Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 07:18, курсовая работа

Описание

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..............................................................
4

1.1 1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару...................................................................................................
4
1.2 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi...........................................................
5
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.........................................................................
6

2 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ...............................................................................................
14

2.1 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы .........................................................................................
14
2.2 ЖЗҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау...... 17
2.3 ЖЗҚ-ның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін талдау.... 24
2.4 ЖЗҚ-ның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау........................ 27
2.5 ЖЗҚ-ның табыстылығын талдау.......................................................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі..........

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны гнпф1.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)

2) әр  жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша  берешектiң жалпы сомасын көрсете  отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының  тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.

     Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.

     Клиентке  қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.

     Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы  жарналары бойынша берешек пайдасына  өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.

     Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша  шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.

     Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.

     Банктер және банк операцияларының  жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.

     Міндетті зейнетақы  жарналары есебінен төленетін зейнетақы  төлемдері 

1. Жинақтаушы  зейнетақы қорында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар адамдардың:

1) осы  Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында көзделген жағдайлар басталғанда;

2) елу  бес жасқа толғанда және жинақталған  зейнетақы қаражаты ең төмен  зейнетақы мөлшерінен кем емес  төлемді қамтамасыз ету үшін  жеткілікті болғанда;

3) егер мүгедектігі мерзімсіз белгіленсе, бірінші және екінші-топтағы мүгедектердің;

4) осы  Заңның 60-бабының 1-тармағында аталғандардың;

5) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге  тұрақты тұруға кететін немесе  кеткен, кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар. Бұл орайда Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетер кезінде жинақталған зейнетақы қаражатын алып қойған адамға осы Заңның 5-бабы 2-тармағының нормасы қолданылмайды.

2. Жинақтаушы зейнетақы қорында  міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

     Ерікті зейнетақы  жарналары есебінен төленетін зейнетақы  төлемдері 

     Ерікті  зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін  зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) елу бес жасқа толған адамдардың;

2) мүгедектердің; 

3) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге  тұрақты тұруға кететін немесе  кеткен және кету ниетін немесе  кету фактісін растайтын Қазақстан  Республикасының заңдарында белгіленген  құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

     Ерікті  зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген тәртіппен  мұраға қалдырылады.

     Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:

1. Ерікті  кәсіптік зейнетақы жарналары  есебінен жинақтаушы зейнетақы  қорларынан зейнетақы төлемдеріне: 

1) елу  жасқа толған;

2) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерге  тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

     Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған  зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

     Жинақтаушы зейнетақы  қорларынан жинақталған зейнетақы  қаражатын төлеу:

    1. Жинақтаушы  зейнетақы қорларынан зейнетақы  төлемдері жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға оның жеке басын куәландыратын куәлігі болған жағдайда төленеді.

    2. Осы Заңның 9-бабының 1-3-тармақтарында аталған адамдардың , сондай-ақ егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң өз таңдауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын жинақтаушы зейнетақы қорынан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде не сақтандыру ұйымынан зейнетақы аннуитетінің шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен сақтандыру төлемдері түрінде алуға құқығы бар.

    3. Алушыға Орталықтан тағайындалған  ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің  және кесте бойынша төленетін  зейнетақы төлемдерінің сомасы  тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен кем болмауы керек.

    4. Кесте бойынша төленетін зейнетақы  төлемдерінің мөлшерін есептеуді  жүзеге асыру әдістемесін Қазақстан  Республикасының Үкіметі белгілейді. Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі (ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес белгіленеді.

    5. Міндетті зейнетақы жарналары,  жинақтаушы зейнетақы қорларынан  ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары  есебінен қалыптасқан жинақталған зейнетақы қаражатынан зейнетақы төлемдерін төлеуді жүзеге асыру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

    6. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен  қалыптасқан жинақтардан зейнетақы  төлемдерін төлеуді жүзеге асырудың тәртібі мен алушы табыс ететін құжаттардың тізбесі ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың талаптарымен анықталады.

   Аударылған  міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтер беру:

     Егер  Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

     Агенттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес әрбір қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының бастапқы есебін жүргізуге міндетті.

     Агент есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы мәліметтерді салымшыларға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешікірмей табыс етіп отыруға міндетті. 
 
 

    2 «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ 

    2.1 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы 

    «ГНПФ»  ЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қоры» жабық акционерлік қоғамын  құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды. «ГНПФ» ЖАҚ Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне (2004 жылғы 11 мамырдағы 15242-1910-АО тіркеу номері) сәйкес «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамына қайта тіркелді. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігіне (2005 жылғы 1 ақпандағы 15242-1910-АО тіркеу номері) сәйкес «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы деп қайта аталды.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 шілдедегі  № 837 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы», Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тапсырылды.

    01.11.2004 жылғы № 04/1101-210 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен Қордың акциялар пакетін сатып алу-сату шартына сәйкес Қор акцияларының 64% иелік ете отырып ҚРҰБ Қордың негізгі акционері болып табылады, қалған 36% Қазақстан Республикасының Үкіметі иелік етеді. 

    2006 жылғы 3 наурызда Қор 5 555 000 жай акциялар шығарылымына бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін алды. 2006 жылғы 30 наурыздағы № 5 Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысының хаттамасымен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары К.К. Масимовтың  төрағалығымен Қор акцияларының жалпы санынан 10% мөлшерінде Қор акцияларын Еуропалық қайта құру және даму банкіне сатуды мақұлдау шешімі қабылданды.

    2007 жылғы 15 мамырдағы № 15/175/25-05-07 Қордың жай акцияларын сатып  алу-сату шартына сәйкес (2005 жылғы  30 желтоқсандағы жазылу туралы келісімге Қосымша келісім) Еуропалық Қайта құру және даму банкі 555 000 (бес жүз елу бес мың) жай акциялары үшін 2007 жылғы 30 мамырда 512 770 862 (бес жүз он екі миллион жеті жүз жетпіс мың сегіз жүз алпыс екі) теңге төледі.

    Акционерлердің үлесі пайыздық арақатынаста:

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 57,61%;

    Қазақстан Республикасының Үкіметі – 32,4%;

    Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

         2008 жылғы 15 желтоқсанда акционерлердің  кезектен тыс жалпы жиналысында қабылданған шешім негізінде Қор 2008 жылғы 18 желтоқсанда жарияланған жай акциялардың саны 3 125 000 данаға ұлғаюмен байланысты бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін ауыстырды. 2009 жылғы 1 қаңтарға акциялардың жалпы шығарылымы жай акциялардың 8 680 000 құрайды.

         Қазақстан Республикасының Үкіметі  Қор акцияларының қосымша эмиссиясының  ақцияларын артықшылықпен сатып  алу құқығынан Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің пайдасына бас  тартты.

         2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 670 НБ 15/786/29-12-08 Қордың жай акцияларын сатып алу-сату шартына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2008 жылғы 29 желтоқсанда жай акциялардың 2 812 812 (екі миллион сегіз жүз он екі мың сегіз жүз он екі) данасы үшін 3 600 399 360 (үш миллиард алты жүз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың үш жүз алпыс) теңге төледі.

           2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 35060 жай акцияларын сатып алу-сату  шартына сәйкес Еуропалық қайта  құру және даму банкі (ЕҚДБ) 2009 жылғы 27 қаңтарда 312188 (үш жүз он екі мың жүз сексен сегіз) данасы үшін  399 600 640 (үш жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз мың алты жүз қырық) тенге сомасын төледі. 

    Акционерлердің  үлесі 2009 жылғы 1 ақпанға пайыздық арақатынаста:

Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару