Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 07:18, курсовая работа

Описание

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..............................................................
4

1.1 1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару...................................................................................................
4
1.2 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi...........................................................
5
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.........................................................................
6

2 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ...............................................................................................
14

2.1 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы .........................................................................................
14
2.2 ЖЗҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау...... 17
2.3 ЖЗҚ-ның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін талдау.... 24
2.4 ЖЗҚ-ның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау........................ 27
2.5 ЖЗҚ-ның табыстылығын талдау.......................................................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі..........

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны гнпф1.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)
  МАЗМҰНЫ  
     
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі.............................................. 35
ҚОСЫМША................................................................................................... 36
 
     КІРІСПЕ 

     Жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы  активтерін басқару тәртібі.

     Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтері: зейнетақы жарналары, инвестициялық  кіріс, өсімпұл және жинақтаушы зейнетақы  қорларының комиссиялық сыйақыларын  шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.

     Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

     Жинақтаушы зейнетақы  қорларының зейнетақы активтерiн  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар:

     Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтерiн инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.

     Қазақстан Республикасының резиденттері мен  резидент емес жеке және заңды тұлғалары осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.

     Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

     Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде  екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы  қорларымен зейнетақы активтерiн басқаруға шарт жасасуға құқылы.

     Зерттеу жұмысы  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  Акционерлік Қоғамы мәліметтері негізінде жасалды. Басты назар «ЖЗҚ» - ның активтерін талдауға аударылды. Аналитикалық нәтижелерге қарасақ, кәсіпорынның рентабельдулугу жоғары дәрежеде. 
 
    1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ 

    1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару 

     Жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы  активтерін басқару тәртібі.

     Жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы  активтерін инвестициялық басқаруды зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым не қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған кезде жинақтаушы зейнетақы қоры дербес, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.

     Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтерiн инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйымдар:

     Жинақтаушы  зейнетақы қорларының зейнетақы  активтерiн инвестициялық басқаруды  жүзеге асыратын ұйым заңды тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам нысанында құрылады.

     Қазақстан Республикасының резиденттері мен  резидент емес жеке және заңды тұлғалары  осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары немесе акционерлері бола алады.

     Рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі бір рейтінгін иеленген заңды тұлға қаржы ұйымы ғана Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшысы немесе акционері бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізбесі мен ең төмен рейтингті уәкілетті орган белгілейді.

     Оффшорлық аймақта тіркелген коммерциялық ұйым мәртебесі бар заңды тұлғалар мен жарғылық капиталына оффшорлық  аймақта тіркелген заңды тұлғалар тікелей немесе аффилиирленген тұлғалар арқылы қатысатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды. Оффшорлық аймақтардың тізбесін уәкілетті орган белгілейді.

     Шет ел қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық жарғылық қоры Қазақстан Ррспубликасының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жарияланған жиынтық жарғылық капиталының елу процентінен аспауы керек.

     Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелерінің кемінде үштен бірі Қазақстан Республикасының азаматтары болуы керек. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның директорлар кеңесі мен басқармасының Қазақстан Республикасының резиденті емес мүшелері қаржы рыногында қызметін жүзеге асырушы ұйымдарда үш жылдан кем емес басшылық жұмыста болған тәжірибесін куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті.

     Дауыс беретін акцияларының жиырма бес  процентінен астамы жиынтық түрінде:

1) Қазақстан  Республикасының резиденті емес  тұлғаның;

    2) акцияларының (қатысушылары салымдарының) елу  проценттен астамы Қазақстан  Республикасының резиденттері емес тұлғалардың меншігінде немесе басқаруында жүрген Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаның;

    3) Қазақстан  Республикасының резиденттері емес  тұлғалардың бағалы қағаздарын  нақты ұстаушы болып табылатын  Қазақстан Республикасы резиденттерінің  меншігіндегі немесе басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйым Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлға қатысатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

    2. Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның атауында "зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деген сөздерi болуға тиiс.

    3. Зейнетақы активтерiн инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, оны құру тәртiбi мен құрамын уәкiлеттi орган белгiлейдi.

    4. Зейнетақы активтерiн инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымның  мүлкi жинақтаушы зейнетақы қорларының  зейнетақы активтерiн оқшауланған болады. 
     
    1.2 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi 

   1. Атқарушы органның бiрiншi басшысы  мен оның орынбасарлары, бас  бухгалтер мен оның орынбасарлары,  филиалдың (өкiлдiктiң) басшысы мен бас бухгалтерi зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi болып танылады.

2. Зейнетақы активтерiн инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымға:

жоғары  бiлiмi жоқ; өтелмеген немесе заңмен белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар; бұрын осы адам басшылыққа еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санацияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған заңды тұлғаның басшы қызметкерi немесе лауазымды адамы болған; уәкілетті орган белгілеген тәртіппен келісуден өтпеген адам басшы қызметкер бола алмайды.

3. Зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымның  басшы қызметкерінің кандидатурасы  уәкiлеттi органмен оның нормативтiк  құқықтық актiлерiнде белгiленген  тәртiп бойынша міндетті түрде келісілуге тиіс.

     Уәкілетті орган зейнетақы активтерін инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымның  басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді:

1) келісім  берілгенде негізге алынған меліметтердің  дұрыс еместігінің анықталуы; 

2) зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызметке байланысты құқық бұзушылық үшін бір жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығы туралы деректердің болуы;

3) оcы  баптың 2-тармағында көзделген талаптарға  сәйкес келмеуінің анықталуы бойынша қайта қарауға құқылы.

4. Уәкiлеттi орган белгіленген тәртіппен  беретін тиiстi бiлiктiлiк куәлiгi  болған жағдайда ғана азаматтың  зейнетақы активтерiн инвестициялық  басқаруды жүзеге асыратын ұйымның  басшы қызметкерi лауазымына ие  болуға құқығы бар.

5. Уәкiлеттi органның келiсiмiн алғанға дейiн  жеке тұлға үш айдан артық  басшы қызметкер мiндеттерiн атқаруға  құқылы емес. 
 
    1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару 

     Жинақтаушы  зейнетақы қорының зейнетақы  активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

     Зейнетақы активтерiн  инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым бiр мезгiлде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы  қорларымен зейнетақы активтерiн  басқаруға шарт жасасуға құқылы.

Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару