Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2012 в 19:20, курсовая работа

Описание

Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру – заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1 бөлім. Қаржылық есеп беру...........................................................................4
1.1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы.............................4
1.2. Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да
дайындық жұмыстары............................................................................8
1.3. Қаржылық есеп беруді жасау................................................................12
2 бөлім. Бухгалтерлік баланс-негізгі қаржылық құжат.................................16
2.1. Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері............................16
2.2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны..................18
2.3. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың түрлері және
балансқа әсері..........................................................................................21
3 бөлім. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру......................23
3.1. Ақша қаражаттары қозғалысының есеп беруі......................................23
3.2. Қаржылық есеп беруге жасалатын түсініктеме жазба.........................27
Қорытынды....................................................................................................29
Әдебиеттер тізімі...........................................................................................30

Работа состоит из  1 файл

Курс.жумыс Каржылык есеп беру.doc

— 223.50 Кб (Скачать документ)

    4. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мына мәселелер баяндалуы керек:

   - операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады;

   - түсетін ақша қаражаттары мен клиент атынан төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашылама, әсіресе, кәсіпорының өз ақша қаражатынан клиенттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;

     Бұл арада ескеретін бір жайт, түсініктеме жазбада кейбір мәселелер бойынша қайталанып берілетін түсініктемелерге жол бермеуді қадағалау керек.

     5. Түсініктеме жазбада кәсіпорынның  қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына жалпы баға берілуі керек.

     Бухгалтерлік есеп беру нақты бір кезең уақытындағы қаржы-шаруашылық қызметінің бір-бірімен байланысқан кешенді көрсеткіштерін көрсетеді. Бухгалтерлік есеп берудің нысаны ақпараттылығымен және қисындылығымен өзара байланысқан, ал бұл кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайы туралы ақпараттарды динамикалық тұрғысынан жан-жақты қамтамасыз етеді және қаржылық талдау үшін толық қанды базасы ретінде қаржылық есеп берудің пайдалануына өз септігін тигізеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістемесі қаржылық есеп беруге берілген ақпараттың көлеміне және мақсатына тәуелді болып келеді. Егер де талдаудың мақсаты  шаруашылық жүргізуші субъектінің даму мүмкіндігі мен жағдайы туралы ақпараттарды көрнекті әрі жай ғана алу болса, онда талдаушы экспресс-талдаумен ғана шектеледі. Егер де талдаудың мақсаты шаруашылық жүргізуші субъектінің  экономикалық жағдайын тәптіштеп толық түрінде талдау болса, онда қаржылық-шаруашылық қызметінің барлық талдау көрсеткіштерін пайдалануы керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қорытынды.

 

      Сонымен, курстық жұмысты қорыта келгенде, қаржылық (бухгалтерлік) есеп беру кәсіпорын ісінің белгілі бір уақыт аралығына деген, оның қаржылық жағдайы туралы және нәтижесі туралы мәліметтер көздері болып табылады.

     Әртүрлі топтағы, саладағы қолданушыларға сай қаржылық есеп беруді құру, жасауда ақпараттық қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін нақты нормалар мен ережелерді бекіту қажет

     Сонымен қатар, қаржылық есеп беру жылдық және аралық болып екіге бөлінеді. Жылдық есеп беру бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс жөнінде есеп беру, оларға деген түсініктеме жазбадан және мінездемеден тұрады.

     Қаржылық есеп беру жеткілікті және анық түрдегі ақпарат болуға, түсінікті, толықты, салыстырмалы, мәнді түрде және тағы басқа осы сияқты критерийлер түрінде  болуы керек.

     Бухгалтерлік баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау және олардың мазмұнын ашудың қаржылық есеп беру үшін маңызы зор, сондай-ақ пайдаланатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.Ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс. Жыл соңында белгіленген тәртіп бойынша түгендеудің  көмегімен баланстың барлық баптары расталуы тиіс.

     Баланс мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайы талданады.

  Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру – бұл ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерінің келіп құйылуы мен шығысталуы. Ақша эквиваленттеріне қысқа мерзімді қаржы инвестициялары (мерзімі 1  жылдан кем) және облигация, қазыналық вексельдер және т. б. сияқты өтімді бағалы қағаздар жатады. Ақша түсімдері туралы ақпарат, біріншіден, кәсіпорынның ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерін табу қабілеті, сондай-ақ ақша түсімдерін пайдаланудағы кәсіпорынның мұқтажын бағалауға көмектеседі.

     Ал, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелер қолданылады. Ол кестеде белгілі-бір ақпараттар келтіріледі. Сондай-ақ ақша қаражаттарының үш қызметі бар. Олар: оперативтік, инвестициялық және қаржылық. Олар өз алдарына жеке-жеке процестерді жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.       Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1998 ж. 7 қазанында

     еңгізілген өзгертулер мен толықтырулармен. Алматы: 2002 – 40 б.

2.       Послание    Президента    Республики     Казахстан   Н. А. Назарбаева     народу  Казахстана      «Стратегия    2030».

3.       Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері) – А : Юрист. 2002 – 329 б.

4.       Қазақстан Республикасының салық кодексі. 2003 ж. 12 желтоқсанынан № 209 – II. А: 2004 – 238 б.

5.       Бабич А.М., Павлов Л.Н. Государственные и муниципиальные финансы. – М.: ЮНИТИ, 1999 – 687 с.

6.       Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами: Пер. с англ. / Гл. ред. серии Я.В.Соколов. – М.: Финансы и статистика, 1996. – 569 с.

7.       Дюрнберг Р.Л. Международное налогооблажение. – М.: ЮНИТИ, 1997. – 201 с.

8.       Бисенғазиев М. Б., Хамитов А. Ш.

Кәсіпкерлік негіздері: Оқулық. Лекциялық курс. Орал: Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы, 2001

9.       Жолдасбаева Г. Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы \ - Алматы: Экономика,2002.

10.  Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә.  Кәсіпорын экономикасы: Оқу

құралы – Алматы: Экономика,2003

11.  Шеденов Ө. Қ., Жүнісов Б. И., Байжомартов Ч. С., Комягин Б. И. “

Жалпы экономикалық теория”. Оқулық \ Жалпы редакциясын

басқарған профессор Ө. Қ. Шеденов, Алматы – Ақтөбе, 2001

     14. Шуляк П. Н. Финансы предприятия: Учебник.  - 2 –е изд. -  М. :

          Издательский Дом  “ Дашков и К”, 2000 

15.Финансы предприятий: Учебник \ Н. В. Колчина, Г. Б. Поляк, Л. П.        

Павлова и др. ; Под. ред. проф. Н. В. Колчиной. – М. : ЮНИТИ,2002

      16. Т. С. Рақымжанұлы  Экономика, қаржы-несие, банк, салық-кеден,

          сақтандыру, биржа және кәсіпкерлік атауларының орысша –

          қазақша сөздігі. – Алматы: “ Сөздік – Словарь”, 1999

 

 

 

 

 

 

      

              

 

 

     

16

 



Информация о работе Қаржылық есеп беру-корпорация жағдайының қаржылық негізі