Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2012 в 00:45, реферат

Описание

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі-адам алынған. Кезінде Протогор «Адам-барлық заттың өлшемі» деген екен.

Содержание

Өмір – тіршілік қауіпсіздігі
Қауіпсіздік түсінігі
Өмір сүру ортасындағы адам организіміне кері әсер ететін факторлар
Табиғат аясында болатын экстремальдық жағдайлар және оның түрлері
Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

ершат.docx

— 24.69 Кб (Скачать документ)

                                                            Жоспар

      1. Өмір – тіршілік қауіпсіздігі
      2. Қауіпсіздік түсінігі
      3. Өмір сүру ортасындағы адам организіміне кері  әсер ететін факторлар
      4. Табиғат аясында болатын экстремальдық жағдайлар және оның түрлері
      5. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі
      6. Қорытынды
      7. Пайдаланылған әдебиеттер.

                
 
 
 
 
 
 

    
 
 
 
 

  Өмір тіршілік қауіпсіздігі

«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр. Бұл курстың өзегі болып, қоғамның дамуының негізі-адам алынған. Кезінде Протогор «Адам-барлық заттың өлшемі» деген екен. Яғни,адамды жұмыс күші ретінде жұмыс процесінде ғана қорғау қажет емес,сонымен қатар оны өмір бойы, қайда тұрсада, қайда жүрсе де қорғау қажет. Осы алға қойған мақсатқа жету үшін қолданылатын техникалық, экономикалық және басқада шаралар-егер адамдардың бұл мәселелердегі біліктілігі төмен болса – аздық етеді. Табиғатта болып тұратын қауіп –қатерлер тұрақты, жан-жақты және қуатты , сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Сондықтан қауіпсіздік идеологиясын, нақтылы жайға сай ойлауды,тәртіпті құру үшін, осы «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» оқу бағдарламасы қажет.Ол нақты машиналардың,құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады.Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзімен өзгеге зианын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» курсының негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:

-қауіп-қатерді тани білу: оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың,зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін және т.б.;

-болғалы тұрған қауіп қатердің алдын алу;

-қауіп-қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу. 
 

Қауіпсіздік түсінігі

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар,адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан,өз өмір сүру ортасын жасай алады. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып,өте тез арада антропагендік орта жасап үлгерді. Міне, сондықтан адамның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже әкеліп те жатыр,мысалы, жарақат алу, ауыру,тіпті қазаға ұшырау. Адам іс-әрекетінің қауіпсіздігі-адамның іс-тіршілігі мен қауіп-қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер. Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта болғанымен,ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз. Сонымен,қауіпсіздік – бұл іс –әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:

Бірінші міндет-нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау. Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу. Содан кейін барып қауіптердің идентификациясы жүргізіледі.

Екінші  міндет – адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

Үшінші  міндет – осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл шаралар қауіп-қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады.

Қауіп-қатер – ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуін мүмкін. Қауіп-қатер осы оқу курсының орталық өзекті түсінігі.

Қауіп-қатердің көздер деп төмендегілерді атауға болады:

- адамның өзі;

- өмір сүру элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланылатын қуат, еңбектің микроклиматтық жағдайы, жан-жануар және өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға;

- адам мен  өмір сүру ортасы элементтерінің қарым-қатынас процестері.

Қауіп-қатердің өзі өте күрделі, көп жақты құбылыс болғандықтан, олардың негізгі белгілері бір-бірімен ұштасып, араласып жатады. Сондықтан оларды дұрыс жіктеу,  оның алдын алуға, себебін, сипаттамасын анықтап, шара қолдануға және салдарын жойады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

Зианды заттардың  жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда  адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда,тамаққа қосу түрінде-5500,дәрі-дәрмек-4000,тұрмыс химиясында-1500 пайдаланылады . Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қосындылар , өнімдер пайда болуда. Міне,сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр. Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары. Зиянды заттар адам организміне тыныс алу жолдары , тері және ас- қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда кәсіпке байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді. Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен ас-қорыту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында-ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, цианид сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан әрі арттыра түсуі мүмкін.

    Улы  заттар адам организміне тері  арқылы енеді. Улыб улар, сұйық  заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Мұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.

Улы заттардың  әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен  жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы  улануға әкеледі. Жалпы улану  удың қанға енуінің нітижесінде дами бастады. Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы. Уланудың өткір түрі - бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережесін өрескел бұзғанда әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді. Өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі- өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы,әлсіреу, жүрегі айну және т.б. ), екінші- өзіне тән, телімді көрінуі(өкпенің ісінуі т.с.с.).

Уланудың созылмалы  түрі- уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану организмде жиналуының әсерінен болады.

Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары. Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метаболизм. Улы зат клеткалары мембранамен, ақ уыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен және тінаралық ортамен қарым – қатынасқа түсіп өзгереді-бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Табиғат аясында болатын  экстремальдық жағдайлар  және оның түрлері.

Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай- күймен анықталады:

1.Ниет ету.  Экстремальдық жағдайда көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе  демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескертуге адамның мүмкіншілігі жеткілікті.

2.Дайындық дәрежесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады.

3.Экстремальдық  дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына  байланысты және сол сияқты  геогрфиялық-климаттық шарттарының ерекшеліктеріне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы: ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға қонуы, әрине, экстремалдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Осыдан барып, экстремалдық жағдай адамдардың мамандықтарына және олардың өмір сүру дағдысына қарай әр түрлі болады деген тұжырымға келуге болады. Адамның жападан жалғыз экстремалдық жағдайда қалуы, ерекше талдауды кажет етеді. Амалсыз осындай жағдайға тап болған адам, алдымен қандай қиындыққа тап болғанын болмысымен түсінуі қажет, содан соң барып баспана, тамақ туралы және қайтып оралудың жолын ойластыруы керек, әрі алғашқы сасқалақтау, стрес жағдайымен күресуі керек. Бұған адамның мінез- құлқы , жігерлігі немесе бозкүйектігі үлкен әсерін тигізеді. Дегенмен ең бастысы- адамның мұндай жағдайдағы істейтін өз іс-әрекеті. Біріншіден , адамның өзі ұшыраған жағдайын дұрыс сараптауының,сыртқы факторларының әсерін дұрыс бағалаудың, қолында бар заттарды дұрыс пайдаланудың және денсаулығын сақтаудың маңызы өте зор.

Шешім қабылдағанда мына қажеттіліктерді қатты ескеру қажет:

-дәрігерлік  көмек көрсетуді;

-сыртқы дүниемен  байланыс орнатуға қам жасауды;

-баспана ұйымдастыруды;

-су мен тағам  табуды;

-айналаны бағдарлап , зерттеп, жүретін бағытты анықтап алу керек.

Адам стрестік жағдайдан неғұрлым тез арада  шыға алса , соғұрлым оның сабырлы ,ойлы іс-әрекеті оң нәтижесін береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Азаматтық қорғаныс жүйесінің  құрылымы мен рөлі

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беруді мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918-ші жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты , әуеден бомбалау мүмкіндігі туды . Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады.

Ал мұның өзі  осы қалалардың ауадан шабуылына  қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына  қарсы тұратын әскери күштермен  қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.

Азаматтық қорғаныс курсының мақсаттары:

-әр қоғамда ең басты , бағалы нәрсе – адам. Сондықтан барлық қорғау шараларында адамдардың қауіпсіздігін ескеру- негізгі мақсат.Адамдарды қорғай білу-мемлекет үшін маңызды іс. Сондықтан халықты қорғау,адамдардың өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

-Халықтың еңбегімен  жасалған барлық байлықты сақтап  қалу.АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген. 

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

Халықты жаппай қыру қаруларының зардаптарынан  сақтап қалу.

Төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету .

Зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына  келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу.

Апат болған , қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу.

Зардап шеккен адамдарды іздестіру , құтқару, оларға қажетті көмек көрсету.

Төтенше жағдайда шыққан өртпен  күресу,олардың өршуіне жол бермеу.

Өндіріс орындардағы апаттық көрші тұрған объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру.

Адамдарды және техникаларды басқада объектілерді улы, бактериялық , химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу. 
 
 
 
 

                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

Бүкіл Жер бетінде , оның ішінде республикамызда да жыл өткен сайын адамның өмір сүру ортасының жағдайы қиындап, осы мәселелер күрделеніп келеді.

Міне, осы қиын жағдайлардың салдарынан адамзат өздері-ақ азайтуына болады . Ол үшін сақтық және өмір – тіршілік қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын күнделікті орындап отыруы керек.

Бүгінде адамдар  қауіпті қиын жағдайларға көптеп ұшырайды, немесе сондай жағдайдың куәгері болып жатады. Мұндай жағдайда тек жедел көмек көрсете білу ғана қиындықтан шығуға ғана көмектеседі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі