Ақша несие банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 11:50, курсовая работа

Описание

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін; олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………..3
I. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1 Биржа және оның пайда болуы……………………..……………........5
1.2 Биржаның қызметтер………………………………………………....…8
ІІ. Биржа ісін талдау
2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері……………………………......….9
2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар………………........………….11
2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері
және оларды шешу жолдары………….……………………………......14
Қорытынды…………………………………………………………….......20
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………............21
Қосымша...........................................................................................22

Работа состоит из  1 файл

ҚОР БИРЖАСЫ.doc

— 290.50 Кб (Скачать документ)

      Қор биржасы жабық акционерлік қоғам формасында құрылады және кемінде үш мүшесі болуы тиіс. Тек қор биржасынығ акционері ғана оның мүшелері бола алады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін - өзі өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді. Қор биржасы инвестиция институты қызметімен шұғылданбайды, бірақ биржаға құқық беретін өз акцияларынан шығарып, сата алады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес  тіркеліп, Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады.

     Қор биржасы мен басқа биржалардың  қор бөлімдері заң тәртібімен бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалатын мәмілелердің ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді. 
 

1.2 Биржаның қызметтері 

         Биржаның қызметіне тек биржаның өзі ғана айналысатын, басқа бірде бір сауда ұйымдары жүргізбейтін істер жатады. Оны 1.3 суретпен өрнектеуге болады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркеліп, Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия алады.Құнды қағаздар операцияларын тауар және биржалардың қор бөлімдерінде де лицензиясы бар болса, жүргізе алады.

     Қор биржасы мен басқа биржалардың  қор бөлімінде заң тәртібімен бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды  қағаздармен жасалынатын мәмілелердің ішкі ережесі негізінде жұмыс  істейді.

     Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы мүмкін:

  • қор биржасының оған мүшелікке енуге құқығын беретін акцияларын сату;
  • қор биржасы мүшелерінен мүшелік жарналары;
  • биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;
  • биржа қызметіне түсетін басқа табыстар;

     Биржаның  табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруіне байланысты шығындарды жабуға жұмсалады. Қор биржасы қаржы министрлігімен келісе отырып құнды қағазды саудаға жіберу — листинг, сондай-ақ оларды шығару делистинг ережелерін белгілейді 
 
 
 
 
 

ІІ Биржа ісін талдау 

2.1. Биржаны құрушылар мен оның мүшелері. Басқару органы. 

     Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен  және қызмет ету мерзімінің шектеусіз  құралады. Сондықтан биржаның құрылтайшылары деп өзара құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді.

       Құрылтайшы көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық материалдық жағдайы мықты болады деп саналады. Құрылтайшының құрамы биржаның түріне байланысты болады. Биржаны  құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі міндеттері:

  • Биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;
  • Биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру;
  • Биржаның ұйымдық құқықтық формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал жинақтау;
  • Биржа мүшелерін даңдап алу;
  • Белгіленген тәртіп бойынша биржаны тіркеуден өткізу;
  • Биржалық сауданың ұйымдастырушы құқығын беретін лицензиясын алу;
  • Биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.

     Биржаның  жарғысына сай оның мүшесі болып  жарғылық капиталын қалыптастыруға не мүшелік жарна, не жабдықтарына мақсатты жарна төлеген жақтар саналады. Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа  мүшесі болуы мүмкін.

     Қор биржасын құрушы тек бағалы қағаздар нарығына кңсіби қатысушылар ғана, ал валюта биржасын валютамен операциялар жүргізуге құқық беретін лицензиясы бар коммерциялық банктер немесе қаржылық ұйымдар.

      Қор биржасы бағалы қағаздар нарығында сауданы ұйымдастырады, ол коммерциялық ұйым емес. Бағалы қағаз нарығына кәсіби қатысушылар ғана оның тең құқықты мүшелері болып есептеледі. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына коммерциялық банктерді де жатқызады, сондықтан олар биржа мүшесі болуы мүмкін. 

       Қазақстан қор биржасының мүшесі, әдетте, заңды тұлға болады. Шетел тәжірибесінде, мысал, АҚШ-та жеке тұлғалар, кейбір мемлекеттерде (Жапония, Канада) заңды тұлғалар биржа мүшесі болады. Ал үшінші мемлекеттерде (олар көпшілік) жеке немесе заңды тұлға днп бөлмейді. Лондон қор биржасының мүше-фирмалары үш категорияға бөлінеді:

  • Аса маңыздысы деп есептелінеді, оған я дилер, я брокер, я бір уақытта әрі дилер, әрі брокер бола алатындар кіреді. Егер биржа мүшесі дилерлік қызметпен шұғыплданса, ол биржада «маркет –мейкер» ретінде, яғни нарықты ұйымдастырушы ретінде тіркеледі. Әдетте, бұндай функцияны өзіне тек ірі фирмалар ғана алады. Одардың қызметі-міндетті баға белгілеу кезі деп аталатын белгіленген кезде белсенді түрде бағалы қағаздарды сатып алумен (сатумен) шұғылдану. Ол кезде нарықты ұйымдастырушылар мәмілеге келгісі келген бағаны ұсынады. Ұйымдастырушылардың көптігі және олардың өзара бәсекелтігі бағалы қағаздарға дәлелді баға қалыптастыруға тірейді. Нарықты ұйымдастырушылар баға белгіленгенде екі бағамды көрсетуі тиіс: сатып алушының сұраған бағасы және сатушының ұсынған бағасы. Мысалы, 143 – 6. 10x10 түріндегі баға белгілеу деген нарықты қалыптастырушы  10000 дана акцияға дейін 143 пенс бағамен сатып алуға дайын және 10000 дана акцияға дейін 146 пенс бағамен сатуға дайын екенін білдіреді. Сонда бағамдар арасындағы айырма             (146-143=3пенс) спрэд немесе бағамдық пайда болады.
  • Дилераралық брокерлер, яғни бірімен – бірі жасырын (аноним) түрде өзара қатынас жасағысы келген нарықты ұйымдастырушыларға делдалдық көрсететін фирмалар. Нарықты ұйымдастырушылардың дилераралық брокерлерді пайдалануы бәсекелестерінен бағалы қағаздар бойынша өзінің ағымдағы позициясын жасырып қалуына мүмкіндік береді.
  • Ақшалы брокерлер.Олардың атқаратын негізгі қызметі – нарықты ұйымдастырушылар үшін бағалы қағаздарды шеттен алып пайдалану.

     Биржа мүшелері мемлекеттік заңнамалардың және биржалардың өздерінің талаптарын орындайды. Әдетте, заңдар биржаның мүшелігіне жалпы талаптар, ал биржаның ішкі нормативтік-құжаттары қосымша талаптар қояды. Мысалы, биржа өз жарғысында мүшелікке өткізгісі келген ұйымдардың тізімін анықтау қажеттілігін көрсетуі мүмкін; сондай-ақ жеке жақтардың мамандық аттестациясы міндетті түрде болуы қажет.

         Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:

  • Биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару;
  • Басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану;
  • Биржаның мүлкін, ақпаратын және көрсететін барлық қызметін пайдалану;
  • Биржа залында өз атынан және өз есебінен (дилер қызметін орындау), сондай-ақ клиент атынан және клиент есебінен (брокер қызметін орындау) сауда жүргізу;
  • Биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу.

   Биржа мүшелерінің міндеттері:

  • Биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік құжаттарын орындау;
  • Жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпке жарна төлеу;
  • Биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге атсалысу.

       Биржа мүшелерінің саны шектеулі, ол жарғылық қордың көлеміне және бір акцияның көрсетілген құнына (номиналына), сондай-ақ жарғы бойынша биржаның бір мүшесі қанша акция иеленуге құқығы барлығына байланысты болады. Акция биржа мүшесінің өз құқығын пайдалануға мүмкіндік береді. Әдетте, биржа мүшесі өз міндеттері мен құқығына биржаға кіру жарнасын және акциялар құнын төлегеннен кейін ғана ие болады. Биржа мүшесінің құқығы биржадағы «орынның» құнын білдіреді, ал орын-ол биржа мүшесінің меншігі. Егер биржа мүшесі оның құрамынан шыққысы келсе, орын сатылуы, жалға берілуі мүмкін. Орынның құнын Биржалық комитет анықтайды. Ол сұранысты пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Биржаға жаңа мүшелерді алу жарғыда қарастырылады. 

2.2. Биржалық мәмілелер мен операциялар 

       Биржалық мәмілелер деген биржалық саудада оған қатысушылардың тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген тәртіп бойынша биржадан тіркеуден өткізіледі.

    Мәміліге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:

  • Ұйымдастыру жағы-ол мәміліге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың тәртібін көрсетеді;
  • Экономикалық жағы-ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін және тәуекелін көрсетеді;
  • Құқықтық жағы-ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;
  • Этикалық жағы-ол мәмілелерге қоғамды көзқарасты көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын көрсетеді.

      Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт:

     Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатып  алынатын және сатылатын бағалы қағаздар;

     Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған немесе сатып алуға қажетті бағалы қағаздардың саны;

     Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек;

     Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы әкелетін, ал сатып алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уақыты көрсетілуі керек;

     Бесіншіден, мәміле бойынша есеп айырысу, яғни сатып  алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлем жүргізілуі керек. Кез келген мәміле 2.1 суретте өрнектелген қозғалыс циклін қамтиды.

       Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және бекітілмеген болып бөлінеді. Бекітілген мәмілеге қағазға жазылған мәмілелер мен компьютерлік (электрондық) мәмілер жатады. Ал бекітілмеген мәмілеге ауызша немесе телефон арқылы келісілген мәмілелер жатады. Мәміленің қозғалысындағы бекіту циклі сатушы мен сатып алушы арасында тікелей немесе делдал арқылы бекіту блып екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар мәмілесі сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады, ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге болады. Мәмілені тікелей бекіту «көшедегі» нарықта, биржадан тыс компьютерлік саудада болуы мүмкін. Делдал арқылы жасалатын мәміледе брокердің қызметін банк немесе ірә қаржылық компания орындауы мүмкін. Өз қызметін олар сатушыға да, сондай-ақ сатып алушыға да көрсетеді. Алайда,мәмілені мәмілеге келуші екі жақ орындай алады, брокер тек екі жақты – сатушыны сатып алушы үшін, керісінше, сатып алушыны сатушы үшін тауып, оларды бір-біріне кездестіруші ғана. Бұндай мәміле биржадан тыс нарыққа тән.    Биржада екі брокер болуы тиіс, біреуі сатушының мүддесін қорғаса, екіншісі сатып алушының мүддесін қорғайды (2.2 сурет). Биржалық және биржадан тыс нарықтарда саткшы мен сатып алушы дилер арқылы байланыста болуы мүмкін, онда олар өзара тікелей байланыста болмайды(2.3 сурет).

     Қор биржасына жеке корпорациялардың, мемлекеттік  органдардың немесе шетелдердің  бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналысқа түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағанда АҚШ–тың, ГФР–дың мәне Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі корпорациялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ–та егер корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі $1 млн кем бомаса, сонда ғана ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы комиссиясында тіркеуден өткізу керек. 2011 жылдың 1-ші тоқсанындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (МБҚ) жүргізілген жұмыстың қорытындысы мәмілелердің көлемдерін келтіре отырып, 2.4-ші суретте көрсетілген.

     Қор биржасында операциялар (2.5 сурет): кассалық және мерзімдік болып екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы, биржа залында дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін орындалса Т+3 формуласыиен өрнектеледі,  бұнда Т мәмілені бекіткен уақыт. Мерзімдік мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уағытта жеткізіп береді, ал сатып алушы мәміле арты бойынша ақша төлеуге және бағалы қағазды қабылдап алуға міндеттенеді.

       Бағалы қағаздардың курсы әр түрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатардың мақсаты–биржадағы құндылықтардың, яғни бағалы қағаздардың сатып алу–сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.

       Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша есептесу бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі нарықтық баға немесе орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу мерзіміне байланысты да бөлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін белгілі бір күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда 1 наурызда бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с.), сондай–ақ мәміле белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның орындалу мерзімі я айдың ортасы, я соңы болуы керек (мысалы наурыздың кез келген жұлдызындағы мәміле сәуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі я сәуірдің  15, я сәуірдің соңғы жұлдызы). Олар тек кейбір іс–әрекеттер вариантымен ерекшеленеді. Есеп мәміле жасалған күнгі бағалы қағаздың бағамымен жүргізіледі. Егер мәміленің орындалу кезінде оның бағамы төмендеп кетсе пайдаcын сатушы алады да, ал жоғарыласа сатып алушы алады.

Информация о работе Ақша несие банктер