Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:34, лекция

Описание

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

                                                             

                                        

        

                                                  

                                                                     У     

                                                                             L    


                                6.1 – сурет.  Изокванта    

 

Изокоста – бұл  біркелкі сомалы шығын құнын қамтамасыз ететін, еңбек пен капиталдың барлық мүмкін үйлесімділігін  көрсететін түзу сызық.  Изокоста графигі (6.2 – сурет).

 

            K                                                              K


                                                                                                                                                                                                                                               


                                                             


                                        

        

                                                  

                                                                           L                                                                L    


 

Изокванта мен изокостаның  жанасу нүктесінде,  белгілі бір  шығару көлемін қамтамасыз ететін,  шығынның ең аз деңгейіне қол жетеді. (6.3.-сурет).

 

 

6.2.           Факторлардың ( өнімділіктің) тиімділік                                    

                      көрсеткіштері ретінде жалпы, орта және

                      шектеулі  өнімдер.

 

Өнімдер жиынтығы  (жалпы) - өндірістің қалған факторларының  өзгермеуі кезіндегі зерттелетін  факторлардың белгілі бір санында  жүргізілетін өнісдер көлемі. Оны  қорытындылайтын  факторы деп атайды  және өндірістік  қызметтерінде У әрпімен  белгілейді.

Жинақты көрсеткіштермен  бірге, экономикалық талдаумен  қатар  орта және шектеулі өнімдердің  көрсеткіштерін пайдаланады.

Өндірістің  өзгерісті  факторының  орта өнімі зерттелетін фактордың көлеміне  жиынтықты өнімнің (У) қатынастары есебінде  анықталады және  осы факторды  тиімді  пайдаланумен қайталуын сипаттайды.  Мысалы, еңбектің орта өнімі (АРЛ) былай анықталады:

                   

                                          APL = У / L

 

Бұл көлем тауар өнімінің уақыт бірлігінде жасалынғанын көрсетеді  және ол еңбек өнімділігі деп аталады.

Капиталдың  орта өнімі (АРк) келесі жағдайда есептеледі:

 

                             АРк = У / К

 

Осы көрсеткіш негізгі  өндірістік қорларды тиімді пайдалануды  көрсетеді және ол қор қайтарылымы деп аталады.

Соған  сәйкесті  факторлардың  шектеулі өнімі  өндіріс нәтижелерінің  өсуінің  соған сәйкесті факторларының  өсуіне қатынастары ретінде  анықталады  және  өндіріс  факторының  жаңа  тартылған өндіріс  үдерістерін тиімді пайдалануын  көрсетеді,  яғни  капитал мен еңбек үшін олардың  шектеулі  өнімдері  былай есептеледі:

 

МРК =  DУ / DК

 

                              MPL = D У / D L

 

Еңбектің шектеулі өнімі  көбеюіне қарай  тұрақты факторларының  өзгермейтін  кезінде ауыспалы факторды пайдаланудан  өндіріс қысқарады. Бұл факт азаюдағы шектеулі өндірудің заңы  түрінде қалыптасады.  Сондықтан  белгілі  бір сәттің конусына жалғасатын ауыспалы ресурстардың  бірлігін өзгермейтін,  бекітілген  ресурстарға  ауыспалы  ресурстардың   әрбір жалғасатын  бірлігіне есептегендегі  кішірейетін, қоспалы немесе шектеулі  өнім береді.

 

6.3.   Өндірушінің пайдасын көбейту

                       мен  шығынын азайту.  

 

Бәсекелесті  өндірушінің  алдында үш өзара байланысты мәселе тұрады:  

    1. Өндіру қажет пе?
    2. егер қажет болса, өнімдердің көлемі қандай болу керек?
    3. мұндай жағдайда қандай пайда алынады?

Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін үш мүмкін жағдайды қарастыру қажет, оның әрбіреуінде өндірістің  осы немесе басқа  стратегиясы таңдап алынады.  Барлығы рыноктағы өнімнің бағасы қандай болатынына байланысты. Бұл  тәуелділікті анықтау үшін, пайда формуласын білу қажет:

        П = TR – TC = P x Q – AC x Q = (P – AC) x Q.

   Мұндағы: П –  пайда;

                     TR – фирманың жалпы табысы;

                     TC – жалпы шығындар;

                      P – тауар бағасы;

                     Q - өнім саны;

                     AC - өндірістің орташа шығыны.

Бірінші жағдайды қарастырайық:

Пайданы көбейту жағдайы.

Бәсекелесті фирманың ең жоғары пайдасына  теңдесуі орындалатын  өнімдерді шығару кезінде жеткізеді:

                    Р = МС

Бұл пайданы көбейту  жағдайы болып табылады. Екінші –  шығынды азайту жағдайы.

Қанша өнімнің бағасы ең аз мүмкін орташа жалпы шығыннан төмен, ал ең аз мүмкін орташа өзгерісті шығыннан көп болса, яғни:

                АС min.< Р < АС min,

Онда фирма жалпы  өзгерісті шығынды жабатын (бұл  Р >AVC min) жалпы және жекелей тұрақты табысты алады. Фирма өндірісті жалғастырғаннан жабылғандағы  нәтижесінен гөрі,  залалды  аз көреді.  Ысырабы аз, шығару көлемі Р = МС теңдігінде ьолады.

Үшінші жағдайда –  қысқа мерзімді уақытта фирма  қызметін тоқтату.

Баға төменгі мүмкін орта өзгерісті шығыннан төмен түскенде,  яғни  P< AVC min  өндірістің  көлемі болмайды,  ондай кезде фирма ең кемінде өзгерісті шығынды жаба алады.  өндіруді  жалғастырып, ол тұрақты шығынның  құнынан гөрі,  үлкен  залал шегеді,  оның ішінде : ТС барлық шығындарына ысырап тең болады.  Яғни,  фирмаға жабылған пайдалы.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. Жеке ұдайы өндіру кәсіпорны нені көрсетеді?
  2. Өндіріс факторының сұранысы мен ұсынысының қандай ерекшеліктері бар?
  3. Өндіріс факторының  сұранысының туынды сипаты нені білдіреді?
  4. Өндірістік қызметі нені көрсетеді?
  5. Өндіріс қызметінің мәні немен қорытындыланады?
  6. Өндіріс қызметінің қисығы қалай аталады?
  7. Изокоста нені көрсетеді?
  8. Жиынтықты өнім дегеніміз не?
  9. Өндіріс факторының орташа өнімі қалай анықталады?
  10. Еңбек өнімділігін  қандай көрсеткіш анықтайды?
  11. Қор қайтарымын қандай көрсеткіш  көрсетеді?
  12. Өндіріс факторының  шектеулі өнімі қалай анықталады?
  13. Азаймалы шектеулі өндіру  заңының  мәні неде?
  14. Пайданы  көбейтудің жағдайы қандай?
  15. Қандай жағдайда  фирма ысырапты азайтады?
  16. Фирма  қашан өзінің қызметін тоқтатуға тиісті?

 

 

 

7-ТАҚЫРЫП.

КӘСІІІОРЫННЫҢ (ҚОРДЫҢ) АЙНАЛЫМДЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ.

Лекция мақсаты: Кәсіпорын капиталының айналымы және ауыспалы айналымын талдау.

Лекция сұрақтары:

1.  КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМЫ.

2. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМДЫ КАПИТАЛ. НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫҢ ТОЗУЫ.

3. ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ.

4. ӨНДІРУ УАҚЫТЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ УАҚЫТЫ. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМДЫҚ ҚАРЖЫСЫ

 

7.1. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ  АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМЫ.

 

«Капитал» түсінігі барлық өндіріс ресурстарын қамтиды: зауыттар, қүрал-жабдыктар, темір және басқа жолдар, электр станциялары, шикізаттар, материалдар жэне т.б. Бұл ресурстар инвестициялық ресурстар болып табылады. «Инвестициялык ресурстар» термині нақты капиталдық тауарларды өндіруді белгілеу үшін пайдаланады ( немесе өндіріс күралдарын).

Кәсіпорындар өз шаруашылық қызметіне пайдаланатын капиталдық тауарлар немесе инвестициялық ресурстар өндірістік қор деп аталады. Өндірістік қорлар - бұл кәсіпорынның ұдайы өндіріс кезіндегі жабық қызметіндегі инвестициялық ресурстардың құндық нысанын көрсету.

Капиталдың (қордың) ауыспалы айналымы - өндіріс пен айналымның аясы арқылы инвестициялық ресурстардың (өндірістік қорлардың) құнының қозғалысы, оның нәтижесінде ол үш кезенді өтеді және кейін өндірістік, қаржылық және тауарлық нысанды қабылдайды. Бұл - алғашкы құнын көтеру мақсатындағы, өндіріс пен барлық айналымды қамтитын өндіріс құралының аясы арқылы толық қозғалу кезеңі. Қандай да бір материалдық игілік өндіретін кәсіпорынға салынган кез келген капитал өз қозғалысын ақшалық нысанда жүргізеді. Ақшалы капитал жұмыс күші мен өндіріс құралын (Д - Т) сатып алуға аванс беріледі - бірінші сатысы. Өндіріс үдерісінде (П) сатып алынған факторлар өзара іс-қимыл жүргізеді және жаңа өнім шығарылады - екінші саты. Кәсіпкер бұл өнімді рынокте (Т-Д), өткізіп, авансты капиталды қайтып алады - үшінші саты. Өндірістік капиталдың барлық шеңберлі айналымы мынадай формуламен көрсетіледі:

                  Д – Т... П... Т - Д

Капиталдың ауыспалы айналымының үш кезеңінен, бірінші мен үшіншісі айналым үдерісін құрады, ал, екінші - өндіріс үдерісін кұрады. Сөйтіп, қорлардың ауыспалы айналымының кезеңдерінің қызметтері мыналар болып табылады: бірінші кезеңде - өндірістің жағдайының қалыптасуы; екінші кезеңде - тауар мен қызмет көрсетулерді өндіру; үшінші кезеңде - тауарлар мен қызметтерді өткізу және пайда алу.

Қорлардың үнемі қозғалысын қамтамассыз ету үшін, олардың бір уақытта барлық кезеңде және барлық қызметтік нысандарда болуы талап етіледі. Өйткені кәсіпорын біруакытта өндіріс құралдарын сатып алады, өнімдер шығарады және оны өткізеді. Бөлек акт ретінде емес, кезеңді қайталамалы үдеріс ретінде қаралатын қорлардың ауыспалы айналымы, оның нәтижесінде авансты құнның барлық көлемі өзінің бастапқы нысанына толық оралады, бұл жағдай - қорлардың айналымы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

7.2.НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМДЫ КАПИТАЛ.

НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫҢ ТОЗУЫ

 

Капиталдың (қорлардың) әр түрлі бөлігі кәсіпорынға бір уақытта қайтып оралады. Сондықтан, негізгі капитал (негізгі қорлар) және айналымды капиталдың (айналымды қорлар) арасын бөледі.

Негізгі капитал (негізгі қорлар) - бұл сол өндіріс құралы, өзінің құнын дайын өнімнің біреуіне емес, жекелеп ауыспалы айналымның бірнешеуіне аударады. Көптеген технологиялык үдерістеріне қатысатын ғимарат, кұрылыс, машиналар басқа да еңбек құралдары жатады. Жыл сайын олардың бір бөлігі өтелімге жатады.

Өтелім - негізгі қордың құнын олардың тұлғалық және моральдық (жаңа еңбек құралымен салыстыру бойынша құнының төмендеуі) тозу мөлшеріне байланысты бірте-бірте дайым өнімге аудару (материалдық ескіру және табиғи істен шығуы). Шығарылатын тауарларға аударылатын еңбек құралының кұны, кәсіпкерге оны сатқаннан кейін қайта қайырылады және ол негізгі қордың тозуының орнын жабуға арналатын өтелім қорын құрайды. Тауарларды сатқаннан кейін, қор құнының осындай үлесі келесі қайта жөндеу және жаңа еңбек құралдарымен толық айырбастау мақсаты үшін ақша нысанында жинақталады.

Айналымды капитал (айналымды қор) - бір ауыспалы айналымда соңғы өнімнің өз құнын ауыстыратын, өндіріс құралының басқа бөлігі. Мұнда еңбек заттары - өнімдерді дайындаудың бір кезеңінде шығындалатын, шикізаттар, материалдар, жанар-май, энергия кіреді. Осы бөліктің шығынына сонымен бірге, шартты түрде бір ауыспалы айналымда жұмсалатын, қызметкерлердің еңбекақысын қосады. Бірақ жұмыс күшіне шығындар өндірістің заттық жағдайы орын алатындықтан, дайын өнімге көшірілмейді.

 

7.3. ИНВЕСТИЦИЯ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРДЫ

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

 

Инвестиция деп табыс алу мақсатындағы шаруашылық қызметіне салынатын барлық қаржыларды (активтерді) атайды. Экономикалық мазмұны бойынша инвестициялар - бұл негізгі капиталды техникалық қайта жарақтау мен кеңейту, құру сондай-ақ, осымен байланысты айналымды капиталдың өзгерістері.

Жалпы және таза инвестицияларды бөледі. Жалпы инвестициялар кәсіпорынның әдетте жыл бойындағы, белгілі бір уақыт ішіндегі капиталдық тауарларды сатып алуындағы шығындарының жалпы көлемін көрсетеді. Таза инвестициялар - бұл негізгі капиталдың жыл сайын көбеюі. Олар жалпы инвестиция мен өтелімдер арасындағы әр түрлілік ретінде анықталады.

Шаруашылық тәжірибесінде келесі түсініктер пайдаланылады: айырбасталатын инвестициялар және таза инвестициялар. Айырбасталатын инвестициялар - ескірген өндірістік қорды айырбастау үшін құрал-жабдықты (тұлғалық капиталға) сатып алуға салынған қаржы. Таза инвестициялар - негізгі қордың салмағын көбейту үшін құрал-жабдықтар сатып алу. Айырбасталатын және таза инвестициялар толық инвестицияларды құрайды.

Инвестициялар құрылымын келесі бағыттар бойынша қарастыруға болады:

  • инвестицияның өндірістік құрылымы - бұл оларды салалар бойынша болу ;
  • инвестицияның ұдайы өндірістік құрылымы - бұл жаңа құрылыс пен іс жүзіндегі кәсіпорынды кеңейту мен оны қайта құру және техникалық кайта жабдықтау арасындағы қатынастар;
  • капитал салудың технологиялык кұрылымы - бұл құрылыстық құрастыру жұмыстарына шығын (инвестицияның пассивтік бөлігі) және жабдықтар, машина, құралдар (белсенді бөлігі) сатып алуға кететін шығындар қатынасы;
  • инвестицияның шоғырлануы: инвестицияның жылдық көлемінің катынастары бойынша аяқталмаған құрылыстың құны аз болса, соншалық жақсы.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау