Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

 Кейбір банктерде несиелік  келісім-шартпен (ол бірнеше жылға  жасалады) бірге, несиелік хаттамада қолданылады. Соңғысы ағымдағы жылға жасалады. Оларда жеке сәттер нақтыланады, мысалға, несиенің жеке түрлерін берудің шарттары мен тиімділіктің жалпы және өзіне тән белгілері.

 Депозиттік шоттарды  ашу және жүргізу туралы келісім-шартта  депозиттің ашылу мерзімі, ол  бойынша пайыз төлеу тәртібі,  осы депозиттік шоттан қаражаттарды  алу тәртібі жайлы мәліметтер  қарастырылады.

 Барлық айтылған келісім-шарттар  банктің клиентпен қарым-қатынасының  сипатын анықтап, олардың арасындағы  келіссөз бір-бірінің қызметін  алдын ала, жан-жакты танып  білудің нәтижесінде жасалады. Банк  әріптесінің қаржылық жағдайы  мен несиелік қабілеттілігін  белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт  тобына негізделеді: өтімділік,  айналымдылық, қаражаттары тарту  және табыстылық.

 Жоғарыда айтылған  келісім-шарттардың барлығы банк  шешімі сияқты, клиенттің шешімі  негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім-шарттың жүргізілу тәртібі  мен шарттары алдын ала қарастырылады.  Келісім-шарттың бұзылу себебі  мынада болуы мүмкін: екі жақтың  біреуінің міндеттерін орындамауы, өз міндеттерін орындау кезінде  екі жактың біреуінің зиян  келтіруі.

 Депозиттермен жүргізілетін  ағымды экономикалық жұмыс –  бұл пассивтерді басқару бойынша  банк қызметінің маңызды бағыттарының  бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары  бойынша қаражаттар қозғалысын  және депозиттердің неғұрлым  өтімдірек топтарынан соғұрлым  азырақ өтімді топтарына қатысты  өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз  клиенттер мен төлем тәртібін  бұзушыларды аныктауға көмектеседі.  Ондай мәліметтер банкке осындай  клиенттерге несие керек болған  жағдайда, оларға несие беру туралы  шешім қабылдауға қажет болады.

 Депозиттермен жүргізілетін  ағымды жұмыстың басқа бағыты  болып – клиенттердің банк  қызметтерінің жаңа түрлеріне  деген мұқтаждығын анықтау мен  есеп айырысудың формаларын жетілдірілуі  жатады.

 Банк клиентпен келісуі  бойынша несиелік бөлімге қарыз  алушының балансы мен басқа  да есеп беру формаларын берудің  тәртібі мен мерзімін, қаржылық  жағдайы мен оның несиелік  қабілеттілігін талдайды.

 Банк несиенің өз  уақытында қайтарылуын қамтамасыз  етуі ретінде кепіл, кепілдеме  және банктік тәжірибеде қабылданған  формадағы міндеттемелерді қабылдайды.

 «Қазақстан Республикасы  банктер және банктік қызмет  туралы» заңның 36-бабына сәйкес  банктің несиені өз уақытында  қайтару бойынша міндеттемелері  мен басқа да төлемдерді орындамайтын  клиенттеріне қатысты келесідей  шараларды қолдануға құқығы бар:

- қарызды мерзімінен  бұрын қайтаруды талап ету;

 - осы клиенттердің шоттарында бар кез келген қаражаттар есебінен қарыз мөлшерін өтеу;

- кепілге алынған мүлікті  сату;

 Қазақстан Республикасының  заңдарына сай, мұндай жағдайда  олар төлем қабілеті жоқ қарыз  алушылар деп жариялануы мүмкін.

 Банктің өз клиенттеріне  берген несиелер мен пайыздар  бойынша кінәлары ескерусіз қалмайды.

 Банктер өз клиенттері  мен корреспонденттердің операциялары, шоттары және салымдары бойынша  құпияны сақтауға кепілдеме береді. Банктің барлық қызметкерлері  банк клиенттері мен корреспондеттерінің  операциялары, шоттары мен салымдары  бойынша құпияны сақтауға міндетті.

 Банктің заңды тұлғаларының  шоттары мен салымдары, операциялары  бойышиа анықтамаларды соттарға, арбитражды соттарға, тергеу жүргізу  және прокуратура органдарына  және салық салу сұрақтары  бойынша салық органдарына береді.

 Жеке тұлғалардың шоты  мен салымдары бойынша анықтамалар  өз клиенттері мен олардын,  басқа соттар мен тергеуші  органдарға да беріледі.

 Салым салушылардың  мүдделерін қорғау мақсатында  банктер банктік депозиттерді  ұжымдық сақтандыруды жүзеге  асыра алады.

 Салымдарды сақтандыру  жүйесі банктің банқротқа ұшыраған немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне белгіленген соммаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді.

 Банктер мен олардың  құрылтайшылары, басқадай клиенттері  арасындағы барлық келіспеушіліктер  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес соттың тәртібімен шешіледі. [6]

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы  көптеген экономикалық- қаржылық жəне құқықтық құбылыстардың ішінен айрықша  қарқынмен дамып жатқан банк жүйесінің  негізі - банктік құқық қоғамдық - мемлекеттік, корпоративтік - жекеше жəне халықаралык тиісті талаптарға айтарлықтай бейімделген құқық саласы ретінде ерекшеленуде. Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің нарықтық даму үрдісіне (тенденцияларына) сай ұдайы өзгерістерге ұшырауы, оның жұмыс істеуі негізіндегі банктік құқықтың теориялық жəне практикалық мəселелерін, сондай-ақ түрлі банктік-құқықтық қатынастар жүйесінінің мəні мен маңызын танып-білуге деген қызығушылықты арттырып отыр. Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің əр алуан əлеуметтік-экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай-ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша - несие, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банктік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олардың қызмет аялары банктік құқық құзырымен қамтылады.  Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуді көздей отырып, Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу жəне есеп айырысу саласындағы мемлекеттің бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін жəне өз шығынын ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында əр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады.[7]

Коммерциялық банктер  қолма-қол ақшасыз айналымды жəне қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру, несиелеуге қажетті каражаттарды тарту- жұмылдыру, негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру, тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы кағаздар, вексельдер жəне чектер шығару, уəкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты жəне т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады. Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға атсалысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар жəне өзге де қаржылық құралдар жатады. Банктік операциялар мен мəмілелерді тиісті заңнамалық актілер негізінде жəне осы заңнамаларға сəйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, заң жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға-банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады. Банктік қызметтің жəне банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі жəне жаңаша дамуы, ұлттық қаржы рыногының, оның ішінде ақша, алтын жəне валюта рыноктарының халықаралық стандарттарға сай құрылуы, коммерциялық банктердің операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік қатынастардағы мемлекет пен жеке меншік-корпоративтік субъектілері мүдделерін қамтамасыз ету мəселелері сондай-ақ т.б. экономикалық – басқарушы мəн-жайлар банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан қалыптасуын негіздеді. Демек банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит (оның ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған құқыктық реттеу пəніне, айрықша құқықтық реттеу əдісіне, тиісті заңнамалық актілерде бекітілген ереже - принциптеріне, арнайы заңнамалық жəне заңға тəуелді нормативтік банктік құқықтык актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауып отыр. Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады жəне нарықтық үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады. Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іс пен банктік қызметті жəне олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейді. Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған , тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мəмілелер болып табылады. Банк жүйесінде, банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, əкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік жəне т.б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік жəне диспозитивтік құқықтық реттеу əдістерін, сондай-ақ осындай əдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу əдісін пайдаланады. Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу əдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі жəне банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік (қаржылық, əкімшілік, азаматтық, валюталық жəне т.б.) қатынастарды реттейді. Кешенді құқық саласы банктік құқық біртұтас құқықтық құрылым болып табылады. Демек, банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттык Банкі, Қазақстанның Даму Банкі жəне коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің жеке меншік -корпоративтік шаруашылық субъектілерінің кредиттік, ақшалай , инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық - жанама жəне əкімшілік - тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы-нəтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы əрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар (мен өзге де банктік іс-əрекеттер) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады .

Банктік құқықтың құқықтық реттеу банк жүйесін құру жəне оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру, банктердің жəне басқа да қатысушылардың құқықтық мəртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау – бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау жəне ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды. Банктік құқықтың пəніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тəн мынадай белгілерімен ерекшеленеді: 1) олар Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге асыратын банктік операциялардың жəне мəмілелердің барысында туындайды; 2) олар коммерциялық банктердің лицензияланған операциялары мен мəмілелеріне байланысты туындайды; 3) олар жүйелі, мақсатты əрі түрақты сипатта болады; 4) олар банк жүйесін жəне банктік қызметті мемлекеттік реттеу барысында туындайды; 5) олар мемлекеттің қаржы, ақша-кредит жəне инвестициялық саясаты ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды; 6) олар мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкінің кредиттік -қаржылық жəне əкімшілік қызметінің нəтижесінде туындайды; 7) олар Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруы, бақылауы жəне лицензиялауы барысында туындайды; 8) олар Қазақстан Ұлттык Банкінің, Қазақстанның Даму банкінің мемлекеттік қаржылық ресурстарын қалыптастыруға жəне бөлуге, мемлекеттің алтын-валюта активін қалыптастыруға байланысты туындайды; 9) олардың объектілеріне ақшалар, бағалы қағаздар, валюталық құндылыктар жəне банктік кұпия режимімен қамтылған ақпарат жатады; 10) олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит тарту, инвестициялау, банктік кредиттеу операцияларына жəне бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады; 11) олардың жүйесі банктік жəне өзге де заңнамалық актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сəйкес қалыптасады; 12) олар қаржылық инструменттер айналымынан пайда алу барысында туындайды; 13) олар негізінен сенімгерлік сипатта болады. Қазіргі нарықтық даму кезеңінде қандай болмасын заңгердің кəсіби дайындығының міндетті элементі банктік құқықты жеткілікті көлемде білу - меңгеру болып табылады. Осы орайда банктік құқық дербес оқу пəні, яғни жоғары заң оку орындарында құқык саласы банктік құқық жəне банктік заңнама жөнінде дəріс беру (жүргізу) пəні ретінде көрініс табады. Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент жəне банктердің банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілердің жиынтығы болып табылады. Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің жəне банктік құкық институттарының нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік кызметті жəне оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-кредит, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің жəне мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер - арнайы жəне жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады. Банктік заңнамалық актілер өздеріне тəн мынадай белгілерімен ерекшеленеді: 1) банктер, банктік қызмет, банк жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік реттеу туралы заңдар тек заң шығарушы билік органдары тарапынан қабылданады; 2) олар əрдайым ерекше іс жүргізу нормаларын сақтай отырып қабылданады жəне жоғары заңи күшке ие болады; 3) олар тек мемлекеттің монетарлық билігі мен банктік құқығы ауқымындағы қоғамдық банктік қатынастарды ғана реттейді; 4)  олар заңға тəуелді нормативтік банктік құқықтық актілерді қабылдауға қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан тұрады. Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне, қоғамдық банктік қатынастардың жекелеген тұстарына қатысы бар заңнамалык актілер ретінде: Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Лицензиялау туралы», «Валюталық реттеу жəне валюталык бақылау туралы», «Бухгалтерлік есепке алу жəне қаржылық есеп беру туралы» жəне т.б. Қазақстан Республикасының заңдары көрініс табады. Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті жəне ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі егемен Қазақстанның орталық банкі болып табылатын Қазақстан Ұлттық Банкінен тұрады. Мемлекеттің монетарлық билігінің жəне мемлекеттік банктік менеджменттің басты органы Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық-қаржылық мүддесін тиісінше қамтамасыз етуге атсалысады. Қоғам мен мемлекеттің мүддесіне сай инвестициялық- қаржылық жəне кредиттік құзыреті бар Қазақстанның Даму Банкі өзінің ерекше құқықтық мəртебесіне орай деңгей аралық мемлекеттік банк ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін: 1. мемлекетаралық банктер; 2. Қазақстан Республикасының резидент банктері (заңды тұлғалары - коммерциялық ұйымдары); 3.  Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер; 4. шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының резидент банкі - аралас капиталы бар банктср құрайды. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің нормативтік құқықтық негізін құрайтын банктік заңнамалық актілердің, сондай -ақ банк секторына қатысы бар өзге де заңнамалық актілердің нормаларының өзара генетикалық, функционалдық жəне құрылымдық байланыстары банктік заннаманың банк жүйесі ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызмет (банктік операция, мəміле, іс -əрекет) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды жан - жақты реттей алатынын көрсетеді. Банк жүйесінде жүргізілетін əр алуан банктік қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі жəне ресурстық - ұйымдастыру негізі банк жүйесінің экономикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады. Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылуы өзіне тəн біртұтастық жəне құрылымдық ерекшеліктерге байланысты болады. Осындай иерархиялық біртұтастық жəне құрылымдық сипаты-мəні банк жүйесінің тиісінше қалыптасуына септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік менеджмент мəн-жайларымен ғана емес, сонымен бірге өзіндік (корпоративтік) басқаруға жəне ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Сонымен Қазақстан Республикасының бүгінгі банк жүйесінің сипаттамалық белгілері мынадай көрініс табады: 1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі күрделі əлеуметтік жүйе тобына жатады; 2.  Банк жүйесінің қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сай жұмыс істеуін оның нормативтік құқықтық базасын құрайтын банктік заңнамалық актілер жəне заңға тəуелді нормативтік банктік құқықтык актілер, сондай-ақ халықаралық банктік келісімдер мен банктік стандарт ережелері қамтамасыз етеді; 3. Қазақстан Республикасының банк жүйесі мемлекеттік банктік менеджмент (мемлекеттік басқару-реттеу ықпалы) ауқымында жұмыс істейді; 4. Банк жүйесі Қазақстан Республикасы қаржы-кредит жүйесінің аса маңызды бір бөлігі болып саналады ; 5. Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейлі, иерархиялы, біртұтас жəне өзіндік ұйымдастырылуға қабілетті құрылым болып табылады; 6. Жоғаргы жəне төменгі деңгейлі банк жүйесі Қазақстан Ұлттык Банкінен, Қазақстанның Даму Банкінен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкінен, коммерциялық банктерден, мемлекетаралық банктерден, банктік инфрақұрылымнан жəне банктік рыноктан тұрады; 7. Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) денгейіндегі Қазақстан Ұлттық Банкі белгілі бір дəреже - көлемде тиісті мемлекеттік билік органдарының ықпалына тəуелсіз, кредиттік-қаржылық сипатты айрықша құқықтық мəртебесі бар экономикалық субъект - мемлекеттік монетарлық биліктің басты органы болып табылады; 8. Қазақстан Республикасының банк жүйесі , оның ұйымдастырылу нысандары мен басқа да мəн-жайлары Қазақстан Республикасы Конституциясымен, ҚР банктік заңнамалық актілерімен, қатысы бар өзге де заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелінеді; 9. Банк жүйесі мемлекеттің экономикалық саясатын іске асыруға айтарлықтай септігін тигізеді жəне дүниежүзілік экономика аясындағы халықаралық банк жүйесімен өзара тиімді қарым – қатынас механизмін құрады; 10. Банк жүйесі мемлекеттік меншікті реформалауға, баға тұрақтылығын жəне ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді, сондай-ақ инфляцияны төмендетуді білдіреді. Бүгінде нарықтық талаптарға жəне халықаралык банктік стандарт ережелеріне сай жстілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай кредиттік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс - əрекеттері мен өздеріне тиесілі кəсіби қызметінің, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда .[8] 

 

 

2.2Банктің клиенттерге  көрсететін несиелік қызметтерін  талдау

 

Жалпы банктегі несиелік процесті талдау және ұйымдастыру банк қызметіне  әсер ететін экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық факторларын ескере отырып, меншікті банктік несиелік саясат арқылы жүзеге асады.

Несиелік саясат арқылы банктің  несиелік бөлімшесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етіледі және жағымсыз жағдайлардың алдын алады.

Қазіргі таңда АҚ «Цеснабанк»  филиалы - бұл акционерлік комерциялық  банк. АҚ «Цеснабанк» филиалы клиенттермен өндірістік-коммерциялық қызмет ететін әр түрлі фирмалардың жаңа құрылымдарына  несиенің бірнеше түрін ұсынуда. Орташа шамамен «Цеснабанк» филиалы  несиенің ірі 10 түрін ұсынуда. Соңғы есептері бойынша филиалда 8 жедел несиелік келісім-шарттармен ұзартылған 8 келісім шарт бар болуда. Келісім – шарттарды ұзарту себебі: дебиторлық берешек салдарынан, кәсіпорындардың шоттарын Салық комитетімен жабу және қызметтерін тоқтату.

АҚ «Цеснабанк» филиалында несиелік процесті ұйымдастыру жоғарғы  деңгейге жету үшін несиелік персоналдың  міндеттеріне негізделеді. Жалпы міндеттердің сипаттамасын келесі 1 кестеден көре аламыз.

       1-кесте. “ Цеснабанк ” АҚ-мы персоналының міндеттері мен атқаратын қызметтері

Персонал атауы

Атқаратын қызметі

1

Юрист-кеңесші

- несиелік келісім-шарттарды  әзірлеуге қатысады;

2

Экономист

- несиені ұсыну бойынша  клиент тарапынан туындайтын  сұрақтарға кеңес беріп, керекті  мәліметтермен қамтамасыз етеді;

- клиенттің несиелік қабілеттілігін  тексере отырып, несиелік келісім-шартарды  әзірлейді;

- жедел және ұзартылған  ссудалық берешектің жағдайын  бақылай отырып, банктің несиелік  келісім-шарттары бойынша пайыздарыд  дұрыс есептелуін қадағалайды;

- несиелеу бойынша кезеңдік

 есепті ұсынады.

3

Несиелік мамангер

Несие беру туралы шешімді  қабылдауға тапсырылған құжаттар негізінде  соңғы талдау жүргізеді.


Ескертпе: * “ Цеснабанк ” АҚ-ың мәліметтері негізінде автормен құрылған

Несие персоналының қызметтік  міндеттемелерін халықаралық тәжірибе бойынша  салыстыру үшін келесідей  мәліметер ұсынуға болады. Көптеген ірі және орташа банктер несиелік процесті қамтамасыз ету үшін келесі 2-ші кестедегі көрсетілген бөлімшелермен қамтамасыз етеді.

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары