Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2013 в 08:56, дипломная работа

Описание

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:
- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;
- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;
- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;
- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы дағдарыстың Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;
- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Работа состоит из  1 файл

БРОКЕР.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

КІРІСПЕ

 

Зерттеу жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына реттелген екі жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағаздар нарығына шығу.

Бірінші тәсілге келсек, алдымен брокердің кім екенін ашып алайық. Анықтамаларда, брокер-табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісініне табыс табатын, қаржы нарығында операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды айтамыз. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық құралдармен алып-сатарлықпен айналысады. Бірақ та, бағалы қағаздың иесі ол емес, сіз болып табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін брокерді табу.

Алматы  қаласының өңірлік қаржы орталығында бағалы қағаздар нарығының барлық қатысушылары үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Оның ішінде брокерлер үшін жеке тұлғалармен жұмысты жандандыру мақсатында біршама жеңілдіктер қарастырылған. Ал жеке тұлға сату немесе сатып алу операциялары жүргізген бағалы қағаз бойынша дивиденд, сыйақыға және қарыздық бағалы қағазды сату барысында пайда болған құн өсіміне салық салынбайды. Алайда бұнын жалғыз шарты бар, бұл-бағалы қағаз бойынша барлық іс-әрекеттер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңында жүргізілуі тиіс.

Бұл тәсілдің ерекшелігі, сізге қор нарығының  дамуы, болып жатқан өзгерістері  жайында көп ақпаратты білуге және мерзімді қадағалап тұруды үйретеді. Яғни, сіз бағалы қағаздар нарығының  белсенді ойыншысына айнала аласыз. Сондықтан бұл жолдың тиімділігі – өз кезегіңізде нарық жайында көп ақпарат жинап, өзіңіздің инвестициялық портфеліңізді құруға және келешек табысыңызды уақыт өтісімен өзгертіп тұруға септігін тигізеді.

Еліміздің қарқындап дамуы, халықтың әл-ауқатының  жоғарылауы, мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуі тұрғындардың жинақталған бос қаражаттарын банкетрдегі депозиттерге салуға не болмаса жылжымайтын мүлік нарығында пайда табу мақсатында алып-сатарлықпен көптеп айналысуына алып келді. Бұл өз кезегінде, әсіресе еліміздің ірі қалаларында, тұрғын үй бағамының күрт өсуіне септігін тигізді. Алайда, ақшаны бұл тәсілдермен инвестициялаудың біршама кемшіліктері бар.

Зерттеу жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы брокерлерлік фирма қызмет жағдайы және әлемдік тәжірибе тұрғысынан даму болашағының теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу болып табылады.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттемелер:

- брокерлерқызмет етуінің теориялық және тәжірибелік негізін қарастыру;

- брокерлер қызметінің қор нарығын дамытудағы рөлін айқындау;

- қазақстанның брокерлер қызметінің ағымдағы жағдайын талдап, тиімділігін анықтау;

- ҚР брокерлерлік фирма қызмет жағдайына талдау жүргізу;

- әлемдік  қаржы нарықтарындағы дағдарыстың  Қазақстан брокерлердің қызметке әсерін талдау;

- ҚР брокерлер-дилерлердің қызметтің дамуындағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсыну.

Зерттеу жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдар монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздар нарық қатынастарын реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттар алынды.

Жұмысты жазу барысында ақпараттық база ретінде  Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының биржа  нарығын реттейтін Заңдар мен  басқа да нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агентігінің, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Ұлттық Банктің қаулылары, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың, ҚР Алматы өңірлік қаржылық орталықтың қызметін реттейтін Агенттіктің, Қазақстан қор биржасының материалдары, әртүрлі деңгейлердегі конференциялардығ мәліметтері, журналдар, сондай-ақ республикалық факторлық, салыстырмалы және статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары пайдаланылды.

Жұмыстың  құрылымы және көлемі зерттеу жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және  қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚОР НАРЫҒЫНДАҒЫ БРОКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері

 

Қор нарығындағы биржалық сауданың ерекшілігі биржада сауданы сатушы мен сатып алушы жүргізбейді және олар бір-бірімен тікелей кездеспейді. Сауданы олардың өкілдері, яғни биржадағы делдалдар жүргізеді. Делдалдар брокер және дилер деп бөлінеді.

Брокерлік қызмет. Брокер – биржаның кәсіби делдалы. Ол биржалық саудада клиенттің (не сатушы, не сатып алушы) өкілі ретінде клиенттің атынан және клиент есебінен, немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен, өз атынан, бірақ клиент мүддесі үшін және клиент есебінен мәміле жасайды. Биржадағы делдалдық қызметі үшін клиент брокерге комиссиялық сыйақы төлейді.

Биржада ойдағыдай жұмыс істеу үшін брокер бірсыпыра жағдайларды білуі тиіс:

Біріншіден, сауда  объектісін,яғни  биржалық активті  жан-жақты талдай білуі керек;

Екіншіден, өзі жұмыс  істейтін биржаның ішкі тәртібін білуі  керек;

Үшіншіден, биржалық сауда жүргізе білуі  керек;

Төртіншіден, биржада өкілі болатын клиентімен дұрыс тіл таба білуі керек;

Бесіншіден, өзінің ұсынысы бойынша жасалған мәміленің  табысын айыра білуі керек.

Брокер  – биржалық саудаға кәсіби қатынасушы. Ол ұйымдасқан нарықта клиентке сатып алу-сату процесінде қызмет көрсетеді. Клиентті саудаға брокерлік фирма ақпараттық хабарландыру арқылы тартады. Биржа мен биржаны реттеуші органдар брокерлік фирмаға:

- қаржылық (яғни лицензия алған кездегі өз капиталы талаптарға сай болуы керек);

- басшылары мен мамандары кәсіпкерлік талаптарға сай (маман) болуы қажет;

- ұйымдық-техникалық;

- арнаулы талаптар қояды.

Бағалы  қағаздар нарығында брокер өз қызметін лицензия алғаннан кейін бастайды. Лицензияны Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу Агенттігі береді. Биржада қызмет ететін брокерлік фирма аккредитациядан өтеді, яғни фирманың көрсететін қызметі биржа талаптарына сай келуі тиіс. Аккредитациядан өткен брокерлік фирма биржаның реестріне енгізіліп, оған мәміле жасасқанда қажетті номер (код, шифр) беріледі. Кейбір биржаларда брокерлік фирманың сандық кодын әріптік кодпен алмастыруы немесе сандық кодқа әріпті қосып көрсетуі мүмкін. Әдетте, әріптік код төрттен алтыға дейінгі әріптермен белгіленеді.

Брокерлік фирма клиенттің тапсырысы бойынша  және оның атынан мәмілеге келеді. Ереже бойынша брокерлік фирма екі жақтың есеп айырысу процесіне қатыспайды, оның есеп шотына тек делдалдық ақы ғана түседі. Егер брокерлік фирма бағалы қағаздарды өзі сатып алып, келешекте сататын болса, бұл жағдайда дилерлік операция жүргізіледі. Оның табысы сату және сатып алу бағаларының айырмасына тең болады.

Биржада қызмет көрсететін брокерлік фирмалар мен брокерлер биржалық сауда  ережелеріне сай өзара мәміле жасасады:

- биржа сатылуға ұсынылатын барлық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат жинақтайды;

- белгіленген тәртіп бойынша биржа қызметшілерінің жұмысын пайдаланады;

- арбитраждық комиссияның жұмысына қатысады.

Дилерлік  қызмет. Дилер – ол мәмілені өз атынан және өз есебінен жасайтын биржалық саудаға кәсіби қатысушы. Дилер – ол заңды тұлға. Бағалы қағаздар нарығында дилер болу үшін лицензия алу керек.

Бағалы  қағаздар нарығындағы дилердің міндеттері:

- сату және сатып алу бағасын; сатылатын және сатып алынатын бағалы қағаздардың ең аз және ең көп мөлшерін; сонымен қоса мәлімденген бағаның мерзімін хабарлау;

- дилердің өз ұсынысы болмаған жағдайда клиенттің ұсынысы бойынша мәміле жасасу;

- эмитенттің бағалы қағаздарымен операция жүргізгенде өзінде бар ақпаратты мәлімдеу немесе ондай ақпараттың өзінде жоқ екенін хабарлау;

- Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігіне өз қызметі туралы есеп беру;

- бағалы қағаздармен жүргізілген операциялардың ішкі есебін ұйымдастыру.

Дилердің  құқықтары:

- бағалы қағаздарды сатып алу-сату шартын жасасу;

- эмиссиялық бағалы қағаздарды алғашқы орналастырғанда андеррайтер қызметін атқару;

- бағалы қағаздарды сатып алу мәселесі бойынша клиентке кеңес беру;

- бағалы қағаздарды сатып алу үшін өз клиентіне займ шарты бойынша және берілетін ақша кепілдігіне қаражат беру;

- клиенттің өз қаржы жағдайын хабарлайтын (төлем қабілеттігі туралы) мәлімет алу.

Биржалық  операцияларды ұтымды жүргізу үшін әрбір биржа өзіне биржалық сауданың ережесін алдын ала бекітіп алады. Биржаның жұмысы тек өзі бекіткен ережемен ғана реттеліп қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мекемелердің ұсыныстарын да ескереді. Әрине ол саудаға қатысушылардан арнайы білімді талап етеді.

Қазақстан «Тауар биржалары туралы» заңына сай биржалық сауда жан-жақты  реттелуі қажет.

Атап  айтқанда, биржалық сауданы жүргізу тәртібі:

- биржалық мәміленің түрлері;

- биржаның құрылымдық бөлімдері;

- биржалық саудаға қатысушыларға алдыңғы өткен биржалық саудадағы мәмілелер туралы және биржалық баға кесу туралы ақпарат беру тәртібі;

- биржалық мәміле жасасқанда биржа мүшелерімен және басқа да қатысушылармен өзара есеп айырысу тәртібі;

- бағаны өзгерту мақсатында тәуліктік кенеттен ауытқуды болдырмау үшін баға белгілеуді бақылау шаралары және т.б. мәселелер биржаның ережесінде көрсетіледі.

Биржалық  саудаға биржа мүшелері және заңдар мен биржа ережесіне сәйкес саудаға қатысуға құқығы бар жақтар қатысушы бола алады. Биржалық саудаға қатысушылардың құрамы биржаның түріне (қор биржасы немесе тауар биржасы) және қабылданған заң актілеріне байланысты анықталады. Биржалық залдағы қатысушыларды шамамен мынадай топтарға бөлуге болады:

- мәміле жасаушылар;

- мәміле жасауды ұйымдастырушылар;

- биржалық сауда барысын бақылаушылар;

- сауда жүргізуді қадағалаушылар.

Саудаға тұрақты және бір рет қатысушылардың биржа мүшелерімен және олардың  өкілдерімен салыстырғанда құқығы шектеулі. Біріншіден, заң бойынша тұрақты қатысушының саудаға қатысуға үш жылдан аспайтын құқығы бар. Екіншіден, тұрақты қатысушылар саны биржа мүшелерінің жалпы санының 30 процентінен аспауы тиіс. Одан басқа, тұрақты қатысушылар жарғылық капиталды қалыптастыруға және биржаны басқаруға қатыспайды.Тұрақты қатысушылардың биржада делдал болуға құқығы болса, ал бір рет қатысушылардың ондай құқығы жоқ. Себебі, олар өз атынан және өз есебінен нақты тауар сатып алуға құқылы.

Қор биржасының тауар биржасынан елеулі ерекшеліктері бар. Оның мүшесі болып бағалы қағаздар нарығының тек кәсіби қатысушылары ғана саналады. Қор биржасына мүше болып кіру тәртібі және оның саны қор биржасының ережесінде айқындалады.

Биржалық  саудаға қатысушы-делдалдардың саны және құрамы,олардың клиенттерімен қарым-қатынас кестелері елдегі биржалық сауданың даму деңгейіне және қалыптасқан дәстүрге сай әртүрлі болуы мүмкін. Мыс., АҚШ биржаларындағы операциялық залдағы сауда жүргізушілер бірнеше категорияға бөлінеді. Нью-Йорк қор биржасында олардың төрт категориясы бар:

- комиссиялық брокерлер – олар тек клиенттердің тапсырмасын орындайды, өз есебінен операция жүргізуге тиым салынған;

- сауда залының брокері немесе «екі долларлы брокерлер» – олар комиссиялық брокерлер өз тапсырмасын үлгере алмаған жағдайда солардың тапсырмасын орындайды;

- тіркелген трейдерлер – олар да дилерлер, бірақ дилерлерден айырмашылығы белгілі бір акцияға кесінді жауап бермейді.

Ресейде сауданың жүру барысын мемлекеттік  комиссар мен биржа өкілінен тұратын топ бақылайды. Биржадағы мемлекеттік комиссар биржаның және биржалық делдалдардың заңнамаларды орындалуын тікелей бақылайды. Сондықтан комиссардың:

- биржалық саудаға қатысуға;

- биржа мүшелерінің жалпы жиналысына және биржа секцияларының (бөлімдер, бөлімшелер) жалпы жиналысына кеңесші дауыспен қатысуға;

- биржа қызметтері туралы ақпараттармен танысуға, яғни барлық жиналыстардың және биржаның басшы органдарының мәжілісінің хаттамасымен, олардың шешімімен, оның ішінде құпия сипаттағыларымен танысуға;

- ұсыныс жасауға құқығы бар.

Мемлекеттік комиссардан басқа сауданың жүру барысын биржалық комитеттің және тексеру  комиссиясының мүшелері, аға маклер және сауданы ұйымдастыру бөлімінің  бастығы бақылауы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейде сауданы жүргізу барысын қадағалайтын биржа қонақтары деп аталатын топ құрылады. Оған баспасөз өкілдері (биржада үнемі немесе бір рет аккредитивтенген), сондай-ақ мәміле жасауға құқығы жоқ, бірақ өздерінің тапсырмасын орындайтын брокерлерге қажетті үкім беруге құқығы бар саудаға бір рет қатынасатын қатысушылар кіреді.

Информация о работе Қор нарығындағы брокер фирма қызметтің мәні, құрылымы мен ерекшеліктері