Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 07:18, курсовая работа

Описание

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..............................................................
4

1.1 1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару...................................................................................................
4
1.2 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi...........................................................
5
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.........................................................................
6

2 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ...............................................................................................
14

2.1 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы .........................................................................................
14
2.2 ЖЗҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау...... 17
2.3 ЖЗҚ-ның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін талдау.... 24
2.4 ЖЗҚ-ның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау........................ 27
2.5 ЖЗҚ-ның табыстылығын талдау.......................................................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі..........

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны гнпф1.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)

    Өзге  міндеттемелер

    Өзге  міндеттемелер 01.01.11ж. жағдай бойынша 1 635 мың теңгені құрайды.

    Қордың  міндеттемелері

    01.01.11 ж. жағдай бойынша Қор міндеттемелерінің  жалпы сомасы 480 652 мың теңгені құрайды.

    Меншікті  капитал қозғалысын ашу

    Меншікті  капиталдың жалпы сомасы 17 888 326 мың  теңгені құрайды, оған мыналар кіреді:

    - жарғылық капитал 5 012 771 мың теңге сомасында;

     - Қордың резервтік капиталы және өзге резервтері 2010 жыл үшін 4 056 517 мың теңге сомасында және 193 931 мың теңге сомасында сәйкесінше;

    - 5 334 047 мың теңге сомасындағы өткен жылдардың пайдасы және 2010 жыл үшін бөлінбеген пайда - 3 291 060 мың теңге сомасынан тұратын бөлінбеген пайда 8 625 107 мың теңгені құрайды.

    Ағымдағы  жылы Резервтік қор 2009 жылдың бөлінбеген пайдасы есебінен толықтырылды. 2010 жылғы 14 мамырында өткізілген Қор акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында 2009 жылғы қызметтің нәтижелері бойынша Қордың жай акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешім қабылданды.

    Пайда және шығындар туралы есеп

    2010 жылдың қорытындылары бойынша  таза пайда 3 291 060 мың теңгені құрады, мұндайда салық салынғанға дейін пайда 4 060 918 мың теңгені құрайды және корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар – 769 858 мың теңгені құрайды.

    Қор кірісінің талдамасы

    Есепті  кезеңге 6010, 6100, 6200 шоттары бойынша  Қор кірісінің жалпы сомасы 7 116 151 мың теңгені құрады, сатып алынған бағалы қағаздарды сатудан шығынды және шетелдік валютаны қайта бағалаудан шығынды есептегенде:

    Кесте 4

      «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның кірісі 

    Кіріс түрлері Сома

(мың теңге)

Инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы және зейнетақы активтерінен сыйақы 5 803 595
Орналастырылған салымдар бойынша сыйақылар түріндегі  кірістер 558 864
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша  сыйақы түріндегі кірістер 427 831
Бағалы  қағаздарды сатып алу – сатудан  түскен кірістер (шығындар) (27 358)
Қаржы құралдарының әділ құнын өзгертуден және бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан  түскен кірістер 849
РЕПО операциялары бойынша кірістер 2 355
Шетелдік  валютаны қайта бағалаудан кірістер (шығындар) (66)
Басқа кірістер 350 081
Кірістердің жалпы сомасы 7 116 151
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

    Шығыстардың талдамасы 

    Есептік жыл үшін Қор шығыстарының жалпы  сомасы 7200, 7400 шоттары бойынша 2 759 013 мың теңгені құрады, сатып алынған бағалы қағаздарды сатудан шығынды және шетелдік валютаны қайта бағалаудан шығынды есептемегенде:  

Кесте 5

«ГНПФ»  «ЖЗҚ»  АҚ-ның шығысы 

    Шығыстардың түрлері Сома

(мың теңге)

Комиссиялық шығыстар (кастодиан банктерге сыйақылар) 43 444
Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы (сыйлықақылар) түріндегі шығыстар 6 538
Жалпы әкімшілік шығыстар  2 684 305
Өзге  шығыстар 24 726
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

     Баланс  активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін беогілеуге мүмкіндік береді.

     Активтердің өсуі кәсіпорынынң болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын  жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

 Баланста  ЖЗҚ-ның мәліметтері бойынша активтердің  құрамы мен таралуына талдау  жасау үшін келесі 1- аналитикалық  кесте құрылады.  

Кесте 6

2009-2010 жылдарға  арналған «ГНПФ» «ЖЗҚ-ның» баланс  активтерінің құрамы мен құрылымы

Көрсеткіштер 2009жыл 2010жыл Жыл бойындағы  өзгеріс (+,-) Құрылым өгеруі
Сома

сы,

мың тг.

Үлес салма

ғы%

Сома

сы,

мың тг.

Үлес салма

ғы%

Мың тг. (3гр.-1гр) (3гр:1

гр-100)

(4гр-2гр)
1 Ұзық мерзімді активтер, оның ішіде 405746 3 491002 4,5 -85256 83 -1,5
1.1 Материалдық емес активтер 148320 1 171324 1,6 -23004 87 -0,6
1.2 Негізгі өндірістік қорлар 257426 2 319678 2,9 -62252 81 -0,9
2 Ағымдағы активтер, оның ішінде 14492758 97 10384022 95,5 4108736 140 1,5
2.1 Дебиторлық  қарыз - - 134944 1,2 -134944   -1,2
2.2 Ақша қаражаттары 346314 2 160371 1,5 185943 216 0,5
2.3 Басқа да активтер 14146444 95 10088707 -92,8 4057737 140 2,2
  Жиыны 17898504 100 10875024 100 4023480 137  
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Кәсіпорында 2009 жылы жалпы активтер 10875024млн. теңгені құраса, 2010 жылы 14898504 теңгені құрап отыр. Оның ішінде  ұзақ мерзімді активтер 491002 теңгені құраған болса, 2010 жылы 405746 теңгені құраған. Ал қысқа мерзімді активтер 2009 жылы 160371 млн. теңгені құраса, 2010 жылы 14492758 теңгені құраған. Жалпы активтердің нәтижесі бойынша 1жылда активтер 4023480 теңгеге немесе 137%-ға (136,99%) өскен. 2009 жылы кәсіпорынның дебеторлық қарызы

    134944 тг. болса,  ал 2010 жылы 0-ге тең.

Әрі қарай, келесі 2-аналитикалық кестені құрастыра  отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау қажет.

Келтірілген мәліметтер «ЖЗҚ-ның» активтерінің жалпы  алғанда ағымдағы динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу қорытындыларын жасауға мүмкіндік береді. «ЖЗҚ-ның» ағымдағы активтерін жалпы алғанда 2009жылы 10384022 тг-ні, ал 2010 жылы  14492758 тг-ні құрады. Яғни ағымдағы активтер өткен жылмен салыстырғанда 4108736 тг-ні құрады, салымшылар өсіп жатыр деген қорытындыға келуге болады.

      Осылайша, мүліктің және ағымдағы активтердің  мобильділігінің өскеніне қарамастан, кәсіпорын басшылығы оны құрамындағы  өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет. Сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналатын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы тиіс

Кесте 7

«ЖЗҚ-ның» ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы 

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл өсуі (+), кемуі (-)
Сомасы, мың тг Үлес салмағы, % Сомасы, мың  тг Үлес салмағы, %
1 Ағымдағы активтер,

Оның ішінде

10384022 95,5 14492758 97 4108736
1.1 дебиторлық  борыш 134944 1,2 - - 134944
1.2 ақша қаражаттары  мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 160371 1,5 346314 2 185943
1.3 Басқа да активтер 10088707 92,8 14146444 95 4057737
    491002 4,5 405746 3 85256
  Жиыны 10875024 100 14898504 100 4023480
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді

Кесте 8

«ЖЗҚ-ның» авансталған капиталының құрамы мен құрылымын талдау

Көрсеткіштер 2009 жыл 2010 жыл Жыл бойындағы  өзгерістер Құрылым өзгеруі
сомасы сомасы сомасы
1 Авансталған капитал, оның ішінде 10875024 14898504 4023480 137
 
    1. Меншікті  капитал
10788869 14473478 3684609 134
 
    1. Қарыздық  капитал, оның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер
86155 425026 338871 493
2 Тәуелсіздік коэффициент 0,99 0,97 -0,02 98
3 Қаржыландыру  коэффициенті 125,2 340,5 215,2 272
4 Қарастырылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы капиталы 0,008 0,03 0,022 375
 

Кәсіпорынның  ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас  коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет. Кестеде көріп отырғанымыздай, авансталған капиталдың мөлшері 2009 жылы 10875021 тг-ні құраса, 2010 жылы 14898504 тг-ні құрап отыр. Жыл бойындағы өзгерісі 1023480 тг-ні құрайды, немесе 137 %-ды құрайды.  
 

    2.3. ЖЗҚ-ның қаржылық  ресурстарының қалыптасу  көздерін талдау 

     Талдау  жүргізу үшін келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да кәсіпорынныың өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін сақтау керек. Ал меншікті капитал мен  қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

      Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылатын капиталдан қаржылық  тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз мүмкін емес. Сондықтан қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

  Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.

   Меншікті капиталдың көлемін  ғана анықтап қоймай, сонымен  бірге капиталдың жалпы соммасындағы  оның үлес салмағын да анықтау  маңызды.Бұл көрсеткіш  арнайы  әдебиеттерде  әр түрлі атпен  берілген (тәуелсіздік коэффиценті, автономдық коэффициенті),бірақ оның  мәні бір ғана – бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты  тәуелсіз екендігін және  өз қаражатын тәуелсіз  және  өз қаражатын қаншалықты  жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіз  коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

                                       

                                 Ктс = Mк : Aк              (2)

Мұндағы: Ктс- тәуелсіздік коэффициенті;

                  Mк – меншікті капитал;

                  Aк – авансталған капитал (баланс  валютасы жиыны, 

                  яғни  қаржыландырудың жалпы соммасы).

     Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның  қаржылық тәуелсіздігі жоғары  екендігін көрсетсе, алдағы уақытта  қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.

     Батыс экономистері тәуелсіздік  коэффициентінің неғұрлым жоғары  деңгейде болғаны дұрыс деп  санайды.

Себебі  бұл қаржы көзерінің тұрақты  құрылымын сақтауға мүмкіндік береді.Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай  құрылымды таңдайды,себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару