Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:58, контрольная работа

Описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

азамат кукык мемле.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

     ж) негізгі құқықтар, еркіндіктер мен  міндеттердің басты сипаты олардың  бекітілуінің ерекше заңдық формасы, олар жоғарғы заңдық күші бар мемлекеттің  құқықтық актісі – Конституцияда  жазылған.

     Жоғарыда көрсетілген белгілер адам және азаматтық негізгі құқығы мен еркіндігін сипаттайды. Оған төмендегідей тұжырым жасауға болады.

     Адам  мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері –  бұл оған тумысынан немесе азаматтық  күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы.

     Азаматтық құқығы – бұл тұлғаға тек мемлекетке қатыстылығының күшіне байланысты бекітілетін  құқықтар мен еркіндіктер.

     ҚР  Конституциясының 2 бөлімі адам мен  азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді. 

     Нақты жүйе адам мен азаматтың өміріне  қатысты құқық пен еркіндіктің өзіне тән ерекшелік сипатын көрсетеді.

     Бұл белгінің негізінде конституциялық құқықтар мен еркіндіктерді үш топқа  бөлу қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси.

     1. Жеке бас құқығы мен еркіндіктері  іс-жүзінде әрбір адамның жеке  құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Негізгі адам құқықтары болып: өмір сүру құқығы (15 бап), жеке басының бостандығы құқығы (16 бап), мемлекеттің оның жеке басының ар-намысын қорғауы құқығы (17 бап), жеке өмірі, телефон байланысы, хат жазу құпиясы құқықтары болып бөлінеді.

     2. Саяси құқық пен еркіндік –  бұл тек мемлекеттің азаматтарына  берілетін және оларға елдің  қоғамдық және саяси өміріне  қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық  құқықтар мен еркіндіктердің  бір тобы.

     Саяси құқықтар мен еркіндіктер мемлекет азаматтығын алумен тығыз байланысты болады. Оған жататындар: бірлесу бостандығы (23 бап), мемлекеттік істергі қатысу мен басқару құқықтары (33 бап), бейбіт түрде жиналу, соның ішінде қарусыз жиналу құқығы, жиналыстар мен митинглер, шерулер ұйымдастыру құқығы (32 бап).

     3. Адам мен азаматтың негізгі  құқығы мен еркіндігінің ерекше  тобын әлеуметтік, экономикалық  және мәдени құқықтар құрайды.  Олар жеке меншік құқығы(26 бап), еңбек қатынастары, демалыс салалары (24 бап), денсаулық сақтау (29 бап), білім алу (30 бап), әлеуметтік қамтамасыз ету (28 бап) қоршаған ортаны қорғау саласы (31 бап) сияқты адам өмірінің маңызды сферасына қатысты және тұлғаның материалдық, рухани және басқа әлеуметтік мақсаттағы сұранысын қамтамасыз етеді.

      Құқық дегеніміз — мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жал-пыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі, олар арқылы қоғам мен жеке тулғалардың аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады.Құқықты анықтаудың нормативтік және кең ауқымды амал-тәсілдері бар.

      Нормативтік амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтағанда  аса маңызды белгілер ретінде  мыналар ерекшеленеді: құқық нормала-рының  мемлекеттік-ерікті, нормативтік, шартты анықталған және биліктік сипаттары. 
Кең ауқымды амал-тәсілдер тұрғысынан құқықты анықтаған кезде аса маңызды белгілер ретінде мыналар ерекшеленеді: міндетті мінез-құлық ережелерінің өзара пайдалылығы, олардың әділдігі; құқықтық қатынастарға құқық ұғымына әлі шартты түрде бекітілмеген нормаларды енгізу, қолдану; құқық пен заңдарды бөлу.

      Құқық қоғамдық қатынастарды реттеу мен тәртіпке келтіруде маңызды рөл атқарады. Құқық қағидаттары — оның мән-маңызын  айқындайтын және білдіретін негізгі  бастаулар. Құқықтың негізгі қағидаттарына: құқық теңдігі, құқықтар мен міндеттердің бірлігі, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік, демократизм жатады.

      Құқық функциясы дегеніміз қоғамдық қатынастарға құқықтың ықпал етуінің негізгі  бағыттары. Құқық; функциялары ішінара  ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі (жалпы) функцияларға мыналар жатады: саяси-экономикалық, әлеуметтік, тәрбиелік. Сыртқыларға (заңдық) мыналар жатады: реттеуші және қорғаушы. Құқықтың реттеушілік функциясы арқылы мінез-құлық ережелері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы үйлестіріледі. Құқықтың қорғаушылық функциялары аса маңызды қоғамдық қатынастарды қорғауға (сақтауға) бағытталады. Қорғаушылық функциялары негізінде ең алдымен мінез-құлықтық рұқсат етілмейтін ережелер жатады корпоративтік нормалар, әдет-ғұрыптар, құқық нормалары және мінез-құлықтың басқа да ережелері ерекшеленеді. Морал нормалары дегеніміз — ізгілік пен зұлымдық, әділет пен әділетсіздік, ар-ождан және т.б. тұрғысынан алып қарағанда қоғамда қалыптасқан мінез-құлық ережелері. Корпоратмвтік нормалар дегеніміз — мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған шешімдерде, ережелерде және басқа құжаттарда белгіленген мінез-құлық ережелері. Әдет-ғұрыптар — тұрғындардың етене тұрмыстық сұраныстары болып келетін және көп рет қайталануы себепті қалыптасып кеткен мінез-құлық ережелері. Құқық нормаларын барлық басқа әлеуметтік нормалардан мыналар ерекшелейді: нормативтік құқықтық акт түріндегі шартты анықтылықтығы; мемлекеттің мәжбүр етушілік күшімен қамтамасыз етілген әлеуметтік қатынастардың барлық субъектілері үшін жалпыға бірдей міндеттілік; мінез-құлықты құқықтылық немесе құқықсыздық тұрғысынан, заңдылық немесе заңсыздық тұрғысынан бағалау.

      1 Құқықтық реттеу заңдық жүйе  арқылы жүзеге асырылатын қоғам-дық  қатынастарға нәтижелі түрде  құқыктық ықпал етуді білдіреді  құқықтық реттеу әдістері бірыңғай  сапалы қоғамдық қатынастарды  реттеуді жүзеге асыратын амал-тәсілдер ретінде ерекшеленеді. Құқықтық реттеудің негізгі әдістеріне мыналар жатады:

      1) императивтік (авторитарлық, өзара  қатынасты берік ұстау, билік  пен бағыныштылық), мұны пайдаланған  кезде бір тараптан билік жүргізуші  субъект регінде мемлекет, екінші тараптан — оның ерік-жігерін орындауға міндетті құқықтың басқа субъектілері әрекет етеді;

      2) диспозициялық (автономиялық, үйлестірушілік, тепе-теңдік), мұны пайдаланған кезде  өзара клісім негізінде субъектілер  өз қалаулары бойынша қққықтар мен міндетгерді белгілейді, өзгертеді және тоқтатады. Құқықдың бастаулары деп материалдық тұрғыда қоғам өмірінің материалдық жағдайлары, ғылыми тұрғыда— осы уақытқа дейін сақталып келген, заңдық нормалардан тұратын тарихи құжаттар ұғынылады. Шартты-заңдық тұрғыда бұл құқық нормаларын білдірудің сыртқы формасы. Құқық нармалары регінде: құқықтық әдет-ғұрыптар, заңдық прецедент, нормалық келісім-шарт, нормативтік құқықтық актілер ерекшеленеді. Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз — мемлекетпен рұқсат етілген және қамтамасыз өтілген әдет-ғұрыптар. Заңдық процедент — мемлекеттің нақтылы мәселе бойынша, осыған ұқсас мәселелер бойынша одан кейінгі шешімдер үшін үлгі болған және құқық нормасы ретінде мойындалған шешімі. Нормативтік келісім-шарт нормативтік құқықтық актілердің ерекше бір түрі, ол екі жақтың келісімге келуі нәтижесінде құқықтық норма мазмұнына ие болады. Нормативтік құқықтық акт— құкық нормалары мазмұнына ие, тиісті мемлекеттік органның құжаты. Нормативтік құқықтық актілер заңдылықты және заңға бағынышты болып ішінара екіге бөлінеді. 
Құқық мемлекет сияқты, қоғам дамуының белгілі бір кезеңдегі өнімі болып табылады. Жалпыға бірдей міндетті әлеуметтік нормалардың пайда болуы белгілі бір әлеуметтік топ үшін нысандарға мүлік ету және пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Осылардың көмегі арқылы аталған әлеуметтік толтың сұраныстары қанағаттандырылып, мүдделері жүзеге асырылады. Құқықтың дамуы мемлекеттің дамуымен тығыз байланысты: мемлекет белгілі бір кезеңде аса маңызды әлеуметтік нормаларды, оларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып, қамтамасыз етеді, сонымен бірге құқықтың және нормаларын аныктау бойынша жұмыс жүргізеді.

      Мемлекет  жəне құқық теориясында осы уақытқа  дейін мемлекет пен құқықтың арақатынасы  туралы басты екі бағыт орын алған.

      Біріншісі – этатистік; бұл бағыт мемлекеттің  құқыққа қара-ғанда артықшылығын таниды, құқық мемлекеттің қызметінің өнімі, оның жалғасы ретінде қарастырылады.

      Екінші  бағыт табиғи-құқықтық көзқарастар  негізінде пайда болды жəне құқықтың мемлекетке қарағанда артықшылығын бе-кітті. Алайда, аталған мəселеге қатысты үшінші бағыт та бар, бұл ба-ғыт жоғарыда аталған екі бағыттың көзқарастарын өзіне үйлестіре білген. Бұл теорияны жақтаушыларды алғашқы орынның мемле-кет пен құқықтың қайсысына тиесілі екендігі қызықтырмайды, олар мемлекет пен құқықтың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынды-ғына, яғни, олардың арасында функционалдық байланыстың бар екендігіне назар аударады. Бұл бағыт біржақтылықты болдырмау-ға, құқықтың мемлекетке не беретінін түсінуге жəне мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі шынайы рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

      Мемлекеттің құқықты қамтамасыз етудегі рөлі мыналардан көрінеді:

      1) құқықшығармашылық қызметті жүзеге  асырудан. Тура мағынада бұл мемлекеттің  құқық нормаларын орнықтыратынын  білдіреді;

      2) тіккелей мемлекеттік емес сипаттағы нормаларды мемле-кеттің санкциялауынан. Мысалы, мұсылман құқығының қалыпта-суы мемлекеттің мұсылмандық доктрина нормаларын санкциялау-ымен сипатталды;

      3) іс жүзінде қалыптасып қойған  қатынастарды жүріс-тұрысты заңды  міндетті реттеуші ретінде тануынан. Мысалы, əдет құқығы осылай қалыптасады;

      4) құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз  етуден. Құқықты пай-даланудың мемлекетсіз  жүзеге асырылуы мүмкін емес;

      5) мемлекет құқықты жəне құқықтық  қатынастарды қорғауды қамтамасыз  етеді;

      6) мемлекет құқықтың əлеуметтік кеңістікке таралуына жəр-демдеседі, яғни, қоғамдық қатынастардың қатысушыларын құ-қыққа сəйкес əрекет жасауға міндеттейді.

      Құқықтың  мемлекетке əсері мыналардан көрініс  табады:

      1) құқық мемлекеттің халықпен, жекелеген  тұлғамен өзара қарым-қатынастарына əсер етеді; мемлекет азаматтарға құқықтық талаптар шегінде əсер етеді, ал азаматтар, өз кезегінде, мемле-кетке құқықтың көмегімен əсер етеді;

      2) құқық мемлекеттің қызметін заңдастырады, мемлекеттің қорғау жəне мəжбүрлеу  шараларының рұқсат етілуін қамтамасыз етеді;

      3) құқық арқылы мемлекеттің қызметінің  шектері, азаматтар-дың жеке өміріне  араласудың шектері анықталады;

      4) құқық ұлттардың ерекше мүдделерін  қамтамасыз етеді, осы арқылы  мемлекеттік биліктің ұлттармен  қарым-қатынасына əсерін тигізеді;

      5) құқықтық нысан мемлекеттік аппараттың  қызметіне бақылау жүргізу мүмкіндігін  қамтамасыз етеді, осы арқылы  мемлекеттің халық алдындағы  жауапкершілікті əрекеттерінің  заңды кепілдік-терін бекітеді;

      6) құқық басқа мемлекеттермен, жалпы  əлемдік қауымдас-тықпен байланыс тілі рөлін атқарады.

     Экономика – бұл өндірістік қатынастардың  жиынтығы, нақты қоғамдағы өндіріс  тəсілдері. Саясат – бұл таптар, партиялар, ұлттар арасындағы билік  мəселесіне қатысты мемлекет пен  халық ара-сындағы қатынастарға сипаттама беретін қоғамды басқару өнері. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

     Аталған түсініктердің өзара арақатынасына  қатысты екі негізгі бағыт бар. Бірінші бағытқа сəйкес, бұл түсініктердің арасында ешқайсысы артықшылық сипатты иеленбейді. Қоғамдық қатынас-тардың, оның ішінде өндірістік, құқықтық жəне саяси қатынас-тардың, дамуы мен əрекет етуінің алғашқы факторлары болып адамдардың мүдделері табылады. Бұл жерде құқықтың эконо-микадан басымдығы туралы айтуға болады. Мысалы, буржуа-зиялық революциялар дəуірінде Батыс Еуропада алдымен заңдар қабылданатын, содан кейін барып олардың негізінде жаңа эконо-микалық қатынастар қалыптасатын. Алайда, кейбір кездері кері-сінше да болады: алдымен мүдделер жаңа өндірістік қатынастарда жүзеге асырылып, содан кейін барып құқықта бекітілуі мүмкін. Бұл жерде экономиканың құқықтан басымдығы жөнінде айтуға болады. Ал саясат аталған екі құбылысты байланыстырушы болып табылады.

     Екінші  бағытқа сəйкес, экономика құқық  пен саясатты анық-тайды. Құқық пен  саясат базиске тəуелді болып  келеді. Алайда, бұл басымдық рөл  тек ақыр соңында ғана байқалады, себебі, құқық пен саясат экономикаға  негізделе отырып, өндірістік қаты-настардың дамуын ынталандыру немесе оларға кедергі жасау арқылы оған кері əсер етуі де мүмкін. Саясат бұл жерде де құқық пен экономиканы байланыстырушы болып табылады. 

      1.2 Адам және азаматты құқықтары  мен бостандықтарының саралануы.  Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы 

Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік