қазақстандағы инвестиция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:08, реферат

Описание

Кәсіпорын өз өндірістің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-базасын жасайды,яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеументтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстандағы инвестициялар.docx

— 27.70 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы инвестициялар

Т. Иссык

Іскерлік əкімшілігі докторы ,

Құқықтық тəуекел бойынша маман ( LLM)

Қазақстанға инвестицияға жолды жекешелендіру ашты, дегенмен

кəсіпорындардың көптеген жаңа иелерінің қызметі саланың дамуы мен жаңа

өндіріс орындарын құру емес, шұғыл түрдегі нəтижелерге бағытталды. Бұған

қоса, көптеген салаларда отандық жəне əлемдік нарықтарда кəсіпорындардың

бəсекелестік жағдайын сақтап қалу мүмкін болмады.

Сонда да «Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінен бірінші болып нарықтық

экономикасы бар ел мəртебесін алды. Дүниежүзілік Банк Қазақстанды шетелдік

инвестиция үшін анағұрлым тартымды əлемнің жиырма елінің тізіміне қосты..

Қазақстанның аймақтағы инвестиция үшін анағұрлым қолайлы ел екені туралы

келесі мəліметтерде көрсетілген. Қазақстандық экономикаға тартылған тікелей

шетелдік инвестиция көлемі 50 миллиардтан аса долларды құрады. Орталық

Азияға келіп түскен барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 80 пайыздан

астамы Қазақстанның үлесіне тиеді. Біздің еліміздің экономикасына əлемнің 60

елі өздерінің қаражатын салды. Жақын арадағы 10 жылда мұнай, газ жəне

еліміздің басқа қазба байлығының ірі кен орындарын ашу Қазақстанға тағыда 30

миллиард доллар тартуға тиіс, ішкі инвестициялар қазірде 20 миллиардтан кем

емес. Ұлыбритания қазір Қазақстанның экономикасына құйылған тікелей

шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орынды

иеленген. Сонымен қатар, Қазақстан қазіргі таңда Орталық Азия мен ТМД-ның

бірнеше елдеріне ірі қаражат құятын ірі аймақтық инвесторға айналды. Соңғы

жылдар ішінде біздің еліміз Қазақстаннан тысқары 18 миллиард долларды

экспорттады».1

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2004 жылғы (Қазақстан

Републикасы Президентінің 2005 жылы 6 мамырдағы № 1571 Жарлығымен

бекітілген) жылдық есебіне сүйенсек, «2004 жылы мемлекетке қорлардың келуі

ағымдағы операциялардан бөлек, тікелей шетел инвестициялары (ШТИ),

сонымен қатар, халықаралық капитал нарығында тартылған қарыз қорлары

түрінде де көлемді шетел капиталын тартумен де қамтамасыз етілді. Сонда 2004

жылы тартылған қаржыландыру көлемі тікелей инвестициялау операциялары

бойынша тарихи өте зор деңгейге қол жеткізді. Біршама деңгейде бұл

қорытындылар əлемдік мұнай нарығы ағымдарымен анықталды. Қазақстанға

ШТИ жалпы кірісі 2004 жылы 8,4 млрд. аса долларды құрады. Мұнай-газ

саласындағы инвестициялар ШТИ жалпы кірісті салалар бойынша бөлуге

анықтаушы ықпал етті. ШТИ негізгі бөлігі мұнай мен табиғи газ өндірісіне

(ШТИ жалпы кірісінің 63 %), геологиялық жəне зерттеу қызметіне (20%) келді.

Мұнай мен газ өндірсіне ШТИ көп бөлігі 2003 жылмен салыстырғанда 17 %

артқан.

17

2004 жылы мемлекеттік емес сала арқылы тартылған несие мен қарыздың

нетто-кірісі 4,3 млрд. долларды құрады. Мемлекеттік емес cектордың сыртқы

қарызының көлемінің өсуіне негізгі үлесті республиканың банк секторы қосты.

Жоғарғы ішкі сұраныс жəне халықаралық капитал нарығындағы қарыз

қорларының айтарлықтай төмен бағасы шетел капиталының ауқымды көлемінің

тартылуын ынталандырды. Қазақстандық қарызгерлер үшін шетелдік

капиталдың бағасының төмендеуіне Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің

жоғары бағасы себепші болды. Инвестициялық категорияларға қатысты

рейтингтер тұтас алғанда республикада ірі халықаралық рейтинг агенттіктері

бергені сияқты, сонымен қатар жетекші қазақстандық банктерге де берілді.

2004 жылы екінші деңгейлі банктер 6,3 млрд. доллар қарыз алды, соңында банк

секторының сыртқы қарызы бір жыл ішінде 3,2 млрд. аса долларға өсті. Банктік

емес сектордың аффилирденген кредиторлардың алдындағы қарызы 1,0 млрд.

долларға өсті, бұл республиканың кəсіпорындары ұзақ мерзімді несиені

өндіруінің көлемінің 1,4 есе артқанымен байланысты. Тұтас алғанда 2004 жылы

Қазақстанның сыртқы жалпы қарызы 9 млрд. долларға жетті жəне жылдың

соңына қарай 31,9 млрд. доллардан асты».

1 Кесте. Тікелей шетелдік инвестициялардың нетто-келуі

2001 2002 2003 2004

-жыл ішінде млн. доллар 2861 2163 2209 5548

- ЖІӨ ге % 12,9 8,8 7,0 12,2

Қазақстан Републикасы Ұлттық Банкінің жылдық есебі (2007 жыл) мына

келесі жылдардың мəліметтерін ұсынады ( млн. долл).

=

ҚР Ұлттық Банкінің 2007 жыл бойынша жылдық есебінде келтірілген сандар

да қызғылықты. «Қазақстанда 15,2 млн адам тұрып жатыр, ал əр тұрғынға

жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 2006 жылы 5 100 долларды құрады. 2000 жылдан бастап,

ЖІӨ нақты өсімі орташа алғанда жылына 9 пайызды құрайды, мұның өзі мұнай

өндірісіне шетелдік инвестицияларға байланысты. Шындығында да, Қазақстан

тікелей шетелдік инвестицияларды (ТШИ) сəтті түрде тарта алды. Қазақстанның

үлесіне Орта Азиядағы барлық тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) 80

пайызына жуығы тиеді, ал 2004 жылдың аяғына қарай, ТШИ кірісінің өспелі

қорытындысы 21,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл Тəуелсіз Мемлекеттер

Достастығында (ТМД) ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Алайда

Қазақстандағы портфелдік инвестициялар бұрынғыдай көп емес, сыртқы

портфелдік инвестициялардың жалпы кірісінің көп бөлігі қазақстандық

еурооблигациялардың еншісінде.

ТШИ экономиканың қалпына келуін қамтамасыз етті, алайда бұл

инвестициялардың ауқымды бөлігі өндіру өнеркəсібінде, негізінен үлесіне

инвестициялардың жалпы көлемінің 64,5 пайызы келетін мұнай саласына

шоғырланған».

«2006 жылы көлік саласы бойынша барлығы 175 миллиард теңге

сомасындағы инвестиция игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 122,2

миллиард теңге бөлінді».2

ҚР Ұлттық Банкінің мəліметтері бойынша «Қазақстандағы шетелдік тікелей

инвестиция кірісі 3,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстандық резиденттердің

шетелдік еншілес кəсіпорындарға құйған инвестицияларының көлемі өскен

кезде тікелей инвестициялаудың операциялары бойынша оң баланс шамамен 2,5

млрд. АҚШ долл. құрады. Шетелге (көбінесе, мұнай-газ салаларындағы

қазақстандық кəсіпорындар) тікелей инвестициялар бойынша нетто-шығыс

2008-жылдың бірінші жарты жылдығында 1 млрд. АҚШ долл. құрады».3

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2008 жылға жылдық есебіне

сүйенсек, «Негізгі капиталға қаражат құюдың негізгі көздері ретінде

шаруашылық субъектілердің (42,7%) меншіктік қаржылары мен шетелдік

инвестициялар (23%)болды. Бюджеттік қаржының үлесі 19,9%, қарыздың -

19

14,4% құрады. Инвестиция құю үшін басым салалар жылжымайтын мүлік пен

операциялар (23,6%), мұнай мен табиғи газ өндіру (21%) жəне осы салаларда

қызмет көрсету, көлік жəне байланыс (17,4%), өңдеуші өнеркəсіп (8,9%) болып

табылады. Басқа салалармен салыстырғанда өндіруші өнеркəсіп инвестиция құю

үшін анағұрлым тартымды болып қала бермек: сату рентабельділігі 2008 жыл

ішінде 60,6-73,3% шамасында болды. Қазақстанға шетелдік тікелей инвестиция

таза салымы 14,5 млрд. аса долл. құрады. Қазақстандық резиденттердің еншілес

шетелдік кəсіпорындарға инвестицияларының көлемінің өсуі жалғасқан кезде,

тікелей инвестициялау операциялары бойынша оң баланс 10,7 млрд. долл.

құрады. Шетелдегі тікелей инвестициялау бойынша қорлардың нетто-шығысы

3,8 млрд. долл. асты.

Портфелдік инвестициялар операциялары бойынша капиталдың нетто-

шығысы 9,5 млрд. долл. құрады. Бұл көрсеткіш Ұлттық қордың активтерінің 6,4

млрд. долларға өсуін, банк секторының шетелдік портфелдік активтерінің 0,3

млрд долларға төмендеуін жəне жекеменшік банктік емес сектордың шетелдік

активтерінің 1,1 млрд. долларға өсуін құрайды.

Ауқымды экспорт кірісі жəне нағыз секторды қаржыландыру көлемі

шетелдік валютаның сұранысынан ұсынысының артуына себепші болды – төлем

балансының операциялары бойынша (аналитикалық қабылдауда) оң сальдо

оложительное сальдо 2008 жыл бойынша 2,2 млрд. долл. құрады.

Валюталық реттеу режимдері. Валюталық құндылықтарды қолданумен

байланысты қызметті лицензиялау шеңберінде 2008 жыл ішінде шетелдік

валютамен айырбас операцияларын ұйымдастыруға 70 лицензия берілді.

2008 жыл ішінде валюталық операцияларды тіркеу шеңберінде 2580 тіркеу

куəліктері берілді, олардың ішінде:

717 – резиденттердің резиденттік еместерді несиелеу бойынша;

1513 – резидент еместердің резидентерді несиелеуі бойынша;

204 – Қазақстандағы резидент еместердің тікелей жəне портфелдік

инвестициялары бойынша;

123 – резиденттердің шетелге құйған тікелей жəне портфелдік

инвестициялары бойынша;

Валюталық операциялар туралы ескерту шеңберінде 2008 жыл ішінде 1387

ескерту куəліктері берілді, олардың ішінде:

662 – резидент еместердің банктерді несиелеуі бойынша;

22 – резидент еместердің Қазақстанға құйған тікелей жəне потфелдік

инвестициялауы бойынша;

69 – резиденттердің шетелге құйған тікелей жəне портфелдік

инвестициялары бойынша;

7 - ерікті қаржы құралдарымен операция бойынша;__

Информация о работе қазақстандағы инвестиция