Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 17:58, контрольная работа

Описание

Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

Содержание

Кіріспе

1 Мемлекет және құқық теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2 Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

Қазақстан Республикасының Конституция бойынша адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2 Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1 Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

2.2 Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

декларациясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

азамат кукык мемле.doc

— 354.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны 

      Кіріспе

    1  Мемлекет және құқық  теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы

1.1  Азаматтық, азамат және мемлекет

1.2  Адам және азаматты құқықтары мен бостандықтарының саралануы.

    Қазақстан Республикасының Конституция бойынша  адамның құқытары мен бостандықтарының жалпы сипаттамасы

2  Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік

2.1  Жеке тұлғаның әлеуметтік және заңдық қорғаншылығы

    2.2  Адам құқығынынң халықаралық қорғалуы. Адам құқығынынң Жалпы

    декларациясы

    Қорытынды

    Қолданылған әдебиеттердің тізімі   
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

       Тақырып өзектілігі. Таңдап алынған тақырып  қазіргі таңдағы мемлекет тарапынан  және әлемдегі болып жатқан құбылыстар, реформалар, дағдарыстар тұрғысынан алғанда, мемлекеттің егеменді, саяси ұйым ретінде өз саясатын толыққанды жүргізуі, әртүрлі сатыдағы мемлекеттік органдардағы қолданыстағы заңнама мәселелерін, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің аяқ асты болмауы, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын талқылауға арналған әртүрлі деңгейдегі конференциялар, дөңгелек столдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы әртүрлі кездесулер куә болатын мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің және мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасымен қызығушылық тудырады.

       Курстық жұмыста мемлекеттің қазіргі кездегі ұғымын толық көлемде ашып, оның белгілерін, функцияларын ашуға, құқықтың қазіргі кездегі анықтамасына, мәніне, қызметіне сипаттама беріп, бірқатар мәселелерін ашып, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, оның басымдылығын айқындап, мемлекет пен жеке тұлғаның ара-қатынасын ашып көрсетуге ұмтылыс жасалады.

       Мемлекет, құқық, жеке тұлға мәселелеріне арналған бірқатар авторлардың, оның ішінде М.Т. Баймахановтың, Т.А. Ағдарбековтың, А.К. Котовтың, ресей ғалымдары С.С. Алексеевтің, А.П. Бутенконың А.Б. Венгеровтың, И.А. Ильиннің, Ж. Карбонньенің, Р.З. Лившицтың, А.В. Мальконың, Г.Ф.  Шершеневичтың, Л.С. Явичтың,  Ю. А. Тихомировтың еңбектеріне талдау жасалып, сарапталады.

       Қоғамдық  қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылык және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағынадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді.

       Қоғамдық  қатынастардың өмір сүру формалары  индивидтердің сан-қырлы әрекеттері қалыптастыратын қарама-қайшылықтар  мен күрделі шиеленістен, мүдде қақтығыстарыан тұрады. Мұндай процестерді бір жүйелі тәртіпке келтіру, индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі.

       Атап  айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік  сияқты нормалар қоғам-дық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады. Бірақ, жеке адамдардың саналық, тәрбиелік, генетикалықжөне психология-лық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.

       Құқық – бұл қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның туындысы ретінде оның дамуының белгілі  сатысында пайда болады. Құқық  – адам тәртібінің әлеуметтік маңызды  реттеутісі, әлеуметтік нормалардың  бір түрі. Ол өзіне әлеуметтік аяны қосып алады: а) адамдарды; б) адамдар арасындағы қарым-қатнасты (қоғамдық қатынастарды); в) қоғамдық қатнастардағы субъектілердің тәртібін.

       Құқықтың  мазмұны қоғамдық дамудың қажеттілігіне, қоғамдық процесстерге қатынасушылардың белгіленеді. Құқық өзінің табиғатына байланысты (негізіне) қоғамдағы әлеуметтік келісімділіктің құралы (саймандар, нысандар) әлеуметтік қызығушылықтың теңдігін белгілеу, игілікті адал бөлу, жеке адамның әлеуметтік бостандығының өлшемі.

       Қоғамдық  сананы тетігі және коллективтің елкі арқылы саяси күштің бөлінуіне байланысты шын мәнісіндегі теңдік, азды көпті құқықтың формальды қайнар көзінде ірдей көрсетіледі. Мұндай жағдай құқықтың  өз идеалына жақындауы не болмаса одан, өзінің негізінен шегіну болып табылады [1].

       Құқық әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде нормативтік қасиетке сүйенеді, ол кейіпті реттеуші ретінде бағыты нақты белсісіз атаусыз әрекет жасап, жалпы белгілерге (жасы, есі дұрыстығы, заңды тұлғаның жалпы белгіллеріне) сай әрекет етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 бөлім.  Мемлекет және құқық  теориясының қөзқарасы бойынша жеке тұлға, адам, азамат ұғымы 
 

      1.1 Азаматтық, азамат және мемлекет 

     Конституциялық  құқық жүйесінде азаматтық институт маңызды орын алады. Бұл институт Қазақстан Республикасының ІІ бөлімінде  конституциялық түрде бекітілді. Азаматтықпен байланысты қатынастар «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991.20.12. Заңмен, ҚР Президентінің 1995.03.10. заң күші бар жарлығымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен реттеледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы Қазақстан Республикасы азаматтығына анықтама бермейді.

     Азаматтық ұғымы «ҚР азаматтығы туралы»  заңның преамбуласында клтірілген. Азаматтыққа  тұлғаның құқықтарымен бостандықтарының жиынтығын білдіретін, мемлекетпен  арадағы тұрақты саяси құқықтық байланыс мемлекеттің аталған тұлғаны өз азаматы ретінде заңды түрде тануына негізделеді және оған тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік билікті таратудан көрініс табады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін ел аумағынан тыс жерлерде де қорғауға міндетті. Өйткені азамат мемлекеттің қамқорлығында болуына байланысты, тіпті республикадан тыс жерлерде жүрседе одан міндеттерді орындауды талап ете алады.

     Тұлға мен мемлекет арасындағы азаматтық  қатынастар оның аумағында тұруына, мемлекеттік билікке бағынуға, құқықтар мен бостандықтарға ие болуға байланысты емес, тұлға мен мемлекет арасында болатын, азаматтықтың мазмұнын құрайтын ерекше, тұрақты саяси құқықтық байланыстардың әсерініен пайда болады. Мемлекет өз азаматтарының мүдделерін, азаматтықтың алынуы және тоқтатылуы негіздері мен тәртібін заңдылықты бекіте отырып, өзі белгілейді. Бұл халықаралық құқықтық нормалармен, соның ішінде 1930 жылғы Гаага конференциясында қабылданған көп жақты конвенциямен танылған. Азаматтыққа тұруц жағдайы тиісті құжаттармен (ҚР азаматтарының құжаттары, туу туралы куәлік, төлқұжатта балалары туралы жазу) заңдылықты бекітіледі. Сонымен қоса мемлекет өз азаматтарының туу және өлімі сияқты азаматтық хал актілерін тіркейді. Қазақстан Республикасы азаматы мен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар туған сәтен пайда болып, азаматтың өліміне не Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты аяқталады. Бұл азаматтықтың тұрақты және орнықты сипатына куә болады.

     Бұл құқықтық мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше бір тəсілі, ол сасяи биліктің иесі ретін-дегі мемлекет пен оны жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның бостандығын заң-шығарушылық нысанда бекіте отырып, мемлекет өз шешімдері мен əрекеттерінде белгілі бір шектеулерді иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен қарым-қатынастарындағы əділеттілік пен теңдікті қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс.

     Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ере-желерді бұза алмайды  жəне осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін мін-деттілігі əкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған ке-пілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құ-қықтары мен бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра пайда-ланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тəртіптік, азаматтық-құқықтық жəне қылмыстық жауапкершілігі, импичмент жəне т.б. жатады.

     Жалпы қауымның мемлекеттік құрылымдардың  өз міндеттерін орындауды бақылауының  нысандары болып референдумдар, де-путтардың сайлаушылар алдында есеп беруі жəне т.б. табылады.

     Тұлғаның  мемлекет алдындағы жауапкершілігі де дəл осы құ-қықтық бастамалар негізделеді. Мемлекеттік мəжбүрлеуді қол-дану құқықтық сипатта болуы, ол тұлғаның бостандығын бұзбауы жəне жасалған құқықбұзушылықтың ауырлығына сай болуы тиіс. Сонымен, мемлекет пен тұлғаның арасындағы қарым-қатынастар өзара жауапкершіліктің негізінде жүзеге асырылуы тиіс

     Тұлғаның  құқықтық мəртебесі – бұл субъектінің қоғамда заңды түрде бекітілген жағдайы. Құқықтық мəртебе тұлғаның іс жүзіндегі (əлеуметтік) мəртебесін, оның қоғамдағы нақты жағ-дайын бекітеді. Құқықтық мəртебе дегеніміз субъектілердің құ-қықтары мен міндеттерінің, сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз əлеуметтік рөлдерін орындауға бағытталған өкілеттіктерінің конституция мен заңнамада танылған жиынтығы.

     Құқықтар  мен міндеттер құқықтық мəртебенің негізін құрайды. Құқықтық мəртебенің құрылымы төмендегідей элементтерден құралған:

     - құқықтар мен міндеттер;

     - заңды мүдделер;

     - құқықсубъектілік;

     - азаматтық;

     - заңды жауапкершілік;

     - құқықтық қағидалар.

     Құқықтық  мəртебе жалпы, арнайы жəне жеке-дара болып бө-лінеді. Жалпы мəртебе  – бұл тұлғаның мемлекет азаматы  ретіндегі Конституцияда бекітілген мəртебесі. Ол барлық азаматтар үшін бірдей болып табылады. Арнайы мəртебе азаматтардың белгілі бір санаттарының (студенттердің, соғысқа қатысушылардың, зейнет-керлердің жəне т.б.) жағдайының ерекшеліктерін бекітеді, олар-дың арнайы функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жеке-дара мəртебе жекелеген тұлғаның ерекшеліктерін (жыныс, жас, отбасы жағдайы, лауазым жəне т.б.) көрсетеді жəне тұлғаның жеке дараландырылған құқықтары мен міндеттерін білдіреді. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен  анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің  негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды. Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады. 

     Сол құқық пен еркіндіктің адам мен  қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам  үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

     ҚР  Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

     Негізгі еркіндіктер мен құқықтарға ерекше заңдық қасиет тән:

     а) конституциялық құқықтар мен еркіндіктер  тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайды және басқа құқық салаларында бекітілген барлық құқықтың негізінде болады;

     б) әрбір адам мен азаматқа негізгі  құқықтар мен еркіндктер бекітіледі. Барлық басқа ( негізгі емес) құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның әртүрлі дәрежені иеленуімен байланысты (жұмысшылар мен қызметшілердің, мүлік иелерінің, тұрғын үйді иеленушілер және т.б.)

     в) негізгі құқық, еркіндік пен міндеттердің негізгі сипаты олардың жалпыға  бірдейлілігі. Олар тең және бәрі үшін түгелімен ортақ, сәйкесінше әр адам немесе әр азамат үшін. Мемлекеттің қандай да бір құқықты негізгі деп тануы оның барлығымен жүзеге асырылу мүмкіндігінен туындайды.

     г) ҚР азаматтарының негізгі еркіндіктері мен құқықтары басқа құқықтар мен міндеттердің пайда болу негізінен  ерекшеленеді. Жалғыз мұндай негіз ҚР азаматтығында болу болып табылады. Негізгі құқықтар мен еркіндіктер тұлғаның мемлекетпен байланысын, оның азамат ретіндегі дәрежесін көрсетеді;

     д) ҚР азаматының негізгі құқықтары  мен еркіндіктерін азамат өзін еркін  білдіру бойынша иелене алмайды және айырылмайды. Олар оған азаматтықтың күшімен келеді, құқықтық дәрежеден бөлінбейді және тек азаматтықты жоғалтқан кезде ғана жоғалтуы мүмкін.

     е) негізгі құқықтар мен еркіндіктер  оларды жүзеге асыру механизмімен ерекшеленеді. Басқа құқықтар мен азаматтың нақты құқықтық қатынастарға қатысуы арқылы оның құқықтық қабілеттілігін жүзеге асыру процессінде адам мен азаматтың игілігі болуы мүмкін. Негізгі құқықтар нақты сферада кез-келген құқықтық қатынастың алғы шарты ретінде және әр бір құқықтық қатынасқа қатысушының тұрақты ажырамас құқығы болады.

Информация о работе Қоғам мен мемлекет алдындағы заңдық міндеттеме және жауапкершілік