Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 12:03, дипломная работа

Описание

Банк клиентпен келісе отырып, байланысты несие бөліміне берудің мерзімі мен тәртібі және қарыз алушының өзгеге де есепшілік формаларын белгілейді. Әрі осылардың негізінде клиенттің қаржылық жағдайын және оның несиеге қабілеттілігін талдайды. Банктер несиенің уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуі үшін банк іс-тәжірибесінде қабылдаған формада, кепілзаттарды, кепілгерлікті және міндеттемені қабылдайды.

Содержание

ЖОСПАР
Кіріспе......................................................................................................................3
1.НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Несиелік қатынастардың экономикалық мәні...............................................6
1.2 Несиелік қатынастардың жіктелуі.................................................................9
1.3 Банктің қарыз алушымен несиелік қатынастарды ұйымдастыруы...........12
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРІНІҢ КЛИЕНТТЕРМЕН НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАРЫН ТАЛДАУ («Цеснабанк» АҚ мысалында)
2.1Банктің клиенттерімен несиелік қатынастарының құқықтық негізі ........16
2.2Банктің клиенттерге көрсететін несиелік қызметтерін талдау...................23
2.3Несие қатынастары негізінде пайда болатын тәуекелдерді талдау............29
3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарындағы туындайтын мәселелері.......................................................36
3.2 Қазақстан Республикасындағы банктердің клиенттермен несиелік қатынастарын жетілдіру жолдары.......................................................................40
3.3 Қазақстан Республикасында несиелік бюроның банк клиенттерінің несиелік қатынастарын бағалаудағы ролі...........................................................46
Қорытынды............................................................................................................56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.............................................................................58
Қосымша

Работа состоит из  1 файл

Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары.docx

— 218.89 Кб (Скачать документ)

5)несиелік тарих субъектісінің  өтініші бойынша оған несиелік  тарих субъектісі даулап отырған  ақпаратты берген ақпарат беруші  туралы мәліметтерді табыс етуге;

6)несиелік есепті беру  туралы сауал Қазақстан Республикасының  заңдарында белгіленген талаптар  бұзыла отырып жасалған болса,  несиелік есепті беруден бас  тартуға;

7)Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өз қызметі  туралы есеп жүргізуге және  есептілік табыс етуге;.

8)тиісті негіздемелер  болған кезде, қайта рәсімдеуге  немесе нақтылануға тиіс, келіп  түскен ақпаратты түзету, толықтыру  туралы талаппен ақпарат берушіге  өтініш жасауға;

9)ақпараттық ресурстар  мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  пайдалануға;

10)ақпарат беру және  несиелік есептерді алу туралы  шартта көзделген жағдайларда  ақпарат берушінің ақпаратты  жібергені үшін шығындары өтеуге;

11)Қазақстан Республикасының  заңдарында және ақпарат беру  және несиелік есептерді алу  туралы шартта белгіленген өзге  де талаптарды сақтауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі несиелік қатынастардың  дамуы және нығаюының басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған  ресурстарына ғана байланысты емес, сол  сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты басқада  нормативтер, ол ішінде коммерциялық банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.

Егер біз қазіргі уақытта  экономикамыздың дамуына әсер ететін күшті факторлардың бірі ретінде  банк секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің  өмірінде ойнайтын ролі және соған  қатысты маңыздылығы айтпаса  да түсінікті.Банктің активті операцияларының  дамуы банктегі және еліміздегі экономикалық жетістіктерді бағалаудың көздерінің бірі және де бүгінгі таңда халықтың ажырамас бөлігі болып отыр.

Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу барысында активті операциялар  ішіндегі несиелермен жасалатын  операциялар, оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды болып табылады.Бірақ  та бұл операция түрінен пайда  табу барысында банк өз тарапынан  қиындықтарға кездеседі. Ол қиындық-банктің  несие бойынша баратын тәуекелі болып табылады. Осы ретте қарыз алушы мен банк арасында пайда болып жататын проблемалық несие ұғымын анықтап алсақ. Проблемалық несие дегеніміз – несие келісім-шартында көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген қосымша келісім берілген несиелер, сақтандыру, кепілхат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепілхаты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмаған және несиелерге есептелетін пайыздық несиелік келісім-шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады. Сонымен қатар банктің зиянға ұшырау себебі тек қана проблемалық несиеге байланысты емес,шетел тәжірбиесін қорытындылай отырып,банктің құлдырауына әкелетін ішкі және сыртқы факторлар бар екенін айта кету керек. Американдық үлгі бойынша проблемалық несиеге әкелетін банк және клиент тарапынан туындайтын 25белгі бар. Біздің елдеде сол белгілердің туындауын болдырмай отырып,күресу шараларын жүргізу қажет. Проблемалық несиелермен күресуге байланысты авторлық ұсыныстарым:

-Қарыз бермес бұрын қарыз  алушының әлеуметтік жағдайын  зерттеу, яғни банктің клиентке сенімділігін орната отырып несие беру.

-Қарыз алушы мен жабдықтаушы  арасынның үнемі байланыста болуын  қадағалау.

-Қарыз алушының әлеуметтік жағдайын  күтілген көрсеткіштерден ауытқыған  жағдайда басқа да жолдарын  таңдау.

-Несиелеуді ұйымдастыруға байланысты  банкке де клиентке де тиімді  жолдарын қарастыру.

-Банктің техникалық жағдайын  жетілдіруге банктен қаражат  бөлу.

Банктің өзінің несие қатынастарын жүргізу барысында проблемалық  несиелерді болдырмауға бағытталған  әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клиентпен міндеттеменің  орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсаты – несие  бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты  төлеуін қамтамасыз ету. Әрине әрбір  несие түрі бойынша ойламаған  жағдайлардың өріс алу қауіпінен  өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әртүрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді  қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі мүмкін. Сонымен  бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ең оптималды  саясат сақтық пен ресурстарды табысты  орналастырудың барлық потенциялды  мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Коммерциялық банкілердің мерзімі  өткен несиелік қарыздарының үлес салмағына  әсер ететін сыртқы факторларды зерттеу  өте күрделі өзгермелі шара. Оны  шешуде оның құрамының әрбірінің  өзгергіштігінің жоғары деңгейі  үлкен қиындықтар туғызады.

Банк пен клиент арасындағы несиелік қатынастарды жетілдіру барысында  несиенің жаңа түрлерін ашудың маңызы зор. Яғни,банктің несие түрін аша отырып,клиенттің назарын басқа жаққа бұру. Банктер арасындағы бәсеке қабілетін сақтай отырып, «Цеснабанк» АҚ-ы несиені жаңаша тарату түрі кез-келген орыннан жедел несиелер орынын ашты.Бұдан елімізде банк пен клиент арасындағы байланыстың дамып келе жатқанын,несиелік қатынастар мәселелерінің азайғанын байқаймыз.

Жұмысты жазу барысында елдегі несиелік қатынастардың дамуы қарастырылып, сонымен қатар банктің клиенттермен өзара несиелік қатынастарын жетілдірудің жағдайы және шетел тәжірибесі, заңдық баптар зерттелінді.

Дипломдық жұмыста жүргізілген  зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның несиелік қатынастарын тұрақтандырумен  байланысты несиелік процестердің тұрақталуы байқалуда.

Бірінші тарауда несиелік қатынастар пайда болуының экономикалық мәні мен  құқықтық негізі, қарыз алушының несиелік қабілетін талдау жүйесі айқындалған. Ал, екінші тарауда несиелік қатынастардың дамуына,несиелік қатынастар кезінде пайда болатын тәуекелден сақтандыру жолдарына талдау жасалынды. Үшінші тарауда несиелік қатынастар мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары,шетел тәжірибесі қарастырылған. Дипломдық жұмысты жазу барысында қойылған мақсатқа қол жеткізілді және мақсаттан туындайтын негізгі міндеттер шешілді.

                                 Қолданылған әдебиеттер:

  1. Сейітқасымов Ғ.С., Ақша, несие, банктер. Оқулық.  Алматы экономика. 2005. 112б, 145б, 174б, 302 бет
  2. Мақыш.С.Б.,“Коммерциялық Банктер операциялары”. – Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-120бет.
  3. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың жалпы ред. — Алматы: Экономика, 2001.
  4. Мақыш.С.Б., Банк ісі. Алматы Жеті Жарғы, 2009ж. 269-б.
  5. stud24.ru/finance/nesien-mn/83523-258784-page.html. 2стр.
  6. Найманбаев С.М. Банктік құқық: Оқу құралы. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. 152 б.
  7. Аралбаева.Д.А., Қазақстанның Ұлттық Банкі қызметі аясындағы банктік-құқықтық қатынастар// Заң және заман/№12-2005, 40-43б.
  8. «Банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы 31.08.1995ж.
  9. Даулетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в казахстане: учебное пособие.-Алматы: Экономика 2006 год,-35с.
  10. Шелекбай, Әнуар Дүтпайұлы; Әлмереков, Нұрлан Алтынбекұлы Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практика, Қазақстан тәжірбиесі: оқу құралы/Алматы, Экономика, 2007.- 208 б
  11. http://kaz-refer.at.ua//load/p_nder/ehkonomika/nesielik_t_uekeldi_bas_aru/ 21-1-0-755
  12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 ж. 16 тамызындағы «Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» №276 Қаулысы
  13. Қазақстан Республикасындағы «Банктер мен банктік қызмет туралы» 1995 ж. 31 тамызынан № 2444 Заңы
  14. Тавасиев А.М. Банк ісі. Басқару және технологиялар /оқу құралы/ М., 2001 ж.
  15. Крилевский Н.А. Банктің клиенттік базасының дамуының негізгі жолдары // Деньги и кредит, 2001ж., № 9
  16. Сейткасимов Г.С: «Ақша, несие, банктер» алматы: Экономика 2001 жыл,-325б.
  17. Саниев М.С. «Деньги, кредит, банки». Алматы; 2005год,-326с.
  18. Темирбекова А. «Современные формы кредитования» Высшая школа .-2009 год.№6,-9с.
  19. Төженова Р.А. «Банкаралық қатынастарды реттеу» Қаржы-қаражат №3 2010 жыл, -56б.
  20. Калкабаева Г.М. «Новые подходы к определению возможности предоставления банковского кредита.// Финансы Казахстана 2007 год №2»,-25б.
  21. Уразалин, Р. А. Правовое регулирование международных расчетно-кредитных отношений: учебник/ЕНУ им. Л. Н. Гумилева ; Акад. и ин-т междунар. права и междунар. бизнеса "Данекер".- Алматы, Данекер, 2004.- 97 с.: табл.
  22. Пузакова, Е. П. Международные экономические отношения: учеб. пособие/Ростов н/Д, МАрТ, 2000.- 692 тг..- 352 с.
  23. Структурное финансирование: междунар. практ. опыт/Шринат Кешаван, конс. по торговым рискам (Сингапур): Алматинский Центр Банковского Обучения.- Алматы, [Б. и.], [200-].- ISBN [Б. т.]: не указан: 300 тг..- 45 с.,+ [29] л.: схемы
  24. Финансовый профиль 2010/Азиатский банк развития.- [Филиппины], [б. и.], 2010.- - 38 c.
  25. Карелин, Олег Владиславович. Регулирование международных кредитных отношений России/М., Финансы и статистика, 2003.- 176 с.
  26. Щенин, Ромил Константинович. Банковские системы стран мира: учебное пособие/М., КНОРУС, 2010.- (в пер.): 2802 тг..- 400 с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 1

«Цеснабанк» АҚ-ның балансы

 

Активтер

31желтоқсан 2011жыл(мың  теңге)

Міндеттемелері

31желтоқсан 2011жыл (мың  теңге)

Касса және ҚР ҰБ қалдығы.

99593547

ҚР-ң ҰБ алдындағы берешегі.

2005000

Бағалы металдар.

4679

ҚР-ң бюджет алдындағы  берешегі.

33254

Банктің ұсынған ссудалары  мен құрал жабдықтары.

15518612

Қаржы институттарына берешегі.

373693333

Бағалы қағаздар сату.

131528766

РЕПО келісімімен сатылған бағалы қағаздар.Клиенттің шоттары.

44444278

РЕПО келісімен бағалы қағаздарды сатып алу.

18099230

Клиенттің шоттары.

243283160

Клиенттер ұсынған ссудалар және құрал жабдықтар,сақтық қоры мен  ысырап ссудаларды ұстап қалғанда.

620734992

Қарызға шығарылған бағалы қағаздар.

138825806

Ұйым бөлімшелерінде инвестициялар.

1308396

Төлеуге дивиденттер.

400000

Бағалы қағаздарға салым:

 

Басқа да пассивтер.

7117177

    • Бағалы қағаздар,өтегенге дейін ұстау.

42775

Қосалқы қарыз.

28987223

Барлық міндеттемелер

838784231

    • Қолда бар бағалы қағаздарды сату.

5175824

Капитал

 

Жарғылық капитал

64870763

Негізгі құрал жабдықтар  және материалдық емес активтер,жинақталған  амортизацияны есептемегенде.

12782414

Қосымша капитал

469

Қайта бағалау қоры

3102990

Басқа да активтер.

16979951

Бөлінбеген пайда

15010733

Активтердің барлығы.

921769186

Барлық міндеттемелер  мен капитал

921769186


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОСЫМША 2

«Цеснабанк» АҚ несиелік қоржыны

5,078 млн.доллар

 

Шағын және орта бизнесті несиелендіру

Шағын және орта бизнес қоржынының құрылымы

Ірі бизнесті несиелендіру

Клиенттерге несие,жеке мемлекеттік  және муниципалды компаниялар

(млн. доллар)

 

 

ҚОСЫМША 3

«Цеснабанк» АҚ-ның тұтынушылар  несиесі

(млн. доллар)

 

    • Тұтынушылар несиесіне клиенттердің саны 1,2 есе өсті және де 75 мыңға жетті
    • Несие көлемі 103 пайыз өсті, 897 млн.доллар болды

 

 

Ипотекалық несиелендіру

Ссудалық қоржын

(млн.доллар)

 

ҚОСЫМША 4

Қарыз алушының несие  төлеу қабілеттілігінің қосымша  көрсеткішетірі

 

Көрсеткіштер атауы

Экономикалық

 мазмұны

Есептеу

 Алгоритмі

Толық

Қыс-қар-тылған

 

1

2

3

4

1.

Инвестицияланатын капиталға пайда

И к.п.

Қарыз алушының негізгі және айналым қаржыларын пайдаланудың тиімділігін  сипаттайды. Егер Ик.п 1-ден көп болса, онда бұл қарыз алушының меншікті айналым қаражатының жеткілікті екендігін білдіреді.

И к. п. =

Баланстық пайда

 

 

Жалпы активтер

 

2.

Жалпы пайда қалыпы

Ж п.қ

Кірістегі пайданың  үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш  неғұрлым  жоғары болса, қарыз алушы  соғұрлым рентабельді болады.

Ж п. қ. =

Баланстық пайда

 

 

Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС

 

3.

Таза пайда қалыпы

Т п.қ

Кірістегі таза пайда үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.

Т п. қ. =

Пайыздар мен  салықтарды шегергеннен кейінгі пайда

 

 

Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС

 

4.

Актив-тер айналы-мының коэффициенті

А а.қ.

Активтерді пайдалану  тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш  неғұрлым жоғары болса, инвестициялық  капиталдың айналымдылығы соғұрлым жоғары болады.

А а. к. =

Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС

 

Инвестициялық капитал

 

5.

Негізгі қаржы-лар айналымының  коэффициенті

Н қ.а.қ.

Қарыз алушылардың негізгі  қаржыларды пайдалануының тиімділігін  сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, негізгі қаржылардың  айналымдылығы соғұрлым жоғары болады.

Н қ. а. =

Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС

 

 

Негізгі қаржылар

 

6.

Несие берушілер айналымының  кезеңі

Н а.қ

Жабдықтаушылармен жеткізген  тауарлары мен қызметіне есеп айырысу үшін қанша уақыт қажет  екендігін көрсетеді. Егер несие  қарыздары өткізілген өнімдер көлемінің  өсуі есебінен төмендеген жағдайда ғана несие қарыздарын төлеу айналымы жақсаратын болады.

Н а. к. =

Есепті кезеңдегі  күндер санындағы есепті кезеңдегі несие қарыздарының орта арифметикалық мәні

 

 

Өткізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар

 

7.

Меншікті және қарызға алынған қаржы-лардың арақа-тынасы

М. Қ.

Қарыз алу көздеріне қарыз  алушының қаржылық тәуелсіздігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.

М. Қ. =

Қарызға алынған қаржылар

 

 

Меншікті қаржылар

 

8.

Деби-торлар-дың айна-лым  кезеңі

Д а.к.

Сол кезең аралығында қарыз  алушы сатылған тауарлар ақысын ала  алатын, яғни ақша қаражаттарының қозғалысын  қамтамасыз ететін және борыштық міндеттемелерді орындайтын уақыт кезеңін сипаттайды.

Д а. к. =

Есепті кезеңдегі (есепті кезеңдегі күндер саны) дебиторлық қарыздың орта арифметикалық мәні

 

 

Өткізілген өнімдерден

түскен түсім

 

9.

Тауар қорла-рының айна-лым-дылық  кезеңі

Т қ.а.к

Тауар қорларының айналымдылығын сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым қарыз алушы сенімді болады.

Н а. к. =

Орташа қорлар (есепті кезеңдегі күндер саны)

 

 

Өткізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар

 

10.

Несие қарыз-дары-ның айна-лымдылығы

Н қ.а.

Несие қарыздарындағы іс жағдайының өзгеруі мен белгілі бір кезеңнің динамикасын көрсетеді.

Н қ. а. =

Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім

 

 

Жыл ішіндегі несие қарызының орта арифметикалық сомасы

 

11

Айна-лым қаржы-лары-ның  айна-лымдылығы

А қ. а

Айналым қаржыларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Айналым қаржыларының айналымдылығы неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.

А қ. а. =

Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім

 

 

Жыл ішіндегі орта арифметикалық сомасы

 

12.

Деби-торлық қарыз-дардың айна-лымдылығы

Д қ. а

Талданып отырған кезеңдегі дебиторлық қарыз жағдайының өзгеруін көрсетеді.

Н а. к. =

Есепті кезеңдегі өткізілген өнімдерден түскен түсім

 

 

Есепті кезеңдегі дебиторлық қарыздың орта арифмети- калық сомасы

 

Информация о работе Банктердің клиенттермен несиелік қатынастары