Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 21:50, курсовая работа

Описание

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

1.2 Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23
3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30
3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35


ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

Работа состоит из  1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС .ҚАРЖЫ. МАДИНА.doc

— 441.00 Кб (Скачать документ)


                      

                                 ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

                                                      ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    ОРЫНДАҒАН:

                                                                       ҚАБЫЛДАҒАН:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011 жыл

 

                                                  ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................ 3

 

 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ..................................................................................... 5

 

1.1 .Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы және оның деңгейлері........................................................................................................... 5

 

1.2   Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің құрылымы және оны реформалаудың алғышарты мен ерекшелiктерi…………………………………. 13

 

2. ҚАЗАҚСТАНДА ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ………………………………………………………………................. 20

 

2.1Қазақстан Республикасы ЖЗҚ-ның зейнетақы жүйесінде алатын орны........ 20

             

2.2ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорларының ағымдық жылдағы қаржылық операциялары............................................................................................................ 23

3.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ………………………………………. 30

 

3.1.Қазақстан Республикасы ЖЗҚ алдында тұрған өзекті проблемалар……..... 30

3.2.ҚР ЖЗҚ қаржылық дағдарыс зардаптарын жабуы мен зейнетақы  жүйесін жетілдіру бағыттары................................................................................................. 35

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………... 38

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................... 40

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

     Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

     Қазіргі таңда мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатында ең өзекті мәселелердің бірі - зейнетақымен қамсыздандыру болып табылады. Зейнетақы жүйесінің 100 жыл бұрын қалыптасқанына, реформалаудың бірнеше деңгейлерінің өтуіне қарамастан, жаңа бағыттағы зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері дамыған елдерде де ушығып тұр. Бұл туындап отырған проблемалар демографиялық өзгерістердің әсерінен пайда болды, және де бұрыңғы реформаларды жүргізуде бұл мәселелер қарастырылмайтын болған. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және соған сай адамдардың экономикалық ой - өрісінің қайта қалыптасуын талап етеді. Қазіргі заманғы демократиялық қоғам қалыптастыру идеясынан туындайтын, стратегиялық мақсаттарды шешу жолдарын нұсқап, отандық әрі әлемдік экономикалық проблемаларды көтере алатындай болуы қажет. Қоғамдық қатынастары жүйесінде экономикаға ерекше орын беріледі, себебі ол саяси, құқықтық, рухани және басқа да қоғамдық, өмір саласын мазмұнын анықтайды. Мұндай жүргізілетін саясат, өз кезегінде, зейнетақылық ауыртпалықтың көбейюі мемлекет бюджетіне қиындықтар туғызып, өкіметтің жинақтау қорының мөлшерін көбейтуіне әкеп соқтырды, яғни қаржылық жоспарлауды өзгерту мәселесі де туындады. Шет елдердің жинақтаған тәжірибелеріне сүйенсек, зейнетақы жүйесін реформалау әлеуметтік қиындықтарды туғызады, яғни зейнетақылық жастың көбеюіне, зейнетақылық қорларда салымдардың көбеюін тудыратын басты себепкер. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі зейнетақылық жүйені реформалау кезеңі көптеген сұрақтарды тудырып, оның өткен кезеңдерін жан-жақты зерттеп сол арқылы қазіргі кездегі туындап отырған сұрақтарға жауап табуға негізделген.

   Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 22 бағытында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту саясатын айтып кеткен болатын. Мұнда Үкімет жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тиіс. Неғұрлым өзекті міндеттер мыналар: Біріншіден, зейнетақылық жинақтаулардың сақталуы мен кәрілік жеткен кезде олардың жетерлік мөлшерде болуы жөнінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету. Екіншіден, халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен барынша қамту.
Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Бұл тұтас алғанда 2007ж қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012ж қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009ж. 25%, 2010ж. 25% және 2011ж. 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011ж. арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% дейін өсіруге тиіс. Жалпы Қазақстанда зейнетақы жүйесі 1998ж. құрылған болатын.

    Бұл курстық жұмысымның мақсаты - зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі қаржылық қатынастардың қалыптасуы, дамуы мен қазіргі жай-күйін кешенді талдау және соның негізінде Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін дамытудың тиісті механизмі мен қаржылық-экономикалық шараларын белгілеу болып табылады. Берілген мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер шешіледі:

-жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің теориялық негіздерін ашу;

- Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;

- зейнетақы жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу шараларын жетілдіру үшін ұсыныстар беру.

     Зерттеу пәні – зейнетақы жүйесінің типін анықтайтын факторлар және әлемдік тәжірибе аясындағы Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері.

     Курстық жұмыстың практикалық мәні мұнда айқындалып, негізделген ғылыми-практикалық қағидалардың қазіргі экономикалық және демографиялық жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамытудың стратегиясын белгілейтін бағдарламалық сипаттағы құжаттарды дайындауда қолдануға болатындығында. Осы еңбектегі зейнетақымен қамсыздандыруды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының зейнетақы реформасын өткізуде зейнетақы қорларының басқарушыларының жұмысында қолданылды.

     Ақпараттық негіз болып Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты заңдық және нормативтік актілері, статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметтері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің талдау материалдары, ҚР Президенті Назарбаев Н.Ә.Казақстан Республикасының халқына 2009 жылғы жолдауы, Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы (1 маусым 2005ж.), ҚР Қаржы министірлігі, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігі мәліметтері алынды .

 

 

 

 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ДАМУЫ

 

1.1.Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің қалыптасу тарихы
және оның деңгейлері

 

Қазақстанның жүргізген зейнетақы жүйесінің қалыптасу белестері алдын-ала қорытынды шығару, болашағын және қазақстандық үлгіні бұдан әрі дамытудың мүмкіндікті жолдарын анықтау үшін құқық пен негіздеме береді. Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда даулы мәселелер мен талқылаулардың тақырыбына айналды. Осы құбылыстың себебінен демографиялық, экономикалық және әлеуметтік сипат факторлар кешені орын алды. Осылардың бірқатары орта өмір сүру ұлғаюының фонында туылудың қысқару нәтижесіндегі халықтың қартаю үрдісінің жылдамдауымен байланысты болды. Факторлардың келесі тобы еңбек нарығындағы ілгері жылжушылықпен байланысты болды: жұмыссыздар санының өсуі, бейресми және толық емес жұмыспен қамтушылықтың таралуы, міндетті зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінен халық бөлігінің шығуы. Бұл өз кезегінде көп елді тәжірибеде болғандай ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің қаржылық негізін құраған жарналары бар жұмыс істейтін халық санының кемуіне алып келді. Зейнеткерлер санының өсуі және қызметпен жасайтын сала жағдаятының өзгеруі ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің тұрақтылығына күмән келтірді, өйтені жұмыс істейтін халыққа зейнетақы жүктемесінің шамадан тыс күшеюі анықталды. Осы қиыншылықтардың бірқатарымен Қазақстанда кезігіп, ТМД елдері кеңістігінде өз жинақтаушы зейнетақы жүйесін құруды бірінші болып бастады.                                                                                                                                                           Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі 1997 жылы еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын мақұлдаған сәттен бастап өз жұмысын бастады. Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алады, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланады. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылардың зейнетақы жасына жеткеніне қарай олар зейнет төлемдерін салымшыларға қайтарады. Бір айта кететін жайт, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі чилилік жүйенің көшірмесін айнытпай көшіріп алды деп санауға болмайды: қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті ол бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры болып саналады. [18]                            Қазіргі заманғы зейнетақы жүйесінде халықтың жинақталған капиталының ешқандай қауіп-қатерге ұшырамай, өсіп-өнуі үшін барлық жағдай қарастырылған. Өзінің алаңсыз қарттығын қамтамасыз етуді ойлаған әрбір азаматтың жарнасы жеке зейнетақы шотына жинақталады. Ал жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі осы қаржының ел экономикасына жұмыс істеуі арқылы әр жекешот иесіне өзіндік инвестициялық табыс үлесін әкелу мақсатын көздейді. Бұл орайда зейнетақы қорларының қызметі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болып, реттеліп отырылады. Мұның өзі инвестициялық қауіп-қатердің алдын алуға, жол бермеуге мүмкіндік береді. Сондықтан зейнетақы қоры белгілі бір зиян шеккен күнде, зейнеткерге келтірілген шығынды жабуға міндетті болып табылады. Зейнетақы қорларын қаржы салудың стратегиясын жасайтын басқарушы компаниялар басқарады. Осындай жүйенің нәтижесінде зейнеткерлер қарттығын қамтамасыз етіп қана қоймай, өз салымдарынан инвестициялық табыс табуға мүмкіндік алады, зейнеткердің қаржысы ел экономикасына жұмыс істейді, яғни зейнеткерлерді әлеуметтік қамтамасыз етуге бюджет аз шығын жұмсайды. Егер қор жұмысының нәтижесі зейнеткерді қанағаттандырмайтын болса, мәселен, табыстылық деңгейі, онда зейнеткер инвестициялық табыс өсімі жоғары деп есептеген басқа бір қорға өзінің зейнетақы қаржысын ауыстыра алады.                                                                     

     «Зейнетақы жүйесі халыққа барынша түсінікті болуы үшін 40-45 жыл қажет, яғни осы жүйеде өмір сүрген бір ұрпақ ауысуы қажет», - дейді еліміздің кейбір сарапшы мамандары. Еліміздегі зейнетақы реформасы чилилік үлгінің негізінде жасалды. Чили зейнетақы жүйесінде бөлу тетігі қарастырылмаған және толықтай қаржының қызметкерлердің жеке есебінде жинақталуы мен жарналардың қаржыландырылуына негізделген. Жинақтаушы зейнетақы қорының есебіндегі әрбір азаматқа белгіленген мөлшердегі зейнетақы жарнасы жинақталатын жеке есепшот ашылады. Бұл қаржыны жеке зейнетақы қорлары инвестиция ретінде жұмсайды, ал салымшы зейнетақы жасына жеткен кезде оған берілетін зейнетақы төлеміне айналады. Чилилік жүйенің негіздерімен қатар басқа да елдердің тәжірибесіндегі озық үлгілерді өзіндік ерекшеліктермен ұштастыра білген қазақстандық зейнетақы жүйесінің бүгінде әлемдік тәжірибеде алар өзіндік орны бар.

     Қазақстандағы зейнетақы жүйесі ынтымақтасты және жинақтаушы жүйелердің тетіктерін біріктіретін үш деңгейден тұрады.                                                         Бірінші деңгей – бұл күйреген КСРО-дан мұраға қалған, зейнетақы төлемінің негізі халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық және басқа да төлемдері болып табылатын, бұрынғы «ұрпақтар ынтымақтастығы» негізінде құрылған ынтымақтасты зейнетақы жүйесі. Бірінші деңгей зейнетақы реформасы енгізілмей тұрғанға дейін зейнетақысы жинақталған үлкен жастағы адамдарды және 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі алты айдан асқан азаматтарды зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі. Негізінде бұл ынтамақтастық зейнетақы жүйесі болып табылады. Мұнда зейнетақы төлемдері мемлекет бюджетінен бөлінеді. Бюджеттің бұл бөлігі еңбек етуші халықтың салығы және өзге салық түсімдерінің есебінен қалыптасады. Сондай-ақ КСРО кезінде жұмыс істеген әрі осы күнге дейін еңбек етіп, жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) жинақтап жатқан азаматтардың зейнетақысының жартысы бюджеттің осы бөлігінен төленеді.                                                         90-жылдардың басында экономика деңгейі құлдырап, әлеуметтік, салық кірістерінің төмендеуіне байланысты зейнетақы қазынасы да бірге қаңырап бос қалды. Осы кезең қарт адамдар үшін аса ауыр тиді. Сондай-ақ экономистердің айтуынша, демографиялық ауытқушылықтар да экономикалық үрдістерге әсер етеді. Мәселен, бір зейнеткерге шаққанда 10-11 еңбек етуші тұлғалар келген жағдайда әлеуметтік қамтамасыз ету тиімді болатыны есептелінген. Әлеуметтік қамтамасыз етудің тиімді кезеңі КСРО экономикасының тиімді жылдарында болды, алайда Кеңес Одағының құлауымен жағдай өзгерді. Экономистердің есептеуі бойынша, қазіргі күні бір зейнеткерге екі еңбек етуші тұлға келеді, алдағы онжылдықта бұл қатынас 1:1 құрауы мүмкін. Мемлекет зейнетақы реформасын жүргізбегенде, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әрі қарай ушыға берер еді.               [18]                                                                                                                              Зейнетақы төлемінің мөлшері еңбек стажымен белгіленеді. Қазір бұл деңгейдің шеңберінде зейнетақы төлемі зейнетақыға шыққан кезінде, яғни 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек стажы алты айдан кем болмағандарға есептеледі. Ынтымақтасты жүйемен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесі қалыптасып, даму үстінде.                                                                                                                                                          Екінші деңгей – бұл Қазақстан азаматтарының, республикамызда тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының белгіленген 10 пайызы көлемінде аударылатын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Қазақстанның зейнетақы жүйесі өзге жүйелердің ішінде тиімді болып еспетелетін чили үлгісіне негізделген. Салымшылардың қаржысын қордың өзі не зейнетақы активтерін басқару және инвестициялау бойынша ұйым (ЗАБИҰ) басқарады. Ал қаржы ЖЗҚ–ның немесе басқарушы ұйымның еншілес мекемесі болып табылмайтын банк-кастодиан шотында орналастырылады, яғни барлық қызметтер осы мекемелер арасында бөлінген. Ал зейнетақы активтері ЖЗҚ-ның өзінің қаржысынан бөлек орналастырылған.                                                                                                                               Республика бойынша 14 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет етеді. Әрбір азамат жылына екі рет өз зейнетақы қорын қайта таңдауға, оны өзгертуге құқылы. Зейнетақыны аударуға байланысты мәселелермен Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы (МЗТО) айналысады. Еңбек етуші тұлғалардың барлық зейнетақы аударымдарын жұмыс беруші МЗТО-ға аударып отырады, кейін бұл аударымдар салымшылардың қормен жасаған келісім-шарты негізінде жеке зейнетақы шоттары бойынша бөлінеді. Бұл мәселе енді айқындалды: жуырда реформаның кезекті кезеңі өтті. «Бір салымшы — бір қор» қағидасына сәйкес шілде айында өткізілген автоаударымдар шарасы барысында барлық қаржы әрбір салымшының бір шотына біріктірілді. Бұл аса маңызды жаңалық болып табылады, себебі көптеген салымшылардың еншісінде екіден сегізге дейін өз шоты болатын. Зейнетақы жүйесінің бастапқы уақытында азаматтар шотты ашу туралы өтініштерді әртүрлі қорларға бағыттайтын. Мәселен, әр түрлі қаржы көздерінен табыс алғанда, жұмыс ауыстырғанда немесе бір мезгілді келісім-шарт жағдайында, маусымдық жұмысқа тұрғанда немесе салымшы өз фамилиясын өзгерткенде мұндай жағдайлар жиі кездесіп тұрды. Сонымен қатар мұнда субъективті фактор да өз рөлін ойнады: бухгалтериядағы қызметкерлерге тұрақты немесе уақытша жұмыс жасайтын әрбір еңбек етушінің атына жеке құжат жасағаннан гөрі  бір қорға қаржыны бір төлем түрінде аудара салу оңай болатын. Реформалау барысында зейнетақыны белгілі бір қорға аудару кезіндегі бухгалтерия деген аралық буын алынып тасталып, осы жылы автоаударымдар шарасы өтті. Енді әрбір салымшының қаржысы соңғы келісім-шарт бойынша жасалынған ЖЗШ-на аударылады. Егер бұл келісім-шарт салымшы қалғысы келетін қормен жасалынбаған болса, жарты жылдан соң салымшы өзінің таңдауына сәйкес белгілі бір қорға өтуіне болады.

2009 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №726 Қаулысында жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережелері бекітілген болатын. Бұл Қаулыға сәйкес 2009 – 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталады, — деп түсіндіреді «Халық Банк» ЖЗҚ атқарушы директоры Майра Кичигина. — Ереже бойынша зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқына ие болатын мерзім 2003 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі уақытқа келсе, ол Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына зейнетақы төлемдерін алу құқына ие болған сәтіне дейін жинақталған зейнетақы мөлшерін есептеуге өтініш беруге құқылы. Мұнда зейнетақы мөлшері мемлекет кепілдік берген деңгейден төмен болмауы тиіс. Өз кезегінде МЗТО салымшы шоты туралы ақпаратты ЖЗҚ-дан алып, мемлекет тарапынан оған айырма төлемі қажеттілігін белгілейді. Зейнетақы төлемдерін алушыға мемлекет кепілдігіне сәйкес соманы алу тиісті болған жағдайда МЗТО қызметкері одан белгіленген форма бойынша өтініш пен қажетті құжаттар пакетін қабылдайды. 15 жұмыс күні өткеннен соң, мемлекеттік кепілдік бойынша берілетін сома зейнетақы төлемдерін алушының өтініште көрсетілген банктегі шотына аударылады. Бұл сома табыс салығы мен банк комиссиясын төлеместен толық көлемде төленеді.                                                                                    Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің үшінші деңгейі ерікті зейнетақы жарнасы және ерікті кәсіби зейнетақы жарнасына негізделген. Бұл деңгей – ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе. Отандық зейнетақы жүйесін бұл негізде жандандыру үшін біршама уақыт керек – жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толық көшу 2040 жылдарға дейін созылады деп болжамдалуда. Мұнда жұмыс беруші немесе еңбек етушінің өзі зейнетақы шотын аша алады, бұл зейнетақыға қосылатын едәуір ақша болады. Бірақ үшініші деңгей бойынша көрсеткіштер әлі бастапқы кезеңде. Ерікті зейнетақы жарнасы бойынша салымшылар шотының саны 2009 жылдың 1 маусымында 40 мыңнан сәл-ақ асты, ал олардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуықтады. Ерікті кәсіби зейнетақы жарнасы бойынша салымшылар шоты 4071 санын, ал олардың жалпы жинақталған сомасы 72 миллион теңгені құрады. Мамандардың болжауы бойынша мемлекетіміз 2040 жылы жинақтаушы зейнетақы қорына толығымен өткен уақытта осы санатқа жататын салымшылардың саны да артады. [9]                                                                                                  Зейнетақы төлемдерінің негізгі көзі әрбір азаматтың жеке есепшотында жинақтаған қаржысы болып табылатындықтан, жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі жағдайын әркімнің өзі ойластыруын қазірден міндеттейді. Сондай-ақ әрбір азаматтың ерікті зейнетақы жарнасы есебінен өзінің салымын ұлғайту, сөйтіп зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі алаңсыз жағдайын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Зейнетақы жүйесі санмен кестелегенде:

Информация о работе Қазақстанда зейнетақы реформасын қаржымен қамтамасыз етудің проблемалары