Банктердің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 17:30, курсовая работа

Описание

Лизинг–айтарлықтай «жас» құбалас. Оның кейбір элементтері ежелден–ақ қолданылғанына қарамастан, лизинг операциялары XX ғасырдың 50–жылдарының аяғында ғана АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде кең тарала бастады.
Әлемдік капитал рыногында лизингтің маңызды орын алуы кездейсоқтық емес. Қазіргі уақытта Батыстың алдыңғы қатарлы кейбір елдерінде жаңа инвестициялардың 30%-тен астамы лизингтің үлесіне тиеді. Өнеркәсіп өнімдерінің елеулі бөлігі лизингке алынған құрал–жабдықтарда жасалып шығарылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3

Негізгі бөлім 5

1 ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Лизинг операцияларының пайда болуы және даму тарихы 5
1.2 Лизингтің түсінігі және құқықтық табиғаты 8
1.3 Лизингтің түрлері 14
1.4 Банк және банк операциялары 19


2 ЛИЗИНГ ШАРТЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЕКІНШІ ДЕЙГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЖҮЗІГЕ АСЫРАТЫН ЛИЗИНГ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Лизинг шартының субъектілері мен объектілері 24
2.2 Лизинг шартының нысаны, мазмұны және ол бойынша жауапкершіліктердің ерекшеліктері 27
2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары 34
2.4 Банк емес басқа да ұйымдардың лизинг операцияларын 40
құқықтық реттеу


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ЖӘНЕ
ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

3.1 Қазақстандағы лизингтің даму кезеңдері 44
3.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың дамуын мемлекеттік ынталандыру 47
3.3 Лизингтік ұйымдардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар 55

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ 61


ҚОСЫМШАЛАР 64

Работа состоит из  1 файл

ҚАЗАҚСТАН РУСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.doc

— 485.50 Кб (Скачать документ)

Мүлікті жөндеуден өткізу мәселесі әрқалай шешілуі мүмкін. Тараптардың келісіміне сәйкес бұл міндет лизинг алушыға немесе лизинг берушіге жүктелуі мүмкін. Бірақ та, «Қаржы лизингі туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес күрделі жөндеуден өткізу міндеті әрқашан лизинг берушіде болады.

Лизинг шарты бойынша жауапкершіліктің ерекшелікткрі. Мүлікте табылған кемшіліктерге (ақауларға) байланысты тәуекелдер мүлік жалдау шарты мен лизинг шартында әрқалай бөлінеді. Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушанаң алдында мүлікті пайдалануға кедергі жасайтын барлық кемшіліктер үшін жауап береді.

Жалпы ереже бойыншша, лизинг шартында сатушыны таңдау лизинг берушінің араласуынсыз шешіледі. Бұл сатып алу-сату шартының талаптары бұзылғаны үшін лизинг берушіні жауапкершіліктен босатуға негіз болады. Нәтижесінде, лизинг шарты бойынша лизинг беруші берілген мүлікткгі кемшіліктер үшін, сондай-ақ лизинг объектісін пайдалану барысында азаматтардаң өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін лизинг алушының алдында жауап бермейді.

Егер сатушыны таңдауда лизинг беруші белсенділік танытса, жауапкершілік басқаша бөлінеді. Бұл АК-тің 565, 572–баптарында көрініс тапқан. 565-бапта сатушыны лизинг берушінің таңдауы мүмкін екендігі қарастырылып, мұның салдары көрсетілген: 572-баптың 2-тармағында егер лизинг беруші сатушыны өзі таңдаса, осынысы арқылы сатып алу-сату шартының талаптарын сатушының орындауы үшін лмзмен алушы алдындағы жауапкершілікті өз мойнына алатындығы айтылған.

Лизинг берушінің жауапкершілігі бұлай шектелгендігі лизинг алушы сатушыны өзі таңдап, ал ол таңдауы қате болып шықса, өз қателігін лизинг берушіге жүктемеуі тиіс деген ойдан келіп шығады.

Лизинг беруші, сондай-ақ лизинг объектісінен табылған ақаулармен байланысты гарантиялық міндеттемелерден де босатылған, сондықтан лизинг алушы ақауларды жою туралы талапты тікелей сатушыға қояды.

АК-тің 572-бабында «сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші ортақ (солидарлы) несие берушілер болатындығы» тікелей бекітілген. АК-тің 287-бабына сәйкес ортақ (солидарлы) несие берушілердің кез-келгені борышқорға (бұл жағдайда–сатушыға) талаптарын толық көлесде қоюға құқылы. Лизинг алушы мен лизинг берушінің сатушыға бір мезгілде қоятын талаптарының алдын алу үшін, бапта сатушы мен лизинг берушінің ортақ (солидарлы) жауапкершілігі белгіленген. Бұл бір талапты бірнеше рет қайталап қоя беру мүмкіндігін жоққа шығарады, өйткені 287-баптың 4-тармағына сәйкес ортақ (солидарлы) несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.

АК-тегі лизинг шарты бойынша жауапкершілікке қатысты ережелердің барлығы диспозитивті сипатқа ие.

 

 

2.3 Банктердің жүзеге асыратын лизинг операциялары

 

Банктерің тартатын айналымда жоқ ақшасы, үшінші тұлғаларга тек қана банктік заем (несие) түрінде емес, сондай-ақ басқа белсенді операциялардың icкe асыруы түрінде рәсімделетін банк заемы (несие келісімшарты) ретінде беріліді Заңдық жағынан осы операциялар банк заемы келісімшарттары болып табылмайды. Солардың бірі лизинг.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңньң 30-бабына сәйкес лизинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, 6ipaқ банктер лизинг қызметін жузеге асыруға лицензиясы бар болса, олардың жүзеге асыруына құқығы бар. Банктер мен лизинг беруни ретінде банк операцияларының кейбір туүрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жене қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді. Өзге жеке және заңды тұлғалар жеке кесіпкерлер болып табылады, лизинг қызметін жүзеге асырады, лизинг беруші ретінде лицензиясыз қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 565-бабында лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншгіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге жене кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді. Бұл ретте лизинг шартында тараптар лизинг берушінң cатушыны жене сатып алынатын мүлікті тандау кағидасын көздеуге құқылы. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен лизинг шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктері анықталуы мүмкін.

Лизинг қатынастарының қалыптастыру барысы мыналардан тұрады: пайдаланушы лизинг берушіге қандай мүліктің өзіне керек екенін хабарлайды; лизинг берушіге осы мүлікті сатушыдан сатып алады және ҚР АК 568-бабына сәйкес лизинг беруші лизинг алушы үшін міндетті мүлік сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуі тиіс. Лизинг берушіге мүліктің меншік иeci болып, оны лизинг пайдаланушыға жекелеген шарт негізінде уақытша пайдалануына береді Негізінен екі шарт бар: Мүлікті сатып алу-сату және уақытша пайдалануға беру (лизинг шарты). Жалпы ереже бойынша, кез келген мұлік, жылжымалы, сондай-ак жьшжымайтын мүлік лизинг нысанасы болуы мүмкін [14, 102-103бб]. Сонымен бipre ҚР АК-нің 566-бабында кез келген тұтынылмайтын заттар (ғимараттар,үйлер және т.б.) лизинг нысанасы екені көзделген және шек шектеулер қояды: бағалы қағаздар және табиғи қорлар лизинг нысанасы бола алмайды.

Лизинг шарты қайсыбір ресей ғалымдарына сәйкес сатып алу-сату және жалға беру шарттарының контрукцияларымен қамтылмайды және лизинг ерекшелжтерімен анықталады: шарттын (опционный) мepзімі өткенде лизинг шартына қосу пайдаланушыға жабдықтарды сату туралы шарттарды қосу мүмкіндігі және лизинг қатысушылары арасында жауаптылықты ерек­ше бөліcy (жабдықтың ақауы бар кезінде шағымдарды пайдала­нушы өзімен шарт жасаспаған әзірлеушіге жібереді) [2, 20б]. Жалпы пiкip бойынша жалпыланған нысанда мыналар лизинг түрлері болып табылады: қаржылық және лперативті лизинг. Қаржылық лизинг мүліктің 2-ден 6 жылға дейінгі құрайтын мерзімге уақытша пайдалануға берілетіндігімен (толық ақталатын лизинг) сипатталады, бұл ретте лизинг шартын ол аяқталғанға дейін бұзуға болмайды. Қаржылық лизингте техникалық қызмет көрсету және жөндеу ажыратылған. Лизинг шартында уақытша пайдалануға алынған тауарларды сатып алу мүмкіндігі көзделген.

«Банковское дело» оқулығының авторлары қаржылық және оперативтік лизингті егжей-тегжейлі жіктейді Қаржылық лизинг: кызмет көрсетілетін лизинг; ливеридж-лизинг; «пакеттегі лизинг» болып бөлінеді. Қызмет көрсетілетін лизинг қаржылық лизингтің мердігерлік шартымен үйлесімі және мүліктің құрамы және қызмет көрсетшуімен байланысты күллі бірқатар қызметтерді көрсетуді көздейді. Ливеридж-лизинг қаржылык лизингтің бip түpi, онда лизингке берілетін мүліктің үлкен үлесі (құны бойынша) үшінші тараптан-инвестордан қарызға алынады. Жалға алу мерзімігің бірінші жартысында жалға алынған кұрал-жабдық бойынша амортизациялық аударымдар және оны сатып алуға алынған қарыздың пайызын төлеу жузеге асырылады, бұл инвестордың пайдасына (кірісіне) салынатын салық деңгейін төмендетеді және салықтың кейінге қалдыру тйімділігіне қол жеткізеді «Пакеттегі» лизинг несиені ғимарат және құрылыстар нысанында рәамдеуге мүмкіндік жасайды, бipaқ құрал-жабдық жалға алушыға жалға алу шарты бойынша беріледі. Оперативтік лизинг кезінде мүлік оның қызмет ету мерзімінен едәуір төмен мерзімге (ақталуы толық емес лизинг) уақытша қолдану үінш пайдалайушыға беріледі, бұл ондай мүлікті лизингке бірнеше рет беруге мүмкіндік жасайды. Әдет­те, пайдалануға берілген құрал-жабдықты техникалық қамту мен жөндеу лизинг берушінің міндеті болып табылады. Оператавтік лизингтің төмендегідей ерекшеліктері бар: лизит шартының мерзімі мүліктің толықтай физикалық жағынан тозуына қарағанда аз болады; мүліктің бүлінуінен немесе жоғалуынан болатын жоғалту шығындарының тәуекелін лизинг алушы көтереді; лизинг біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге қайтарылады. Оперативтгк лизинг қурамына мыналар кіреді рейтинг-бip күннен бip жылға дейінгі қысқа мерзімдік лизинг; хайринг-бip жылдан үш жылға дейінгі орташа мерзімдік лизинг.

Лизинг жағдайларында жалдаушының ішінде барлығы келісімшмрттың күллі мерзімінде қолданылатын мүлік меншік иесі құқығын сақтап қалатын лизинг берушінің балансында саналады. Осы туындыгерлер қаржыландыру әдістерінен лизинг шарттарын жедел лизингке бөледі; онда мүлікті бір.мәрте лизинг шарттарын және қайта қолга алынатын лизингі жүзеге асырылады, шарт бірінш мерзімі өткенше жалғасады. Лизингке мүлкіне кқтысты туындыгерлер мулікке қызмет ету бойыншы қосымша шығындар лизинг алушыға жүктелетін таза лизинті және жалға беруші жалға берілген жабдықтарға техникалык қызмет көрсету бойынша барлық шығындарды өзіне алатын толық лизингті бөліп көрсетіліді. Сондай-ақ лизинг бepyiші тек техни­калық құралдардың бөлігін қаржыландырады, ал басқа бөлігіне басқа катысушылар заемдар арқылы төлейтін жеке-жеке лизингті (компаниялар және қаржылық ұйымдар өз міндеттерін бөледі) де бөліп керсетеді. Бұл ретте лизинг беруші заем берушінің пайдасына осы техникалық құралдарға кепіл ресімдеуге және жалдау төлемдерін алуға артықшылықты құқық беретін барлық техникалық құралдар кешенінң меншік иесі болып қалады. Жоғарыда аталган туындыгерлер каржылық лизинг операцияларында лизинг-стандарт» айтарлықтай үлесін құрайды: жабдықтаушы лизинг операцияларын жүргізетін банкке жабдықтарды сатады, ал пайдаланушыға оны банк жалға береді деп атап көрсетеді. Бұл-ретте банк жабдықтаушы мен лизинг алушы арасындағы лизинг мүліктерін жеткізу бойынша қатынастарға араласады. Қазipгі таңда лизинг операиияларын жүзе­ге асыратын банктер үшін мұндай түр анағұрлым қолайлы, ceбeбi банктер лизингтің техникалық жағына аз қатысады.Әсірісі лизинг-стандарт шет елден түсетін жабдықтар үшін ыңгайлы, ceбeбi банк жабдықтарды шекара арқылы тасумен байланыс­ты рәсімдерге қатыспайды. «Лизбек» нысаны немесе жалдауды баска бipeyre беру–кәсіпорын банкке (лизинг компаниясына) колында бар мүлтің бөлігін сататын және оны жалдау шарттарымен кepi алатын мәмле. «Лизинг-жабдықтаушы» нысанындығы қаржылық лизингтің мәні лизинг алушының мүлікті үшінші тұлғаларға жалға беретіндігінде жатыр [15, 290-296 бб]. Сонымеи экспорттық және импорттық лизингтен тұратын халықаралық лизинг болып бөлінедію

Экспорттық лизинг кезінде лизинг пайдаланушы, ал импроттық лизинг кезінде-лизинг беруші шетедік тарап болып табылады. Осы лизингтің түріне олардың бipi өз кызметін жүргізсе және шетелдік фирмамен бipre капиталы бар болса, лизинг падаланушы мен лизинг беруші арасында жасалған мәмлелер жатады [16, 174-175бб].

Лизинг түрлерін жіктеу, әр түрлі елдердің заңнамасында бекітілген лизингі кұқықтық анықтаудың ерекшелігіне байланысты; бip шартта лизингің әр түрлерінің лизинг жіктелетін әр түрлі белгілердің бар болуынан ауырлаған. Ефимов Л.Г. атап көрсеткеніндей, шетел әдебиеттерінде лизингтің заңгерлік табиғатын анықтау кезінде eкi қатынас бар. Авторлардың бір тобы лизингті азаматтық құқықтың дәстүрлі институттарының жал, сатып-алу-сату, заем, тапсырма шарттары және т.б. көмегімен талдайды. Басқалары қатынастардың [14, 204б]. күрделілігі мен бірегейлілігі оларды ерекше қатынастар ретінде қарауға береді деп пайымдайды. Кабатова Е.В. мүлктің лизинг қатынастарын азаматтық құқыққа белгілі шарттық институттарға жатқызуға болмайды және арнайы нормативтік реттеуді керек етеді деп есептейді. [2, 30б].

Үш жақты лизинг шарты оны дербес шарт сияқты қарайтын 1988 жылғы Халықаралық қаржылық лизинг туралы конвенцияның негізіне алынған. Бipінші кезекте жеке, отбасы немесе үй мақсаттарына қолданылатын жабдықтарды қоспағанда лизинг бepyші мен пайдаланушы түрлі мемлекеттерде тұратын болса, Конвенция, кез келген жабдыққа қаржылық лизинг мәмілелеріне қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президенті 2003 жылғы 29-желтоқсандағы қаулысымен белгілі 6ip тәжірибесі бар және қызметінің жаңа бағыттарын игеруі үшін жоғары технологиялық жабдықтарға және қосымша капиталға қажеттілікті керек ететін кәсіпкерлерге қаржылық жаңа кұралдары (лизинг, венчурлық қаржыландыру және басқалары) іске қосылатын болады деп көзделген №1268 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Лизинг және венчурлық құрылымдарды дамыту мен құру жаңа өндірістердің пайда болуына және жұмыс iстеп тұрғандарын қаржыландырудың дәстүрлі кездерін тарта алатын сатыга дейін қалпына келтіруге жағдай жасамақ.

Осыған орай халықаралық лизинг барынша тарауда, ішкі заңнаманы жетілдіру, сонымен қатар қазақстанның 1989 жылғы «Лизинг туралы» Дүниежүзілік Оттава конвенциясына қол қоюын тездету қажеттілігі туындауда.

2000 жылдың 5 шілдесіндгі «Қаржылық лизинг туралы» Заңда қаржылық лизинг инвестициялық қызмет түрінде қарастырылады, ол бойынша лизинг беруші сатушьдан лизинг шартында белгіленген өз меншігіне сатып алған лизинг затын лизинг алушыға белгілі бip ақыга белгілі бip мерзімге және белгілі бip шарттармен уақытша иеленуге және кәсшкерлік максаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенеді. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг затын беру төмендегі шарттардың бipне немесе бірнешеуіне жауап бepyi тиіс: лизинг алушының меншігіне лизинг затын беру және (немесе) лизинг алушыға бекітілген баға бойынша лизинг затын сатып алуға құқық беру лизинг шартымен айқындалады; лизинг мерзімі лизинг затының пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 пайызынан аспайды; лизинг төлемдерінің ағымдағы кұны (дисконттелген) лизингтің барлық мерзімі бойына берілген лизинг заты құнының 90 пайызынан аспайды.

Бұл ретге лизинг нысанасы лизинг шартының қолданылу мерзімі өткен соң немесе өткенге дейін лизинг алушының меншігіне ауысу лизинг шартымен көзделсе, лизинг алушы толық сомасын төлейтін жағдайда ауысады. Мыналар лизинг түрлері болып табылады: ішкі лизинп-лизинг беруші және лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатындарды халықаралық лизинг-лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес. Tүрлері бойынша лизинг былай бөлінеді: қайтарылымдық лизинг: cатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке алу шартымен сатады; екінші лизинг: лизинг берушінің меншігінде қалган лизинг нысана лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда басқа лизинг алушының лизингіне беріледі; банктік лизинг: банк лизинг беруші болады; толық лизинг: лизинг нысанасына техникалық қызмет eтyi және ағымдағы жөндеуді лизинг беруші жүзеге асырады; сублизинг-лизинг алушы (сублизинг беруші) үшінші тұлғаларға (сублизинг алушыларға) не сублизинг шартының талаптарына сәйкес бұрын лизинг шартымен лизинг берушіден алынған және лизинг нысанасын кұрайтын мүлікті уақытша иелікке және кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалануына ақы үшін және мерзіміне тапсырады; таза лизинг: лизинг нысанасына техникалық қызмет ету және оны ағымдағы жөндеуді лизинг алушы жүзеге асырады. Кез-келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады, бірақ техникалық қызмет етуі Заң бойынша бағалы қағаздар және табиғи қорлар лизинг нысанасы бола алмайды. Лизинг алушы таратылғанда немесе банкрот болғанда лизинг нысанасы лизинг берушіге қайтарылуға жатады. Лизинг алушы банкрот болғанда лизинг нысанасы конкурс массасына косылмайды. Лизинг нысанасына және тәркілеуге, тұтқындауга жол берілмейді. Лизинг беруші ретінде банк операцияларының кейбір түрлерін жузеге асыратын банктер мен ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекетік орган жүргізеді. Басқа заңды тұлғалар және жеке тұлғалар, жеке кәсшкерлер болып табылатын басқа жеке және заңды тұлғалар лизинг қызметін лицензиясыз лизинг беруші реттнде жузеге асырады.

Информация о работе Банктердің жалпы сипаттамасы