Автомобильдің жалпы сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 10:11, реферат

Описание

Қазақстанға Атом Электр Станциясы керек. Ол Чернобльдағы жарылыс салғыттықтың кесірінен болған. Бізде салғалы жатқан АЭС қазіргі кезедгі заманауй ең қауіпсіз АЭС болбақ. Оны салғанда жаспарлап жатқандай Балхаш жақта емес, Орталық Қазақстан немесе Басыс Қазақстан жақта салуы керек. Ол салынатын жерде міндетті түрде көл болуы шарт.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанға Атом Электр Станциясы керек.docx

— 384.95 Кб (Скачать документ)

Қазақстанға Атом Электр Станциясы керек. Ол Чернобльдағы жарылыс салғыттықтың кесірінен болған. Бізде салғалы жатқан АЭС қазіргі кезедгі заманауй ең қауіпсіз АЭС болбақ. Оны салғанда жаспарлап жатқандай Балхаш жақта емес, Орталық Қазақстан немесе Басыс Қазақстан жақта салуы керек. Ол салынатын жерде міндетті түрде көл болуы шарт.  
 
Сіздер ойлап қараңыздар, қазіргі кезде  Тоқ көзін Қырғыстаннан үлкен бағаға сатып алып жатыр. Оны үлкен зауыттарда шығынмен қолданып қарапайым халық оны 11,5 теңгеден, ал белгілі шектен асып кеткенде 15-теңгеден 1 киловатына төлейді. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда өте жоғары баға. Егер АЭС салынатын болса онда елімізде тоқ көзінің бағасы 1 киловатқа 3-4 теңге шамасында болады. Енді 12 мен 3 теңгенің айырмашылығы қандай. Егер ол АЭС салынатын болса еліміздің экономикасының алға басуына үлкен үлес болмақ. Бір Германияның өзінде 14-тей АЭС бар екен. Енді ойлай беріңіздер....

Admin Профессор 5 ай бұрын 

стана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Балқаш" Жылу электр станциясы" жобасын жүзеге асыруда KEPKO компаниясы Оңтүстік және Шығыс Қазақстаннан жұмысшылар тартпақ ниетте. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында KEPKO компаниясының президенті Санг Цу Ким мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Балқаш  Жылу электр станциясын салуда  Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлерінен жұмысшы тартуға бар күшімізді салатын боламыз", - деді Санг Цу Ким.

Оның айтуынша, "KEPKO компаниясы жұмысшыларды белсене  оқытып, өздері жинақтаған тәжірибесі мен технологияларымен алмасатын болады".

Бұған қоса, аталған  нысанды салуға ауқымды капитал тарту тәуекеліне байланысты КЕРКО жобалық қаржыландыру жүйесін қабылдамақшы. "Бұған қоса біз электр үнемдеу жөніндегі келісімге келу, электр қуатын сатып алу жөніндегі келісімге және электр станциясын салу жөніндегі келісімге қол қол мәселелерін шешуіміз қажет", - деді ол.

Бұған қоса KEPKO президенті атом электр станцияларының жұмыс істеуі үшін Қазақстанна уран алуға қызығушылық  білдірді. "Қазіргі таңда KEPKO 20 атом электр станциясын басқарады, 8 станция  салынып жатыр, ал 2030 жылдың аяғына таман бұдан да көп станция салынады. Осыған байланысты KEPKO үшін сенімді уран жеткізілімін қамтамасыз ету - шешуші мәселе", - деді ол.  

АЛМАТЫ. 20-маусым. Kazakhstan Today. Жұмыс тобы Қазақстанда Атом электр станциясын салу жөніндегі ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін енгізбекші. Бұл туралы бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қ.Қадіржанов премьер-министр Даниал Ахметовтың басқаруымен Қазақстанда ядролық энергетиканың негізін қалау, Атом электр станциясын салу мүмкіндіктерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын еске салды.

“Мәселе жан-жақты қаралуда. Станцияның орналасатын жері мен қуатына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі саралануда. Қазір Атом электр станциясын салудың үш үлгісі қаралып жатыр. Біріншісі – Ақтауда бұрынғы БН-350 реакторының орнына салу туралы ұсыныс. Екіншісі – Оңтүстік Қазақстан облысында салу. Республиканың оңтүстігінде энергетикалық проблемалар аса күрделі. Үшінші ұсыныс станцияны Курчатовта салу туралы”,- деді Қ.Қадіржанов.

Атом электр станциясының қуаты туралы сауалға  жауап берген Қ.Қадіржановтың айтуынша, егер станция Ақтауда салынса, онда шамамен 250-300 мегаватт қуат өндіретін  блок, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мың мегаватт, Курчатовта 300 мегаватт қуат өндіретін станция салу қажет.

“Егер Атом электр станциясы салынатын болса, мемлекет оның жалпы құнының 30-40 проценті көлемінде  инвестиция бөлуі мүмкін. Қуаты 300 мегаватт болатын бір блоктың құны 0,8 млрд. долларға тең”. “Ол үшін инвесторлардлы іздеу керек. Әзірге бұл бағытта тіпті алдын-ала келіссөздер де жүргізілген жоқ”,- деді Қ.Қадіржанов.

Бұған дейін  Атом электр станциясы үшін блок сатып  алу туралы ұсыныс Қазақстанға Ресей, Жапония және АҚШ-тан келіп түсті.

Бұдан бұрын  да хабарлағанымыздай, Балхашта Атом электр станциясын салу туралы ұсынысты В.Школьник республиканың білім және ғылым  министрі болып тұрған тұста, 1997-жылы жасаған. ҚР атом энергиясын таратпау жөніндегі институтының ғалымдары станция салатын жрді де тауып, іргетасы қалаған болатын. Алайда, электр станциясын салу жөніндегі жобаны тоқтатып қоюға байланысты құрылыс жұмыстары аяқсыз қалды.

АЛМАТЫ. 20-маусым. Kazakhstan Today. Жұмыс тобы Қазақстанда  Атом электр станциясын салу жөніндегі  ұсынысты үкіметке 2006-жылдың аяғына дейін  енгізбекші. Бұл туралы бүгін өткен  қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қ.Қадіржанов премьер-министр  Даниал Ахметовтың басқаруымен Қазақстанда  ядролық энергетиканың негізін  қалау, Атом электр станциясын салу мүмкіндіктерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын еске салды.

“Мәселе жан-жақты қаралуда. Станцияның орналасатын жері мен қуатына қатысты мәселелер егжей-тегжейлі саралануда. Қазір Атом электр станциясын салудың үш үлгісі қаралып жатыр. Біріншісі – Ақтауда бұрынғы БН-350 реакторының орнына салу туралы ұсыныс. Екіншісі – Оңтүстік Қазақстан облысында салу. Республиканың оңтүстігінде энергетикалық проблемалар аса күрделі. Үшінші ұсыныс станцияны Курчатовта салу туралы”,- деді Қ.Қадіржанов.

Атом электр станциясының қуаты туралы сауалға  жауап берген Қ.Қадіржановтың айтуынша, егер станция Ақтауда салынса, онда шамамен 250-300 мегаватт қуат өндіретін  блок, ал Оңтүстік Қазақстан облысында 1 мың мегаватт, Курчатовта 300 мегаватт қуат өндіретін станция салу қажет.

“Егер Атом электр станциясы салынатын болса, мемлекет оның жалпы құнының 30-40 проценті көлемінде  инвестиция бөлуі мүмкін. Қуаты 300 мегаватт болатын бір блоктың құны 0,8 млрд. долларға тең”. “Ол үшін инвесторлардлы іздеу керек. Әзірге бұл бағытта тіпті алдын-ала келіссөздер де жүргізілген жоқ”,- деді Қ.Қадіржанов.

Бұған дейін  Атом электр станциясы үшін блок сатып  алу туралы ұсыныс Қазақстанға Ресей, Жапония және АҚШ-тан келіп түсті.

Бұдан бұрын  да хабарлағанымыздай, Балхашта Атом электр станциясын салу туралы ұсынысты В.Школьник республиканың білім және ғылым  министрі болып тұрған тұста, 1997-жылы жасаған. ҚР атом энергиясын таратпау жөніндегі институтының ғалымдары станция салатын жрді де тауып, іргетасы қалаған болатын. Алайда, электр станциясын салу жөніндегі жобаны тоқтатып қоюға байланысты құрылыс жұмыстары аяқсыз қалды.  

1973 жылы Қазақстанда  дистиллят өндiру жөнiндегi зауыт  үшiн бу шығаруға арналған және  электр энергиясын өндiру үшiн  тәжiрибелiк-өнеркәсіптік, екi мақсатты натрий сұйық металды жылу тасымалдағышы бар БH-350 шапшаң нейтрондардағы реактор iске қосылған болатын. БH-350 реакторлық зауыт трубогенераторлары Қазақстанда өндiрiлетiн электр энергиясы жалпы көлемiнің 1% жуығын шығарды. БH-350 реактор қондырғыларының (бұдан әрi - Рө) бу генераторларында шығарылған будың есебiнен дистиллят өндiру жөнiндегi зауыт Ақтау қаласы мен аймақтың тұщы суға қажетiн толық қамтамасыз еттi. Реакторды пайдаланудың жобалық мерзiмi 20 жыл, бiрақ ол ұзартылып, реактор 1998 жылға дейiн жұмыс iстедi. 1998 жылғы наурызда реактор тоқтатылды, ал 1999 жылғы 22 сәуiрде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң БH-350 реакторын пайдаланудан алу туралы N 456 қаулысы шықты. Қаулы сол сияқты шығару стратегиясын да белгіледi: реакторды қауіпсiз күйге көшiру - пайдаланылған отынды түсiріп алу және буып-түю, сұйық металды жылу тасығышты сүзгiлеу және қайта өңдеу, пайдаланылған, радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу - және кейiн бөлшектеу және/немесе көмумен 50 жыл бойына қауiпсiз күйде сақтау. Қазiргi уақытта отын реактордан түсiрiлiп алынды. Реактордың соңғы тиелiмінiң жылу бөлгіш құрамалары, сондай-ақ бұрын түсiрiлiп алынған және ұстау бассейнiнде сақталған құрамалар герметикалық тыстарға салынды және пайдаланудан өткен отынды ұзақ уақыт сақтау қоймасына тасымалдауға дайын етiледi. Сұйық металды жылу тасығышты цезийден тазарту, сүзгілеу және радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу, пайдаланылған отынды ұзақ уақыт сақтау қоймасын салу және отынды сақтау алаңына тасымалдау жобалары әзiрленуде. 
      1957 жылдан 1997 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасында төрт зерттеу реакторлары: Семей ядролық сынақ полигонында ИГР, ИВГ.1 және РА (ИРГИТ), Алматы маңындағы Алатау кентiндегi Ядролық физика институтында BBP-К салынды. Қазiр төрт реактордың үшеуі - ИГР, ИВГ.1M (жетiлдiрiлген ИВГ.1) және ВВР-К пайдалануда. РА реакторынан жоғары байытылған отын түсiрiлiп алынды және Ресей Федерациясына әкетiлді. Барлық зерттеу реакторлары "Қазақстан Республикасының Ңлттық ядролық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнының (бұдан әрі - "ҚР  ҰЯО" РМК) құрамында. Реакторларда энергетикалық, ядролық реакторлардың қауiпсiздiгiн негiздеуге, реакторлық сәулелену жағдайында конструкциялық материалдардың әрекетi зерттеу жөнiндегi тәжiрибелер жүргiзiледi. ВВР-К реакторында сол сияқты радиоизотоптарды медицина үшiн пысықтау жүргiзiлуде. "ҚР ҰЯО РМК-ның күшiмен 1992-1998 жылдары BBP-К реакторының сейсмикалық қауіпсiздiгi жөнiнде зерттеулер жүргiзiлді, реактордың сейсмикалық тұрақтылығын және оның жүйелерiн ядролық реакторлар қауiпсiздiгi саласындағы қазiргi ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес келетiн деңгейге дейін жеткiзу жөнiнде жұмыстар орындалды. 1998 жылы реактор қайтадан пайдалануға қосылды. 
      Қазақстанның уран өнеркәсiбi бұрынғы КСРО атом өнеркәсiбi кешенiнің бiр бөлiгi ретiнде құрылды. Республикада уран кен орындарын iздестiруге және барлауға мамандандырылған геологиялық барлау ұйымдары, уран өндiрушi кәсiпорындар - карьерлер, шахталар, кенiштер және уран кенiн өндiру жөнiндегi екi комбинат - Каспий маңы таукен-металлургия және уран кендерiн қайта өңдеу мен уранның тотықшасы-тотықтығын өндiру жөнiндегi Тың таукен-химия комбинаты құрылған болатын. Қазақстан жалпыодақтық уран концентраты өндiрiсiнiң 30%-ына жуығын берiп тұрды. Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытында (бұдан әрі - ҮМЗ) бұрынғы Одақтағы аса ірі уран диоксидiнiң ұнтағы және энергетикалық ядролық реакторлар үшiн отын таблеткалары өндiрiсi құрылған болатын. ҮМЗ КСРО-дағы реакторлық отынның 80%-дан астамын өндiрдi. Таблетка өндiру көлемi жылына 150-200 тоннаны құрайды. Қазiргi уақытта Қазақстанда уран өндiрудi үш кен басқармасы: Оңтүстiк Қазақстан облысының Дала мен Орталық және өызылорда облысындағы N 6 кен басқармасы жүргiзедi. Каспий маңы таукен-металлургия комбинатында өндiрiс мүлдем тоқтатылды. Уран концентратының көп бөлiгi бүгiнде ҮМЗ-де жаңа құрылған өндiрiсте және мардымсыз бөлiгi Тың таукен-химия комбинатында өндiрiледi. Тотықша-тотық өндiрiсi 2000 және 2001 жылдары тиiсiнше 1752 және 1952 тоннаны құрады. 
      Қазақстанда БН-350 реакторын, зерттеу реакторларын пайдалану уран өнеркәсiбi кәсiпорындарының қызметi кезiнде, сондай-ақ халық шаруашылығының басқа салаларында, мысалы, мұнай өндiру саласында жиналып қалған радиоактивтi қалдықтарды ұқсату проблемасы өткiр қойылып отыр. 
      Бүгіндe: 
      республикада иондағыш сәулеленудiң ампулалық көздерiн сақтау қоймасы жасалды, БН-350 реакторының пайдаланылған отыны буып-түйілдi және ұзақ мерзiмдi сақтау алаңына тасымалдауға даяр етiлдi, уран өндiрушi кәсiпорындардың үйiндiлерi мен қалдықтарды сақтау орындарын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде; 
      пайдаланылған ядролық отынды "құрғақ" сақтаудың тұжырымдамалық жобасы әзiрлендi және Маңғыстау облысында салынуы болжанып отырған радиоактивтi қалдықтарды қайта өңдеу жөнiндегi мамандандырылған комбинат құрылысының техникалық-экономикалық зерттеулерi жүргiзілдi.
 

Республиканың уран өнеркәсiбi мен атом энергетикасының перспективасы мына стратегиялық бағыттарды болжайды:     

1. Уран өндiру  және уранды қайта өңдеу өнеркәсiбiнде: 
      1) жұмыс iстейтiн кенiштерде қазiргi заманғы жоғары өнiмдi технологияларды енгiзу есебiнен уран өндiрудi ұлғайту; 
      2) перспективалы кен орындарында жаңа кенiштердi салу және пайдалануға енгiзу; 
      3) уранды өндiру мен қайта өңдеуге жаңа, экологиялық таза технологияларды пайдалану есебiнен уран өндiретiн және уранды қайта өңдейтін кәсiпорындардың қоршаған ортаға ең аз әсер етуiн қамтамасыз ету; 
      4) отындық таблетканың өндiрілетiн тұрпаттарының номенклатурасын кеңейту; 
      5) ресейлiк өндiрушiлермен бiрлесе отырып, таяу уақытқа, экономикалық ойпiшiмде неғұрлым оңтайлы AЭC отынын өндiру сызбасын сақтау.      

2. Атом энергетикасында: 
      1) экономикалық тиiмдiлiк пен қоршаған ортаға ең аз әсер етудi қамтамасыз ету; 
      2) кадрлық және ғылыми-өнеркәсiптiк әлеуеттi сақтау және дамыту; 
      3) Қазақстан Республикасының жалпы энергетикалық бағдарламасы шеңберiнде елдің түрлi аймақтарына ядролық энергетикалық қондырғыларды таңдап алу, негiздеу және байламдау; 
      4) энергия өндiргiш қуаттар құрылымын энергия тұтыну құрылымына барынша толық сәйкестiгiн қамтамасыз ету.     

3. Пайдаланылған  отынмен және радиоактивтi қалдықтармен  айналысу саласында: 
      1) радиоактивтiк қалдықтарды (бұдан әрi - РАҚ) және пайдаланылған отынды қайта өңдеу мен сақтауға қазiргi заманғы, қауiпсiз және экологиялық таза технологияларды енгiзу; 
      2) өзiнiң геологиялық-гидрологиялық жағдайлары бойынша неғұрлым қолайлы және тұзды қабаттардың, сазды түзiлiмдердiң және тастақ жынысты массивтердің шоғырлану жағдаятын ескере отырып, пайда болу және қомақталу орындарына сәйкес республика аумағында РАҚ, соның iшiнде пайдаланылған ядролық отынды (бұдан әрi - ПЯО) ұзақ уақыт сақтау және түпкiлiктi көму кәсiпорындарын құру.     

4. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында: 
      1) атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттiк қадағалау жүйесiн дамыту және нығайту; 
      2) құқықтық базаны одан әрi дамыту және халықаралық танылған нормалар мен стандарттарды енгiзу; 
      3) атом энергетикасында қауіпсiздiктің қажеттi деңгейлерiн қамтамасыз ететiн коммерциялық пайдалануда сынамаланған реакторлық қондырғыларды пайдалануға бақылау; 
      4) ядролық отын циклы кәсiпорындарында қазiргi лайықты қауiпсiздік жүйелерi мен қазiргi заманғы жабдықтарды енгiзу; 
      5) AЭC зерттеу реакторлары мен реакторлық емес стендтерде қауiпсiздік негiздемесiне зерттеулер өткiзу.     

5. Қоршаған ортаны  қорғау саласында: 
      1) AЭC қызметтiк циклының барлық кезеңдерiнде тұрғындардың қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау мәселелерiнiң жоғары басымдығын қамтамасыз ету; 
      2) көп кедергiлi қорғау қағидаларын пайдаланатын реакторлық қондырғылардың (РҚ) және AЭC жобаларын енгiзу; 
      3) жобалық авария кезiнде тұрғындарға және қоршаған ортаға МАГАТЭ шкаласы бойынша III деңгейден жоғары емес әсер етудi қамтамасыз етушi РҚ және АЭС жобаларын пайдалану; 
      4) алдыңғы кезеңде уран өндiру және уранды қайта өңдеу кәсiпорындары қызметiнiң салдарларын жою; 
      5) АЭС жобаларын әзiрлеу мен iске асыру кезiнде барынша жариялылық пен ашықтық.      

6. Экономика  саласында: 
      1) РҚ-ың экономикалық тиiмдi жобаларын тендерлiк негiзде iрiктеу жолымен атом энергетикасының неғұрлым экономикалық тиiмділігін қамтамасыз ету.     

7. Ғылыми-техникалық  қамтамасыз ету саласында: 
      1) атом энергетикасы және ядролық физика саласында жұмыс iстейтiн ҚР ғылыми ұйымдарының тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; 
      2) Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде атом энергетикасы мүдделерiнде iргелi және қолданбалы зерттеулер саласын кеңейту; 
      3) Қазақстан Республикасының ғалымдары мен мамандарының атом энергетикасы мен термоядролық зерттеулер саласындағы халықаралық зерттеулер мен жобаларға қатысуы.     

8. Кадрларды  дайындау саласында: 
      1) атом энергетикасы мен ғылымы үшiн, уран өнеркәсiбi үшiн кадрларды даярлайтын оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту; 
      2) ғылыми ұйымдар мен кәсiпорындардың мамандарды даярлауға қатысуы; 
      3) атом энергетикасы мен ядролық физика саласында мамандарды даярлауды жүзеге асыратын РФ, АҚШ және басқа елдердiң жетекшi оқу орындарымен студенттермен және
 
 

Ел энергетикасын  халық шаруашылығының қазiргi заманғы, жоғары технологиялы, ғылымды қажетсінетін, серпiнді дамушы саласы етiп қайта құру жөнiндегi негiзгi мақсаттарды, мiндеттердi және шараларды айқындайтын Қазақстанның атом энергетикасын дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу және бекiту. 
      Халық шаруашылығының осы жоғары технологиялы саласын сақтауды және оның шептерi уран өнімі мен реакторлық отынның дүниежүзiлiк рыногында нығайтуды қамтамасыз ететiн Қазақстанның уран өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу және бекiту. 
      Электр және энергия көздерi импортынан бас тарту, экспорт құрылымын жоғары технологиялы өнiм - электр энергиясы мен реакторлық отын үлесiн ұлғайту бағытында өзгерту, сыртқы сауда теңгерiмiн жақсарту. 
      Дүниежүзiлiк уран рыногында орнығу, уран өндiру мен реакторлық отын өндiруде ТМД шеңберiнде жетекшi шептi алу. 
      Радиоактивтi қалдықтармен, оның iшiнде пайдаланылған ядролық отынмен айналысу жүйесiн құру және пайдалануға енгiзу. 
      Зиянды тастандыларды eдәуiр қысқарту, аймақтарда экологиялық ахуалды жақсарту және атом станцияларын iске қосу мен авариясыз пайдалану есебiнен халық үшiн тәуекел деңгейiн төмендету. 
      АЭС және уран өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары орналасқан аймақтарда әлеуметтiк-экономикалық жағдайды жақсарту, елде әлеуметтiк-экономикалық ахуалды жақсарту. 
      Көмiрсутектi тотықтардың, күкiрт пен азоттың едәуiр мөлшерде қосымша тастандыларын болдырмау есебiнен ғаламдық экологиялық проблемаларды шешуге Қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету.
 

Информация о работе Автомобильдің жалпы сипаттамасы