Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Курс.жумыс Каржылык есеп беру.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

    Жоғарыда көрсетілген әрбір бөлім баланс баптарынан құралады. Мысалы, ұзақ мерзімді активтер бөліміндегі баланс бабы: негізгі құрал, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімдегі инвестициялар, дебитор сомасы және т. б.

     Ағымдағы активтер бөліміндегі баланс баптары: материалдар мен шикізаттар, тауар, касса, есеп айырысу шоты және т. б.

     Меншікті капитал бөліміндегі баланс баптары: жарғылық қор, бөлінбеген табыс (пайда), резервтік капитал және т. б.

     Ұзақ мерзімдегі міндеттемелер бөліміндегі баптар: банк несиесі, кейінге қалдырылған салық сомасы т. б.

     Ағымдағы міндеттемелер бөліміндегі баптар: жабдықтаушылар, бюджетпен есеп айырысу, жұмысшылар еңбек ақысы және т. б.

     Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы дпп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.
     Баланс туралы түсінікті және оның мағынасын толықтыру үщін, оның барлық экономикалық бөлімдеріне және баптарына түсінік беру қажет. Баланс активінде кәсіпорынның материалдық қоры, яғни мүлкі көрсетіледі. Сол мүліктердің мазмұнына қарай, оның қай шаруашылық кәсіпорын екенін анықтауға болады. Сол үшін баланстың әрбір экономикалық топтағы бөлімдерінің мазмұнына анықтама беріп, оның негізін талдау керек.

     Бухгалтерлік баланста актив пен пассивтің қорытынды сомасы тепе-тең болады. Олай болу себебі, активте де және пассивте де негізіндегі бір өлшемдегі көрсеткіштер, тек қана активте мүлік түрінде де, ал пассивінде қаржы көзі ретінде. Жұмыс бабында, баланс- кәсіпорын айнасы, деген түсінік бар. Олай деп айтылу себебі, баланста субъектінің қандай түрлі мүлкі бар, қандай мөлшерде екені, қаржы көзінің құрамы, қаржылық жағдайы көрсетіледі. Сол көрсеткіштерді талдау үшін, мазмұнын түсіну үшін балансты оқи білу керек. Ол үшін біліктілік, бухгалтерлік жұмыс тәжірибесі болу қажет.

 

 

       

 

 

 

 

 

 

      2.2.  Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны.

 

     Жоғарыда аталып өткендей, экономикалық мағынасы бойынша біртектес баптар  топтарға, ал топтар – бөлімдерге бірігеді. Бөлімдердің мазмұны шаруашылық қорлары мен олардың көздерінің жіктемесіне сәйкес келеді.

     Актив құрамы.

     1-бөлім. Бұл бөлімде ұзақ мерзімді активтер көрсетіледі:

     Материалдық емес активтер-бұл бап бойынша ұзақ мерзімді кезең бойы (1 жылдан астам)  шаруашылық қызметте қолданылатын және табыс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорын салатын салымдар көрсетіледі. Бұл орайда түсіндірме жазуларда амортизация есептеудің әдісі,  есептеу мерзімі, сондай-ақ есепті кезеңдегі: гудвилл-патенттердің, тауар таңбаларының және басқалардың есептен шығарылуы көрсетіледі.

     Негізгі құралдар- бұл материалдық салада, сондай-ақ өндірістен тыс салада қызмет мерзімі бір жылдан аспайтын материалдық активтер.

     Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

   а)  жер;

   б) үйлер мен ғимараттар;

   в) машиналар мен жабдықтар;

   г) жіктемесіне сәйкес негізгі құралдардың басқа да түрлері;

   д) жинақталған тозу;

   е) аяқталмаған күрделі құрылыс.

     Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

     Ұзақ мерзімді инвестициялар- кәсіпорынның табысты активтеріне (бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар және т. б.) жарғылық қорына және басқа кәсіпорынға салған ұзақ мерзімді ( 1 жылдан ұзақ ) инвестициялары, өзге кәсіпорындарға берілген қарыздар көрсетіледі. Онда.

   а) еншілес серіктестіктерге берілген инвестициялар;

   б) тәуелді заңды ұйымдарға берілетін инвестициялар;

   в) ағымдағы құнды көрсетілген өзге де инвестициялар, бұл олардың баланстық құнынан   ерекшеленеді.

     2-бөлім. Ағымдағы активтер.

     Өңдеу және сату мерзімдеріне қарамастан тауарлы-материалдық қорлар (шикізат қалдығы, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосалқы бөлшектер).

     Алдағы кезең шығындары – есепті күннен бастап 1 жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін.

     Аұша қаражаттары. Пайдаланылуына шек қойылған ақша қаражаттарынан шектеулер 1 жыл ішінде алынып тасталса, олар ағымдағы активтерге қосылады.

     Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары – мерзімдері 1 жылға дейін.

     Дебиторлық берешек – есепті күннен бастап 1 жыл ішінде алынуы мүмкін.

     Мұнда мынадай баптар ашылуы тиіс:

   а) аванстық төлемдер;

   б) алуға арналған шоттар мен вексельдер;

   в) еншілес серіктестіктердің дебиторлық берешегі;

   г) лауазымды тұлғалардың дебиторлық берешегі;

   д) өзге де дебиторлық берешектер.

     Сомасы 1 жыл ішінде алынбаса, дебиторлық берешек ағымдағы активтерге толықтай қосылады.

     Пассив құрамы.

     1-бөлім. Меншікті капитал.

     Баланс пассивінің 1-ші бөлімінде меншікті капитал туралы ақпарат ашылып көрсетіледі. Жарғылық капитал – кәсіпорынның құрылтай құжаттарына сәйкес, оның меншік иелерінің (қатысушыларының, құрылтайшыларының) салымдары есебінен құралған жарғылық қор.

     Түсіндірме жазуларда есепті кезеңде жарғылық капиталда болған өзгерістер жайлы ақпаратты ашып көрсету керек.

     Акционерлік қоғамдарда мынадай ақпараттар ашылып көрсетілуге тиіс:

   а) мәлімделген, шығарылған және айналымда жүрген ( мәләмделген, жазылатын және төленген капитал) акциялардың саны мен сомасы;

   б) төленбеген капитал;

   в) акцияның номиналдық және ағымдағы құны;

   г) оларға ие адамдардың құқығы, девидендтерді бөлу мен мүлік  бөлігін төлеудің шарттары;

   д) ерекшеленген акциялар бойынша төленбеген девидендтер;

   е) өтелімі төленіп алынған меншікті акциялар;

   ж) болашақта шығаруға мәләмделген акциялар.

     Өзге меншікті капитал:

   а) номинал құнынан артық төленген капитал;

   б негізгі құралдар мен қаржы инвестициясын қайта бағалау сомасы.

     Резервтік капитал. Бұл бап бойынша кәсіпорынның қалыптасқан резервтік капиталдың қалдығы көрсетіледі.

     Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян).

     2-бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.

     Ұзақ мерзімді міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, 1 жылдың ішінде өтелуге тиіс бөлігін қоспағанда, мыналар жеке ашылып көрсетілуге тиісті:

   а) қамтамасыз етілген несиелер;

   б) қамтамасыз етілмеген несиелер;

   в) еншілес серіктестіктер ұсынған несиелер,

   г) төлемі кейінге қалдырылған салықтар.

     Түсіндірме жазбада проценттік ставканы, несиені өтеудің мерзімін, өтеудің тәртібін және шартта көзделген басқа да талаптарды көрсету керек.

     3-бөлім. Ағымдағы міндеттемелер.

     Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі 1 жылдың ішінде өтелуге тиісті ұзақ мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуға тиісті:

   а) қысқа мерзімді несиелер немесе овердрафт;

   б) ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;

   в) салықтар бойынша берешек;

   г) төлеуге арналған девидендтер;

   д) еншілес серіктестіктерге берешек;

   е) акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына берешек;

   ж) өзге де кредиторлық берешектер.

     Төлеуге есептелген шығындар – болжанбаған жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

     Алдағы кезеңдердің табыстары – бұл бапта есепті жылы алынған, бірақ болашақ есепті кезеңге жатқызылатын қаражаттар көрсетіледі.

     Егер заңды тұлға міндеттемені ұзақ мерзімді негізде қайта қаржыландыруға шешім қабылдаса, ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдық бөлігі ағымдағылардан алынып тасталады. Мұндай жағдайда міндеттемелердің сомалары мен қайта қаржыландыру сомалары ашып көрсетіледі.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2.3.  Кәсіпорындағы шаруашылық операцияларының түрлері және бухгалтерлік балансқа әсері.

     Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді:

   Бірінші түрдегі операциялар мүліктердің құрамын өзгертеді, яғни баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына 20 мың теңге алынды. Аталған операция баланстың “Кассадағы ұлттық валютамен берілетін қолма-қол ақшалар” және “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар” деген баптарына әсерін тигізеді. Бұл операцияның орындалуы “Кассадағы қолға берілетін қолиа-қол аұшалар” баба бойынша қаражаттар +20 мың теңгеге артқанын, ал “есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар” бабында -20 мың теңгеге кемігенін білдіреді, яғни баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болды және жалпы алғанда, баланс валютасы өзгермеген.

   Екінші түрдегі операциялар кәсіпорын мүлкінің қалыптасу көздерін өзгертеді, яғни пассив ішіндегі баптардың орын ауыстырулары болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, бұрын келіп түскен материалдар үшін жеткізушілерге  берілетін берешек 36 мың теңге сомасындағы банк ссудасы есебінен өтелді. Аталған операция баланс пассивінің мынадай баптарына әсерін тигізеді: “Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және “ Банк несиелері”. Бұл шаруашылық операциясының орындалуы  “Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” бабы бойынша 36 мың теңге сомаға кемігендігін, ал “ Банк несиелері” бабы бойынша -36 мың теңгеге артқанын білдіреді, яғни баланс пассивінің ішінде сомалардың орын ауыстыруы болған және жалпы алғанда баланс валютасы өзгермеген.

   Үшінші түрдегі операциялар мүлік пен оның қалыптасу көздерінің мөлшерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орайда өзгеріс өсу жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей шамаға өседі. Мысалы, 50 мың теңге сомаға негізгі құралдар өтеусіз алынды.

     Аталған шаруашылық операциясын орындау “Негізгі құралдар” және “Басқа табыс” деген екі бабына әсерін тигізеді. Төртінші түрдегі операциялар мүліктің мөлшері мен оның қалыптасу көздерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орайда өзгеріс кему жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей сомаға кемиді. Мысалы, есеп айырысу шотынан еншілес кәсіпорындарға  кредиторлық берешекті өтеу үшін  23 мың теңге сома төленді. Аталған шаруашылық операция баланстың: “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар” және  “Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу” деген екі бабына әсерін тигізеді. Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды болмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады. Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал ағымдағы өзгерістер бухгалтерлік есептің  шоттарында ескеріледі.

3 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру.

 

      3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі.

    

     Есеп беру №4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағымы туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі 2.

     №4 БЕС сәйкес субъектілер жасаған “ Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп” заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъектінің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

     Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі  тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

     Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қоғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі және таза табыс пен  зиянға ағымдағы активтер мен міндет-темелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвес тициялық немесе қаржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі