Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:58, контрольная работа

Описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

азамат кукык мемле.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

     Соңғы түзету тарихта көбінесе «бесінші түзету»  деген атпен белгілі, аталмыш қағида тергеудегі және ауыр қылмысы үшін айыпталған тұлғаларға қолданылды, яғни бұл жерде «өзін өзі айыптауға қарсы берілген артықшылық» қағидасының маңызы ерекше байқалды. Сонымен бірге аталмыш қағида айыпталушыны өз кінәсін мойындатуда қорқыту, қысым көрсету, жалған куәләрді әкелу, сотты сыйламауға міндеттеу әрекеттерінің әділетсіз екендігін айқындады. Сондай – ақ бесінші түзету меншік иелерінен меншікті мемлекеттік мақсатта келтірілген залалды қайтармай мәжбүрлеп алуға тиым салды.

     Жетінші түзету анықталған азаматтық істерді  алқалы сот арқылы жүргізу керектігін пайымдаса, тоғызыншы түзету «Конституцияға енгізілген, анықталған құқықтардан  бас тарту немесе халықпен сақталған құқықтарға нұқсан келтіру ретінде талқыланбауы қажет» дейді. Жекелеген штаттар мойындағаннан кейін құқықтар туралы Билль 1791 жылы 15-желтоқсанда АҚШ конституциясының бір құрамдас бөлігіне айналды. Америкалықтардың басым көпшілігі құқықтар туралы Билльге немқұрайдылық танытты, себебі оның әрекеті Жоғарғы Соттың шешіміне сәйкес тек қана федералды үкіметке қатысты таратылды. Тек 150 жылдан соң, ХХІV-ші түзетуді қабылдағаннан кейін ғана азаматтар штат тарапынан болған өздеріне қатысты құқықбұзушылықтан қорғалу кепілдігіне ие болды. ХІV-ші түзетудің мәні (1886 ж қабылданған) азаматтардың нәсілдік және ұлттық теңдігін бекітті, сот шешімінсіз біреудің өмірін қиюға, бостандығы мен меншігінен айыруға жол берілмейтіндігінде болды. Құқық туралы Билль құлдарға қатысты қағидаларға ешқандай түзетулер енгізген жоқ. Тек 1865 жылы ХХІІІ түзету күшіне енгеннен кейін бұрынғы негр - құлдарды АҚШ азаматы деп және оның құқықтарымен теңестірілуін таныды. Құқықтар туралы Билльді қоспағанда тағы да басқа бірнеше түзетулердің маңызы өте зор болды. Атап айтқанда ХV-ші өзгерту (1869 жылы қабылданып 1870 жылы ратификацияланды) еркек – азаматтардың сайлау құқығының теңдігі туралы, ХІХ-ші түзету (1917 жылы қабылданып 1919 жылы ратификацияланды) әйелдерге сайлау құқығын беру туралы; ХХІV- ші түзету салық төлемегені үшін сайлау құқығынан айыру; ХХVІІ- түзету сенат пен палата өкілдеріне өздерінің жалақыларын көбейту және т.б. туралы әрекеттеріне тиым салды. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар туралы ережелердің осы күнге дейін толық қанды болмай отырғанын айта кету керек. ХVІІІ ғасырмен салыстырғанда ХХ ғасырдағы құқықтар туралы Билльдің маңызы зор болды. Адам құқығы туралы идеяның қалыптасып, оның шындыққа айналдырудың отаны ретінде ХVІІ – ХVІІІғғ. капиталистік мемлекеттерді тануымызға болады. Адам құқығы мен бостандығының кенейтілген тізімін ғана емес, сонымен бірге адам құқығының әмбебаптық негізін қалап, оны демократиялық тұрғыда сипаттап, теңдік принципін ұсынған ХVІІ – ХVІІІ ғғ. буржуазиялық – демократиялық революциялар адам құқығын дамытудағы басты оқиғалардың бірі болды.

     Қорытынды 

       Құқықтың  әрекеті қоғамдық қатынастардың  субъектілеріне олардың жекелеген  ерекшеліктерінен тәуелсіз бірдей шара қолдану принципіне негізделген, шын  мәнісінде тең емес субъектілерге (формальды принцип).

       Құқық нормалары сырттай объективті болуы  міндетті ақылды, әлеуметтік және белгілі  ресми нысанда бектілуі шарт (құқықтың қайнар көзінде формальды мағнада): нормативті-құқықтық актыларда, құқықтық дәстүрде, заңды прецеденттерде т.б.

       Құқық ішкі ұйымдастыру көз қарасына байланысты (біртұтас) бір-бірімен мақсатқа сай қарым-қатнасытарғы элементтердің жүйесі. Құқық бәріне міндеттілік. Оның айырмашылығы басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда жалпымемлекеттік нормативтік жүйені құрады және өзінің әрекетін қоғамның барлық мүшелеріне жүргізеді.

       Құқық мемлекетпен тығыз байланыста. Себебі, мемлекет қоғамды нормативтік-құқықтық актыларды шығару арқылы реттейді (сонымен  қатар, нормативті – құқықтық актылар  шығару үшін өз өкілдігін беру арқылы, белгілі дәстүрлерге санкция беру, заңды прецеденттер жасау), яғни «заңға айналдыру». Құқық мемлекеттің күштеуімен қорғалады. Басқа әлеуметтік нормалар ондай мемлекеттік – күштеу арқылы іске асыру мүмкіндігімен қамтамасыз етілмеген (мүнда әгіме мемлекет жағынан оны қолдау туралы болып отыр).

       Құқықтық  түсінігі құқықбұзу түсінігіне кіргізіледі: Құқықтың қажеттігі сонда керек, егер адам құқықпен белгенген тәртіптің  қоғамға қауіпті деген жерін  бұзса. Яғни, құқықтың белгісі ретінде  оның әруақытта тәртіп нормасынан асып кендік жағдайға кез болу мүмкіндігін атауға болады.

       Құқықтың  түсінігін анықтайтын теориялар  өте көп. Мұның өзі заңдылыққа жатады. Себебі, ешқандай анықтама толығымен  түсініңтің барлық белгілерін қамтый алмайтындығы белгілі.

       Мемлекет  пайда болғаннан кейін саяси  билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі.

       Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 

    1. Жоламанов Қ.Ж. Мемлекет және кукық теориясы. - Алматы: Білім, 1998.-360.
    2. Жоламанов Қ.Ж., Мухтарова А.Қ., Тәуекелев А.Н. Мемлекет және қукык теориясы. - Алматы: бас. Қаз МЗУ, 1999. - 370 б.
    3. Лазарев Н.Н. Общая теория государства и права. - М. : 
      Юристь, 1999.-560 с.
    4. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және қүқық теориясы. - Алматы: 
      Жеті жарғы, 1998. - 320 б.
    5. Сапарғалиев Ғ.С., Ибраева А.С. Мемлекет және қүкык 
      теориясы. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - 96 б.
    6. Храпанюк В.Н. Теория государства и права. - М.: Бек, 1998. -470 с.

7    Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері  – Павлодар 2003-2005 

8    Қазақстан Республикасының рәміздері   Ы.Сағынтаев, З. Сағынтаева

9 1996 жылдың 2 шілдедегі «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасьшың Заңы // Егемен Қазақстан, 1996. - 5 шілде.

10  Теория государства и права /под ред. Н.И. Матузова и А.В. Малько. - М.: Проспект, 1997. - 530 с.

11.  Вебер М. Политика как призвание и профессия. Избр. произв. – М.,19.90

12.  Аристотель. Политика соч. в 4-х т.4.-М.,1981

13.  Политология.  Хрестоматия / Под ред. проф. Н.Василика.-М., 1999

14.  Бисембаев  А. Саясатта монополия жоқ// Ақиқат,1998 №9 

15.  Карин Е,  Сатпаев Д. Қазақстандағы саясат  қатердің деңгейі // Саясат, 1999, №5 

16.  Найзағарова  Е. Әцелдердің саясатқа араласуы  – саяси тұрақтылыктың кепілі // Саясат, 2000, №5

17.  Карин Е.  Саясат – қоғамдық құбылыс. //Ақиқат 2001,№1 

18.  Жамбылов  Д.А. Саясаттану. Оқулық – Алматы, ,2003

19.  Өсерұлы  Н. Жеті жарғы : ғылыми басылым  - Алматы : Жеті жарғы, 1995. – 79 бет.

20. Е.К.Нұрпейісов., А.К.Котов. Қазақстан  мемлекеті: хандық  биліктен  президенттік  республикаға  дейін. – Алматы, «Жеті   Жарғы», 1996. 96 б

21.   В.С.Нерсесянц.  Философия  права;  Учебник  для  вузов.  М;  1997. 104 б;

22. С.Өзбекұлы, Ө. Қонабаев. Мемлекет және құқық  теориясы. Оқулық – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 264б.

23. Маймақов, Ғ. Қазақстан Республикасының  саяси-құқықтық тарихы - Алматы : Ғылым, 2000. – 175 бет.

24.  Дулатбеков  Н.О. Қазақстан Республикасы мемлекет және құқққ тарихынан - Қарағанды : ҚарМУ баспасы, 1994. – 140 бет.

25.  В.А.Четверин.  Современные    концепции   естественного  права.М; 1998. 44б;

26.  С.С.  Алексеев.  Общая  теория  права. 2-т М; Юрид; лит, 1981 ж; 267

27. Б.Төлепберген.  Өркениеттің  үлгісі  мен   хандық  биліктің  тарихи    жалғасы. «Жас  Алаш» , № 114, 24.09.02

28.  Дулатбеков  Н.О. Заң терминдерінің қазақша-орысша сөздігі - Алматы : Жеті жарғы, 1995. – 144 бет.

29.  Д.Досжан. «Ақ  Орда».  Роман. – Алматы, «Дәуір», 1992, 264-б;

30. Мемлекет  және құқық негіздері: Оқулық. / Құраст. Е. Баянов. – Алматы: Жеті жарғы, 2001.- 624бет. 

Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік