Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:34, лекция

Описание

Экономикалық теорияның даму сатысы. «Экономикалық теорияның», саяси экономиканың» және «экономикс» пәндерінің өзара байланысы. Экономикалық теорияның пәні.
Экономикалық түсініктердің негіздері .
Экономикалық үдерістердің әдістерін тану. Экономикалық санаттар мен заңдар .
Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Работа состоит из  1 файл

лекциялы-+кешен (5).doc

— 749.50 Кб (Скачать документ)

                            

    1-ТАҚЫРЫП    Экономикалық теорияның қағидалары

Лекция мақсаты: Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау.

Лекция сұрақтары:

  1.Экономикалық  теорияның даму сатысы.  «Экономикалық теорияның»,  саяси экономиканың» және  «экономикс» пәндерінің  өзара байланысы.  Экономикалық  теорияның пәні.

2.Экономикалық  түсініктердің негіздері .

3. Экономикалық  үдерістердің  әдістерін тану.   Экономикалық  санаттар мен заңдар .

4. Позитивтік  және  нормативтік экономикалық ғылым. Экономикалық теорияның міндеттері. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

       

    1. Экономикалық  теорияның даму сатысы.  «Экономикалық  теорияның»,  саяси  экономиканың»  және  «экономикс»  пәндерінің  өзара байланысы.  Экономикалық  теорияның  пәні.

 

Экономикалық ой ежелгі дәуірде  туындап, даму мен қалыптасудың  ұзақ  және күрделі  жолынан өтті.  Экономика ғылымы туралы алғашқы  ғылыми ой ретінде – Ксенофонт, Платон, Аристотель, Каттон тәрізді  ежелгі  дәуірдің  ойшылдарында пайда болған.  «Экономия»  терминін бірінші рет  Аристотель  ғылыми  айналымға енгізген.  Ол екі  грек  сөзінен құралған:  «ойкос» - үй, шаруашылық,  «номос» - ілім, заң деген  мағынаны білдіреді.  Экономикалық білім  алғашында  жалпы ғылымның  бөлек элементтері  ретінде  қалыптасты.  Экономикалық  теорияның  өз  бетімен дамуы  XVI-XVII  ғасырларда капиталистік  қатынастардың  туындау дәуірінде  басталды.  Экономикалық  теорияның  алғашқы  қалаған мектебі – меркантилизм.  XVI-XVIII ғасырлардағы феодализмнің құлдырау дәуіріндегі  «бүгінгі заман атырлары»,  яғни ең бай касталары – көпестер болды.  Оларға сауда дамуының теориясы  «баюдың ғылымы» қажет болды.  Оны олар меркантилистердің қолынан алды.  Меркантилизмнің ең көп тараған жері – Англия еді, оның ең басты теоретиктерінің бірі – экономист Томас Ман (1571 – 1641, Англия)  және  Антуан де Монкретъен  (1575 – 1621,  Франция).  Соңғысы  «саяси экономия»  терминін айналымға енгізді  (1615). Меркантилистердің  ең басты  идеясы – қоғамның  ең басты  байлығы – ақша, ал байлық көзі – сатып алушы қоғам – деген болатын.

 Экономикалық теорияның   дамуындағы екінші кезең –  классикалық саяси экономия (XVIII ғ.).  ол физиократтар мен   Адам Смит (1723-1790) – және  Давид  Рикардоның  (1772 – 1823)  мектептеріне  бөлінеді.  Физиократтардың  меркантилистерден  ерекшелігі,  олар  қоғамның  байлық  көзі – пайда түсіруші  айналым емес, өндіріс деп,  бірақ олар  өндірісті  өте тар ұғымда – тек ауыл шаруашылығы көлемінде  ғана түсіндірді.  Олардың негізгі өкілдері – француз экономисі  Франсуа Кенэ (1694 – 1774) және Анн  Роберт Жак Тюрго  (1727 – 1781).

 Экономикалық теорияның  келесі даму кезеңінде Адам  Смит пен Давид Рикардо өздерінің   зерттеулерін жалпы өндіріс саласына  ауыстырып, ал ауыл  шаруашылығын  соңғының бір саласы ретінде  қарастырған.  Олар қоғамның байлығының  өсуінің бірінші жағдайы еркін және бәсекелестікке  қабілетті нарық экономикасы деген классикалық анықтама қабылдады.

Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның негізгі  еңбектік  теориясының негізін  қалады. А.Смит тауардың құны, оны жаауға кеткен еңбекпен  анықталатынын дәлелдеді.  А.Смиттің ең ұлы еңбегі – ол рыноктың  қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың  күрделі жүйесі екенін  алғаш ғылыми  ашуында болып саналады. Ол оған  «көрінбейтін қол»  деген бейнелі ат тағып,  барлық  экономикалық агенттерді  көрінбейтін  басқарушы  ретінде көрсетті.

Экономикалық теорияның  барлық тарихи  жолында оны идеологияландыру  мәселелері тұрды.  Меркантилистер  көпестердің  мүдделерін қорғады.

Экономикалық теорияны ең алғашқы  идеологияландырған марксистер болды.  Олар  өздерінің  теориялық  көзқарастарында  жұмысшылар тобының  мүдделерін  ашық қорғады.  Сондықтан олардың  экономикалық  ғылымын  жұмысшы  табының саяси экономикасы  деп атайды.  Олардың  теориясының басты  жорамалы - өндіріс құралдарына қоғамдық меншік пен  жұмысшылар мүддесі негізінде барлық экономикаға  орталықтандырылған жоспарлау  басшылығын орнату болатын.

Қазіргі заманғы экономикалық ғылым негізгі екі бағыта жүреді.

      1. неоклассикалық
      2. кейнсандық

Бірінші бағыт XIX ғасырдың  70-жылдарында  пайда болды.  Оның ең көрнекті негізін қалаушылардың бірі – Альфред Маршал (1842 – 1924) болды.  Неоклассикалық  доктрина  XX ғасырдың  30 – жылдарына дейін кең тарады,  бірақ оны ағылшын экономисі Джон Меинард Кейнстің  (1883 – 1946)  атымен аталған экономикалық ағым (кейнсиандық)  «ығыстырып» шығарды.  1929 – 1933  жылдардағы Ұлы депрессиядан кейін,  экономикалық  тұрақтылықты  қамтамасыз етуге рынок қабілетті емес екенін  көрсетті.  Неоклассиктер мен кейнсиандықтардың арасындағы  айтыстағы  түйінді мәселе – мемлекеттің экономикадағы рөлі болды.  Неоклассикалық  бағытты  қолдаушылар  экономиканы  тиімді  дамыту үшін,  экономикаға  мемлекеттің араласуы  шектеулі  тиісті деп  есептеді.  Кейнсиандықтар  керісінше, нарық  экономикасын  мемлекеттің бақылауымен және  макрореттеудің  белсенді көмегімен  үдерісті дамытуға болады деп есептеген.

«Экономикалық теория»,  «саяс экономия»,  «экономикс»  курстарының  пәнін анықтай  отырып, олардың  әртүрлілігін  еске алу  қажет.

Экономикалық теория  әлемдегі шектелген ресурстардағы  адамдардың  экономикалық  тәртіптерін,  өндірістер  қатынастарының  экономикалық  жүйесін, бөлуді,  айырбастауды,  материалдық  жетістіктердің  және  адам қоғамының  барлық  даму сатысындағы  қызметтерді зерттейді.  Саяси  экономия – бұл таптық  ғылым. Ол белгілі бір таптың мүддесін қорғайтын  экономикалық  қатынастарды  зерттейді.  «Экономикс»  түсінігі  экономикалық  ғылымда  «экономикалық теория» түсінігімен жақын,  бірақ нарық шаруашылығын  зерттейтін  бұл ғылым,  яғни мұнда  зерттеу объектісі  тек нарық жүйесіне  тіреледі.

Экономикалық теория курсында  экономикалық қатынастардың  келесі логикалық оқыту жүйесі ұсынылады.  Бірінші бөлімде  пәннің  жалпы  мәселелері,  курстың  әдісі,  дәлелдемесі  және  адамның  экнонмикалық  қызметінің тұтас міндеттері, сондай – ақ, қоғамдық өндірістің негіздері қарастырылады.

Екінші бөлім  экономиканың  қызметінің  іргелі мәселелеріне, оның ішінде меншіктерге, қоғамдық  шаруашылықтың  түрлеріне,  экономикалық  жұйенің  негізгі  түрлеріне арналған;  онда  нарықтық шаруашылыққа жалпы сипаттама, сұраныс  теориясының негізгі көзқарастар  қарастырылады.

Үшінші  бөлімде микроэкономиканы талданады – кәсіпорынның  қызметіне  байланысты қатынастар жүйесі, сондай – ақ, жеке өндірушінің заңдылықтары мен мәні қарастырылады.

Төртінші бөлім –  макроэкономика. Ұлттық экономика деңгейіндегі  өндіріс мәселелері қарастырылады.

    1. Эконоикалық  түсініктердің негіздері

Экономикалық  теория шектелген ресурстар әлеміндегі  адамдардың қанағаттандыру әдістерін зерттейді.  Соған сәйкес келетін  санаттарды анықтауға тоқталайық.

Тұтынушылық – жеке индивид  пен мәдениеттің дамуына сәйкес арнаулы түрге ие болатын, мойындалған  қажеттілікті анықтаушы.  Сатып алу  қабілетімен бекітілген  тұтынушылық  тауар мен қызметке сұранысты көрсетеді. Экономикалық  әдебиетте  (Маслоу) адамдардың  тұтынушылығын 5 деңгейге бөлінеді.

    1. Физиологиялық тұтынушылық
    2. Қауіпсіздік тұтынушылығы
    3. Қатынас тұтынушылығы, рухани жақындық
    4. Қоғамдық танымдағы тұтынушылық
    5. өзін көрсетудегі тұтынушылық

жеке адамның  деңгейі  неғұрлым  жоғары болса,  соншалықты ол жоғары тұтынушылықты қамтамасыз етуге тырысады.

Материалдық  тұтынушылықтар былай бөлінеді:

    1. бірінші кезектегі қажетті заттар (тамақ, киім, үй)
    2. сән – салтанат заттары (қымбат тастар, қымбат аң терілері, яхта және т.б.)

жеке адам тұтынушылығынан  басқа,  өндіріс құралдарындағы  өндірістік  тұтынушылық пен жұмыс  күшіне қажеттілік бар.

Тұтынушылыққа әсер ететін  факторлар:

    1. мемлекет пен фирмалардың, тұрғындардың кірісі
    2. ғылыми – техникалық үдерістердің дамуы
    3. елдің экономикалық дамуының деңгейі
    4. елдің ұлттық және тарихи ерекшеліктері және т.б.

адамдардың  әр түрлі  тұтынушылығы шексіз.  Бірақ бар  лимит ресурс  шығындарының  шектеу деңгейі.  Ресурстар – адамдардың тұтынушылығын  қанағаттандыратын,  жағдай мен қызметті  жасау үшін пайдаланылатын заттар.  Ресурстар толық іске  кіріскенде, бір өнімді  көбейтудің  әдісі – ол бақса  өнімді қысқарту болып табылады.

Экономикалық  әдебиеттерде «игілік»  түсініг адам тұтынуын қанағаттандыратын және мүдделерге, мақсаттарға, адамдардың  тұтынушылығын  қамтамасыз  ететін,  нәтижесінде  тиімді ықпалы  болатын адам қызметінің толыққандылығы.

Игілік  материалдық  және  материалдық емес болып  бөлінеді.  Материалдық  игілік былай  бөліеді:  табиғаттың  табиғи сыйлары (жер, ауа, климат);  өндіріс өнімдері (ғимарат, құрылыс, станоктар, тамақ өнімдері және т.б.).  А.Маршал оған материалдық игілікті (патенттер, авторлық құқық, кепілдік зат) иеленуді де қосады. Материалдық емес игілік – бұл адам қабілетінің дамуына ықпал ететін жағдай және олар өндірістік емес салаларда құрылады: денсаулық сақтау, білім беру, өнер және т.б.

Игілік сондай – ақ, экономикалық  (экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болады) және экономикалық емес (адам күшінің  жұмсалуынсыз  табиғат береді) болып екіге бөлінеді.

Әр қоғам шектелген  мүмкіндіктер мәселелерімен түйіседі. Қашанда тұтынушылықты  барлығы  қанағаттануы мүмкін болмағандықтан,  әр адам, фирма немесе мемлекет –  қалауын таңдауы тиісті.  Экономистер  мұндай  сәтті баламалы  шығын  арқылы бейімдейді.  Баламалы шығын – басқа тауар бірлігіне  көбейту үшін, құрбан  ету қажет  бір   тауардың саны.

Таңдаудың қажетті әсері  мен баламалы  шығын өндірістік мүмкіндіктердің қисығының көмегімен  көрсетіледі. өндірістік мүмкіндіктердің  қисығы  экономикалық ресурстарды  толық пайдалану кезіндегі  екі өнімді  шығарудың  ең жоғары көлемін көрсететін әр нүктенің  сызығын анытқайды.  Мысалы, ел бар ресурстармен  белгілі бір тауарлар (А және В) санын шығаруы мүмкін. Елдің  өндірістік  мүмкіндіктерінің  қисығы келесі түрге ие:

 

 А   а  



 

                       

 в                 В     


Түзу сызықтың әр нүктесі  ав осы елдегі экономикалық  ресурстарды  толық пайдалану кезіндегі  тауарларды А және В өндірудің  ең үлкен  көлемін көрсетеді.

өндірістің мүмкіндігі туралы ақпараттарға ие бола отырып, қоғам немесе нақты өндіруші  үш сұраққа жауап беруі тиіс.

  • Қандай тауарлар мен  қызметтер және қанша көлемде шығару қажет?
  • Бұл тауарлар мен қызметтерді қалай өндіру қажет?
  • Бұл тауарларды кім сатып алады және бұл тауарлар мен қызметтерді қалай пайдаланады?  Яғни, бұларды кім үшін шығару қажет?

                1.3.      Экономикалық  үдерістердің әдістерін тану.

                            Экономикалық санаттар мен заңдар 

       Экономикалық  теория өзінің зерттеулерінде  экономикалық құбылыстардың ғылыми танымының келесі әдістерін пайдаланады:

а) синтезбен талдаудың  әдісі- әлеуметтік – экономиканың пайда  болу бөліктері (талдау) және тұтастай (синтез) өзара байланысы мен өзара  тәуелділігі бойынша зерттеуді  қарастырады. Бұл әдіспен экономикалық теорияны шаруашылық жүйесін екі әр түрлі деңгейде қарастыратын микро және макроэкономикаға бөлу логикалық байланысты. Сондықтан, микроэкономика осы жүйенің жеке элементтерімен істі болады. Ол бөлек фирмалардың, үй шаруашылығының, өндірістің, бөлек өнімінің бағасын және экономикасын зерттейді. Яғни, микроэкономикалық зерттеу талдау әдісіне жақын. Микроэкономика шаруашылық жүйесін тұтастай зерттейді немесе агрегаттар деп аталатын экономикалық бірлікті, мысалы ұлттық экономиканы зерттейді. Микроэкономика синтездің әдістеріне негізделіп және жиынтықты,  агрегатты көрсеткіштермен жұмыс істейді: жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс және т.б.

ә) ғылыми абстракцияның  әдісі- абстракция деп аталатын немесе санаттың осы немесе басқадай дерексіздендірілген  түсінігін өңдеу үшін пайдаланылады;

б) тарихи және логикалық  әдістер – жалпы қорытынды  жасау үшін және олардың тұтастай бағалауға мүмкіндік беретін, бір  уақытта логикалық жиынтықпен тарихи  жүйелілікпен экономикалық үдерістерді  зерттеуді қарастырады.

в) индукция мен дедукция әдістері- бөлек фактілерді жалпыға (индукция) апарып, ал, жалпы жағдайдан шығарып, жеке қорытындылар(дндукция) жасауды қарастырады;

г) сандық және сапалық  талдау әдісі- өндіріс жүйесіндегі  қатынастардың сапалық өзгерістерін танумен қатар, статистикалық деректерді, математика әдістерін экономикалық теория кеңінен пайдалануды қарастырады.

ғ) қалыпты логика- ойдың  нақты мазмұнынан  алшақтап және оның  мазмұнының бөліктерінің байланыстарын  жалпы әдіспен бөле отырып, ойдың,түсініктің, пікірдің, ой  қорытындысын, дәлелдемелердің нысанын зерттейді;

д) материалистік  диалектиканың  әдісі- олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын  сипаттайтын, объективті талдаудың  негізінде ғылыми мәселелерді шешу;

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдісін анықтау