Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:58, контрольная работа

Описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

азамат кукык мемле.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

     Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне  лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді. 
Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. 
Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды.

     Адам  құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.

     ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

     1997 жылы қылмыстық және қылмыстық  іс жүргізу заңдарының қабылдануына  орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына  сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

     Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

     ҚР  Конституциясында адам мен азаматтың  азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. 
Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

     Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. 
Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

     Егер  кісі өзінің қандай да болмасын моральдық  құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік  етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады. 
Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. 
Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

     Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 бөлім.  Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік  
 
 

      2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және  заңдық қорғаншылығы  
 

      Құқықтық  мінез-қүлық әдебиеттерде өзінің жалпы  түрінде заңдық мағынасы бар жағымды және жағымсыз сипаттағы заңдық салдарға әкеледі деп қарастырылады. Құқықтық мінез-қүлықтың белгілерін қарастырайық. Бірінші және негізгі белгісі болып оның әлеуметтік мағынасы ескеріледі. Құқықтық әрекет шеңберіне тек жағымды (пайдалы) немесе жағымсыз (зиянды) маңызды әлеуметтік мағынасы бар адамадардың мінез-қүлқы енгізілетіні белгілі. Құқықтық мінез-қүлықтың екінші белгісі — психологиялық. Ол әрқашан түлғаның саласы мен еркінің бақылауында болады. Бұл белгі құқықтың өзінің табиғатымен анықталады. Құқық тек өзінің еркі және орынды түсінігі бойынша өрекет ететін түлғаның мінез-құлқын реттейді және оған әсер етеді. Үшінші белгі — құқықтық мінез-қүлықтың анық белгіленуі. Бұл заңдық белгі және оның субъектілерінің мінез-құлқы заңның белгілі бір шеңберімен шектелінеді. Төртінші белгі — құқықтық мінез-құлықтың құқық қолданушы және құқық қорғаушы органдары тұлғасында мемлекеттің бақылауында болуы. Құқыққа сай мінез-құлық әлеуметтік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Ал құқыққа қарсы мінез-құлық үшін мемлекет жағымсыз құқықтық салдар қарастырған. Бесінші белгі — құқықтық мінез-құлық заңдық саладарға тартуы және тартуға қабілеттілігінен құрылған. Ол құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқталуына және құқықтық жүйедегі басқа элементтерге әсер етеді.

      Құқықтық  мінез-құлық құқыққа сай және құқыққа қайшы деп екі түрге бөлінеді. Олардың арасындағы ортақшылық құқық сферасындағы ұқсас субъектілердің мінез-құлқы. Сонымен қатар олар кейбір сипаттары бойынша қарама-қайшы болып келеді. Біріншіден, егер құқыққа сай мінез-құлық қоғамдық қатынастарды нығайтса, ал құқыққа қарсы мінез-құлық әлеуметтік жүйені бұзады, әлсіретеді. Екіншіден, мінез-құлықтың психологиялық белгілірі қарама-қайшы. Құқыққа сай мінез-құлық қоғам мүддесіне сай келетін, оған қайшы келмейтін өз міндетін саналы түрде түсіну, қоғамдық қажеттілік, жеке мүдделермен дөлелденеді. Құқыққа қайшы мінез-қүлық көп жағдайда пайдакүнемділікпен, эгоистік және агрессивтік үмытылуымен сипатталады. Үшіншіден, мінез-құлықтың заңдық сипаты әр — түрлі. Құқыққа сай мінез-құлық әдетте рұқсат етуші немесе міндеттеуші нормаларымен қарастырылса, ал құқыққа қайшы мінез-қүлық тиім салушы нормаларымен қарастырылған. Құқыққа сай мінез-қүлық нормаларды сақтау немесе орындаумен бекітіліп нормативтік болады; ал құқыққа қайшы мінез-құлық тиім салушы немесе міндеттеуші нормаларды бұзып, нормаға қайшы болады. Төртіншіден, мінез-құлыққа мемлекеттің әсерінің әр түрлі болуы. Мемлекет құқыққа сай мінез-қүлықты жан-жақты қорғап, кепілдік береді. Мемлекет кінөлі тұлғаның құқыққа қайшы мінез-құлық үшін жағымсыз салдар қарастырады.

      Құқыққа сай мінез-құлық дегеніміз —  бұл құқық нормаларында қарастырылған және заңдық салдар ала жүретін, субъектілердің саласы мен еркінің бақылауында болатын, жеке немес ұжымдық субъектілердің әлеуметтік мағынадағы мінез-құлқы.

     Азаматтардың  мінез-құлқының басты түрі құқыққа  сай мінез-құлық деп саналады. Көпшілік жағдайда азаматтар адам және заңға сай әрекет етеді. Жалпы азаматтардың қызметі құқықтық жүзеге асуымен байланысты болады. Ол тиім салуды қарастырады, міндеттерді орындайды, құқықты тағайыңдалуы бойынша пайдаланады. Конституция бойынша барлық азаматтар заң мен сот алдында тең. Дегенмен, азаматтардың құқықтық қызметі біркелкі болмайды. Ол көптеген факторларға байланысты: жас шамасынан, әлеуметтік жагдайынан, қызығушылығынан, объективтік мүмкіншілігінен және т.б.

      Азаматтардың  мінез-құлқының басты себебі әлеуметтік тобтар мен қоғамның толығымен қажеттілігі мен мүддесі, басқа тұлғалардың қажеттілігі мен мүддесі болып табылады. Құқықтық мінез-құлықтың себептерін қалыптастыру кезінде әрекет етуші субъектінің мүддесі мен басқа түлғаның мүддесінің, сондай-ақ себебшінің қызметінің бастауының арасындагы байланыс сипатының маңызы бар. Осы мүдденің екі түрі де көптеген немесе аздаған дәрежеде бір-біріне сай келеді немесе қайшылыққа түседі. Көптеген жағдайда баланың мүддесі ата-ананың мүддесіне айналады. Ұжым мүшесінің жеке мүддесі қоғамдық мүддеден асып кетуі мүмкін.

    Мінез-құлықтың қоғамдық және жеке себептері:

  • қылықтың қоғамдық пайдалы идеясына көз жеткізу;
  • қоғам алдындағы парыз, құқықтық міндет;
  • кәсіби жауаптылық сезімі;
  • қылықтың басқалар үшін пайдалы тәжірбиесі;
  • стереотиптік, үйреншікті мінез-қүлық;
  • конформизмдік, көпшілікке бағыну;
  • заңдық және моральдық жауапкершіліктен қорқу;
  • қылықты жасаудан жеке пайда көру;
  • эгоистік мүдделер;
  • құқыққа сай қүралдармен жүзеге асырылатын жағымсыз себептер 
    (өш алу, қызғаныш және т.б.)

   Қоғамдық  бағыттағы себептердің жоғарғы  сатысы болып, қылықтың әлеуметтік қүлдылығының күшіне байланысты, оның айналадағылар, туыстар мен жақындар, қоғам үшін пайдалығына көз жеткізу болып табылады. Құқыққа сай мінез-қүлықттарды жағымды баға беруге қиын себептер де тудырады. Өйткені, себебтің сипаты мен қылықтың құқыққа сайлылығының арасынла қатаң үйлесімділік жоқ. Бірақ, көпшілік жағдайларда жағымды себептер құқыққа сай мінез-қүлық тудырса, ал жағымсыздар — құқыққа қайшы мінез-қүлық тудырады. Әйтсе де бүл жалпы тәртібтің ерекшелігі бар. Оның пайда болуы себеп пен қылықтың арасында тағы да бір түйіннің — жоспарлау мен шешім қабылдаудың болуы. Ол әлеуметтік тиімді себептерді өзгертеді немесе, керісінше, әлеуметтік зиянның орнын толтырады.

      Мемлекет  пен қоғам азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсеңділігін көтеруге мүдделі В.П. Казимирчук осы мәселемен айналысып, «Түлғаның әлеуметтік-құқықтық белсенділігі» деген мақаласында осы түсінікті үсынды. Бұл құқықтың мүддесінде, құқықты қызметтеуде, құқықтық ұйымдардың қызметінің жоғарғы мәртебесін тануда көрініс табатын өзіндік, саналы қызмет және индивидтің өзінің заңдық күшін пайдаланудың неғүрлым тиімді жолын іздеумен немесе құқық сферасында оның азаматтық міндеттерін, азаматтығын парызын жүзеге асырумен байланысты. Әлеуметтік құқықтық белсенділік әдетте құқыққа сай мінез-қүлық өзіндік әр түрлілікте ерекшеленеді, өйткені ол заңның әдеттегі талаптарынан, нақты құқықтық бүйрықтардан асып түседі. Осы мінез-құлық неғүрлым ынталы, белсенді және нәтижелі деп саналады. Мысалы, қауіпті қылмыскерді батыл үстау; қажетті қорғаныс туралы тәртіб негізінде жәбірленушіні қорғау; заң жобаларын талқылауға белсенді қатысу; заңды жетілдіру бойынша тиімді үсыныстар енгізу және т.б. Аталған мінез-қүлық формалары әрекет етуші құқықпен қарастырылған және өнегелік нормалармен мадақталанады; оны жүзеге асырушы тұлғалар өз еркімен әрекет етеді.

     Әлеуметтік  зерттеу әлеуметтік құқықтың белсенділік  әр түрлі

жастағы   және   қызметтегі   азаматтардың   кең   шеңберіне   тән  деп

көрсетеді.   Ол  білім  мен  еңбек  тәжірбиесінің  өсуіне   байланысты

жоғарылайды деп  бекітілген.  Әлеуметтік-құқықтық  белсенділік -  бұл демократиялық құрлысқа сәйкес, құқыққа сай мінез-құлықтың жетекші  формасы.

   Құқық бұзушылық өзінің жағымсыздығының  күшіне байланысты ертеден адамдардың назарын аударады. Бұл қүбылыстарға әлеуметтік жақындау олардың табиғатын, себебі мен ұдайы өндіріс механизмін жұмыс істеуін, тарихи қалыптасқан қоғамдық процесстермен өзара байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын көрсетеді.

   Құқық бүзушылықтың табиғатын түсіну үшін ең алдымен құқыққа қайшы мінез-қүлықтың дамуының әлеуметтік және биологиялық бастауларының ара қатынасын түсінуден бастау қажет. ХХғ. 60 жылдарында Кеңестік Криминология қоғамға қарсы құбылыстардың табиғатына әлеуметтік түсінік берді. Құқық бұзушылықтың кез келген азаматтық қылық сияқты, жалпы, әлеуметтік және биологиялық табиғаты бар екендігі дәлелденді. Әлеуметтік бастау кез-келген саналы мінез-құлықта адам организмінің жұмыс істеуінің биологиялық элементтерінен үстем болады.

      Құқық бұзушылық бұл тек жеке ғана емес, көпшілік қүбылыс 
және бүл аспектіде оның әлеуметтік табиғаты өте анық көрінеді. 
Ресми статистика мен таңдалған әлеуметтік зерттеулер қоғамдық 
өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен құқық бұзушылықтың құрылымы, күйі мен динамикасы тікелей байланысты деп көрсетеді. Атақты американдық криминолог Э. Мур өзінің «Біздің қылмыстық қоғам» деген кітабында ешбір саналы американдық бір жағынан кедейшілік, тең емес әлеуметтік мүмкінділік, бақытсыздық пен әділетсіздік сезімін және екінші жағынан — қылмыс арасындағы тығыз тәуелділікті одан әрі жоққа шығара алмайды деп көрсетеді. Әлеуметтік қайшылықтың шексіз тереңдігі қылмыс, нашақорлық, жезөкшелік және т.б. сияқты жағымсыз әлеуметтік құбылыстарға әкеледі. Құқық бұзушылық –бұл қоғамдық өмір тудыратын өмірдің сәтсіздіктері, дау-жанжалдан, әлеуметтік ауыр жағдайлар.

Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік