Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 07:18, курсовая работа

Описание

Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару оның таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бір және одан да көп ұйымдармен шарт негізінде және (немесе) уәкілетті орган беретін, қызметтің осындай түрімен айналысу құқығына тиісті лицензиясы болған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорымен дербес жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 3

1 ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ МЕН МАҢЫЗЫ..............................................................
4

1.1 1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару...................................................................................................
4
1.2 Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның басшы қызметкерлерi...........................................................
5
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару.........................................................................
6

2 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ...............................................................................................
14

2.1 «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның ұйымдастыру экономикалық сипаттамасы .........................................................................................
14
2.2 ЖЗҚ-ның баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау...... 17
2.3 ЖЗҚ-ның қаржылық ресурстарының қалыптасу көздерін талдау.... 24
2.4 ЖЗҚ-ның төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау........................ 27
2.5 ЖЗҚ-ның табыстылығын талдау.......................................................... 30

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................. 34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі..........

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны гнпф1.doc

— 461.00 Кб (Скачать документ)

    Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 69,27%

    Қазақстан Республикасының Үкіметі – 20,74%

    Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің  иелігіндегі 1 800 000 (бір миллион  сегіз жүз мың) дана көлеміндегі  жай акциялары, Қордың орналастырылған  акцияларының жалпы көлемінен 20,7373 пайызды құрайды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 668 «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысына және 2009 жылғы 12 маусымдағы № 65 қабылдау-өткізу актіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің меншігіне тапсырылды.

        Осыйлаша, 2009 жылғы 1 шілдедегі жағдай  бойынша акционерлердің үлестері  пайыздық арақатынаста:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – 90,01%

Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі – 9,99% құрады.

    Қордың  мынадай лицензиялары бар:

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0000006 зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қызметімен айналысуға лицензия;

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0402200257 клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметпен айналысуға лицензия;

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен 10.03.05 жылы берілген № 0412200206 зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметпен айналысуға лицензия.

    Қор «Қазақстандық қор биржасы» жабық  акционерлік қоғамының Биржалық кеңесінің 1999 жылғы 13 тамыздағы шешімімен  мемлекеттік бағалы қағаздар сауда-саттығына (К категориясы) қатысу құқығымен № М061 куәлігі, сондай-ақ қор биржасының ресми тізіміне енгізілген («Р» категориясы) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар сауда-саттығына қатысу құқығымен «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ мүшелігіне қабылданды, 2003 жылғы 10 қазандағы № 24 хаттамасы. 

    Кесте 1

    «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның техникалық-экономикалық көрсеткіштері 

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2009 жыл 2010 жыл Өзгерісі
+; –– %
1 Қызмет көрсетуден түскен табыс Мың теңге 3196105 6061085 2864980 190
2 Көрсетілген қызметтуң  өзіндік құны Мың теңге 1688981 2162808 473827 128
3 Жалпы табыс Мың теңге 1507124 3898277 2391153 259
6 Жұмысшылар  саны Адам 422 430 8 102
7 Еңбекақы қоры Мың теңге 403094 418992 15898 104
8 Бір жұмысшының орташа айлық еңбекақысы Теңге 79610 81200 1590 102
9 Негізгі қорлардың  орташа жылдық құны Мың теңге 319678 257426 62252 80,5
10 Айналым қорлары Мың теңге 1536444 5034229 3497785 328
11 Таза табыс Мың теңге 115941 3215044 2058103 278
12 Еңбек өнімділігі   7574 14095,5 6521,5 186
13 Қор қайтарымдылығы Мың теңге 10 23,5 13,5 235
14 Қор сыйымдылығы   0,1 0,04 0,06 40
15 Қормен жарақтандыру   757,5 599 -158,5 79
16 Көрсетілген қызметтің  табыстылығы % 36,2 53 16,8 146
17 Рентабельділік % 68,5 148,7 80,2 217
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ» АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

АҚ-ның 2009-2010 жылдарға арналған техника-экономика  көрсеткіштерінің салыстырмалы зерттеуіне түсініктеме беріп көрейік.

1.2009-2010 жылдардағы кірістің салыстырмалы  зерттеуіне қарағанда, қоғамның өнім өткізуден түскен табысы  190 %-ға жоғарылаған.

2. Жалпы  табыстың көлемі 2010 жылы 2009 жылға  қарағанда 259 %-ға жоғарылаған.

3. Жұмысшылар  саны 2010 жылдың соңында 430 адамды  құраған, 2009 жылғы санақ бойынша 422 адам. 2010 жылы бұл көрсеткіш 8 адамға көбейген.

4.Еңбекақы  қоры 2009 жыл мен  2010 жылды салыстырғанда, 2010 жылда  15898 мың теңгеге немесе 104 %-ға жоғарылаған.

5. Бір  жұмысшанаң орташа айлық жалақысы 2009 жылы 79610 теңге болса, 2010 жылы 81200 теңгені құраған., яғни  1590 теңгеге  немесе 102 %-ға жоғарылаған.

6. Қоғамның  таза табысы 2009 жылы  115941 теңге, 2010 жылы 3215044 теңге, яғни 2058103 теңгеге  немесе 278 %-ға жоғарылаған.

7. Қоғамның  еңбек өнімділігінің 2010 жылы 2009 жылға  қарағанда  6521,5 теңгеге немесе 

186 %-ға жоғарылаған.

8. Кәсіпорын  рентабельділігі – кәсіпорынның  белгілі бір кезеңдегі жұмысшының  экономикалық тиімділігінің қорытындылаушы  көрсеткіші, бұл көрсеткіш  оның  табыстылығы мен пайдалылығын  сипаттайды.

Рентабельділік  мына формуламен анықталады: 

Рентабельділік = (таза табыс/өнімді өткізуден түскен табыс) * 100 % 

Осы формула  бойынша анықталған зрттеп отырған  кәсіпорынымыздың рентабельділігі 2010 жылы жоғары болғанын байқаймыз, яғни 2009 жылы 68,5 %-ды, 2010 жылы 148,7 % - ды құрап  отыр.

    Қор қызметінің негізгі түрлері:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте салымшылардың зейнетақы жарналарын тарту;
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте алушыларға зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте зейнетақы активтерін инвестициялық басқару;

    Қор басқа тұлғаларға немесе тұлғалар тобына тиесілі емес, шаруашылық еншілес  серіктестері және тәуелді акционерлік  қоғамдары жоқ, басқа заңды тұлғаларға қатыспайды.

    Қор есепті кезеңнің қаржылық ақпаратының мазмұнын өзгертуге әсер етуі мүмкін (немесе әсер еткен) іс-шараларды жүргізген жоқ.  
 
 

    2.2. ЖЗҚ-ның баланс  активтерінің құрамы  мен құрылымын  талдау 

    Қордың  Директорлар кеңесінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 1 хаттамасының шешімімен бекітілген Есептік саясатқа есепті кезең ішінде, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2010 жылғы «17» қыркүйектегі № 8 хаттамасына сәйкес өзгерістер енгізілді.

    Ұйымның есептік саясатына сәйкес негізгі  құрал-жабдықтарға амортизацияны есептеудің тәсілдері

    Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық  емес активтерді есептеу бір қалыпты (тікелей) әдіспен жасалады.

    Негізгі құрал-жабдықтардың қозғалысы, негізгі  құрал-жабдықтардың түрлері және құны туралы ақпарат (ішкі ауыстыруды санамағанда)

    2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша  негізгі құрал-жабдықтардың баланстық  құны 192 687 мың теңгені құрады, оның ішінде:

    Кесте 2

    «ГНПФ»  «ЖЗҚ»  АҚ-ның негізгі қорларының құрамы

  Негізгі құрал-жабдықтардың атауы Есепті  кезеңнің аяғындағы НҚ бастапқы құны Амортизация сомасы НҚ (+) ұлғаюы

НҚ (-) кемуі 

Негізгі құрал-жабдықтардың қалдық құны
   
1 Машиналар мен

жабдықтар

350 567 195 235 7 518 155 333
2 Көлік құралдары 19 465 11 623 - 7 842
3 Басқалар 93 021 63 509 - 4 634 29 512
  Барлығы: 463 053 270 367 2 884 192 687
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

      2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша  материалдық емес активтердің  баланстық құны 120 497 мың теңгені құрады, оның ішінде: 

Кесте 3

 «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның материалдық емес активтерінің құрамы 

№ р/с Материалдық емес активтердің атауы Есепті  кезеңнің аяғындағы МЕА бастапқы құны Амортизация сомасы МЕА (+) ұлғаюы

МЕА (-) кемуі

Материалдық емес активтердің қалдық құны
 
1 Лицензиялық келісімдер 28 155 18 839 880 9 316
2 Бағдарламалық қамсыздандыру 240 521 129 340 3 353 111 181
  Барлығы: 268 676 148 179 4 233 120 497
Ескерту -  «ГНПФ» «ЖЗҚ»  АҚ-ның жылдық есеп мәліметтері негізінде есептелді
 

    Қаржылық  инвестициялар бойынша сыйақы төлемдері, өтеу мерзімдері, қаржылық инвестициялар тізбесін келтірумен қаржылық инвестициялардың қозғалысы туралы ақпарат

    Қордың  меншікті қаражаты бойынша қаржылық инвестициялар портфелі 2011 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша 16 139 621 мың  теңгені құрады, оның ішінде:

    - жалпы сомасы 4 673 293 мың теңге екінші  деңгейлі банктердегі депозиттер;

    - жалпы сомасы 11 466 328 мың теңге  сатуға арналған қолда бар  бағалы қағаздар.

    Мерзімі шегерілген салық талабы

          Желтоқсанда 2010 жылдың мерзімі  шегерілген салығының есеп айрысыуы жүзеге асырылды және 80 160  мың теңге мөлшерінде салық талабы көрсетілді, сондай-ақ 2009 жыл үшін мерзімі шегерілген салықтар қайтарылды (68 604 мың теңге – мерзімі шегерілген талап және 6 914 мың теңге – мерзімі шегерілген міндеттеме).

    Өзге  активтер

          Өзге активтер 01.01.11ж. жағдай бойынша  берілген аванстар, болашақ кезеңдердің  шығыстарынан, аяқталмаған құрылыс  (бағдарламалық қымсыздандыру), тауар  материалдық қорлар мен қызметкерлердің  берешектерінен тұратын 54 050 мың теңгені құрайды.

    Салықтар  және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша бюджетке талаптар

          01.01.11ж. жағдай бойынша салықтар  және бюджетке төленетін басқа  міндетті төлемдер бойынша бюджетке  талаптар 88 мың теңгені құрайды.

    Комиссиялық сыйақылар

    Қордың  комиссиялық сыйақысы 01.01.11ж. жағдай бойынша 481 815 мың теңгені құрайды:

    - 322 188 мың теңге сомасындағы инвестициялық кірістен есептелген комиссиялық кірістер;

    - 159 627 мың теңге сомасындағы зейнетақы активтерінен есептелген комиссиялық кірістер.

    Ақша  және ақшалай баламалар

    01.01.11ж.  жағдай бойынша 1 300 060 мың теңге мөлшеріндегі ақша, «Казкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,  «RBS(Kazakhstan)» ЕБ АҚ есеп айрысу шоттарында орнластырылған.

    Қордың  активтері

    Қордың  жалпы активтері 01.01.11 ж. жағдай бойынша 18 368 978 мың теңгені құрайды.

    Кредиторлық берешек

    01.01.11 ж. жағдай бойынша Қордың балансында  жеткізушілер мен мердігерлерге  11 135 мың теңге сомасында қысқа  мерзімді кредиторлық берешек  есептеулі. 

    Бағалаушы міндеттемелер

    Қысқа мерзімді бағалаушы міндеттемелер 409 300 мың теңгені құрайды, оның ішінде қысқа мерзімді кепілді міндеттемелер  және қызметкерлерге сыйақылар бойынша  бағалаушы міндеттемелер.

    Қызметкерлер  құрамымен есеп айрысулар бойынша  есептелген шығыстар

    Қызметкерлер құрамымен есеп айрысулар бойынша есептелген шығыстар 237 мың теңгені құрайды (еңбекақы төлемі бойынша қысқа мерзімді берешек)

    Салықтар  және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша бюджет алдындағы  міндеттемелер 

    Қордың  балансында 01.01.11 ж. жағдай бойынша 58 345 мың теңге сомасында корпоративтік табыс салығы бойынша берешек есепте, оның ішінде  2011 жылғы қаңтарда төленген КТС, ЖТС, әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер.

Информация о работе Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару