Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Курс.жумыс Каржылык есеп беру.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

     Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне орьақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүддлі болып келеді.

 

Есеп берудің мәліметтері

Пайдалылығы

Экономикалық ресурстары

(активтер құрылымы)

Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау және болашақта болатын ақша қаражаты

Қаржылық құрылымы

(кәсіпорынның  қарызы мен меншік

капиталының ара қатынасы)

Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін бағалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау

Өтемділік пен төлем қабілеттілігінің

коэффициенті

Өз міндеттемесіне жауап беретін кәсіпорын-ның ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыздарын төлеу қабілеттілігін бағалау

Рентабельділік пен іскерлік

белсенділігінің коэффициенті

Кәсіпорынның ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау

Қаржылық жағдайының өзгеруі

Қаржылық,инвестициялық,оперативтік қызме-тінің нәтижесінде, кәсіпорынның алған ақша ағымын бағалау; кәсіпорынның келешек-тегі ақша қаражатына қажеттілігін болжау


 

     Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондағы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйіндешаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.

     Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды ашуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы, олардың мазмұнын түсіндіру керек.

     Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйым қызметінің түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі көрсетілуі тиіс.

     Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі – мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып, толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін – заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап, есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына 1 реттен кем болмауы керек).

     Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.

     Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.

     Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық  олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.

     Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны  болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хау, гудвилл т.б.) ; сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.

     Шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығындардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.

     Міндеттемелер- бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі-бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).

     Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

     Қаржылық нәтижесі – бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс – табыс). Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.

          Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т. б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.

     Табыстар – бұл субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылық-тардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдар, материалдық емес активтарді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.

     Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтнше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығын (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян эконо-микалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғи бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.

     Қаржылық есеп берудің элементтерін тану – бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:

-         кез-келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;

-         баптың құны ьар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.

     Қаржылық есеп элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер иен иіндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:

    бастапқы құны- активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;

    ағымдағы құны- активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;

    сату құны- активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;

    дисконтталған құны- активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол скбъектінің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі,

    баланстық құны- актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.

     Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса басқа да бағалау әдістерін пайдаланады.

 

 

             2  бөлім. Бухгалтерлік баланс - негізгі қаржылық құжат.

   

         2.1.Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері.

 

     Баланс сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті немесе қандай да бір қызметтің тараптары арасындағы қатынастың сандық көрсеткішін ділдіреді.

     Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы-шаруашылық қызметті талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорын-дардың, ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

     Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай көрсеткіштермен берілген.

     Бухгалтерлік баланс - кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен белгілі бір сәтке екі топпен: орналасуы мен пайдалануы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

     Қазақстан Респуьликасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. № 10-4/1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің түрлеріне  қарамастан тоқсан сайын  есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.

     Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте түрінде болады да, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни пассиві көрініс табады.  Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілгендігімен түсіндіріледі.

     Баланстағы әрбір көрсеткіштерді, баланс бабы деп атайды.1  Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Бухгалтерлік балансты жасаған кезде бұл баптар топқа, топтар бөлімдерге бірігеді. Бірігу олардың экономикалық мағынасына қарай жүзеге асырылады.Баланс баптарының аты субъекті мүліктерінің қаржы қорларының әртүрлі міндеттемелерінің атымен аталады. Есеп жұмысының барысында ол баптар баланс тізбек жолы деп аталады.

     Қазіргі кезде, халықаралық талапқа сай анықталған бухгалтерлік стандартқа үйлес, Қаржы министрлігінің құрамындағы “Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының”  дайындап және бекіткен “Бухгалтерлік есеп стандарты” нақты бухгалтерлік есеп жұмысында заң ретінде қолданып, іске асырылуда. Бұл заң 1.01.1997 жылдан бастап күщіне енді. Осы заңға сәйкес, бухгалтерлік стандарт №2 “Бухгалтерлік балансы және қаржы есеп беруіне  түсінікткме”, осы стандарт талабына сәйкес бухгалтерлік баланстың активі екі бөлімнен, пассиві үш бөлімнен тұрады.

 

                                     

              АКТИВ

                ПАССИВ

1. Ұзақ мерзімді активтер

1. Меншіктегі капитал

2. Ағымдағы активтер

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

3. Ағымдағы міндеттемелер

Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі