Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 08:56, дипломная работа

Описание

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Работа состоит из  1 файл

БРОКЕР.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен  брокерлер биржалық сауда ережелеріне  сай өзара мәміле жасасады; биржа  сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер  мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат жинақтайды; белгіленген  тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады; арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.

Оң қол, қаржы  кеңесшілері, дербес талдаушылар – бұл инвестициялық шешімдерді қабылдау кезінде көмек көрсететін брокерлік компаниялардың көптеген анықтамаларының бірі. Бірақ негізінен брокерлік қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бұл қор, валюталық немесе шикізат нарығы болсын, кез келген биржадағы сатушы мен сатып алушы арасындағы делдалдар. Брокерлердің негізгі функциясы клиенттерден мәмілелерді орындау тапсырыстарын қабылдау және оған осы тапсырмалар бойынша жасалған мәмілелер туралы есеп беру болып табылады.

Басқа ілеспе брокерлік қызметтер (кеңес  беру, ақпараттық, телефон бойынша  тапсырыс беру) қосымша төлемдерді талап етеді. Брокерлік қызмет көрсету  туралы шартты жасаған кезде инвесторға өзіне ыңғайлы тарифтік жоспарды және қосымша қызметтердің тиісті топтамасын таңдау ұсынылады. Брокер өзінің қызметтері үшін сыйақы брокерлік шарттың қосымша келісімінде келіседі. Егер мәміле сомасы 5 млн. теңгеден артық болса, мәміле үшін сыйақы пайызбен есептеледі, ал егер сомасы аз болса, онда бұл 2 ең төменгі есептік көрсеткіштің белгіленген сомасы. Осыған байланысты казақстандық брокерлік компаниялардың ресейлік компаниялардан ерекшелігі, өзінің клиенттерінің шоттарына қызмет көрсету үшін жеке абоненттік төлем алмауы. Оған қоса, отандық қор нарығындағы саудадан түскен пайдаға табыс салығы салынбайды. Көп жағдайда, қор биржасына шығу туралы шешім қабылдау үшін адам өзінің брокерлік компаниясын көптеген жарнамалық акцияларға және кампанияларға қарап табады немесе достарының және таныстарының ұсыныстарымен барады. Бірақ, брокерді жеке зерттеулеріңіздің және салыстыруларыңыздың негізінді таңдаған дұрыс.

Сақтандырушылар биржалық брокерлерге мамандықтарының  соншалықты зияндылығына байланысты медициналық  полис беруден бас тартады. Жүз мың долларды жоғалтқан, жынданған клиентті тыныштандыру әдеті бірден туындамайды. Дегенмен осындай зияндардан болатын шығыстарды брокерлік компания қайтарады, ал қате жіберген маманға айыппұл тағайындалады. Биржалық монитордың алдында отырып, өзі сезінетін жүйке ауыртпалығын экзотикалық мамандық өкілдерінің, мәселен, жылан аулаушылардың эмоционалдық ауыртпалығымен салыстыруға болады. Пернетақтамен команданы дірілдеп жинау, күннен күнге бірнеше телефондарға жедел қоңыраулар шалу. Операциялар сомасы көп, жауапкершілік ауыртпалығы – жоғары. Американдықтар брокерлердің жұмысына былай деп сипаттама береді: - ыстықты көтере алмайтындар, ас үйден шығып тұрғаны дұрыс. Психологтар биржалық брокерлерге және қаржыгерлерге 35 жастан кешікпей мамандықты және өмір салтын өзгертуге кеңес береді. Бұрық мұны орындау қиынның қиыны. Қор биржасындағы ойын казиноға қарағанда, өте тартымды. Егер рулеткада 95% жеңіс немесе жеңіліс емес фортунаға байланысты болса, мұнда ең алдымен, адамның жеке және кәсіби қасиетіне байланысты.

Жоғары білімсіз де брокер болуға әбден болады. Бірақ бастапқы білімнің болмауы жағдайды теңдей бағалауға және алатын ақпаратты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермейді. Ең басты, қаржылық, экономикалық немесе болмағанда техникалық білімің болғаны дұрыс.

Білімің мен  сезгіштігің арқасында нарықтық ауытқуды дәл болжауға болады.

Қор нарығында ойынды 100 пайызға болжау мүмкін емес. Бұл осы тәуекелдермен табыс табатын брокер қызметінің мәніне қарама-қайшы.

Жас шағыңда  брокер мамандығымен жұмыс істеуге болады, бірақ маңыздырағын іздеген дұрыс.

Көптеген брокерлер  бағалы қағаздардың нарығын жете зерттеп, 35-40 жасында еркін өмір сүруге кетеді, өздерінің жеке ақшаларына ойнай бастайды және зейнеткерлікте жақсы табысқа ие болады. Екінші бір іс, ол үшін бастапқы капиталға ие болуы тиіс.

Брокерлер жаңа клиенттер үшін әрдайым күресіп отырады. Брокерлік фирмалар арасындағы тапсырыс берушілер үшін бәсекелестік қарапайым іс. Кейде ол команда ішіндегі қызметкерлер арасында да туындайды. Ал, бұл компанияда бизнес дұрыс қойылмағандығын білдіреді. Әрдайым бір командада жұмыс істейтіндігіңді ұмытпау маңызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қаржы делдалдары көптеген артықшылықтарға ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуіне қарай мәмілелерді ауқымының тиімділік есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржы делдалдары трансакциялық шығындарды оңай азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылығын оңай анықтай алады.

Қаржы делдалдарына уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарға мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады, өйткені олар қаржы делдалдарынан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.

Төртіншіден, делдалдар  несие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа  қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие  берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары  болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.

Бесіншіден, қаржы  институттары өз клиенттерінің өтімділік  деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол  ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының  өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктің және кассаның шоттарында ақша қаражаттардың ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.

Осылардың ішінде депозит типіндегі қаржы мекемелері кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктік, тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру үшін пайдаланылады. Бұл топтың негізгі институтына коммерциялық банктер, жинақ институттары және несиелік одақтар жатады.

Қаржы нарығында  бос ақша қаражаттарды уақытша тарту  және әр түрлі несиелерді беру бойынша  көптеген қызмет түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл  атқарады. елдің ақша-несие жүйесінде маңызды орын алатындықтан оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.

Жинақ банкісі  – бұл кассалық есеп айырысу қызметі  бойынша жұмысты ұйымдастыратын, бағалы қағаздар мен операцияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға салым ақшаны қабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы бойынша нормативтік-заңдық актілер жинағы. 2 том. - Алматы, 1997-1999 жж.

2. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар  нарығы туралы» Заңы, 2003ж.

3. Қазақстан Республикасының «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Заңы, 2003 ж.

4. Қазақстан қор биржасының 2006-2008 ж.ж. жылдық есептері

5. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау Агенттігінің бағалы қағаздар нарығының жағдайы бойынша берген 2007-2008 жылғы есептері

6. Васильев А.А. Биржевая спекуляция: торговля на рынке ФОРЕКС. -СПб.: Питер, 2001.

7. Галанов В.А., Басов А.И. Биржевое дело. М.: Финансы и статистика, 2001. - 304с.

8. Дуглас Л.Г. Анализ рисков операций с облигациями на рынке ценных бумаг. -М., 1998.

9. Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. - М.: Изд. ЮНИТИ, 1995.-224с.

10. Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными; бумагами в Республике Казахстан. - Алматы, 1995. - 220 с.

11. Корельский   В.Ф.,   Гаврилов   Р.В.   Биржевой   словарь:   в   2-х   т. -М.: Международные отношения, 2000.

12. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. - Алматы: Экономика. - 2005. - 2346.

13. ҚР-ның ҰБ-нің мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж..

14. Коттл С., Мюррей Р.Ф. Анализ ценных бумаг. - М., 2000.

15.Лауфер М. Новые ориентиры мировых финансовых бирж. // РЦБ, 1999, №15.

16. Лялин В., Воробьев Л.В. Ценные бумаги на фондовом рынке. - М., 2000.

17. Миркин Я.М. Ценные бумаги и фондовый рынок. - М., 1995.

18. Мусашов ВТ. Фондовый рынок. Инструменты и механизмы. - М.,

1995.

19. Мэрфи Дж. Межрыночный технический анализ. Торговые стратегии для мировых рынков акций, облигаций, товаров и валют // Пер. с англ — М.: Диаграмма, 1999.

20. Мусатов Т.В. США: биржа и экономика. - М., Наука, 1985.

21. Михайлов Д.М. Мировой финансовый рынок. - М., 2000.

22. «Банки Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж. .

23 ҚР-ның «Рынок ценных бумаг Казахстана» №1 журналының мәліметтері негізінде құрастырылған, 2009 ж.

24. Рубцов Б.Б. Зарубежные фондовые рынки: инструменты, структура, механизм функционирования. - М., 1997.

 


Информация о работе Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері