Банктегі есеп және есеп беру негіздері
Реферат, 14 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание
Есеп – қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді.
Работа состоит из 1 файл
Банктегі есеп беру 2.doc
— 27.00 Кб (Скачать документ)Банктегі есеп және есеп беру негіздері.
1.Түсіндірме жазбаларды және есеп саясатын ашып көрсету.
2.Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және құрастырудың әдістемесі
Есеп – қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді.
Басқару есебі басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп , өңделіп берілетін есеп ақпараттарының барлық түрін қамтиды.
Қаржылық
есеп банктің ішіндегі басшылықтан
тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын
есептік ақпаратты қамтиды.
Қаржылық есеп банктің барлық операцияларын сомалайды . Басқару есебіне әдетте әр түрлі бөлімшелер қызметтерінің немесе олардың қандай да бір қызметінің қандай да бір жақтары енеді. Есеп беру бөлімшелер пайдаланатын қаражат есебі сияқты барлық бөлімдердің табысы мен шығысының талдауын қамтуы мүмкін.Есеп беруді жасаудың жиілігі- сыртқы пайдалануға дайындалған есеп беруі тұрақты ұсынылады. Бірдей уақыт аралығында мерзімдік есеп беру қаржылық есептің негізгі принципі . Басқару есебінде есеп беру ай сайын , тоқсан сайын немесе жыл сайын тұрақты дайындалуы мүмкін , күнделікті есеп беру міндетті емес , ең бастысы оны алушыға пайдалы болуы және оған қажет уақытты берілуі.
Сонымен қатар қаржылық есеп беруді қамтылған қаржылық ақпарат тұтынушы пайдалану үшін тұжырымдалған нақты мәліметтерді қамтиды. Бұл ақпарат болып кеткен операцияларды бейнелейді , сол себептен ол обьективтік сипатта болып, тексерілуге жатады. Басқару есебі ішкі операцияларды жоспарлауға және бақылауға арналған. Басқару шешімін қабылдау бұл үлкен дәрежеде келешекке бағыттылған қызмет. Өткен мерзімдегі операциялар , беталысты анықтау үшін қаншылықты тиімді болса да әдетте жоспарлауға маңызы жоқ және оларды келешектегі болжамды жағдайларды субьективті бағалаумен өзгерту керек.
Бухгалтерлік есеп реформасының бастапқы үрдісінде Ұлттық банкте және екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп сұрақтарына байланысты банк жүйесінде нормативтік базаның тұрақты жетілдірілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының
- ҚР Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» Заң күші бар Жарлығы , №2732 1995 жылдың 25 желтоқсанында енгізілген (24.06.2002жөзгертулермен қосымшалар);
- ҚР Азаматтық кодексі . 1994ж 27 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;
- ҚР Салық кодексі №209-11 2001 ж 12 маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген;
- «ҚР Ұлттық банк туралы»30 наурыз 1995 жылғы Заң;
- «ҚР Банк және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң;
- «Қр-ғы төлемдер және ақша аудару туралы» Заң;
- «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 1997 жылдағы 24 желтоқсанда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Заң;
- «ҚР валюталық реттеу туралы» 1996 жылғы 5 наурыздағы Заң;
- Қазақстан стандарттары және қаржы есебіндегі халықаралық стандарттар;
- ҚР-ның екінші деңгейлі банктері бухгалтерлік есебінің шот жоспары.