Ақша несие банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 11:50, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..3
I. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1 Биржа және оның пайда болуы……………………..……………........5
1.2 Биржаның қызметтер………………………………………………....…8
ІІ. Биржа ісін талдау
2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері……………………………......….9
2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар………………........………….11
2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері
және оларды шешу жолдары………….……………………………......14
Қорытынды…………………………………………………………….......20
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………............21
Қосымша...........................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

ҚОР БИРЖАСЫ.doc

— 290.50 Кб (Скачать документ)

        Қор биржаларының тәжірибесінде ең көп тараған  мысал бойынша биржалық мәмілелерге қатысушыларды, яғни алыпсатушыларды «аюлар» және «бұқалар» деп екіге бөледі. Сатып алушыларды бұндай сөздерге теңеу халық арасында кең тараған «өлтірілмеген аюдың терісін бөлу» деген мәтелден таралған деседі. Аюдың әдеті–табанымен таптау. Ал биржа ойынындағы қарсыласты «бұқа» деп атау –жағымсыздың әдеті –қарсыласын мүйізіне ілуден шыққан. 

       Сонымен биржадағы ойыншылар –«аю» бағалы қағаз бағамының төмендеуіне, ал «бұқа» –оның жоғарылауына іс–әрекет жасап ойнайды.

         Қазақстан аумағында Қазақстан Қор Биржасы (KASE) бар, ол Қазақстандағы қор нарығының жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. KASE Орталық Азиядағы аса ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Ол қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі); Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдары шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (соның ішінде қазақстандық халықаралық облигациялар); ХҚҰ облигациялары және шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар; вексельдер; акциялар; корпоративтік облигациялар және т.б. Қор биржасының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің секторлары бөлек санаттарға және шағын санаттарға бөлінеді. Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды қаржылық құралдар саудасын жүргізу мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан алуан әрі сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға тиіс. KASEнің деректері бойынша, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қор нарығының абсолюттік бейнедегі капиталдандырылуының азаюы байқалады, сондай-ақ қор нарығының ІЖӨ-ге қатысты капиталдандырылу көрсеткішінің төмендеуі байқалады, бұл әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты (2.6-суретті қараңыз).

     Ал  енді еліміздің капиталдандыру көрсеткішін басқа елдердің, яғни биржа ісі жоғары дамыған елдермен салыстыратын болсақ, онда 2.7 суретке назар бөліңіз.

     Әрине еліміз бұндай деңгейге жету шағында, яғни Алматы биржасының қорландырылуы 90 миллиард долларды құраса, АҚШ-та оның мөлшері 20 триллион доллар шамасында. Айырмашылық жер мен көктей. Қор биржасы неғұрлым қомақты болса, соғұрлым еліміздің қаржы секторының тұрақтылығы байқалады.

       Алайда, Дүниежүзілік дағдарыс ықпалының дәрежесін барлық негізгі экономикалық көрсеткіштердің серпіні бойынша, соның ішінде Қазақстан қор биржасындағы акциялар индексінің ауытқуын талдау арқылы байқауға болады, индекстің күрт төмендеуі 2010 жылдың екінші жартысынан бері байқалады. Сонымен қатар, қор нарығында 2011 жылғы сәуір-мамыр айларындағы бірқатар оң беталыстарды атауға болады. 2.8сурет.  

      Яғни, KASE акциялар нарығының индексі дегеніміз – индекс жасалған күнгі индекстің өкілдік тізіміне кіретін акциялардың нарықтық бағаларының сол тізімдегі акциялардың белгілі бір күндегі бағаларына капиталдандыру бойынша өлшенген арақатынасы. Бұл орайда еркін айналыста жүрген акциялар ескеріледі.KASE акциялар нарығының индексінің мәні индекстің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бойынша жасалған әр мәміледен кейін қайта есептеледі. 

2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары 

         Өркениеттi елдермен салыстырғанда Қазақстанда қор нарығы түбегейлi қалыптасып үлгерген жоқ. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында: «Қарапайым халыққа қор нарығында жұмыс iстеудi үйрету керек» деген болатын. Осыдан кейiн үкiмет қазақстандық қор нарығын дамытуға жанын салып кiрiстi. Қазақстанның қор нарығын  бір мезетте 11 брокерлік компания тастап кетіп барады. Тәртіпке сәйкес, нарықтағы брокерлік-диллерлік компаниялар капиталын 70 мың есептік айлық көрсеткішке дейін немесе 90 миллион теңгеге жеткізуі керек болатын. Қаржы нарығын  және ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің мәлімдеуінше, 1 сәуірден бастап көлемі көбейтілген осы белгіленген межені қор нарығына қатысушылардың көбі игеруге шамалары жетпей жатқанға ұқсайды. Ал бұл өз кезегінде соңғы кездері Өңірлік қор биржасының төбесіне үйірілген қара бұлтты қоюлата түсері хақ. Соған қарағанда, жақын болашақта біз қор нарығынан айырылып тынатын сияқтымыз.Өйткені,айғай-шудың арқасында дүниеге келген Өңірлік қор биржасының бүгіндері 92 пайыз жұмысы валюталық сауда-саттық негізінде жүзеге асырылып келеді. Ал корпоративтік бағалы қағаздар сегменті небәрі 2,5 пайызды құрайды. Мұнда отандық эмитенттер де бой көрсете қойған жоқ. Негізі, кез келген дамыған елдің қор биржасы корпоративтік бағалы қағаздарды саудалаумен жұмысын қыздыруға тырысады. Ал бізде ол кері сипатқа ие. Мысалы, Әлемдік биржалық айналымдағы жетекші рөл бүгін дәл осы қор биржаларына тиесілі.Форекс компаниясының ақпараты бойынша NYSE және NASDAQ биржалары АҚШ пен әлемнің аса ірі қор биржалары болып табылады, оның алғашқысында шамамен 6400 компанияның, екіншісінде — 3600 компанияның акциялары саудаға салынады. NYSE биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі қазір шамамен 38 млрд долларды, NASDAQ биржасында — 25 млрд долларды құрайды. Қазіргі кезде әлемде шамамен 200 қор биржасы жұмыс істейді. АҚШ-та осындай 13 биржа бар, олардың ішіндегі тек АҚШ-тағы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең ірісі Нью-Йорк қор биржасы болып табылады. Оның айналымы шетелдердегі қор биржаларының айналамының шамамен 50%-ын құрайды. Американдық қор нарығында елеулі орынды тағы бір қор биржасы — Америкен Сток Эксчейндж алады. Осы екеуінен басқа АҚШ-та сондай-ақ Орта-Батыс, Тынық мұхит, Бостон қор биржалары, Цинцинатти қор биржасы, сондай-ақ Чикагоның опциондар биржасы ерекшеленеді. Ұлыбританияда 22 қор биржасы бар (соның ішінде Лондон, Глазго, Бирмингем, Ливерпуль қалаларында).

       Лондон қор биржасы жетекші дүниежүзілік қаржы орталықтарының бірі болып табылады. Онда айналымда жүретін құнды қағаздардың жартысынан астамы — шетелдік құнды қағаздар. Францияда 8 қор биржасы бар (Париж, Лион, Марсель, Лилль, Нанси, Бордо, Нант, Тулуза). Олардың ішіндегі ең ірісі — Париж қор биржасы. Германияда — 7 қор биржасы бар (Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф, Гамбург, Мюнхен, Штутгарт, Бремен, Ганновер). Олардың ең ірісі Майндағы Франкфуртта. Жапонияда 9 қор биржасы бар (Токио, Нагоя, Киото, Осака, Хиросима, Коба, Ниигата, Фукуока, Саппоро) . Олардың арасында Токио қор биржасы “Кабута Хо” айналымы бойынша Нью-Йорк пен Лондон биржасынан кейін әлемде үшінші орында тұрады. Канадада 5 қор биржасы бар (Монреаль, Торонто, Ванкувер, Калгари, Виннипег).

     Әлемдік экономиканың локомотиві АҚШ-тағы былтырғы қаржылық «сілкініс» өзге көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасына қатты әсер етті. Әсіресе, әлемдік қор биржалары биыл қаңтар айының орта тұсында соңғы 80 жылда болмаған құлдырау қарқынына жетті.Осы орайда Қазақстанның қаржы секторы да бірқатар қиындықтарға душар болды. Халықаралық нарықтағы қаржылық тұрақсыздық қаупінің Қазақстан экономикасына әсер етпеуі үшін мемлекеттің мәселені жүйелі және жедел қолға алатын тетіктерін құру Елбасының  Жолдауында нақты айтылды. Соған байланысты шаралар жүргізіліп жатыр. Еліміздің банктері сырттан алған қарыздарын өтей бастады. Бірақ, бұл жерде зер сала қарайтын мәселе, әлемдік экономикада болып тұратын түрлі тәуекел мен белгісіздік жағдайында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сенімді басқару жүйесін құру шаралары әлі де болса назар аударуды қажет етеді.Егер АҚШ-пен салыстырып қарайтын болсақ, мынадай көрініс алдан шығады. Америкада қазір ақша массасы өтімділігінің тапшылығы сезілуде. Ел экономикасының секторларында түрлі тұрақсыздық пен нарықтық қысым байқалады. Ал Қазақстан экономикасының дамуында ақша массасының өтімділігі жоғары. Бірақ қор биржасын қорландыру және қаржылық құралдарды таңдау төменгі деңгейде қалып тұр. Мәселен, Алматы биржасының қорландырылуы 90 миллиард долларды құраса, АҚШ-та оның мөлшері 20 триллион доллар шамасында. Айырмашылық жер мен көктей. Қор биржасы неғұрлым қомақты болса, соғұрлым еліміздің қаржы секторының тұрақтылығы байқалады. Шетелдердің көпшілі-гінде ақшасы бар нысандар мен олигархтар қор биржасы арқылы жұмыс істейді. Біздегі ең үлкен кемшілік, олигархтар капиталын банктер арқылы жүргізуде жатыр. Банкте жатқан қаржыны ол өзі ғана пайдаланады. Егер қор биржасына салса, онда сол капиталдың табысын халықпен бөлісер еді. Амал не, бізде олигархтар капиталының көп мөлшерін қор биржасына салуға мүдделілік білдірмей отыр. Жалпы, белгiлi бiр мөлшерде акцияны сатып алған адамға сол акционерлiк қоғамның жұмысын басқаруға, одан түсетiн үлестен ақша алуына мүмкiндiк берiлген. Бұл қолданыстағы заңмен бекiтiлген. Сондықтан да барлық акционердiң мәртебесi бiрдей. Ал компания басшылары акционерлердiң алдында жыл сайын есеп беруi тиiс. Демек, акционерлер өздерiнiң мәртебесi бойынша компанияның басшылығынан жоғары тұрады. Себебi, олар өздерiнiң басқару құқығының бiр бөлiгiн басшылыққа табыстаған. Акционерлiк қоғамның басшылары былайша айтқанда, жалданып жұмыс iстейтiн жұмыскерлер сияқты болып қалады. Егер басшылық осы негiзгi мiндетiн дұрыс атқара алмаса, онда сол акционерлердiң өздерi жалпы жиналыста басқа басшыларды тағайындай алады. Осыдан да болса керек, компания басшылары акцияларды жұртшылыққа сатуға құлықсыз және де компанияның жұмысы туралы жұртқа бүге-шiгесiне дейiн жариялағылары келмейдi, демек басшылықтан айрылып қаламын деп қорқады. Сондықтан да жұрт қызығатын iрi компаниялардың акциясы биржа айналымында мүлдем жоқ. Оларға деген сұраныс жеткiлiктi, бiрақ ұсыныс жоқтың қасы. Жақында ғана алғашқылардың бiрi болып «Қазақтелеком» өз акцияларын сатылымға шығарды. Бұл жерде құнды қағаздар нарығын жұртшылық онша түсiне бермегендiктен, олар әлi де сол артық ақшаларын банктерге депозитке салғанды жөн санайды. Бұл жерде акцияларды билiк басындағы шенеунiктер мен құнды қағаздың тиiмдi екенiн түсiнетiн қаржыгерлер, сондай-ақ акционерлiк қоғамның айналасында жүрген санаулы адамдар ғана құнды қағаздарға қол жеткiзе алды. Бұл - бiр. Екiншiден, халықтың тұрмыс деңгейiне де байланысты. Мысалы, көпшiлiк салаларда, соның iшiнде бюджеттiк мекемелерде қызмет iстейтiндердiң айлық жалақысы айтарлықтай жоғары емес. Мұндай айлық жалақы алатындардың биржадағы саудаға қатысуға шамасы келмейтiнi, тек жоғары табыс деңгейi бар адамдардың ғана қатыса алатыны түсiнiктi. Сонда елiмiзде аса жоғары жалақы алатындар кiм және олардың саны қанша деген сұраққа жауап беру үшiн статистикалық деректерге зер салып көрелiк. 70 мың адамды қамтитын қаржы саласы қызметкерлерiнiң орташа айлық жалақысы - 112 мың теңге. Көлiк және байланыс саласында орташа жалақының мөлшерi - 60 мың теңге. Бұл салада 530 мыңдай адам жұмыс iстейдi. 415 мың адамды қамтитын құрылыста орташа жалақы - 59,800 теңге. Сонда 60 мың теңгеден жоғары айлық табысы бар адамдардың ұзын-ырғасы - 1 млн. 200 мыңдай. Ал республикадағы экономикалық белсендi халықтың саны - 7 млн. 400 мың. Оның жұмыс iстейтiнi - 7 млн. 300 мыңдай. Әйткенмен, халықтың қолында мүлдем ақша жоқ деп тағы айта алмаймын. Ақшалылары бар. Бiрақ бiзде тұрмыстың қымбатшылығы бар. Халық тұтынатын тауарлар қымбаттап барады. Соған байланысты өмiр сүру қымбат. Мұның өзi халықтың тұрмыс деңгейiн көтеруiне елеулi түрде кедергi келтiредi. Сондықтан биржадағы саудаға тек ауқатты адамдар ғана қатыса алады деген сөз.

      Қазірде елімізде үкімет тарапынан көптеген ұсынымтар, шаралар,басқосулар жүргізіліп жатыр: Қырғызстанда Қазақстан қор биржасының үшінші конференциясы аяқталды. Дәстүрлі басқосуда қаржыгерлер мен сарапшылар бұл жолы дағдарыс тұсында қаржы нарығын қалай дамытуға болады деген мәселені талқыға салды. Қазақстан қор биржасы мен қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігінің басшылары  Алматыда басқосу өткізіп, конференцияны қорытындылады. Елдің қор биржасын бәсекеге қабілетті етуге бағытталған жоспарларымен бөлісті. Айтуларынша, қазір Қазақстанда құнды қағаздардың өтімділігі төмен. Оны арттыру үшін алдымен инвесторларға қолайлы жағдай туғызып, қаржылық делдалдардың жауапкершілігін күшейту керек дейді қаржыгерлер. Сонан соң, тәуекелдікті басқару жүйесін жетілдіріп, эмитенттердің қаржы нарығында еркін саудаласуына мүмкіндік туғызу қажет. Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын арттыру үшін еліміздің қаржы нарығын реттеу мен қадағалау агенттігі қазір арнайы заң жобасын әзірлеп жатыр. Алматы аймақтық қаржы орталығы да халықтың қаржылық сауатын көтеріп, оларды құнды қағаздар нарығына көптеп тарту үшін арнайы курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ вице-президентінің сөзінде, Қазақстан қор биржасының алдында тұрған негізгі міндет-ол инвесторларға қолайлы, сенімді нарықты қалыптастыру. Сонда халық тәуекелге бел буып ақшасын құнды қағаздарға салады. Биржада бағын сынап көргісі келетіндердің де қатары көбейетін болады. Осыған қол жеткізу үшін  алдағы уақытта қаржы нарығын қадағалау және реттеу агенттігімен, аймақтық қаржы орталығымен бірігіп жұмыс жасап жатыр және олардың нәтежелері көрініп жатыр.

       Cонымен қатар, Қаржы нарығын қадағалау агенттігі Қазақстан қор биржасымен бірлесіп құнды қағаздар нарығында инвесторлардың құқығын қорғауда бір қатар шараларды қолға алды. Атап айтқанда, биржаның өкілеттілік тізімінде «буферлік санат» пайда болды. Бұл аралық тізімге өз міндеттемесін өтей алмаған компаниялардың аты енетін болады. Мамандардың айтуынша, құнды қағаздарды биржаның өкілеттілік тізімінде сақтап қалу инвесторларға компанияның алдағы уақыттағы әрекеттерін бақылауға және нарықтағы құнды қағаздың баға ауытқуларын бақылап отыруға мүмкіндік береді.Болат Бәбенов, Қазақсан Қор биржасының вице-президентінің айтуынша,бұны құрудағы мақсат – бүгінде өз міндеттемелерін өтеуде қиындыққа тап болған компанияларға мүмкіндік беру. Яғни, оларға жағдайды қалыпқа келтіруге уақыт беріп жағдай жасау. Өйткені, делистинг – дефолта жол берген эмитент пен облигацияны сатып алған инвестор екеуін нарықтан ысырып шарасыз күйде қалдырады. Сондықтан, жаңа жүйе эмитентің қаржылық жағдайы туралы ақпарат беріп отырады. Және инвестор қолындағы қағазды нарыққа қайта сата алады. Екінші жағынан дефолтқа жол берген компания үшін «уақытша тізімде» болу да пайдалы осы мерзім аралығында құрылым өз мүмкіндіктерін саралап қайта қарауға мүмкіндік алады. Қазақстан қор биржасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылы дефолтқа жол берген компаниялардың тізімінде 18 құрылым бар. Олардың 11-і қазір уақытша тізімге көшірілді.                      

       Нәтежиелері мыналар, Қазақстан қор биржасында мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұраныс арта түсті. Осылайша, жыл басынан бері КАСЕ-гі сауда көлемі шамамен 1 трлн. 100 млрд. теңгені құрады. Өткен жылғымен салыстырғанда, 50 пайыздық өсім байқалып отыр. Доллармен есептегенде бұл көрсеткіш 22 пайызға артқан.Андрей Цалюк, Қазақстан қор биржасының вице-президентінің айтуынша, бұл – бүгінгі таңда ең тиімді нарық саласы. Өйткені, мемлекеттік құнды қағаздар тәуекелден неғұрлым сақтанған. 10 айдың қорытындысы бойынша (2010), өткен жылғымен (2010) салыстырғанда, бұл көрсеткіш 50-51,7 пайызға артқан. Алайда, соңғы 4 айда (2011) саудаға алғаш рет шығарылған құнды қағаздар көлемі тұрақты сақталуда. Қаржы министрлігі бірқалыпты эмиссиялық белсенділік танытуда. Оның деңгейі өткен жылғыдан (2010) гөрі біршама жоғары. Бірақ, саудаға екінші мәрте шығарылған құнды қағаздар көлемі азаюда. Бұл жаз маусымында (2011) өткізілген портфельдерді қайта құрылымдаумен, ең алдымен зейнетақы қорларының қаржылай қоржындары қайта құрылымданғанымен түсіндіріледі.Қазір Қазақстан қор биржасы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің КАСЕ-нің өз акционерлері арасында құнды қағаздарды орналастыру есебінен қаржыландыру деңгейіне байланысты талабын орындады. Осы орайда, Агенттік талаптары бойынша, құрылымның жарғылық капиталы 181 млн. теңгеден астам қаржыны құрауы керек. Эмиссия қорытындысы бойынша, қазан айының соңына қарай барлығы 20 млн. теңгеге 5,5 мың акция сатылған.

     Қазақстанда қор биржасы мен Алматы Өңірлік  Қаржы орталығы арнайы сауда алаңы өзара бірлесті. Алматыда өткен баспасөз-конференциясында осы жобаның бас менеджерлері жаңа алаңдағы саудаға қатыса алатын нарық ойыншыларының тізімі бекітілгені жөнінде хабарлады. Сонымен қатар, Алматы Өңірлік Қаржы орталығы сауда алаңы ретінде Қазақстан қор биржасының қызметін реттейтін негізгі құжаттар күшіне енді.Әркен Арыстанов, АӨҚО АСА басқарма төрағасының айтуынша, біріктірілген сауда алаңының басты айырмашылығы – ең үздік листингтік талаптар мен неғұрлым көбірек шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар, инвесторларды қорғауды көздейтін қосымша қаржы институттарын, яғни, клирингтік палаталар құруға, жедел нарықты дұрыс жолға қоюға, жаңа қаржы құралдарын ойлап табуға айрықша көңіл бөлінуде. Бұл тұрғыдан алып қарағанда Гонконг, Лондон, Сингапур қор алаңдарының тәжірибесі Қ.Р үлгі болып отыр. Жаңа талаптарды ойластырғанда Лондон қор биржасының маманы көмектесті. Осылайша,Қ.Р–ның жобасын халықаралық кеңес мүшелері мақұлдады. Бұл – Алматының қаржы орталығы ретінде қалыптасу жолында қолға алынып отырған тағы бір шара.Біріккен сауда алаңы отандық нарыққа сауда жүргізуге арналған жаңа секторлар ашу және жаңа қаржы құралдарын пайдалану мүмкіндіктерін ұсынады.

Информация о работе Ақша несие банктер