Ақша несие банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 11:50, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..3
I. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1 Биржа және оның пайда болуы……………………..……………........5
1.2 Биржаның қызметтер………………………………………………....…8
ІІ. Биржа ісін талдау
2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері……………………………......….9
2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар………………........………….11
2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері
және оларды шешу жолдары………….……………………………......14
Қорытынды…………………………………………………………….......20
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………............21
Қосымша...........................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

ҚОР БИРЖАСЫ.doc

— 290.50 Кб (Скачать документ)
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТІРЛІГІ

Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 

Курстық жұмыс 

Тақырыбы: «Қор биржасы» 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                      Студент: Жангазиева А.

                                                                               Тексерген: Нурымбетова Б.И. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы, 2011 ж

    Мазмұны: 

Кіріспе………………………………………………………………………..3

I.   Қор биржасының мәні мен міндеттері

1.1 Биржа және оның пайда болуы……………………..……………........5

1.2 Биржаның қызметтер………………………………………………....…8

ІІ. Биржа ісін талдау

2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері……………………………......….9

2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар………………........………….112.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері

     және оларды шешу жолдары………….……………………………......14 

Қорытынды…………………………………………………………….......20 

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………............21 

Қосымша...........................................................................................22 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Қазақстанның  орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің  құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында. Қазіргі заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады. Мен осы курстық жұмысымда қор биржасының қалыптасуы, биржа ісі, дамуы жөнінде мәселелерді қарастырдым. Өз жұмысымның мақсаты деп, жалпы қор биржасы туралы, елімізде оның қажеттілігі, маңыздылығы, дамуы немесе даму кезінде пайда болған мәселелерді ашып, оларға  түсінік беру. Курстық жұмысымның өзектілігі қор биржасындағы қызмет әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан да қор биржасына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар - бағалы қағаздар.Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде, жалпы биржаның пайда болып қалыптасуы, түрлері, соның ішінде қор биржасының мәні, міндеттері туралы айтылып кеткен; екінші бөлімінде биржа ісіне талдау жасалынған, яғни оның операциялары, мәмілелері, шарттары, қазіргі кездегі еліміздің биржалық саясаты, жағдайы жайында; үшінші, соңғы бөлімде Қазақстан Республикасының қор биржасының басқа елдермен салыстырғандағы пайда болған проблемалар және оларды шешу туралы үкіметтің жарғылары, шешімдері туралы айтылып кеткен.

      Еліміздің қор биржасының жоғары деңгейде дамуы, Қазақстан қор биржасының (KASE)1993 жылы 17 қарашада «Қазақ банкаралық валюта биржасы» деген атпен құрылғанынан басталды. KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 69 акционері бар (01.11.08 жылғы дерек бойынша) – «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.

       Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның өзін өзі реттеу жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын қайнар көзі.

         Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде және дербес қатысушы-комитет ретінде.         Қазақстандық қор нарығының аз мерзімдік болашағы бүгінгі таңда жеткілікті түрде тұманды болып көрінеді. Үлестік құралдармен бірге жоғары емес айналымдар қазақстандық бағалы қағаздарға деген сұраныстың жоқтығын куәландырады, дегенмен нарық үшін оң сәттер де бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І Қор биржасының мәні мен міндеттері 

1.1 Биржа және оның  пайда болуы 

         Қазақстан Заңында «Биржа қызметтер көрсетуден алған табыстары оның шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық техникалық және әлеуметтік дамуға пайдаланатын субъект» деп жазылған [7;1].

        Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда орталықтарында: 1531- Анвертпен(Нидерландыда), 1549 жылы-Лион, Тулуза (Францияда), 1556жылы-Лондон пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І Петрдің басшылығымен Санкт Петербургте 1703-1705 жылдары құрылды. АҚШта (Чикагода) 1848 жылы пайда болды. Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы орындарда, мысалы, базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі.Таоихи осындай жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда жүргізілетін жіне тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатты   Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен біріктіреді.

     «Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген мағынаны аңғартады. Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң екенін білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа днп аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Биржа ұғымының элементтерін 1.1 суретпен өрнектеуге болады.

     Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты  тауар түсетін орын ретінде, яғни онда тауарлар сатылатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды. Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне байланысты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес еді. Нәтиесінде ХХ ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға ауысты. Дегенмен тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының конъюктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. шаралар жүргізетін орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни фьючерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу сатуды ұйымдастырды.  Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор биржалары да, валюта биржалары да меңгереді. Нәтижесінде бір жағынан әртүрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешеліктер жойылса, екінші жағынан барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы қазіргі биржалардың алғашқы нұсқасы. Оларда сатылған активтер түріне (тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы және валюта биржасы бөлініп шықты.Биржа дамуының болашағын айтатын болсақ, қазіргі кезде ғылыми техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың  бүкіл процесі компьютерленді. Осы бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып, нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын, ұйымдастыратын бірегей электрондық нарық пайда болды. Сөйтіп,  XVI ғасырда пайда болған ежелгі «биржа» атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына өтуі мүмкін. Сонда биржа ұғымының мәні қазіргіден басқашатүсіндірілетін болады.Aйтылғандарды 1.2 суретпен өрнектелік.

   Әрбір биржаның жұмыс істеу ерекшеліктерін, құрылымын, басқару органдарының құрамын білу үшін оның жіктелу нышандарын білу керек.

   Әлемде әрбір биржалар бірсыпыра белгілерге байланысты жіктеледі:

Біріншіден, биржалық тауар түріне байланысты әлемдік  практикада:

  • Тауар биржасы;
  • Қор биржасы;
  • Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.

      Қазақстанда 1995 жылы қабылданған «Тауар биржасы туралы» заңда тауар биржасы көтерме сауда орны деп аталған, Ол кезде елімізде акционерлік қоғамдардың құрылып, олардың акциясын ұзақ мерзімді инвестициялауға және мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға жұмсау бағалы қағаздар нарығын қалыптастыруға себепші болды. Бағалы қағаздар нарығының дамуын, бағалы қағаздардың айналысын, тауарлар қозғалысын реттеу және қадағалау мақсатында арнайы орган Қазақстан қор биржасы құрылды. Айта кететін жәйт, Қазақстан қор биржасына тек бағалы  қағаздар ғана саудаға түседі. Ал Ресейде, басқа елдерден ерекшелігі, бағалы қағаздармен саудаеы тауар биржасы да, валюта биржасы да жүргізеді.

    Екіншіден, биржаны ұйымдастыру негізіне, яғни биржаны құрудағы мемлекеттің роліне қарай әлемде биржа үш түрге бөлінеді:

  • Ашық құқықтық, яғни мемлекеттік биржа. Ондай биржалар биржа туралы заң негізінде құрылып, мемлекет бақылауында болады. Ол биржалардың мүшелігіне белгілі бір мөлшерде айналымы бар және сауда тізіміне енгізілген сол аймақтағы кез келген кәсіпкер кіре алады. Биржаға мүше емес жақтар да кезекті күту билетін сатып алып бір рет мәміліге қатысады. Мұндай биржалар Францияда, Белгияда, Голландияда кеңінен тараған.
  • Жеке құқықтық, яғни жеке биржалар Англия, АҚШ елдеріне тән. Бұл биржаларға мүше болып тек биржалық корпорацияларға енген жақтар ғана кіре алады. Ол биржалардың мүшелері аз, шектеулі ғана болады. Биржаның бұл түрі әдетте мүшелік жарна төлейтін қоғам.
  • Аралас биржалар олар контитентальды Еуропаға тән. Олар қор биржасында кең өріс алған. Мысалы, Веналық қор биржасы. Егер биржа акционерлік қоғам формасында құралса, онда мемлекеттің қарауында акцияларының біразы болады. Ол жағдай атқарушы үкімет өкілдерінің биржаның басқару органдарына енуіне және оның ісін бақылауға құқық береді.

   Үшіншіден, биржаның құқықтық жағдайы, яғни биржаның статусы бойынша биржалар негізінен акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркеледі.

   Төртіншіден, биржалық саудаға қатысушалар тұрғысынан ашық және жабық биржалар болып құрылуы мүмкін. Жабық биржа саудасына делдалдар ретінде биржа мүшелері ретінде биржа мүшелері ғана қатысады. Сатып алушылар мен сатушыларға биржа жабық болады. Шетелдердегі қазіргі биржалар негізінен жабық биржа түрінде ұйымдасқан, себебі биржалық сауда жоғары қауіпті және де олар жоғары мамандықты талап етеді.

    Ал ашық биржа саудасына биржа мүшелерінен және делдалдардан басқа қатысқысы келгендерде кіруіне болады.

     Бесіншіден, тауардың құрамы, яғни номенклатурасы бойынша биржалар әмбебап және маманданған болып та жіктеледі. Биржаларды мұндай жіктеу тауар биржаларына тән.

    Әмбебап биржаларды әртүрлі тауардың мол тобы саудаға түседі, ал маманданған биржалар не бір тауар түрін сатуға, не болмаса әртүрлі тауарлар тобын сатуға маманданған.

    Алтыншыдан, әлемдік саудадағы биржаның орны және роліне байланысты халықаралық және ұлттық биржалар деп те бөлінеді.

    Халықаралық биржа- сатып алу, сату мәмілелерімен тұрақты сауда жүргізумен бірсыпыра мемлекеттерді қамтмтын көтерме нарықтың ерекше түрі. Халықаралық  биржалар әлемдік нақты тауар және қор нарықтарына қызмет етеді. Мұндай биржалардың жұмысына әр түрлі мемлекеттердің іскер адамдары қатыса алады.  Халықаралық  биржалар орналасқан мемлекеттер биржалардың қызметін қамтамасыз ететін валюта, сауда және салық режимдерін орындауы тиіс. Халықаралық биржа өз кезегінде тауар, қор, валюта биржалары болып та бөлінеді.Халықаралық қор биржаларына Нью Йорк, Лондон, Токио қор биржалары жатады.

        Қор биржасы- бұл құнды қағаздар қалыпты айналысына қажетті жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті болады.

      Қор биржасының мақсаты- бағалы қағаздар мен сауда жасау үшін көпшілікке жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын салушы жеке институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың, клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.

      Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырады. Биржадан тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың шығарылымын қамтиды. Онда несие - қаржы институттары ұжымдық салушы ретінде іс - әрекет   жасайды. Биржадан тыс нарыққа көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада керісінше құнды қағаздардың бұрынғы  шығарылымдары, негізінен акционерлік қоғам акциясының бағасы белгіленеді.

Информация о работе Ақша несие банктер