған мүлік құнының бір бөлігін өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.

3.  Меншік құқығы лизинг берушіде сақталып қалатындықтан, лизинг-ке берілген мүлік лизинг алушының балансында көрсетілмейді, сол себепті ол мүлік салығынан босатылады.

4.  Лизинг алушы мүлікті меншігіне емес, уақытша пайдалануға ала-тындықтан, ол үшін мүліктің физикалық және моральдық тозуы мен ескіру қаупі азаяды.

5.  Лизинг мәмілелерәне құрал-жабдықтарды өндірушілер мүдделі. Олар төлем қабілеттілігі бар сұраныстың шектелгендігімен әркез ұшырасып отырады.

6.  Құқықтық қырынан алғанда, лизинг шарты тараптар үшін, ең алдымен, аренда шартынан өзгеше, лизинг алушының өзіне қажет мүлікті және сатушыны өзі таңдайтындығымен тиімді. Бұл орайда лизинг алушы лизинг берушіден уақытша пайдалануға бұрын падаланылған мүлікті емес
(аренда шартында әдетте осылай болады), керісінше су жаңа өзінің мақсаты үшін ғана сатып алынғын мүлікті алады. Лизинг беруші үшін мұндай шарт, аренда шартынан өзгеше, мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупінің өзінде емес, лизинг алушыда болатындығымен тиімді.

7.  Лизинг қызметін шаруашылық практикада қолдану–кәсібін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге аз ғана алғашқы капиталмен өз ісі ашуға және айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Көптеген өнеркәсіп орындары өндірісті техникалық жаңалау мен интенсивтендіруге ірі қаржы сала алмай отырған дағдарыс жағжайынжа, отандық өндіріс сферасын дамыту үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін лизинг бизнесінің рольін елеулі түрде көтеру қажеттігі айқын болып отыр. Батыс елдерінң экономикасында инвестициялық саясатты реттеуге мемлекет үлкен көңіл бөледі.Экономиканың түрлі сфераларында инвестициялар үшін жеңілдіктер белгілей отырып, мемлекет копиталға неғұрлым мұхтаж салаға капиталдың ағылуын қамтамасыз етеді. Салықтардың мөлшерін өзгерте отырып, салық жнңілдіктерін белгілей ртырып, мемлекет капиталды неғұрлым тиімді орналастыру салаларын анықтайды. Бұл өз кезегінде экономиканың мемлекетке қажетті дамуына әкеліп соғады.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы