Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Курс.жумыс Каржылык есеп беру.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық  жүмыстары.

 

     Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және олар-ды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мә- ліметі қолда бар нақты шаруашылық қаражаттарына және олардың жабу көз- деріне сәйкес келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе бермейді, яғни олардың арасында алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сарапталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-жабдықтарының дұрыс көрсет-пеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктерден, т. б. салдарынан болуы мүмкін.

     Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылықтардың мәліметін есеп мәлі-меттерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды анық-тау үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу деп атаймыз.

     Түгендеу – бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражаттарының, аяқталмаған өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдық емес активтердің, негізгі құрал-дардың нақты қолда барын тесеруін және олардың есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік нысанына, қызмет түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын жүргізеді. Ол құжаттаудың мін-детті қосымшасы болып табылады. Тек соның көмегімен шаруашылықта бо- латын әрі жасалатын барлық шаруашылық құбылыстар бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарай екіге бөлінеді: толық және ішінара.

     Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлық активтері мен пассивтерін баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу тек қана түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалы,кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі құралдардың саны т. б.

    Түгендеу өз сипатына қарай жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі мүмкін:

-         жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;

-         кезектен тыс – бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлға- ның ауысқан кезінде табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС №24   

“ Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру” стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі, түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу ко- миссиясының құрамы және т. б. қағидалар қарастырылады.

     Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді, оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын, олардың күнін белгілейді.

     Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы бел-гілейді.

     Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және өндірістегімүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгендеу нәти-желерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем шыққан- дарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-мате- риалдық құндылықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге, есепке алуды жақсарту және олардың сақталуын бақылау мәселелері жөнінде

сондай-ақ пайдаланылмайтын  мүлікті  сату туралы ұсыныстар әзірлеуге; мүліктің сақталуын қамтамасыз ету   жөніндегі  шараларды жүргізуге; екі түгендеу аралығындағы сақтау және қайта өңдеу орындарындағы тауарлы-материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп  түгендеудің  әдістемесі  бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.

     Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шығындарды және талам-тараж ға түскендерді, бұрмалау мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да құндылықтар туралы жаз

баға біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан  Республикасының Заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

     Мүліктің нақты қолда барын тексеруді  бастағанға  дейін  түгендеу  комис-сиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін немесе  материалдық құндылықтары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.

     Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссия мүшелері де қатыса алады және ол да актімен хатталады.

     Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың арасындағы айырмашылықтары көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері қолданыла-ды.

     Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету үшін қолданылады.

     Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық құндылыұтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда қолданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге, солар- дың тұрған орындарында сақталады.

     Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сұрыпталу нәтижесінде анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысулары тек ерекшелік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін. Сұрыптаудың болғандығы жөнінде материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясына егжей-тегжейлі түсініктеме береді. Сұрыптаудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және кәсіпорын басшысы түбегейлі шешеді: ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегенннен кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Қайта сұрыпталу бойынша олардың артық не кем шығуын есепке алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сұрыпталу кезінде нақты жауапты адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыққан мүліктер ретінде қаралады да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сұрыпталу салдарынан анықталған құн айырмашылықтары материалды жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты адамның мойнына қойылмау себептерін ашып көрсетеді. Есеп айырысудың барлық түрлерінің бтүгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен, сатып алушылармен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызмет-керлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұқият негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін барлық сатып алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардың көшірмелері жазылады.

     Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын растауға немесе өздерінің толық келіспейтіндігі туралы хабарлама жасайды.

     Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорын-дарымен есеп айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша кәсіпорынның балансында реттепмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген шоттардың аттарын атап, сәкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардың аттары мен мекен жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уақыттан бері және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.

     Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек сомалары бойынша анықтамада бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.

     Түгендеу және басқа да тексерістер кезінде анықталған қолда бар негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттардың бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:

-         артық немесе кем шыққан кезде олар өзара есепке жатқызылады, бірақ есепке жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс таппайды;

-         артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке алынады, бұлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар кейін анықталады;

-         құндылықтардың кемуі белгіленген тәртіпте бекітілген нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс, не айналым шығындарына көшіріліп жазылады;

-         материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың және басқа мүліктің кем шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына қойылады. Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға сот тыйым салған жағдаларда кем шыққан мүліктер және ысыраптардан келген зияндар шаруашылық қызметінің нәтижелеріне көшіріліп жазылады.

     Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қолда бар құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жиынтық түгендеу бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.

     Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т. б. құжаттардың толық түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі барлық шығындарды өндіріс шығындарына қосуды; негізгі құралдардың амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді; алдағы кезеңдердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік қүнын, орташа КДШ процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.

 

     1.3.  Қаржылық есеп беруді жасау.

 

     Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және тсіндірме хаттамасы кіреді.

     Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

     Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:

-         инвесторлар – жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі, олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келктіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе аз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; кәсіпорынның келкшектегі күтілетін девидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-         кредитор – алған қарызын және төленетін процентін өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;

-         жабдықтаушылар – кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды қажет етеді;

-         сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;

-         қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысының және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде девиденд алып тұруын көздейді;

-         Мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар  солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;

-         Жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.

     Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағымын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.

     Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әртүрлі пайдаланушылардың әрқилы мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болуы абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда): кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.

Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі