Технологилык бизнес инновация жуйесiнде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 06:34, реферат

Описание

«Инновациялар өзгерістерді білдірсе, өзгерістер дегеніміз дамуды білдіреді». Бұл тезис қазіргі таңдағы бәсекелесуші компанияларға талапты күшейтуші әрі қарқынды дамушы бизнес –орта үшін сөзсіз өзекті болып отыр.
Технологиялық және әлеуметтік революциялар кәсіпкерлік ортаны қайта қалыптастырады. Жаңа технологиялар ұйымдардағы өзгерістердің себебі ғана емес, сонымен қатаролардың даму стратегиясының параметрі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

Инновация.docx

— 48.35 Кб (Скачать документ)

    Нанотехнологияларды  қолданудағы келесі бір болжамдық  бағыттарға мыналарды жақызуға  болады:микропроцессорлы

    ˗  энергияны тұтынуды және микропроцессорлық  құрылғылардың құнын     

      төмендетумен байланысты болу мүмкін. Бұл, әрине, компьютерлердің 

      өнімділігін миллион есе арттыруға мүмкіндік берені сөзсіз;

    ˗ қазіргі таңдағы есептеуіш техникалардың ең керемет деген үлгілерінен    

       де өзінің сипаттары бойынша  асып түсетін нейрокомпьютерлердің  пайда  

      болуы;

    ˗  байланыстың жоғары жиілікті  құрылымдарының пайда болуы;

    ˗  ақпараттарды сақтау құрылымдарының  жаппай өндірісі;

    ˗  өте үлкен көлемдегі мәліметтерді  кішігірім сыйымдылық пен салмақта 

      әрі энергияны аз көлемде тұтну  негізінде жинақтау, өңдеу және 

      тасымалдау  үшін наносенсорлық  жүйелердің пайда болуы;

    ˗  жоғарғы өнімді компьютерлер көмегімен басқарылатын жаңа пилотсыз

      көлік пен әскери техника құ  ралдарының пайда болуы;

    ˗  өнеркәсіптің әр түрлі салаларымен көліктің зиянды

      шығындыларын (өндірістің зиянды  қалдықтарын, соның ішіндету үшін  \

      өңделген ядролық отынды жоятын  роботтарды ойлап табу) төмен   

      нанотехнологиялардың қолданылуы.

    Жалпы  мамандар бұдан да басқа нанотехнологиялардың ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда және т.с.с. көптеген қолданылуға келешегі зор бағыттарына да ерекше көіңл бөлуде.

   Баламалы энергия. Халықаралық энергетикалық агенттік сарапшыларының болжамы бойынша, энергияның қайта қалпына келетін көзерін қолдану (гидроэлектр станцияларын есепке алмағанда) алдыңғы 30 жылда энергияның басқа бірнеше ретті көздеріне қарағанда жылдамырақ өседі: орташа есеппен алғанда жылына 3,3%- ға өседі. Әсіресе,жел және биомасса энергиясының  қолданылуы  ЭЫДҰ-ға кіруші индустриялық дамушы елдерде жоғары қарқынмен өседі.(ЭЫДҰ-экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы).

  Бірқатар елдерде сутекті энергетиканың дамыту бойынша ауқымды ұлттық бағдарламалар басталған болатын. Қазіргі таңда сутекті энергетиканың дамыту бойынша жұмыстарды әлемінің барлық алдыңғы қатарлы индустриялық елдері, соның ішінде ЕО елдері,АҚШ,Канада,Жапония және жаңа индустриялық елдер жүргізуде (ЕО-Еуропа одағы).  

  Экономиканың  дамуында технологиялар маңызының  артуы ұйымдар мен кәсіпорындар  тиімділігіне жаңаша көзқараспен  қарауды талап етеді. 

  Осы тұрғыда  дәйектердің басым көпшілігі  ірі компаниялардың пайдасына  шешіле бермейді. Қазіргі кезде   капитал және ақпарат сияқты  ресурстардың өзі орта және  шығын фирмаларға қол жетімді  болған. Ірі компаниялардың жетістігі  ретінде мыналарды атап өтуімізге  болады: масштаб экономикасы, ҒЗТҚЖ-ны қарөынды түрде жүргізу қабілеті, өндірісті әртараптандыру, пайданы барынша көбейту, халықаралық жобаларды басқару. Дегенмен де, олар жаңа технологиялар саласында жаңа идеяларды дер кезінде дайындауға жеткілікті деңгейде икемді әрі шапшаң емес. Жалпы, жаппай өндіріске негізделген ірі корпорация механизмі технолгиялық жаңалықтарды тез игеруде өте дұрыс таңдалған жол болып табылмайды, ал өндіріс және капитал шоғырлануының объективті процесі ғылыми-технологиялық прогреске кәдімгідей кедергі туындатады. Ірі корпорациялар құрылымы жаңалықтарды енгізуге бейңмделген, ал көп жағдайда олардың өндіріске енгізілуіне де бейімділігі өте баяу.

  Бөлімдердің  іріленуі бюрократияның күшеюіне  және шешім қабылдау процесінің  бәсеңденуіне ықпал етеді. Корпорация неғұрлым ірі болған сайын, оның «алғашқы технологиялық жарып өткіштер» сипаты соғұрлым жоғала беретіндігі сөзсіз. Мысалы, Generel Electric корпорациясы кезінде компютерлік революцияның басталып кеткендігін байқамай да қалған.

   Бұл тұрғыда  технологиялық дамуда жеке ғалымдар, ойлап тапқыштар және шағын  инновациялық компаниялардың рөлі  ерекше болып қала бермек, әсіресе,  идеяның туындау кезеңі мен  оның тұжырымдалуында орны ерекше. Шағын фирма бизнестерді ұйымдастырудың  мобильді түрі бола отырып, жаңа  идеялар генераторының рөлін атқарады. Өйткені бұл идеялар беделділік пен өкілеттілік орын алатын, технологияның меңгерілуі анықталмаған , тәуекелділіктің  өте жоғары деңгейімен байланысты ғылыми-зерттеу ұжымдарында туындай алмайды.

  Дегенмен  де, қазіргі заманғы өнеркәсіптік  өндіріске өнеркәсіптік технологияны  жасап шығару  немесе жаңа өнімді  енгізу үшін өнеркәсіптік зертханалар  құрастырушы бюролар, технологиялық  бөлімшелер қажет. Осыған байланысты  дәстүрлі емес идеяларды ұсынушы жеке ойлап тапқыштар, осы идеяларды тәжірбиелік қолдану кезеңіне дейін жеткізуші шағын және орта инновациялық компаниялар мен жаңа технолгияның өндірісте жаппай қолданылуын  қамтамасыз ететін ірі корпорациялар арасындағы еңбек бөлінісінің маңызы тереңдей түсуде. Технологияның құрылу процесі мен оны меңгерудің әлдеқайда кең тараған сызбасы 14- суретте көрсетілген.

     

Жеке ойлап тапқыштар

Идеяның туындауы және тұжырымдалуы

Ірі бизнес

Шағын бизнес

     
 
 
 
 

 
 
 
 

ҒЗТҚЖ-ны қаржыландыру, технологияны тәжірбиелік тұрғыдан қолдануға жеткізу өндірісі

 
 

 
 
 

Өнеркәсіптік  өндіріске технологияны жеткізу, енгізу, жаппай өндірісті ұйымдастыру  
 

                                                                                                                                    
 
 
 
 
 

                  

            14- сурет. Технологияның құрылуы және меңгерілу процесі             

   Шағын  инновациялық компаниялар көбінесе  ұсынысты қазіргі заманғы технологиялар  нарығында анықтайды.  Өндірісте жаңалықты игеруге мүдделі өнеркәсіптік компанияға жаңа ойлап табылған өнімді сату тәуелсіз ойлап табушы немесе шағын бизнес үшін өз өнімін еі көп тараған әдісі болып табылады. 

  Осылайша, технологиялық  бизнес құрылымы бәр жағынан,  жаңа техникалық идеяларды ұсынушы  және өздерінің  ғылыми-техникалық нәтижелерін сатуға ұмытылушы шағын инновациялық фирмалар мен жеке ойлап тапқыштардың көптеген санымен сипатталса, екінші жағынан осы  ұсынылған жаңа идеялар мен өнімдердің ішінен өздерінің өндірісіне ең тиімдісін патенттер мен лицнезиялар, шағын фирмалар мен мердігелік келісім шартқа отыру, сол технологияны меңгеретін маманды жалдау немесе кәсіпорынды сатып алу сияқты жолдар арқылы ие болуға дайын көптеген ірі өнеркәсіптік компаниялармен сипатталады.  Бұл процесте делдал фирмалардың да маңызы зор. Брокерлер мен делдал фирмалар технологиялар саудасында 1960-1970   жылдары пайда болды. Олардың келуі ғылыми эерттеулердің үнемі кеңеюі шарттында ғылыми-техникалық жетістіктерді құрушылар мен лоардың өндірісте қолданылу мүмкіндігі арасында едәуір алшақтық байқалған ғылыми білімдердің қайта жандану проблемаларымен байланысты болды. Әлеуетті пайдалы технологиялардың едәуір көп бөлігінің қолданыс таппай отырған себебі ˗ олардың тек экономикалық тиімсіздігінде ғана емес, көбінесе әлеуетті тұтынушылардың олардың бар екендігінен бейхабар болуында. Бұл орайда делдал фирмалар барлық технологияларға ( бұрыннан бар және жаңадан шығарылған) байланысты мәліметтер базасын құрайды, қандайда бір технология түрін сату ˗ сатып алуға мүделлі серіктестерді іздестіру проблемасын шешуге көмектеседі, компьютерлік байланыс арқылы сатушы мен сатып алушының әңгімелесуі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

  Делдал фирмалар  дамыған технологиялық нарықтардың  қажетті атрибуты болып табылады. Олардың мәні келесі атқаратын  жұмыстармен сипатталады: 

    ˗ ғылыми-техникалықайырбасқа қызмет ету;

   ˗ экономикада енгізілген жаңалықтардың таралу жылдамдығының жоғарылауына ықпал етеді;                                                    

Информация о работе Технологилык бизнес инновация жуйесiнде